Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Интрузивті магматизм мен магмалық денелер. Магмалық ошақтар және олардың пайда болу жолдары





Магматизм – жердің ішкі геосфераларында Өтетін күрделі эндогендік геологиялық үрдіс және жер қыртысының қалыптасуында алатын ролі орасан зор. Бұған дәлел жер қыртысын құрайтын таужыныстарының 95 пайызы магмалық үрдістердің әрекеттерінен пайда болуы.

Бұл үрдіс магманың жер қыртысында болмаса жердің терең қойнауларында пайда болып, жоғары қабаттарға жылжу барысында температура мен қысымның күрт төмендеуінен кептеліп қалып, кристалдық денелер түрінде магмалық таужыныстарының түзілуімен аяқталады.

Магманың құрамында жер қыртысын құрайтын химиялық элементтердің (оттегі, кремний, алюминий, темір, кальций, магний, калий, натрий) барлығы да кездеседі. Тіпті, Ұшпалы (жеңіл) компоненттердің (су буы, күкіртті қосындылар, кӨмірқышқыл газы, хлорлы және фторлы сутегі, хлолы аммоний, сутегі, азот және т.б.) көптігімен сипатталады. Олар жердің ішкі терең қойнауында байқалатын Өте жоғары қысым күштеріне байланысты еріген күйде кездеседі. Бұл жағдай магманың қоюлығын азайтып, оның қозғалу жылдамдығының Өсуіне әсерін тигізеді.

Интрузивті магматизм мен магмалық денелер. жердің терең қойнауларында жүретін үрдіс және нәтижесінде интрузиялық магмалық таужыныстары қалыптасады (гранит, сиенит, диорит, габбро, дунит т.б.). Интрузиялық таужыныстар магманың Өте баяу сууына байланысты ірі кристалды немесе толық кристалды қҰрылымға ие болады, ал түзілімі тығыз, шомбал болып келеді. Интрузиялық таужыныстар осы белгілеріне байланысты (қҰрылымы, түзілімі) оңай ажыратылады. Олардың құрамы бізге белгілі силикат тобындағы минералдардан тұрады – кварц, ортоклаз, плагиоклаз, мүйіз алдамшысы, слюда т.б.).

Интрузивтік тау жыныстары жер қыртысының терең (абиссалдық) қабаттарында кристалданған жағдайда, олар жапсарлас таужыныстарын бұзып-жарып еніп үйлесімсіз ірі магмалық денелер пайда болады. Оларға батолит, шток жатады. Ал гипабиссалдық жағдайда, олар айнала қоршаған ортаны құрайтын көне таужыныстардың жатыс жағдайына сәйкес орналасқан үйлесімді денелер (лакколит, лополит, факолит, силл) құрайды. Сонымен қатар үйлесімсіз кішігірім магмалық денелер де (дайка, желі, некк) жиі кездесіп отырады

Құрамы негізді сұйық магма жер бетіне жақын аудандарда шөгінді қабаттардың жапсарларын бойлай көтерілсе, үйлесімді магмалық денелер силдер пайда болады.

Магмалық ошақтар және олардың пайда болу жолдары. Қазіргі кездегі көзқарас бойынша, жер қыртысын немесе мантия қабатын құрайтын заттар термодинамикалық жағдайлардың (қысым және температура) өзгерістері нәтижесінде белгілі бір аймақтарда периодты түрде әлсін-әлсін балқу әрекеттеріне ұшырап отырады, Жер қойнауына тереңдеген сайын температура белгілі бір заңдылық бойынша, біртіндеп артып отыратындығы белгілі. Мысалы, 100 км-лік тереңдікте температура 1300—1500°С шамасына дейін көтеріледі. Осы жағдайда, егер қысымның шамасы атмосфералық қысымға тең келетін болса, тау жыныстары балқыған күйде болар еді. Бірақ, мұндай тереңдікте байқалатын қысымның шамасы тау жыныстарының балқу температурасынан әлдеқайда жоғары болғандықтан (мыңдаған мегапаскаль), олар балқыған күйге ауыса алмайды. Белгілі бір аудандарда тектоникалық ірі жарықтардың пайда болуына байланысты қысымның кенеттен күрт төмендеуі немесе басқа себептермен температураның жоғарылауы заттардың сүйық күйге ауысып, магмалық ошақтардың ңайда болуына әкеледі. Әдетте, алғашқы (түпкі) магмалық ошақтар жер қыртысының төменгі қабаттарында немесе жоғарғы мантияның астеносфера қабатында астенолиттер түрінде құралады. Олар жер қыртысының жоғарғы қабаттарына қарай көтеріліп, қайта қалыптасқан жағдайда аралық магмалық ошақтар пайда болады. Сонымен, магматизм әрекеттері тектоникалық қозғалыстармен тікелей байланыста болып, геосинклиналдық аймақтарда жиі байқалады.

Жер қойнауында температураның жоғарылауы әр түрлі физикалық-химиялық әрекеттермен байланысты түсіндіріледі: 1) радиоактивті элементтердің ыдырауы нәтижесінде бөлінетін жылу мөлшеріне; 2) гравитациялық жіктелу кезінде және т. б. химиялық реакциялар кезінде бөлінетін жылуға байланысты.

Магманың жоғарғы қабаттарға көтерілуі, гидростатикалық қысым күштерімен және тау жыныстарының қатты күйден балқыған күйге ауысқан жағдайда жалпы көлемінің ұлғаюынан байланысты деп саналады.

Date: 2015-11-13; view: 2858; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию