Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Климаттың геологиялық әрекетінің жер бедерін түзудегі алатын орыны





 

Климат - бедер құратын факторлардың ішіндегі ең маңыздысы. Климат пен бедердің өзара байланысы әр түрлі. Мысалы, үгілу процестерінің қарқындылығы климатқа тікелей байланысты, ол белгілі мөлшерде үгілу құбылысының сипатын анықтайды, өйткеңі климатпен экзогендік күштердің қарқындылық дәрежесі байланысты. Әр түрлі климат жағдайларында өздеріне тән бедердің ерекше пішіндері пайда болады. Климат бедер құратын процестерге қаншама тікелей әсер етсе, соншама табиғат ортасының басқа компоненттері, мысалы гидросфера, топырақ-өсімдік жамылғысы арқылы, жанама да әсерін тигізеді. Мысалы, Оңтүстік Батыс Африка жағалауындағы Намиб шөлінің және Оңтүстік Америкадағы Атакама шөлінің пайда болуы жағалау бойымен өткен суық теңіз ағыстарына байланысты. Бұл жерде климат осындай бедердің пайда болуына гидросфера арқылы әсерін тигізеді.

Климаттың функциясы болып табылатын өсімдік жамылғысының өзі бедер құратын процестерге ықпал етеді, мысалы, жер бетінде өсімдік жамылғысы тұтас болып кеткең жағдайда су торларының ағуы бірден азайып, мүлде тоқтап калуы ықтимал. Ал өсімдіктер сирек болған жағдайда, немесе түгел жалаңаштанып қалған аймақтарда қарқынды физикалық және механикалық үгілуге және эрозиялық үрдістердің дамуына әкеп соғады. Пайда болған борпылдақ түйірлер мен шаң-тозаң шөлді жерлерде желдің әрекетіне ілесіп әр түрлі эолдық пішіндерді қалыптастырады.

Климат пен бедер арасындағы тура және жанама түрдегі байланыс экзогендік бедердің белгілі дәрежеде климаттық зонаділікке тәуелділігінің салдары. Нақ осы тұрғыдан экзогендік бедер климаттық белдемдікке бағынады. Ол мұнымен байланыссыз қалыптасқан эндогендік бедер пішіндерінен ерекшеленеді. Сондықтан эндогендік бедерді әдетте " белдемсіз", яқи "азональды" бедер түрлеріне жатқызады.

XX ғасырдың бас кезінде неміс ғалымы А.Пенк климатты бедер оның құратын роліне байланысты жіктеуге әрекет жасады. Ол климатты негізгі үш түрге бөлді: нивальдық (лат. nivalis -қарлы), гумидтық (лат. humidis - ылғалды) және аридтық (лат. aridus - құрғак). Кейіннен бұл жіктеме толықтырылды.

Төменде климаттың бедер кұрылуындағы роліне сәйкес олардың жіктемесін келтіреміз.

Нивальдық климат. Жылдың барлық мезгілдерінде жауын-шашыны көп мөлшерде және қатты (қар, бұршақ) түрде түсіп, жылдың жылы мезгілінде қары еріп, суы буланып үлгермейтін климат. Жауатын қар, еритін қар мен оның буланатын мөлшерінен басым болады. Мұндай аймақтардың қары жинала келе мәңгі қарға айналады да, мұздықтарға бастама береді. Нивальдық климат жағдайларында негізгі бедер құратын фактор - жылжымалы мұздықтар. Қар мен мұз жамылғысы болмаған, ашық жерлерде физикалық үгілу процесі (негізінен аязды үрдіс) қарқынды түрде дамиды. Ал, аязды үрдіс немесе нивация (қардың таужыныстарын бұзу процесі) - температураның ауытқып, қардың қатуы мен еруінің алма-кезек ауысуы нәтижесінде, онымен беттескең таужыныстарының аяздық үгілуге ұшырап бұзылуы. Бедер құрылуына мәңгі тоң процесі де елеулі әсер етеді. Нивальдық климат биік ендік (Антарктида, Гренландия, Солтүстік мұхит аралдары) және қар шеқарасынан жоғары көтерілген заңғар таулардың биік бөліктеріне тән.

Полярлық немесе көп жылдық тоң топырақтың таралу аймақтарының климаты. Қысы қатал әрі ұзақ поляр аймағының климаты. Күн радиациясы аз, жазы қысқа әрі суық. Жаздың ең жылы айдағы орташа температура 0°-тан төмен болады. Қыста ауа райы ашық, жазда - тұманды, әрі бұлтты. Жауын-шашыны аз - жылына 200-300 мм-ден аспайды. Осындай климат бұрын қалыптасқан мәңгі тоң топырақтың ерімей сақталуына және солифлюкциялық үрдістердің дамуына қолайлы жағдай туғызады. Бұл суға әбден қаныққан топырақтың және жұқа дисперсиялық таужыныстардың аяздан қатқан беттің үстімен төмен қарай баяу сырғып ағуы. Полярлық климат Евразия және Солтүстік Американың тундра белдеуіне және Шығыс Сібірдің көп бөлігіне тән.

Гумидтік климат - аса ылғалды климат. Мұнда жыл бойы түсетін жауын-шашын топыраққа сіңетін және буланып кететін судың мөлшерінен едәуір басым болады. Атмосфералық судың артығы беткейлер бойымен сорғалап ағып, алаңдық шаюды қоздырады, немесе тұрақты және уақытша аққан судың нәтижесінде бедердің әр түрлі эрозиялық пішіндерін (аңғарларды, жыраларды) қалыптастырады. Сондықтан эрозиялық пішіндер торы гумидты климат жағдайында жиі қалыптасады. Ылғалды және жылудың көп мөлшерде болу себебінен гумидты климатты аймақтарда химиялық үгілу процесі мейлінше қарқынды жүреді. Бұған қоса карст процестері де дамиды.

Жер шарында гумидтік климат үш белдемге бөлінеді: оның екеуі қоңыржай белдеулердің Солтүстік және Оңтүстік жартышар бөлігінде дамыса, үшіншісі экваторлық белдеуге бейімделген. Климаттың бұл түріне, яғни оның бедер құратын ролінің сипатына сәйкес субтропиктердің және қоңыржай белдеулердің муссондық аймақтары (Евразия және Солтүстік Американың шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтары) жатады.

Аридтық климат - қуаңшылық немесе аңызақ климат. Ауа температурасы жоғары, атмосфералық жауын-шашыны аз, шөл мен шөлейттерге тән құрғақ климат. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150-200 мм-ден аспайды. Бұл жағдайда булану қарқындылығы жауын-шашын мөлшерінен әлдеқайда артық өсімдік жамылғысы өте сирек, немесе мұлде болмайды, физикалық үгілу, әсіресе температуралық үгілу басым.

Аридтык климат жағдайларда эрозиялық әрекеттер әлсірейді, негізгі бедер құратын агент - жел әрекеті. Үгілген заттардың құрғақтығынан тек қана ашық беттерден ғана емес, сондай-ақ таужыныстарының жарықшақтарынан ұсақ түйірлердің желмен тез ұшып кетуіне мүмкіндік туғызады. Қорыта келгенде, қатты берік таужыныстар қашалынады, соның нәтижесінде аридтық климатта геологиялық құрылымдар жер бетінде анық байқалады.

Аридтық климат аймақтарының басым бөлігі оңтүстік және солтүстік қоңыр салқын ендіктердің 20° және 30° аралығындағы материктерде дамыған. Аридтық климат осы айтылған ендіктерден тыс басқа жерлерде де байқалады, мұндай жағдайда олардың құрылуы материктердің көлеміне және орографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, Солтүстік жарты шардағы Шығыс Азияның аридтық белдемі солтүстік ендіктің 50°-на дейін тарап жатыр.

Осында айта кететін бір мәселе, климаттың бір морфологиялық түрінен екіншісіне баяу ауысып отыруы. Сол себептен солармен байланысты экзогендік бедер құратын процестер де климаттың ауысуына сәйкес біртіндеп өзгеріп тұрады.

Бір қатар аймақтарда экзогендік процестерден қалыптасқан бедер пішіндерінің қазіргі климаттық жағдайларға сәйкес еместігін байқауға болады. Мысалы, Еуропаның Солтүстік жартысында қазіргі кезде ешқандай мұздықтар жоқ болғанымен және бұл аймақ қоңыржай белдеудегі гумидтік климатта орналасқанымен, мұздық әрекетінен пайда болған бедер түрлері таралған. Бұл ертеректе, мұз басу кезеңінде Солтүстік Еуропаның көп бөлігін жамылғы мұз жамылғысы басқанын және соның нәтижесінде нивальдық климат белдеуінде орналасқандығымен түсіндіріледі. Бұл жерде осы уақытқа дейін қазіргі климаттың жағдайларына тән емес мұздықтар әрекетінен құрылған және сақталған бедер пішіндері бар. Мұндай түрлерін реликті (лат. relictus - қалдық) деп атайды. Осындай пішіндерді зерттеудің зор ғылыми мәні бар. Бедердің қалдық пішіндері, шөккең таужыныстарымен қатар, жеке аймақтардың палеоклиматы туралы көп мәлімет алуға мүмкіндік туғызады. Бірақ бедер климаттың, әсіресе топырақ жамылғысының өзгеруімен салыстырғанда өзінің түрін баяу өзгертеді.

Сондықтан қазіргі кездегі экзогендік бедердің бейнесі бірқатар аймақтарда тек қазіргі климаттық ерекшеліктерге ғана емес, сонымен қатар өткен геологиялық кезеңдерге де байланысты деген қорытынды шығаруға болады (О.Леонтьев, Г.Рычагов, 1988).

Date: 2015-11-13; view: 1678; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию