Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мезазой және кайназой эраларындағы Жер табиғатының эволюциялық дамуы





Триас кезеңінде жер үстінде пермдегідей құрлық үстем болды, оның климаты да жылы, құрғақ болды. Мақлұқаттардан теңіздерді басаяқты моллюскалар — аммониттер, қосжақтаулы моллюскалар, алты сәулелі коралдар жайлады. Рептилиялар тез дамып, суға жүзетін түрлері — ихтиозаврлар жаралды. Алғашқы сүтқоректілер пайда болды. Өсімдік дүниесінен жалаңаш тұқымдылар (қарағай, шырша) басым болды. Жерде дұрыс бағытты магнит өрісі тарады.

Юра кезеңі жер тарихындағы теңіз үстем болған мерзім деп саналады. Содан келіп климат та жылы, ылғалды болды. Теңіздерде аммонитеттердің, белемниттердің жаңа тұқымдары пайда болды. Бауырымен жорғалайтындар тез өрбіп, алып жыртқыш және шөпқоректі динозаврлар («үрейлі кесірткелер») жайылды. Олардың ұшатын түрлері де шығып, кейін солардан тісті құстар жаралды. Құрлықта жалаңаш тұқымдылардың — папоротниктер, гингко, цикада тектестері ну орман құрды.

Бор кезеңінде теңіз шарпуы үстем болып, юра кезеңіндегі жан-жануарлар одан әрі дами түсті. Алты сәулелі коралдар, алып аммониттер, жуан сауытты қос-жақты моллюскалар кемеліне келді, белемниттер, теңіз кірпілері, сүйекті балықтар, фораминиферлар өрбіді. Бұрынғыдай алып динозаврлар жайылды. Кәдімгідей тіссіз құстар пайда болды. Кезеңнің ортасынан бастап гүлді өсімдіктер — шамшат, емен, қайың, тал, лавр, магнолия кездеседі. Енді олардың заманы туады. Бор кезеңінің соңында кенеттен алып рептилиялар, аммониттер, белемниттер, коралдар құрып бітеді. Сүт қоректілер мен гүлді өсімдіктердің заманы кайнозой эрасы туады.

Палеоген кезеңінде жануарлар қауырт өрби бастады. Құрлықта сүт қоректілер үстем: алғашқы жұп және тақ тұяқтылар, маймыл тектілер пайда болды. Кезең соңында ет тұмсықтылар зіл (мамонт), піл мен қалталылар отрядтары шықты. Мұхит-теңіздерде форамин-иферлер, бауыраяқты және қосжақтаулы моллюскалар кең жайылды.

Неоген кезеңінде жас тау жүйелері — Альпі, Карпат, Қырым, Қавказ, Памир, Гималай — шынданды, Тынық мұхиттың жиегінде жанартаулар бой түзеді. Салдарынан мұхит деңгейі күшті тербелісте болды. Неоген жүйесін саралау үшін ет тұмсықтылардың, аюлардың, иттердің, жылқының, адам тәрізді маймылдардың маңызы зор. Флорасы қазіргідей, олар жылы және салқын климатты топтарға жіктелді.

Төрттік (антропоген) кезеңі әлі аяқталған жоқ, қазір де өтіп жатыр. Оның ең бір өзгешелігі— солтүстік жартышарды неше дүркін мұз басқаны. Әуелі теңіз деңгейі төмен құлдырап, құрлықтар көлемі ұлғайды. Мұз басу кезінде суыққа төзімді, жүндері қалың зілдер, мүйіз тұмсықтар пайда болды. Төрттік кезеңінің ең басты оиғасы — адамзат пайда болып, оның неше сатыдан өтіп дамуы. Солардық мәдениетініқ заттық қалдықтарына сүйеніп, төрттік жүйесі стратиграфиялық тұрғыдан жіктеледі.

Геологияның жылнамалық шкаласының маңызы өте зор, ол Жердің ұзақ тарихындағы барлық болған-өткен оқиғалардың кезегін саралауға мүмкіндік беретін негізгі өзегі. Геологиялық зерттеулер алдымен стратиграфиядан басталады.

 

Date: 2015-11-13; view: 1523; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию