Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Метаморфты тау жыныстары. Петрография тау жыныстарының минералдық, химиялық құрамын, құрылысы мен түзілімін





Петрография тау жыныстарының минералдық, химиялық құрамын, құрылысы мен түзілімін, таралу заңдылықтарын пайда болу жолдарын, Жер қыртысында өзгеруін зерттейтін геология ғылымының саласы. Тау жыныстары туралы бұл ғылым сипаттау бағытындағы петрография және шығу тегіне талдау жасуға нрегізделген петрология салаларына бөлінеді.. Петрография минерологиямен, геохимиямен, жанартау тану (вулканалогиямен, тектоникамен, стратиграфиямен және пайдалы қазбалар туралы іліммен тығыз байланысты.

Түзілу жолдарына қарай тау жыныстары магмалық, шөгінді, метаморфты болып үш топқа бөліунеді.

Тау жыныстары дегеніміз бір немесе бірнеше минералдың табиғи агрегаттары. Бірнеше минералдан түзілген тау жыныстарын полиминералды (грекше «поли» — көп), жалғыз минералдан тұратынын мономинералды (грекше «моно» — біреу) деп жіктейді. Тау жыныстарының минералдық құрамы, ішкі құрылысы және жер қойнындағы жату пішіні олардың пайда болу жайын көрсетеді. Жыныстың құрылысын оның құрылымы (структурасы) мен түзілімі (текстурасы) анықтайды.

Құрылымы деп тау жынысының кристалдану құрамында минералдық түйіршектердің абсолюттік және салыстырмалы мөлшерін, олардың пішінін, ішкі құрылысының өзгешелігін айтады. Түзілім (текстура) ұғымына тау жынысы бөлшектерінің кеңістікті өзара толтыру, онда орналасу жайын көрсететін ұйғарым кіреді.

Жаралу тегіне сай барлық тау жыныстары үлкен үш топқа бөлінеді: 1) магмалық, 2) шөгінді, 3) метаморфтық.

3.1-кесте. Жар қыртысын түзетін таум жыныстарын жіктеу

Магмалық Шөгінді Метаморфты
шығу тегі
интрузивті Эффузивті (атпа) кесек органикалық химиялық  
Негізгі тау жыныстары
Гранит, габро базальт Құм, малтатас Мұнай, табиғи газ таскөмір Ас тұзы, гипс, Мәрмір, гнейс
             

Магмалық тау жыныстары жер қабатында магманың суып қатаюынан немесе жанартаулық атпалардан жер бетіне төгілгені лаваның суып қатаюынан пайда болады. Магмалық тау жыныстары әр түрлі белгілеріне — шығу тегінің жағдайларына, химиялық кұрамына, минералдық құрамына т.б. қарай жіктеледі. Шығу және қатаю жағдайларына қарай олар тереңдік немесе интрузивтік және төгілме немесе эффузивтік болып бөлінеді.

Егер магма жердің ішкі қабатында қалатын болса, ол келешекте бірте-бірте суынады да, оның жақсы кристалдануына мүмкіншілік туады, сондықтан тереңдік магмалық жыныстарда кристалды түйірлі құрылыстар пайда болады. Егер магма жер бетіне төгілсе, ол тез салқындайды да, көбінесе кристалсыз шыны немесе порфир құрылыс түзіледі, олардан төгілмелі жыныстардың жанартаулық түрлері пайда болады.

Магмалық (грекше «магма» — қамыр, қоймалжың) жыныстар магманың (күрделі құрамды силикатты қамырдай иленіп, балқыған заттың) кейінде қатып, кристалдануынан пайда болады. Егер магма жер астында кептеліп қалып, күшті қызу мен қысым әсерінен баяу (ендеше толық) кристалданса, оларды интрузивтік (латынша «интро» — ішкі) немесе енген тереңдік жыныстар дейді.

Интрузивтік тау жыныстары жер қойнауының тереңдіктерінде баяу қату салдарынан қалыптасқандықтан толық кристалдық түйіршік тәрізді болады. Магмалық тау жыныстарыдың өте маңызды бөлшектері силикаттар мен кварц. Магмалы тау жыныстар кремний қышқылының тұздарынан құралады. Соның мөлшеріне қарай олар төрт топқа белінеді де олардың әрқайсысының аты екі сөзден тұрады:

1-орында интрузивінің атауы, екіншісі — оның эффузивтік үйлестігінің атауы.

Олардың басты құрамдас бөлігі кремний оксиді (Sі2O). Мөлшеріне қарай Магмалық тау жыныстары 5 топқа бөлінеді:

1) Қышқыл магмалық жыныстарда SiO2 мөлшері 65 % артық. Оларға кварц пен дала шпаттарына бай гранит-липарит (риолит) тобы жатады.

2) Орта жыныстарға (SіО2 шамасы — 65—52%) диорит — андезит тобы жатады. Оларда кварц жоққа тән, плагиоклаз (көбі) бен 15—30% қоңыр түсті амфибол, пироксен, биотит минералдардан құралады.

3) Негізгі жыныстарға құрамында 52—42% SіО2 бар габбро—базальт тобы жатады. Олар негізгі плагиоклаздар (битовнит, анортит) мен 30—52% пироксендерден тұрады.

4) Ультранегізді жыныстардың химиялық құрамындағы SiO2 мөлшері 42%-тен кем перидотит-пикрит тобы жатады. Олар темір, магнийге бай силккаттардан — оливин, пироксен құралады.

5. ультрақышқылды жыныстар (>75%). құрамында бос кварц өте көп.

Ультрақышқыл және қышқыл магмалық жыныстарға кіретіндер: аляскит, гранит, гранодиорит, дацит және олардың төгілмелі түрлері (аналогтары). Орташа магмалық жыныстарға кіретіндер: диорит және олардың төгілмелі түрлері сілтілер — сиенит, нефелинді сиенит. Негізді магмалық жыныстарға кіретіндер:габбро және лабрадорит, базальт. Өте негізді магмалық жыныстарға кіретіндер: перидотит, дунит, пироксенит. Сонымен қатар тау жыныстарында сілтіліметалдар тотықтары көп болса, ал кремний мен алюминий тотықтары аз болса, оны сілтілі жыныстар деп те атайды. Нефелинді сиенит осыған жатады.

Қышқыл және орта магмалық жыныстардың шегінен жеке дара бөлініп, сілтілі жыныстар тобы сиенит-трахит шығады. Оларда бос кварц жоққа тән, құрамына К— Na-лы дала шпаттары мен амфиболдар, нефелин кіреді.

Құрамында силикаты жоқ Магмалық тау жыныстары (мыс., карбонатиттер) өте сирек. Құрамындағы сілтілік металдар мөлшеріне қарай Магмалық тау жыныстары қалыпты және сілтілі (граниттер, нефелинді сиениттер, фонолиттер) топтарға бөлінеді. Магмалық тау жыныстары құрылыс (артиктік туфтар,лабрадориттер, т.б.), абразивті (пемза), жылу оқшаулағыш (пемза, перлит) материалдар ретінде қолданылады.Магматикалық тау жынысы (Грекия). Ашық жолақтары арқылылава ағыны бағытын байқауға болады

Жер бетіне төгілген магманы лава деп атайды да, оның қатаюынан пайда болған магмалық жынысты эффузивтік (латынша «эффузио» — төгілу, құйылу) немесе төгілген (излившийся) жанартаулық жыныс деген ат қояды. Жанартау өзегін толтырған жыныстар кейін көкке атылып олардың күл-сынықтары, үгінділері жер бетіне үйілуінен құрылғанын пирокласты (грекше «пирос» — от, «класт» — үгінді) жыныстар дейді.

Атылу сипатына (лаваның ағыл-тегіл ағуына не жарылыспен атқылануына) байланысты жыныстардың 2 тұрпатта түзіледі: эффузивті тау жыныстары және пирокласты жыныстар (жанартау күлі, құм, туфтар, туфты брекчий). Сондай-ақ, жанартаулық тау жыныстарының аралық тұрпаты — туфолавалар және игнимбриттер ажыратылады. жанартаулық тау жыныстар қалыптасу жағдайына қарай эффузивті, экструзивті, жанартаулық-кесекті, жанартаутекті-шөгінді болып ажыратылады.

Эффузивті тау жыныстары магманың лава күйінде жер бетіне ағып шығып қатаюынан қалыптасады. Олардың пішіні лаваның тұтқырлығы мен сол ауданның жер бедеріне байланысты күмбез, конус тәрізді төбелер болып қалыптасады. Экструзивті жыныстар тұтқыр магманың сығылып шығып күмбез пішінді болып қатаюынан қалыптасады. Бұл екі топтың жыныстарының петрографиялық сипаттамасы бірдей, айтарлықтай айырмашылығы болмағандықтан, оларды бірге эффузивті жыныстар деп қарастырады. Олар құрамындағы SіO2-нің мөлшері бойынша ультранегізді, негізді, орта және қышқыл жыныстар болып бөлінеді. Құрылымы порфирлі, микролитті, жартылай шынылы; нақышы жолақты, ақпалы, тығыз, қуысты болады. Эффузивті жыныстардың сыртқы кейпі қатты өзгерген көне түрлері палеотұрпатты, ал кейпі сақталған жасырақтары кайнотұрпатты жыныстар деп аталады. Кайнотұрпатты жыныстардың көп тараған түрлері: базальттар, андезиттер, трахиттер; химия құрамының сәйкестігі жағынан палеотұрпатты сыңарларына: диабаздар, базальтты және андезитті порфириттер, трахитті және липаритті порфирлержатады. Жанартаулық-кесекті жыныстар эффузивті кесекті, эксплозивті кесекті және шөгінді жанартау кесекті болып бөлінеді.

Эффузивті кесекті жыныстарға лавамен цементтелген лава кесектерінен тұратын кластолавалар менгидрохимия материалдармен цементтелген лава кесектерінен тұратын лавокластолиттер жатады. Эксплозивті кесекті жыныстар түгелдей жанартаудың атқылау өнімдері — пирокластардан тұрады. Шөгінді жанартау кесекті жыныстарда пирокластық материал 50 — 90%, ал шөгінді материал 10 — 50% құрайды. Олар туффиттер деп аталады. жанартаулық тау жыныстар Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен тараған. Олармен темірдің, полиметалдың, мыстың, марганецтің, күкірттің, алтынның және басқа да элементтердің кендері бірге кездеседі. Құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданылады.

Date: 2015-11-13; view: 3589; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию