Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сканер классификациясы. Сканерленетін әдісімен ажырытылатын оригинал санына және оптикалық жүйе сапасына сәйкес көптеген сканердің





Сканерленетін әдісімен ажырытылатын оригинал санына және оптикалық жүйе сапасына сәйкес көптеген сканердің үогілері бар. Ауыстырылу әдісіне байланысты сканерлер планшетті, барабанды және қолды болып бөлінеді.

Студенттің өзіндік оқытушымен жұмысының тапсырмасы

1. Принтерді орнату.

2. Дайын құжатты баспаға шығару.

3. Сканермен тәжірибелік жұмыс.

Бақылау сұрақтары:

1. ДК-дің функциональдық бөліктерін ата.

2. Компьютер архитектурасы деген терминді қалай түсінесің?

3. Микропроцессордың түрлерін ата.

4. Монитор, пернелер тақтасының қызметі қандай?

5. Манипулятор дегеніміз не?

6. Принтердің түрлерін ата.

7. Сканер және оның атқаратын қызметі қандай?

 

Лабораториялық жұмыс №1

Тақырыбы: MS DOS операциялық жүйесі (лаб. – 2 сағат, СӨЖ - 1 сағат)

Жұмыстың мақсаты:

·Студенттерді MS DOS операциялық жүйесінде жұмыс істеуге үйрету;

·Студенттерді файлдар мен және каталогтар мен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Операциялық жүйе дегеніміз тұтынұшы мен диалог құратын, компьютерді және оның ресурстарын басқаруды қамтамасыз ететін, әр түрлі қолданбалы программаларды орнататын программа.

Операциялық жүйенің негізгі командамалары:

DIR (Directory) – каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді;

MD (MakeDirectory) -ағымдағы каталог ішінен жаңа каталог ашу мүмкіндігін береді;

CD (ChangeDirectory) – бір каталогтан екінші каталогқа көшу, яғни ағымдағы каталогты өзгерту командасы;

RD (RemoveDirectory) – ішінде файлдары жоқ бос каталогті жою командасы;

COPY CON – мәтіндік файл құру;

COPY – файлдарды көшіру командасы;

REN (ReName) – файлдардың аттарын өзгерту командасы;

DEL (Delete) – ағымдағы каталогтан белгігі бір файлды немесе файлдар тобын өшіру командасы;

TYPE – ішінде мәтін жазылған файлдарды экранға шығарып, мәтінді оқұ мүмкіндігін беретін команда;

CLS – экранды тазалау мүмкіндігін беретін команда;

DATE – ағымдағы ай, күн және жыл мерзімін экранға шығару және оны өзгерту командасы;

TIME – ағымдағы уақытты экранға шығару және өзгерту командасы;

TREE – ағымдағы каталогтің бұтақ тәріздес құрылымын экранға шығарады.

 

Файл дегеніміз дискідегі немесе басқа машиналық құрылғыдағы өзіндік аты бар облыс. Файлдарда программаның мәтіндерін, құжаттарды, графиктерді, т.б. сақтауға болады. Дискіде әрбір файлдын екі бөліктен тұратын белгілеуі болады, ол екі бөлік: файлдың аты және кеңейуі /расширение/. Файлдың атындағы символдар саны 8-ден аспау керек. Кеңейуі нүктеден кейін басталады, символдар саны 3-тен аспайды. Файлда кеңейудің болуы – қажетті шарт емес, бірақ ол бойынша файл қандай программада құрылғанын білуге болады. Кеңейуге мысалдар:

.com,.exe – орындалуға дайын программалар;

.bat – командалық файлдар (Batch);

.pas – Паскаль тіліндегі программалар;

.for – Фортран тіліндегі программалар;

.c – Си тіліндегі программалар;

.asm – Ассемблер тіліндегі программалар.

 

Каталог дегеніміз ішінде файлдың аттары, олардың көлемдері, қасиеттері, соңғы жаңартылған уақыты, т.б. тұралы мәліметтер сақталған дискідегі орын. Әр бір каталогтың аты болады және де ол басқа каталогтің ішінде тіркелуі мүмкін. Мысалы, егер KNIGA каталогі BIBLIOTEKA каталогінің ішінде тіркелсе, онда KNIGA каталогі BIBLIOTEKA–ның ішкі каталогі деп, ал BIBLIOTEKA каталогі KNIGA-ның жоғарғы каталогі деп аталады.

 

WINDOWS XP –де MS DOS операциялық жүйесін іске қосу:

ПУСК → ВСЕ ПРОГРАММЫ → СТАНДАРТНЫЕ → КОМАНДНАЯ СТРОКА

MS DOS командаларының орындалуларына мысалдар:

1) C:\Documents and Settings\User com>cd\ -С каталогіна көшу

2) C:\>dir - негізгі С каталогінің мазмұнын көру

3) С:\>md BIBLIOTEKA - негізгі С каталогінің ішіне BIBLIOTEKA каталогін құру

4) С:\>сd BIBLIOTEKA – негізгі Скаталогінан BIBLIOTEKA каталогіна өту

5) С:\ BIBLIOTEKA >cd.. – ішкі BIBLIOTEKA каталогінан негізгі С каталогіна өту

6) С:\>rd BIBLIOTEKA – BIBLIOTEKA каталогін жою

7) С:\>md BIBLIOTEKA - BIBLIOTEKA каталогін құру

8) С:\ BIBLIOTEKA >copy con ZAMETKA1 – BIBLIOTEKA каталогінің ішінде ZAMETKA1 мәтіндік файлын құру, «В библиотеке много интересной литературы» мәтінін теріп, бірге ctrl+Z пернелерін басамыз.

9) С:\ BIBLIOTEKA >type ZAMETKA1 – ZAMETKA1 файлындағы мәтінді көру

10) С:\ BIBLIOTEKA >copy ZAMETKA1 ZAMETKA2 - ZAMETKA1 файлындағы мәтінді ZAMETKA2 файлына көшіру

11) С:\ BIBLIOTEKA >type ZAMETKA2 – ZAMETKA2 файлындағы мәтінді көру, яғни ZAMETKA2 фалына «В библиотеке много интересной литературы» мәтіні көшірілгенін тексеру

12) С:\ BIBLIOTEKA > dir – BIBLIOTEKA каталогінің мазмұнын көру

13) С:\ BIBLIOTEKA >del ZAMETKA1 – ZAMETKA1 файлын жою

14) С:\ BIBLIOTEKA >ren ZAMETKA2 OPISANIE – ZAMETKA2 файлының атын OPISANIE деген атқа ауыстыру

15) С:\ BIBLIOTEKA > dir - BIBLIOTEKA каталогінің мазмұнын көру

16) С:\ BIBLIOTEKA >cls – экранды тазалау

17) С:\ BIBLIOTEKA >md KNIGA1 - BIBLIOTEKA каталогінің ішіне KNIGA1 каталогін құру

18) С:\ BIBLIOTEKA >md KNIGA2 - BIBLIOTEKA каталогінің ішіне KNIGA2 каталогін құру

19) С:\ BIBLIOTEKA > cd KNIGA1 –BIBLIOTEKA каталогінан KNIGA1 каталогіна көшу

20) С:\ BIBLIOTEKA \ KNIGA1>md RAZDEL – KNIGA1 каталогінің ішіне RAZDEL каталогін құру

21) С:\ BIBLIOTEKA \ KNIGA1>cd.. - KNIGA1 каталогінан BIBLIOTEKA каталогіна көшу

22) С:\ BIBLIOTEKA>tree – BIBLIOTEKA каталогінің бұтақ тәріздес құрылымын көру

23) С:\ BIBLIOTEKA >time – ағымдағы уақытты көру және өзгерту

24) С:\ BIBLIOTEKA >date – ағымдағы күнді, айды, жылды көру және өзгерту

Мұнда,

BIBLIOTEKA, KNIGA1, KNIGA2, RAZDEL – каталогтар;

ZAMETKA1, ZAMETKA2, OPISANIE – файлы.

 

Date: 2015-11-13; view: 541; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию