Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шөгінді тау жыныстары





Шөгінді жыныстарға жер бетіндегі әр түрлі экзогендік процестер әрекетінен үгіліп, ысырылып, еріп, соңынан шөккен жыныстар тобы жатады. Жаралуына сәйкес олар үш топқа бөлінеді: 1) кесекті (үгінді), 2) химиялық (хемогендік), 3) органогендік.

Кесекті жыныстар түпкі жыныстардың механикалық жолмен бұзылып, үгіліп, шайылуынан пайда болады. Құрылымына (кесектерінің мөлшеріне) қарай олар тағы үшке бөлінеді: 1) ірі кесекті қопсымалы, сусымалы, дөңбек, малта, қиыршық, жинақтар немесе цементтелген (конгломерат, брекчия, гравелит, 2) құм, құмтас, құмайт (алевролит), 3) балшық (аргиллит).

Химиялық шөгінділер деп су ерітінділерінен тұнып, шөккен жыныстар жинағын атайды. Олар құрамындағы минералдарға сәйкес әктасты (әктас, доломит, мергел), сульфатты (гипс, ангидрит), галогенді (ас тұзы, калий тұздары), алюминийлі (бокситтер), темір тотықты (қоңыр теміртас), кремнийлі (опока, яшма, кремнийлі тақтатас), фосфатты (фосфориттер) түрлерге жіктеледі. Саз, балшық жьшыстярдың бірсыпырасы да химиялық жолмен түзіледі.

Органогендік жыныстар жан-жануарлардың, өсімдіктердің дене қалдығынан, кейде олардың тіршілік әрекеттерінен пайда болады. Оларға ізбес құрамды әктастар, қабыршықтастар, кремнийлі диатомиттер, радиоляридтер, көміртек каустобиолиттер (грекше «каутос»— жанар, «биос» — емір) —шымтезек, қоңыр және тас-көмір, мұнай, жанар тактатастар жатады. Көбінесе хемогендік және органогендік жыныстар бірге, аралас пайда болады.

Шөгінді тау жыныстары қазіргі жер қабығының массасының 10 % құрап, оның бет аумағының 75 % жауып жатыр.

Су ішіндегі және құрғақтағы өсімдіктер мен жәндіктердін қалдық денелерінен құралған органикалық шөгінділер де болады. Мысалы, өсімдіктердің жерге көмілген қалдықтарынан таcкемір қабаттары, ал теңіздің өте майда жәндіктерінің қабыршақ қалдықтарынан ақ бор қабаттары құралады. Сонымен, шөгінді жыныстардың өзі де әр түрлі таптарға бөлінеді. Шөгінді жыныстардың бірінші өзгешелігі — олар теңіз табанына тұнудан пайда болғандықтан қабат-қабат болып тақталанған қабаттар түрінде кездеседі (тақтатас, алевролит, сазды тақтатас т.б.). Кабаттар кейде қатпарлы, кейде беті толқын сияқты әр түрлері болады.

Шөгінді жыныстардың екінші өзгешелігі — олардың арасынан әр түрлі тіршілік қалдықтары, жануарлар қалдығы фауна, өсімдіктер қалдығы — флора кездеседі. Солар бойынша жыныстардың құралған уакытын, жасын айыруға болады. Көп уақыттар бойы жатып нығыздалудың арқасында, шөгінді жыныстар қатты тас қабаттарына айналады. Мысалы, жиналған құмдар бірігіп, нағыз құмтас болып шығады. Саз тығыздалып біріксе саздытас немесе тақтатас пайда болады. тастар біріксе жент тас шығады. Бірігіп цемeнттелген ірі кесекті жұмыр малтатастар конгломерат деп аталады. Ізбес тығыздалып біріксе ізбестaс немесе утaс пайда болады. Мұздың әрекетімен жиналған кесекті шөгінділерді морена деп атайды. Сонымен, өздерінің жаратылысына қарай шегінді жыныстар үш түрге бөлінеді: 1) кесек (механикалық) шегінділер, 2) химиялық шөгінділер, 3) органикалықшөгінділер. Кейінгі екеуіне ортақ биохимиялық шөгінділер де болады.

Механикалық жолмен (үгілу, ұсатылу әсерінен) пайда болған кесекті шөгінділер механикалық болып саналады. Мысалы, құм, саз, қиыршық, малтатас, қойтас, мореналар және осы айтылғандардың біріккен түрлері — құмтас, сазды тақта тас, жентек тас, конгломерат т. б. механикалық шөгіндіге жатады. Шөгінді тау жыныстарын құраушы материалдар кебінесе бұрынғы жыныстардың әр түрлі жолмен бүзылу, үгілу әрекеттерінен пайда болады.

Жыныстардын, химиялық бүзылудан пайда болған заттарынан химиялық шөгінділер құралады. Өсімдіктер мен жәндіктердің тіршілік әсерінен іқұралған заттардан органикалық шегінділер пайда болады. Сондықтан тау жыныстарынын, бұзылу, үгілу әрекеттері шөгінді құраудың ен, бір басты себебі болып табылады. Үгілу жердің бетінде болатын экзогендік әрскет. Соған байланысты шөгінді жыныстар да жердің ең үстіңгі беткі қабатында құралады. Мысалы, жердің бетіндегі топырақ қабатының өзі де шөгінді жыныстардың бір түрі болып табылады.

Кесектердің арасына кіріп, оларды біріктіретін цементті химиялық ерітінді болуы мүмкін. Мысалы, құмның арасына әктас ерітіндісі сіңіп, оны біріктіріп құмтасқа айналдырады. Жанартаулық майда кесектер ерітіндімен біріккен болса, оны туф деп атайды. Сонымен, құрамындағы заттардың аз-көбіне қарай туфтар жанартаулықта, шөгінділік болуы да мүмкін. Шөгінді тау жыныстары әр түрлі физикалық-географиялық жағдайларда түзіледі.

Геология ғылымында фация деп минералдық құрамы бір тектес және арасындағы фауналары мен флоралары бірдей тау жыныстарының қабаттарын атайды. Минералдық құрамы мен палеонтологиялық қалдығы бірдей жыныстар географиялық белгілі бір тектес жағдайда пайда болады. Шөгінді тау жыныстарының ішіндегі минерал заттардың бір тектес болып құралуы, сонымен қатар сол жағдайда өмір сүрген жануарлар мен өскен өсімдіктердің бір тектес болуы, сол кезде, сол тау жыныстары құралған ауданда ауа райы, жер бедері, су мөлшері, тағы басқ а табиғи жағдайлар бірдей немесе біркелкі болды деген қорытынды тудырады.

Фациялық зерттеу арқылы тау жыныстарын салыстырудың арқасында ерте замандарда болған жер бетінің ескі географиялық жағдайын айыруға болады. Соның нәтижесінде жер бетінің еткен географиялық тарихы анықталады. Барлық жер бетіндегі шөгінді тау жыныстары үлкен үш фациялық топқа бөлінеді: теңіздік фация, лагуналық фация, құрылықтық фация. Бұлардың әрқайсысы өз алдына ұсақ фациялық түрлерге айрылады. Теңіздік фация. а). Теңіздің тайыз қайраңының фациясы. Мұның суының тереңдігі жер бетінен есептегенде 200 метрге дейін барады. Бұл тереңдікте теңіз жиегіндегі тау жыныетарының бұзылуы, шайылуы күшті болады, сондықтан едәуір ірі кесекті жыныстар көп жиналады. Бұл тереңдіктегі теңіз суының тұздылығы, жылылығы, қозғалысы, қысым күші онан да гөрі теренірек бөлімінен басқаша болады. Күннің сәулесі сол 200 метр тереңдікке дейін жетеді. Сол себепті бұл аймақтың жануарлары мен өсімдіктері де басқаша болады. Бұл жердід фаунасы мен флорасы, бір жағынан, құрлыққа байланысты болса, екінші жағынан, ашық теңізге байланысты болады. Осы ерекшеліктері аркылы қайраң (шельф) фациясы басқалардан айқын айрылады. Мысалы, тау жынысының құрамында ағын сумен келген құм, саз, тастармен қатар теңіздік әктастар араласып отырса, солардың араласуынан сазды әктас (мергель) сияқты тау жыныстары қ ұралатын болса, мұны қайраңдық фацияда құралған қабаттар дейді. ә). Теңіздің екінші фациясы — оның көлбеу түбінің фациясы. Мұның тереңдігі 200 метрден әрі қарай санағанда, орта есеппен 1000 метр шамасында, ол — теңіздің тайыз жиегінен оның терең тубіне қарай еңкіш көлбу түбі. Мұнда теңіздід терең су шөгінділері мен аздаған жиектегі тайыз су шөгінділері аралас келеді. б). Теңіздің жалпақ терең түбінің фациясы. Бұған теңіз жиегіндегі кұрлық тастардан ұсатылған материалдар ешбір қатыспайды. Онда өте майда тозаң жыныстар мен сол терең судың өзіне тән органикалық қалдықтар ғана қ ұралады. Лагуналық фация. Бұл теңізден оңашаланып бөлінігі қалған тайыз сулы бұғаздарда жиналған шөгінді қабаттар. Мұның тау жыныстары да, фаунасы да, флорасы да әр түрлі ала шұбарланып келеді. Мұнда құм, саз, мергельмен қатар гипс, тұз қабаттары болады. Сонымен қатар мұның арасында аздаған теңіздік фауналар да, құрылықтық өсімдіктер де кездеседі.

Главный породообразующий минерал этих пород - кальцит, в меньшей степени - доломит.Соответственно, наиболее распространенными среди карбонатных пород являются известняки - мономинеральные породы, состоящие из кальцита.

Кремнистые породы состоят главным образом, из опала и халцедона. Так же, как карбонатные, они могут иметь биогенное, химическое и смешанное происхождение. К биогенным породам относятся диатомиты и радиоляриты, состоящие из мельчайших,не различимых невооруженным глазом скелетных остатков диатомовых водорослей и радиолярий, скрепленных опаловым цементом.

Каустобиолиты (греч. "каустос" - горючий, "биос" - жизнь) образуются из растительных и животных остатков, преобразованных под влиянием различных геологических факторов. Эти породы обладают горючими свойствами, чем и обусловленоих важное практическое значение. К ним относятся породы ряда углей (торф, ископаемые угли), горючие сланцы.

Глинистые породы в основном состоят из мельчайших (меньше 0,02 мм) кристаллических (реже аморфных) зерен глинистых минералов.

Химические и органогенные породы образуются преимущественно в водных бассейнах.На долю карбонатных пород в осадочной оболочке Земли приходится около 14 %.

Date: 2015-11-13; view: 4685; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию