Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жер сілкіну туралы жалпы түсінік





Жер сілкінуі деп жер қойнауындағы жыныстардың орнынан жылжуынан туған кенет және жойқын шайқалыстарды атайды. Геофизиканың жер сілкінуді зерттейтін саласын сейсмология (грекше «сейсма» — сілкіну, шайқалу) дейді. Сейсмология нәтижесінде ғалымдар Жердің ішкі құрылысын анықтады. Сейсмикалық толқындардан қолдан тудыру арқылы геофизиктер жеке аймақтардың астыңғы ішкі құрылымдарын толық анықтай алатын болды.

Жер сілкінуі — табираттың өте бір қаћарлы да, қауіпты да көрінісі және жер қойнауында жойқын энер-гия корының, онын, дүлей күшінің айғағы. Әйгілі ғұлама А. Гумбольдт жер сілкінудің әсерін мынадай жолдармен сипаттаған болатын: «Бұл құбылыстан құрлықтың мызғымас қимылсыз күйіне туғаннан бергі сеніміміз жоғалғанын қгйтерсін... Жай түскендей қас қаққанша аяқ астымыз шайқалып, табиғаттың дүлей күші қаћарын көрсеткенде бұрынғы сенімімізден түк те қалмайды».

Әлемде жыл сайын мыңдаған жер сілкінуі өтеді, дегенмен осылардыц тек екеу-үшеуі ғана мекендерді қиратып, он мыңдаған адамдарды құрбандыққа шалатын ең күшті жер сілкінуге жатады. Жер сілкінудің талай күй-зелістері тарихта қалды; 1755 жылы — Лиссабон (60 мың құрбан), 1908" жылы — Мессина (100—160 мың), 1923 жылы — Токио (150 мың) адам қаза болды, 1976 жылы Қытайдгғы Таншан жер сілкінуінен 650 мың адам қаза тауып, 100 мың адам жараланды. 1556 жылы Шэньси өлкесіндегі жер сілкінуден шамамен 830 мың адам құрбан болған дейді. өткен 4000 жыл арасында жер сілкінудің құрбандарының саны 14 миллионнан асыпты.

Біздін елімізде 1887 жылы және 1911 жылғы Кебін 1 жер сілкінуінен Алматы (ол кезде Верный) түгел қирады, бір де сау үй қалмаған. 1948 жылы Ашғабат кала-сында тек қаза тапқан құрбандар саны 110 мыңға жетті. 1988 жнлдың 7 желтоқсан күні Арменияда болған жер сілкінуден 25 мыңнан аса адам дүниеден қайтып, 600 мың шамалы адам зақым шекті. Мұның бәрі жер сілкінуді қадағадап, зерттеп, соның арқасында оларды алдын алудың каншалықты маңызды мәселе екенін көрсетеді. Апатты жер сілкінулер кезінде жер бедерінде ірі өзгерістер пайда болады. Кейде жағалау теңіз астына құлайды (1960 жылы Чилидегі сілкіну). 1862 жылы Байқал тұсындағы жер сілкінуден Селенга өзенінін сағасында Проваі аталған тереңдігі

8 м опырық көл пайда болды. Кейде құрлық не теңіз түбі көтеріледі. Мысалы, 1964 жылы Алясканың жер сілкінуінен теңіз түбі 16 метрге көтерілді. Таулы өлкелерде сілкіну әсерінен беткей сырғып, щлап әр түрлі апаттарға ұрындырады. 1887 жылы Верный жер сілкінуінен қазіргі Ақсай өзенінің басындағы Ақжар көлінің суын құлаған тас жиынтығы лықсытып, көл орнында ені 200 м, биіктігі 60 м үйінді қалды. Жер сілкіпу кезінде кесек-кесек шегінді сүйреткен сел; жүріп, жолында кездескеннің бәрін қиратып кетеді. 1985 жылы Мексикада болған жер сілкінуден осылайша тас лай аралас жойқын тасқыннан көптеген елді мекендер I қирап, 3500 адам дүние салып, 6000 адам жараланды.

Мұхит жағалауы сілкінген шақта мұхиттарда жойылып цунами (жапонша шығанақ толқыны) толқындары Кайда болады. Лиссабон жер сілкінуінен мұхитта биіктігі 26 м толқын көтеріліп, жағадан 15 километрге шейінгі тұсты толқын «жалап» өткен. Портта тұрған 300 мемені толкын жағаға доптай лақтырып, талқанын шығарған. Чили жер сілкінуінен туған цунами Тынық мұхитты сағатына 1000 км жылдамдықпен кесіп өтіп, 2-3 дүркін Жапон аралдарына соғылды.

Сонымен, жер сілкіну дегеніміз не? Жер бетінде ол тік немесе келбеу бағыттағы дүмпу ретінде байқалады. Кейінгісі - жер қойнауындағы бір ошақта кенеттен болған жыныс массасынын, жылжуынан өршіген серпімдік шайқалыстың дүмпуі. Жыныс жылжуы ошақтан өтетін тектоникалық жарықтарда болады (15.1-сурет). Мысалы, Қалифорниядағы әйгілі Сан-Андреас жарығы бұдан 40 млн жыл бұрын пайда болып, 550 км бойында тұрған Сан-Франциско, Лос-Анджелес қалаларында 906, 1957, 1971, 1988, 1989 жылдары күшті жер сілкінулері өтті. Жер сілкінуі бір рет қана болмайды. Артынан күндер, апта, айлар өткенде тағы бірнеше дүмпулер байқалады. Мысалы, 1966 жылы 25 сәуірден кейін Ташкентте мамыр, маусым айларында тағы да сілкінулер болды. Армениядағы алғашқы жойқын сілкінуден соң 1989 жыл бойында бірнеше рет күші әжептәуір сілкінулер байқалды. Осындай қайталау дүмпулерді афтершоктар (ағылшынша «афтер» — соңғы, кейінгі,«шок» — соққы) дейді.

8.1-сурет. Тектоникалық жер сілкінудің сызбасы

Жер сілкіну тек жарық бойындағы қозғалыстан туындайды. Ол жанартаулардың атқылауынан, карстың үңгір қуыстарының төбесінің опырылуынан, адамның инженерлік әрекеттерінен де туады. Кейінгісін техногендік сілкіну дейді.

Тектоникалық ырысуға қарағанда жер сілкінудін күші ше, аумағы да шамалы. Жанартаулардың атқылауы алдындағы магманың кратерге қарай кетерілуінен, содан пайда болған қысыммен байланысты жер сілкінеді. Ендеше, жанартауды өлкелердегі жер сілкінуіне қарап, жанар таудың атқылауын күні бұрын болжауға болады. Осылайша 1975 және 1984 жылдары Камчаткадағы Плоский Толбачик пен Ключевская жанартауларының атқылау мезгілі дұрыс болжалынды.

 

8.2-сурет. Жер сілкіну толқындарының таралу ерекшеліктері мен Жер қыртысындағы ығысулар

 

 

Date: 2015-11-13; view: 2670; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию