Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Геологиялық (геодинамикалық) үрдістердің энергия көлдері, даму жолдары мен өзара қатынасы





Геологиялық үрдістер дегеніміз Жердің ішкі қойнауында және бетінде үздіксіз жүріп жатқан, әрі Жердің ішкі құрылысына, құрамына, оның рельеф пішіндеріне тікелей әсер ететін үрдістер немесе әрекеттер. Алғашқы қалыптасқан Жер қыртысы Өзінің тарихи даму барысында осындай әрекеттердің салдарынан, күрделі Өзгерістерге Ұшырап отырды.

Геологиялық үрдістерді тудыратын энергия көлдеріне: Күн сәулесімен байланысты жылу; Жер бетіндегі гравитациялық күштер; Күн мен Айдың Өзіне тарту күштері; Жердің Өз осінен айналуы; радиоактивтік элементтердің ыдырауы (Жердің ішкі қойнауында), әрі басқа да химиялық реакциялар кезінде бӨлінетін жылу; Жердің құрамын құрайтын заттардың гравитациялық жіктелуі т.б. жатады. Барлық геологиялық үрдістер энергия көлдеріне сәйкес екі топқа бөлінеді: 1. Ішкі немесе эндогендік геологиялық үрдістер; 2. Сыртқы болмаса экзогендік геологиялық үрдістер.

Эндогендік үрдістердің салдарынан жердің терең қойнауындағы сұйық магма жоғары көтеріліп, жер бетіне жетпей суып, кристалданып интрузивтік таужыныстарын құрайды. Кей жағдайларда магма жер бетіне төгіліп, шала кристалданған эффузивтік таужыныстары пайда болады. Олар кейінірек тектоникалық қозғалыстарға байланысты иіліп, қатпарланады. Ал экзогендік үрдістер жер бетінде және жер қыртысының жоғарғы қабаттарында атмосфера, гидросфера және биосфера қабаттарымен тығыз байланысты жағдайда жүріп жатады. Бұл үрдістердің нәтижесінде құрылықта кездесетін таужыныстары бұзылысқа ұшырап, үгілген затар тасқын сулардың және экзогендік агенттердің (мұздықтардың, желдің т.б.) тікелей әсерінен бастапқы орындарынан басқа ортаға тасымалданып жер бетінің төмен иіліп майысқан ойыс аудандарында шөгіп, қабатталып жиналады.

Сонымен, жер бетінің бедері, яғни бедер пішіндері эндогендік және экзогендік геологиялық үрдістердің барысында қалыптасады. Эндогендік әрекеттерге байланысты түзілген тау жоталары экзогендік күштердің әсерінен үгіліп, ал бұзылыс материалы белгілі бір бағытта таулы аймақтардан ойыс жерлерге көшеді де біртіндеп тегістеледі.

Аталған эдогендік және экзогендік геологиялық үрдістер бір жағынан бір-бірімен тығыз байланыста болады, ал екінші жағынан бұл үрдістер қарама-қарсы бағытта дамылсыз жүріп жатады.

Эндогендік геологиялық үрдістер қатарына-магматизм, метаморфизм, тектоника әрекеттері жатады.

Эндогендік үрдістер жер қойнауында жоғары температура әрі жоғары қысым әсерлерінен үздіксіз жүріп жатады. Жоғарыда айтылған эндогендік үрдістер өзара тығыз байланыста болып, бір-біріне тікелей әсер ету нәижесінде туындап отырады. Мысалы, метаморфизм салдарынан (ультраметаморфизм әрекеттері) жер қыртысын құрайтын заттар қайта балқып, магмалық ошақтар құралады. Сонымен қатар тектоникалық қозғалыстар таужыстарының метаморфтық Өзгерістерінің басты себебтерінің бірі болып саналады. Кей жағдайларда тектоникалық қозғалыстар жер қыртысының тұтастығын бұзып, жер қойнауының кейбір аудандарында қысым шамасының кенеттен төмендеуіне әкеліп соғады. Соған байланысты магмалық ошақтар пайда болады.








Date: 2015-11-13; view: 420; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.004 sec.) - Пожаловаться на публикацию