Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жердің абсолют жылнамасы





Абсолюттік жылнамадеп жыныстардың жасын бәрімізге дағдылы астрономиялы өлшеммен — жылмен санауды айтады. Абсолюттік жылнама алдымен жыныстың, минералдың жаралған немесе олардың метаморфтік өзгеріске ұшыраған мезгілін анықтайды.

Абсолюттік жылнаманы анықтаудың да бірнеше тәсілі бар. Солардың ішіңде ең дұрысы, дәлі, тура мәңгілік сағаттай жүріп тұратын тәсілі табиғи радиоактивтік ыдырау құбылысына негізделген. Бұл әдіс әсіресе магмалық және метаморфтік жыныстардың жасын анықтаудың өте бағалысы.

Элементтердің химиялық қасиеттері бірдей болғанымен атомдық массалары өзгеше түрлерін элементтердің изотоптары деп атайды. Радиоактивтік элементтердің изотоптары өзінен -өзі ыдырап, басқа бір элементтердің атомдарына айналады. Бастапқы аналық изотоптар мен олардың туындылары төмендегідей:

Минерал пайда болғаннан бастап ыдырау процесі үнемі жүріп тұрады және ыдырау жылдамдығы бір қалыпты тұрақты сан. Аналық изотоптың тең жартысының ыдырау мерзімін жартылай ыдырау кезеңі деп атайды.Ол сан кестеде берілді. Оларға заттың концентрациясы, қысым, температура — ешқайсысы ықпалын жүргізе алмайды.

4.2-кесте. Уранның ыдырауына негізделіп жердің абсолют жасын анықтау

. Аналық изотоптар Туынды элементтер Жартылай ыдырау мерзімі (жыл

Ол сан кестеде берілді. Оларға заттың концентрациясы, қысым, температура — ешқайсысы ықпалын жүргізе алмайды. Яғни радиоактивтік ыдырау жанартау өңешіндегі балқыған лава ішінде де, полюстің, қатты аязында да, мұхиттың тұнғиық түнегінде де, мың батпан тас қысымында да біркелкі жүріп тұрады. Сондықтан да геологтар радиоактивті тәсілді «геологиялық сағат» деп келістіреді де абсолюттік жылнама деп атайды. Айта кету керек, көп элементтердің ыдырау мерзімі Жердің тарихындай өте ұзақ. Ірі құбылысқа ұзақ өлшем де керек. Бұл жайдан алғанда да радиоактивтік жыл санау тиімді-ақ.

4.1-сурет. Мезозой және кайнозой эраларының мағнитохронологиялық шкаласы

Зерттеуге қай элементтің радиоактивтік изотопы мен оның туындысын алғанымызға байланысты радиоактивтік әдіс уран — қорғасын, калий — аргон, радиоактивтік көміртек, корғасын-қорғасын т.б. аталады. Минералдың жасы төменгі формуламен табылады:

Мұндағы

t — минералдың жасы, D — туынды, Р — аналық изотоптардың мөлшері, — ылыраған изотоптың тұрақты саны (кестеден алынады). 3.1-кестеде салыстырмалы жылнамамен қатар, олардың геохронологиялық бөлшектерінің абсолюттік жасы қоса берілді. Кестеден бірден көзге түсетіні — геологиялық кезеңдердің ұзақтығы бірдей еместігі, біреуі тым ұзақ, жасы азайған сайын ұзақтығы қысқара беретіндігі.

Жер қабығының барлық 4,0—4,5 млрд жасын кәдімгі күнтізбекті бір жылға теңесек, сонда:

— архей мен протерозой эралары 30 кыркүйекке шейін созылған болады;

— жер үстінде тіршілік мамыр айының басында пайда болды;

— палеозой екі айға (қараша, қазан) тең;

— мезозой желтоқсанның бастапқы үш аптасымен, кайнозой оның ақырғы аптасымен өлшенеді;

— төрттік кезеңі ақырғы бір тәулікке де жетпейді;

—адамзат 31 желтоқсан күні кешкі сағат 8-де пайда болған;

—адам қауымының барлық заттық мәдениетінің тарихы жаңа жыл алдындағы құттықтау айтылатын 5 минөтке тең.

Салыстырмалы геохронология мен абсолюттік жылнаманың қалыптасуының арасында 150 жыл шамалы уақыт жатыр. Ал палеозой эрасынан бастап кезеңдердің ұзақтығын салыстырсақ (төрттік кезеңін былай қойғанда), орта есеппен 50 млн жыл саны көзге түседі. Ендеше тәуелсіз туған салыстырмалы жылнаманың «жаны бар», оның негізгі табан-тірегі дұрыс деген ұйғарым туады.

Date: 2015-11-13; view: 1622; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию