Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жер асты суының әсерінен түзілген жер бедерінің карстлы пішіндері





Карр деп терендігі сантиметрден 1—2 метр жыныс бетіндегі айқыш-ұйқыш айғыздарды, тесіктерді, ұзын жырықтарды атайды. Олар бір-бірімен параллель немесе шым-шытырық болады да жауын-шашыннын еріту өсерінен түзіледі. Кей жағдайда каррлар аумақты өлкені басады да каррлы аландар түзеді (7.3-сурет).

Понор деп тік немесе енкіш терен, құдыкқа ұқсас шұнқырларды айтады. Ол беткі су салаларын бойлап терен қабаттарға жетеді. Егер жыныс беті тақыр болса жауын-шашын жер бетімен төмен қүлап, жыныс арасында неше түрлі қуыс-жылғалар түзеді. Кейінгілер жыныс кабаттарынын жарықшағын бойлап өрлейді. Карст шұнқырлары жер бетінде ен жиі тарап, өр түрлі климаттык жағдайларда таулы да, жазық далалы да аймақтарда кездеседі. Апан-шұнқырлардын беттері тік жар да, түбі табақ секілді жайпақ болады. Олардын диаметрі 1—50 м шамасында, кейде 100 метрге жетеді. Терендігі 15—20 метрден аспайды. Егер жыныс қабаты көлбеу жатса немесе карст тектоникалық жарыкты бойлап өрістесе карст шұнқырлары ұзын тізбектер құрайды.

Апандар (полье) деп тік, терендігі ондаған, кейде жүздеген метр, табаны тегіс, жан-жағы түйық ойыстарды айтады. «Полье» — славяндар тіліндегі «поле» — дала деген сөздін туындысы. Олар бірнеше шұқанақтардын өсіп, қосылуынан, кейде жер астындағы карст қуыстарынын құлап түсуінен пайда болады. Апандар түбі құрғақ, кейде мезгіл сайын немесе тұрақты суға толы (кел) болуы мүмкін. Қазаншық түбі жерасты су қабатын жырып етсе немесе түп манындағы су жүретін тесіктерді, жарықтарды лай-саз бітеп қойса пайда болады.

Карст құдықтары, шыныраулары — тік, кейде өнкіш, терен (жүздеген метр) келеді. Олар тау жыныстарын одан өрі ерітіп, шаюдан, беттерін опырудан, бұрынғы жырықтар мен апандарды кенейтіп, терендетуден пайда болады. Осындай карст шынырауларынын терендігі он-даған километрге де жетеді.

Жер астындағы карст формасына шынырау үнгірлер мен каналдар жатады.Үнгір ішімен аққан су іргені одан өрі ерітіп, жырып, қуысты кенейте береді. Сонда жазық және көлбеу бағытта тараған көп тарамды қуыстар жүйесі түзіледі. Олар бірде тар қыспақ, бірде кен және биік зөулім залдар (гроттар) құрайды. Үнгірлер жан-жаққа ирелендеп, қимасында көлбеу баспалдақша кемерленген куыстарға бөлінеді. Көбінін түбінде аққан бұлақтар, өзендер немесе көлдер болады. үнгірлер бірнеше кабаттар құрайды. Қабаттасуы сулардын денгейіне байланысты. Беткі судын эрозия базисы темен түссе үнірдегі жер асты сулары да соған қарай төмен ағып үнгір құрғап қалады. Ал, төмен құлдыраған су астынғы қабаттан жана унгір, қуыстар жасайды.

Карст және беткі ағыс. Қарсты аймақтардағы өзендердін, гидрологиялық режимі жыныстардын карстқа ұшырау дөрежесіне және суды «жұтып» алатын қуыстардын бар-жоқтығына байланысты. өзен суы жолшыбай кездескен карст шұнқырына «құлап» түседі де өрі қарай жер астындағы қуыстарды бойлап ағады. Онын орнында құрғақ анғар қалады. Бара келе ағын жер бетіне шығып, қайтадан өзенге құяды. Осыидай өзендер Қырымда, Кавказда, Оралда, өпе қыратында т. б. өлкелерде кездеседі. Мысалы, Қырымдағы Суықсу өзенін кенеттен жер жалмайды да одан өрі малта, қырлы кесектермен жабылған құр арнасын көресіз. 10 км шамада өзен жер астымен ағады да одан сон Қарасу деген атаумен жер бетіне шығады. Осындай мол су көздері алғашында Франциянын Воклюз жотасынан зерттелген, сондықтан ондай өзендерді воклюз деп атайды.

Карст келдері де бір кездерде құрып кетеді. Олардын түбіндегі карст жарықтары мен понорларға саздай жабысып, бітеп тұрады. Егер оларды су жырып кетсе көлді ағызып, «жұтып» қояды. Мұндай жағдай көбінесе жерасты суларынын денгейі төмен түскенде байқалады.

Үнгірлердін еден, төбе, қабырға беттерінде неше түрлі өдемі, бірде жуан дінгек, қада, кейде жел үрсе шайқалып, сынғырлаған нөзік, тебендей жінішке сауыстар, түтіктер түзіледі. Жарықшақтарды бойлап жоғарыдан төмен жылжыған су жол-жәнекей әктасты ерітіп би-карбонатқа қанығады:

Төбеден не қабырғадан сорғалаған су еріген көміртекті газдын бірсыпырасын қуыс бетінде бөліп шығарады да көрсетілген тендік реакциясы сол жағына ауысады, яғни бикарбонат еру қабілеті шамалы карбонатқа кешеді де ол тамшыдан түна бастайды. Ақырында төбеден салбырап тұрған сталактиттер (сүнгілер) түзіледі. Сонымен қатар едеиіне тамған тамшыдан да кальций шөгіп, сталагмит қадалары көтеріледі. Бір мезгілде қарсы жақтардан өскен ол екеуі қосылып біртұтас бағаналар құрады (7.4 - сурет).

 

Жерасты суынын тумасынын жиектерінде ізбесті туф (травертиндер) шөгетінін жоғарыда айттық. Оларға қоса жыныстын құрамындағы суға ерімеген балшық, алюминий және темір тотықтары қызыл түсті қосындылар түзеді де оларды терра росса (қызыл топырақ) деп атайды. Олармен қатар доломит ұнтақтары, үнгір өзен-көлдерінін шөгінділері, төбесінен опырылып құлаған жиындылар түзіледі.

Карст процесіне ұшырап қуысталған жыныстарды еруге төзімді жыныстар жапқан жағдайда олар төмен опырылып құлайды да орнында тік бетті апан шұнқырлы опырықтар пайда болады. Кейін жақтарын су шайып, көдімгі шұнқырға айналады. Олардын терендігі ондаған метрге жетеді.

Тау жыныстары құрамына азды-көпті суға ерігіш өк, гипс сияқты минералдар кірсе, олар еркін шайылып, қопсыған борпылдақ жынысқа айналады да артынан төмен ығысады. Осы процесті суффозия (латынша «суффозия» — ұралау) деп атайды. Осынын салдарынан жер бетінде тағы да жайпақ шұқанақтар, тұйық-ойпандар пайда болады.

Карстану процесі геологиялық әр түрлі дөуірлерде ұзақ мерзім құрлық үстем болған жағдайда өткен болатынды. Құрылыс, шаруашылық жұмыстар жүргізілген жағдайда карст үрдістерін толық ескермеу көптегеп апатқа ұшыратады: үй, ғимараттар өздерінін астындағы қуысқа құлайды; темір жолдар қирап, оларды манындағы басқа аланға ауыстыру керек болады; су қоймаларынын сулары астындағы қуысқа сініп кетеді; кеніштерді, жеке шахтыларды су басып кетеді. Осындай апаттар-дан сақ болу үшін карст кұбылыстарын мұқият зерттеп, болжап, алдын ала олардан қорғану жолдарын іздеу керек.

Жерасты суларының маңызы. Жерасты суларынын табиғи қүбылыстарда, өмірде, шаруашылық ісінде манызы зор. Елді мекендерді, өндь ріс орындарын, егін-жайды қамтамасыз ететін тұщы су қорьшын үштен бір бөлігі жерасты суларынын үлесі. Қазақстаннын ірі қалалары — Алматы, Жамбыл, Шымкент, Жезқазған, Қостанай, Ақтөбе, Семей, Талдықорған, Көкшетау, Рудный, көптеген ірі өндіріс орындары жерасты суын пайдаланады. 40 мын артезиан скважиналары мен шегенді құдықтардан 100 млн гектар жайылым суландырылады.

Өр құрылыстын жобасы жасалғанда жердін, гидрогеологиялық жағдайы мұқият зерттелуі керек. Бөген, су қоймаларынын, жобалары жасалғанда жерасты суларынын режимі толық зерттелуі тиіс. Кеніштерді, шақтыларды су басып кетпеуі үшін онымен күресу жолдары да қарастырылады. Мұнай, газ кендерін ашу, пайдалану жолында жер асты су жүйесініқ химиялық құрамын, динамикасын зерттеудін манызы зор.

Курорт-санаторийлердін дамуы термалды және минералды суларға байланысты. Термалды сулар мекен-жайларға жылу береді, парниктерді жылытура пайдаланылады. Егер термалды судын температурасы 100— 150°С-ке жетсе, оларды геотермалды электр стансалары-нық куат кезі түрінде пайдаланады.

Date: 2015-11-13; view: 1558; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию