Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Гілу қабығы. Экзогендік геологиялық үрдістерге әр түрлі климат элементтерінің, өзендер мен көлдердің





 

Экзогендік геологиялық үрдістерге әр түрлі климат элементтерінің, өзендер мен көлдердің, теңіздердің, мұздықтар мен қарлардың, желдің және тағы басқа элементтердін, әсері жатады.

Экзогендік үрдістердің негізгі көзі күн радиациясы, ол жер бетімен, гидросфера және атмосферамен өзара әрекетесіп, әр түрлі климаттық жағдайлар қалыптастырады. Ал климат жағдайлары бүкіл жер бетінің өзгеруінде негізгі факторлардың бірі болып саналады. Климат элементтерінің ішіндегі аса маңызды фактор - ауа температурасы. Осы ауа температурасының әсерінен әр түрлі табиғи белдемдердің климаты қалыптасады. Мәңгілік мұздықтар мен қар жамылғысының пайда болуы, таужыныстарының үгілуі, химиялық процестер және т.б. осы ауа температурасына тікелей байланысты.

Климаттың екінші маңызды элементтерінің бірі жауын-шашын. Олар өзендердің, көлдердің, батпақтардың және мұздықтардың пайда болуына едәуір әсерін тигізеді. Таужыныстарының ыдырауына және олардың тасымалдануына, бедердің көптеген пішіндері тілімделіп жаңа пішіндердің қалыптасуына жауын-шашын өте қолайлы жағдай жасайды. Жел, бір жағдайларда кұм бөлшектері арқылы таужыныстарын бұзып, қашап, өңдеп механикалық әсер етсе, екінші жағдайларда құмның тасымалдануына, шөгуіне және жаңа аккумуляциялық жер бедерлердің (құм төбелер, барқандар, жағалық шағылдар және т.с.с.) құрылуына себепші болады. Мұздықтар биік тау өлкелерде едәуір механикалық (экзарация) жұмыс жасап, ерекше мұздық бедер пішіндерін құрады.

Жер бетінің құрылуына әрқашан әсерін тигізіп отыратын тағы да бір экзогендік бедер құратын үрдістердің энергиялық көзі - гравитация немесе ауырлық күші. Бұл күштер аркылы неше түрлі опырылма, қорымдар, жылжымалар, қар көшкіндері және т.б. қиратқыш табиғи құбылыстар пайда болады.

Экзогендік үрдістердің жалпы энергиясының негізгі көзінің бірі - Жердің өз осі бойымен және Күннің төңірегінде айналуы, осының әсерінен жылдың төрт мезгілінің болуы және күн мен түннің ауысып тұруы. Ауа температурасының, жауын-шашын мөлшерінің және табиғи қиратқаш құбылыстардың оқтын-оқтын маусымдық өзгеруі, жалпы айтканда бедердің пішіндерінің құрылуына едәуір әсер ететін бүкіл табиғи ландшафтының жаңаруы осы құбылыстармен байланысты. Сонымен қатар Жердің өз осі бойымен айналуы бедердің өзгеруіне тікелей ықпалын тигізеді.

 

Date: 2015-11-13; view: 938; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию