Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Неотектоникалық қозғалыстардың Жер бедерін қалыптастырудағы рөлі





Тектоникалық құрылымдар мен бедер пішіндерін қалыптасуына қамтамасыз еткең, неоген-төрттік кезеңде етек алған тектоникалық қозғалыстарды неотектоника қозғалыстар деп атайды. Неотектоникалық қозғалыстар - қазіргі кезде бедердің құрылуына ең басты себепкер. Бұл жердің дамуындағы ең соңғы кезеңі, яғни неоген - төрттік кезеңде орын алған қозғалыстар. Осыны дәлелдеу үшін ТМД елінің гипсометриялық қартасымен және жаңатектоникалық қозғалыстар қартасын салыстыруға болады (О.Леонтьев, Г.Рычагов 1981). Осы қарталарда оң бағыттағы баяу тік тектоникалық қозғалыстар аймақтарына жер бедерінде жұқа қабатты төрттік шөгінділермен қапталған кең жазықтар, үстірттер сәйкес келеді. Бүған Шығыс Еуропа жазығы, Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі, Үстірт, Орталық Сібір тау қыраты жатады. Қарқынды тектоникалық төмен түскең аймақтарға неоген -төрттік кезеңінің қалың қабаттармен шоғырланған ойпатты жазықтар сай келеді, мысалы, Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпатының көп бөлігі, Батыс Сібір жазығының солтүстік бөлігі, Колыма ойпаты. Ал, қарқынды, көбінесе оң бағыттағы тектоникалық қозғалыстар аймақтарына биік таулы өлкелер сәйкес келеді. Бұған Гималай,Кавказ, Памир, Тянь-Шань, Байкал маңындағы таулар, Копетдаг, Қарпат таулары және т.б. жатады.

Сөйтіп неотектоникалық қозғалыстар әсерінен ең алдымен жер қыртысының топографиялық беті өзгеріп бұзылуларға ұшырайды, және әр түрлі оң және теріс бедер пішіндері қалыптасады. Жердің топографиялық бетінің өзгерілуі арқылы тектоникалық қозғалыстар ондағы шайылу және шоғырлану аймақтарын белгілеп және соның салдары есебінде жер бетінде денудациялық және аккумуляциялық аймақтарының орналасуын алдын ала анықтап береді. Неотектоникалық қозғалыстардың жылдамдығы және амплитудасы экзогендік процестердің қарқынына елеулі әсер етіп, бедер пішіндерінің морфологиясы мен морфометриясына көрініс береді.

Геологиялық құрылымдардың жер бетінде көрініс беруі неотектоникалық қозғалыстардың сипаттамасына, олардың әрекеттілігіне таужыныстарының литологиялық құрамына және нақты физикалық-географиялық жағдайларға байланысты. Кейбір құрылымдар жер бетінде тура яғни қаз-қалпында көрініс берсе, екінші өңірлерде айналмалы бедер пішіндері қалыптасады, ал үшінші жағдайда жер бетінде әр түрлі өтпелі бедер пішіндері, яғни қаз-қалпында көрініс берген пішіндерден айналмалы бедер пішіндеріне дейін кездестіруге болады. Жер бедер мен геологиялық құрылымдардың өзара байланысы әр түрлі болуы әдетте шағын құрылымдарға ғана тиесілі, ал ірі құрылымдар жер бетінде көбінесе қаз-қалпында көрініс береді.

Жер бетіндегі эндогендік және экзогендік процестердің өзара қатынасы нәтижесінде басты ролді эндогендік процестер атқарған жағдайдағы пішіндерді морфоқұрылым (морфоструктура) деп атайды. Осы түсінікті алғашқы рет И.П.Герасимов енгізген. Бірқатар зерттеушілер морфоқұрылымдар тек қана қарқынды, яғни активті геологиялық құрылымдарды құрайды, ал қашалған (отпрепарированные)-пассивті құрылымдарды, яғни литоморфо-құрылымдарды түзеді деп тұжырымдайды.

Қазіргі кездегі геологиялық және геоморфологиялық деректерге қарағанда, жер қыртысы әр жерде әр түрлі деформацияларға, яғни тербелмелі, қатпар құру және үзілмелі қозғалыстарға ұшырайды. Бұған мысал - Қазақстан аумағындағы көптеген аймақтарда жоғарыдағы айтылған деформациялардың ізі айқын көрінеді. Қазіргі замандағы Каспий теңіз суының көтерілуі көптеген ғалымдардың тұжырымдары бойынша, Каспий түбінің неотектоникалық көтеріле дамуына байланысты дейді. Фенноскондинавия аумағы және Гудзон шығанағына жанасып тұрған Солтүстік Американың көп бөлігі жоғары көтерілу үстінде. Бұл тектоникалық көтерілудің жылдамдығы өте зор, Фенноскондиновия жағалауында жылына 10 мм-ге дейін жетеді.(Балтика шығанағының жағалауындағы XVI11 ғасырда орнатылған белгілер, қазіргі заманда теңіз деңгейінен 1,5-2,0 м жоғары тұр). Керісінше Голландия шегіндегі Солтүстік теңіз жағалауы және онымен көршілес жатқан аймақтар соңғы кезде батып кетіп, теңіз деңгейінен төмен түскең жағдайларда, теңіз жағасындағы тұрғындар ежелден бері бөгеттер салуға мәжбұр еткең.

Қарқынды тектоникалық қозғалыстарды альпілік қатпарлы және қазіргі геосинклин зонадерде байқауға болады. Алынған мәліметтер бойынша Альпі таулары неоген-төрттік кезеңінде 3-4 км-ге дейін жоғары көтерілген, Кавказ бен Гималай таулары төрттік кезеңінің өзінде ғана 2-3 км-ге, ал Памир тауы 5 км-ге дейін жоғарылаған. Жалпы өрлеу барысында альпілік қатпарлы зонадердің шегінде, кейбір бөліктері төмен ойысу жолында. Мысалы, Үлкең және Кіші Кавказ арасында жатқан Кура-Аракс ойпаңы қарқынды түрде төмен түсуде. Тік бағыттағы тектоникалық қозғалыстардың болуын ежелгі теңіз жағалау сызықтарының қазіргі кездегі деңгейінен де байкауға болады. Мысалы, Каспийдің ежелгі, төменгі төрттік (Q1) жағалау шөгінділерінің деңгейі Үлкең Кавказдың Оңтүстік-Шығыс периклиналында +200-300 м абсолюттік биіктікте болса, ал Кура-Аракс ойпатында -250-300 м деңгейде екеңдігі бұрғылау нәтижесінде анықталған.

Н.И.Николаевтың және тағы басқа зерттеушілердің пікірі бойынша, жер бетінің қалыптасуында тік бағыттағы тектоникалық қозғалыстардьщ маңызы өте зор. И.П.Герасимов литосфералық тақталар тектоникасы тұжырымдамасына сүйене отырып, қазіргі бедердің құрылу тарихьгн үш макрооралымға (макроциклге) бөлген. Бірінші оралымға мезозей кезінде болған, біртұтас Пангея материгі шегінде қалыптасқан, глобалдық пенепленді жатқызады.

Мезозой дәуірінің соңғы кезінде екінші (кайнозойлық) макроцикл - Пангеяның ыдырауы, материктер бедерінің өзгеруі және мұхит ойпаңдарының пайда болуы. Осы кезде мезозойлық пенепленнің орнында құрлықты платформаның қазіргі бедерінің ежелгі фрагменттері түзелген, ал такталар жапсарланған жікті зонадерде-мезозой-кайнозой дәуірінің орогендік зонадері кұрылды. Үшініш оралым плиоцен - плейстоцен кезеңін қамтиды. Бұл кезде жаңа динамикалық факторлар пайда болды. Яғни ежелгі мұздық жамылғысьшың және сол себепші болған дүние жүзінің мұхит деңгейінің эвстатикалык тербелісінің әсерінен кең аумақты аккумуляциялық жазықтар қалыптасқан.

Бедер пішіндерінің қалыптасуына осындай түсінік бере отырып И.П.Герасимов жердің геологиялық тарихында неоген-төрттік көзендердің шегінен тыс ерекше геоморфологиялық кезеңді белгіледі. Ол қазіргі бедердің морфогенезіне жер қыртысының тік бағыттағы және жазық бағыттағы қозғалыстарының бірдей әсер еткеңіне ерекше назар аударды.

Неотектоникалық қозғалыстардың пайда болуын әр түрлі геоморфологиялық белгілер арқылы анықтауға болады. Олардың кейбіреулеріне мысал: а) климат өзгеру әсеріне байланысты емес, теңіз және өзен террасаларының қалыптасуы; б) теңіз және өзен террасаларының және ежелгі денудациялық тегістелген аймақтардың деформациялануы; в) жоғары көтерілген, терең және жиі ойдымдалған (тілімделген) тау алқаптары; г) пенеплен үстіндегі тектоникалық жарылымдардың болуы; д) денудацияланған тектоникалық кертпештер; е) сатылы бедер пішіндерінің түзілуі; ж) теңіз эвстатикалық тербелуіне байланысты емес, теңіз жағалауындағы пішіндердің төмен батып кетуі; з) теңіз деңгейінен төмен түсіп немесе жоғары көтерілген сатылы маржан кедертастары; и) сатылы карстық үңгірлері мен биік тау беткейлерінде қар пішіндерінің түзілуі; к) аңғарлардың антецедентік бөлікшелерінің калыптасуы. Антецеденттік аңғарлары - өзен суының жолындағы кездескең тектоникалык көмпимелерді (антиклинды қабаттар, немесе блоктарды) тіліп шаюынан қалыптасқан аңғарлар (27-сурет).

Жоғарыда атап айтқандай, жаңатектоникалық қозғалыстарды, олардын тікелей белгшерінен басқа, жанама белгілері арқылы да байқауға болады. Мысалы, тектоникалық көтеріліске ұшыраған аңғар бөліктері тектоникалық тұрақты бөлікшелермен салыстырғанда, ойдымдылық жиілігімен және едәуір тереңділігімен сипатталады. Мұндай жерлерде аңғарлардың көлденең және бойлық кескіні - түбі терең, тік жағалы, тар шатқал аңғарлардың морфологиясына ұқсап кетеді.

Сөйтіп, қазіргі бедер пішіндерінің қалыптасуы екі негізгі бедер түзілу факторлардың үздіксіз динамикалық әрекетіне, яғни тектоникалық процестер мен үгілу және аккумуляциялық процестердің өзара байланысы әрекетінің салдарынан болады.

Date: 2015-11-13; view: 2070; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию