Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жер қабығы және литосфераның негізгі құрамадас бөліктері. Ежелгі платформалар





Пәннің алғашқы тарауынан білгеніміздей — жер қабығы алдымен құрылықтық массивтерге және мұхит шараларына бөлінеді екен. Бұлайша ажыратылуды тек геоморфологиялық тұрғыдан ғана қарауға болмайды. Жер қабығы қалың, тығыздығы шамалы, оның үстіне жалпы жағдайда литосферасы да қалың болғандықтан изостазия заңдылығына сәйкес құрлықтар мұхит деңгейінен бой көтеріп тұрады, ал мұхиттар табаны, керісінше қабығы да, литосферасы да жұқа, ауыр болған себепті төмен ығысқан. Ендеше, барлық тұрғыда, біріне-бірі қарама-қарсы континенттер және мұхиттар жер қабығының манызды ірі бөлшектері болған, Материктік қайраңның қабығы континент типтес болғандықтан, құрлықтар құрамына кіреді, ал құрылықтық беткей болса, ол мұхит пен материктердің екеуінің аралық белдеуіне жатады. Екеуі де көбінесе жоғарғы мантияның табанына дейін созылған терең жарықтармен шектеледі. Жарықтарды біз жер сілкінуі өте жиі болатын белдеулер — мұхиттың орталық жоталары, аралдар доғасы мен мұхиттың терең науаларының түйіскен тұстары арқылы білеміз. Дәл осы белдеулерде жанартаудар да шоғырланған. Ендеше, айтылған белдеулер — нығыз, берік, орнықты, құрамы біртұтас литосфералық тақталардың жігі деген қорытынды туады (8.2-сурет).

8.2-сурет.Жер қыртысының құрылысының сызба-нұсқасы

Литосфералық тақталар үш түрлі қозғалысқа ұшырайды: а) мұхиттың орталық жоталарының шатқалдарында, Қызыл теңіз, Аден және Калифорния шығанақтарының бойында екі тақталар екі түрлі жаққа жылжиды; б) мұхит шегінде Вадати — Беньоф — Заварицкий белдеулерінің терең жарықтарын бойлап, екі тақталар біріне-бірі қарсы жылжиды; в) трансформдық жарықтарды бойлап бірінен-бірі ығысады.

Литосфера тақталары құрылықпен жапсарлас материктік қайрандарды біріктіреді, ол екеуі бүтін тақталар құрап, бірге жылжиды. Тек зор аумақты Тынық мұхит тақталарсы ғана нағыз мұхиттық тақталарға жатады. Литосфераның қазіргі құрамынан жеті ірі және кем дегенде алты кіші тақталарны көреміз. Өткен геологиялық дәуірлерде тақталардың саны, кескін үйлесімі және орындары қазіргіден өзгеше болған. Құрлықтардары олардың жік-жапсарларын офиолиттік белдеулерден аңғарамыз. Офиолиттік белдеу деп байырғы мұхиттар қабығы болғанын көрсететін периотит, дунит, габбро, базальт және кремнийлі тақтатастар жинағын айтады.

Мұхиттар мен материктер әр түрлі құрылымда бөлінеді. Мұхиттар алдымен өте жылжымалы, тура ортасынан терең шатқалмен (рифт) бөлінген мұхиттың орталық жотасына және абиссалды шараларды алып тұрған мұхит тақталарына жіктеледі.

Материктер болса мұхиттың орталық жоталары секілді тік және көлденең бағыттарда тым жылжымалы, жер сілкінуі де, жанартауатқылауы да бар таулы құрылымдарға және платформаларға жіктеледі. Платформалардың қозғалыс-қимылы баяу, жер сілкіну мен жанартауизм әсерінен жұрдай. Сондықтан жазық жер бедері платформалар бетінін аумақты аудандарын көлденең жатқан шөгінді жыныстар жабады. Кейбір сирек аймақтарда трапп аталатын базальтты лавалар тарайды.

Таулы құрылымдардың геологиялық даму тарихына қарап екі тұрпатқа жіктеуге болады.

Біреулерінің құрамына жас (палеоген жүйесіне дейінгі) теңіз шөгінділері кіреді. Тек олигоцен және миоцен кезеңдерінен бастап қатпарланып, теңіз түбінен бой көтереді. Оларды жас таулы құрылымдар дейді, бұған Карпат, Қырым, Кавказ, Қопетдаг пен Памир таулары жатады. Екіншілері көне кембриге дейінгі, палеозой, мезозойдың теніздік шөгінді қабаттарынан құралып, қатпарлану-жақпарлану деформациясы палеоген дәуіртрінен бұрын өткен және таулары да сол кезде бой көтерген. Оның дәлелі — баурайында тау сілемдерінің бұзылып, шайылуынан үйілген кесек-кесек қалың молассалар (французша «моларе» — қопсыма, үгілмелі) түзілгені. Кейін көне тау сілемдері жұрнағына шейін денудация әсерінен бұзылып, жазыққа айналады. Жаңа тау қозғалыстарынан олардың кейбіреулері қайтадан жарықтармен бөлшектеніп көтеріледі. Оның айғағы — кей беттерінде жұқа, теңіз жағалауында платформалық қабаттардың сақталуы.

Осылайша қайтадан жаңғырған тау жоталарын эпиплатформалық тау құрылымдары деп атайды да оларға Тянь-Шань, Алтай, Саян таулы аймақтары мен Байқал таулары жатады. Олардың барлығы да бұрынғы күрделі қатпарлы жарықтардың орнында түзілген қосымша қақпарлы құрылымдардан тұрады. Алғашқы қатпарлануы неғұрлым көне болса, оның граниттенуі мен метаморфизмі солғұрлым күшті болады.Олардың арасында неше түрлі және алуан құрамды магмалық (интрузивтік) тау жыныстары болады.

8.4-литосфералық тақталардың карта-сызбасы

 

Тау сілемдерінің етегі, әдетте, сол таулардыңбұзылып, шайылуынан үйілген

аллювиалдық моласса шөгінділеріне толған ойпаттармен көмкеріледі. Оларды бөктерлік, не екі қапталынан да таулар бой көтерсе, тауаралық ойыстар деп атайды. Мысалы, Орал тауы батыс етегінен Орал алды ойысымен шектеледі. Тянь-Шань сілемдерінің жоталары арасынан Тәжік, Ферғана, Нарын, Ыстықкөл ойыстарын көреміз. Жоңғар Алатауы мен Іле Алатауының арасында тауаралық Іле ойысы жатыр.

Көне қатпарлық жүйелердің барлығы бірдей қайтадан жаңа қатпарлы-жақпарлы тауларға айнала бермейді. Қайсыбіреулері денудацияланып жазық аймаққа айнелған соң, бәсең ғана төмен майысады да, тайыз теңіз айдынымен жабылады. Теңіздегі уақ үгінді, саз-балшықты, кейде әктас шөгінділер аймақ бетін қалыңдығы шамалы ғана бүркенішпен жабады. Осылайша платформалар пайда болады. Олар екі қабаттан тұрады (8.2-су-рет). Төменгі қабат — қатпарлы табаны — өте қатпарланған, азды-көпті метаморфталған, әр түрлі интрузивтер кептелген құрылым түзеді. Табан бір дәуірлерде қатпарлы құрылымдардан түзіліп, кейін денудация салдарынан мұхит деңгейіне шейін жеткен жазық ойпаттарға айналған. Жоғары қабаты — шөгінді қабаты — көлденең жатқан, метаморфизм мен интрузивті магматизмнің әсері жоқ, тайыз теңіздік немесе құрылықтық шегінділерден түзілген. Тыс жабуы жұқа, бүкіл фанерозой зонотемасындағы қалыңдығы 3—5 километрден аспайды, тек сирек аудандарда 8—10 километрге жуық.

Ежелгі платформалар. Платформалардың табанының жер бетіне шыққан аумақты белшектерін қалқан (щит) деп атайды, ал бүркеніш ж а б у ы (чехол) бар шетін п л и та дейді. Көне докембрийлік қатпарлы қалқандарды кристалдық қалқандар деп атайды.

8.5-сурет. Платформалар құрылысының кескіні 1 — қатпарлы ірге табаны (фундаменті). 2 — жабуы, 3 — тектоникалық жарықтар

Олар — Шығыс Еуропа платформасының Балтық, Украин қалқандары, Сібір платформасының Алдан қалқаны. Табанының шамалы және аз да болса бір дәуірде жабу жамылған бөлшектерін массивтер деп атайды. Мысалы, Шығыс Еуропа платформасындағы Воронеж, Сібір платформасының Анабара массивтері.

Жабуының қалыңдығына, табанының жоғары немеса төменде жатуына байланысты тақталар антеклизалар мен синеклизаларға жіктеледі. Біріншілерінде ірге табаны жоғары көтеріліп, соның себебінен шөгінді бүркеуі жұқалау болады, ал екіншілерінің арасында көптеген үзілістер байқалады. Синеклизалар бол са шөгінді жабуы қалың, үзіліссіз келеді. Үлгі ретінда Шығыс Еуропа платформасының Беларусь, Вороне» антеклизалары мен Мәскеу, Каспий маңы синеклизала рын, Сібір платформасыньщ жалпақ Тұңғыс синеклизасын атауға болады.

Кейбір синеклизалардың табанына жақын екі шегі тектоникалық жарықтармен шектелген тар, көмілге көне рифтер болады да оларды авлакогендер (грекше авлакжырық, ор) дейді. Мысалы, Украин синеклизасының астында Днепр—Дон, жалпақ Мәске) синеклизасының табан шегінде Орталық Орыс авлакогендері орын тепкен. Авлакогендердің шөгінділер жабуы аса қалың (8—10 км), олар шамалы қатпарланған, арасында сілтілі-базальтты магма жыныстары кездеседі.

Табанының жасына байланысты платформаларды екіге бөледі. Көне платформалардың табаны докембрий қабаттарынан, жас платформалардың ірге табаны палеозой, кейде төменгі мезозой жыныстарынан құралады. Біріншілері материктердің ядросы ретінде қалыптасады да, ал жас платформалар оларды жан-жағынан көмкеріп, араларын толықтырады. Олардың шетінен әрі қарай қатпарлы тау белдеулер бой түзейді. Екі көне платформа — Шығыс Еуропа мен Сібір Шығыс Еуропаның шығыс, оңтүстік шетінде жас Скиф және Туран тақталары орналасқан. Осы екі көне платформа арасын Батыс Сібір тақталарсы алып жатыр. Платпішіндеріның оңтүстік шектерін Таулы Қырым, Кавказ, Копетдаг, Памирдің жас қатпарлы таулары, Тянь-Шаньның, Алтайдың, Саянның, Байқал маңдарының жаңғырған таулы қатпарлары көмкерген. Сібір платформасының солтүстік-шығыс шетінде Верхоян, Чукот қатпарлары одан әрі Тынық мұхитпен шектес Коряк, Қамчатка, Сахалиннің жас қатпар таулары, Сихотэ-Алин тау қатпарлары бой түзеген.

Date: 2015-11-13; view: 4448; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию