Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тәжірибелік сабақ. Литологиялық-стратиграфиялық бағана тұрғызу





Сабақтың мақсаты: Геохронологиялық кестені, тау жыныстарының стратиграфиялық қабаттарының шартты белгілерін, Қазақстанның геологиялық картасын, пайдаланып Каспий маңы ойпатының стратиграфиялық қабаттарының қимасын тұрғызу арқылы студенттердің теориялық білімдерін бекіту, арнайы іскерлік-дағдыларын қалыптастыру.

Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар: шөгінді тау жыныстарының үлгілері, геохронологиялық кесте, Қазақстанның геологиялық картасы.

Пйдаланатын әдебиеттер тізімі:

1. Практическое руководство по общей геологии: Учеб. пособие для студ. вузов / А.И. Гущин, М.А. Романовская, А.Н. Стафеев, В.Г. Талицкий; Под ред. Н.В. Короновского. 2-е изд., стер. М.: Издательский центр «Ака-демия», 2007. 160 с.

2. Әбілмәжінова С. А. Палеогеография. – Алматы: Экономика, 2011. – 360 б.

3. Байбатша Ә. Б. Палеонтология және тарихи геология. – Алматы: дәуір, 2011. – 496 ISBN 978-601-225309-2.

4. Короновский Н.В. и др. Геология. Учебник – М.: ИЦ «Академия», 2002.

Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Стратиграфия дегеніміз не? Салыстырмалы стратиграфия әдіснің көмегімен нені анықтайды?

2. Фация дегеніміз не?.

3. Геохронологиялық кесте қандай қызме т атқарады?

4. Алевролит, әктас, сазды шөгінді жыныстар қайда түзіледі?.

5. Малта тасты моренналы жшөгінді жыныстар қалай түзіледі?

6. Тас көмір, мұнай, табиғи газ қабаттары қалай түзіледі?

Сарамандық жұмыстарға арналған тапсырмалар:

1-тапсырма: Төменде көрсетелер мен 5.1 суретті, 5-1 және 5.2 кестелердегі мәліметтерді, шөгінді жыныстардың шартты белгілерін, кестедегі тау жынастарының қалыңдығы мен негізгі түрлерін пайдаланып А3 форматты миллиметрлі қағазға Каспий маңы ойпатының литологиялық-стратиграфиялық бағанасын тұрғызыңдар. Масштабы 1мм=50м. толқынды қисық сызықпен стратиграфиялық сәйкессіздікті көрсетіңдер (5.1-сурет). Литологиялық-стратиграфиялық бағананың үлгісі 5.1-сурет пен, 5-1 және 5.2 кестелерде берілген.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Литологиялық-стратиграфиялық бағана тұрғызуды жасына сәйкес астынан үстіне қарай ең ежелгісінен жасына қарай 5.1-суреттердегі шартты белгілерді пайдаланып зерттелетін аумақтағы шөгінді және метаморфты жыныстар әр түрлі шартты сызықтармен белгілейді. Интрузивті түзілімдер бағанада көрсетілмейді.

Бағагнадағы тау жыныстары Қазақстанның геологиялық картада берілген стратиграфиялық бөліктерге сәйкес сәйкес түсіреледі.бағананың сол жағында тау жыныстарының стратиграфиялық жағдайы (эратема, жүйе (дәуір), бөлімі (қабаты), индексі жазылады. Оң жағына метр есебімен алынған қалыңдығы мен қабаттағы тау жыныстарының, кездесетін ағзалардың тасқа айналған алдықтарының сипаты жазылады (5.1-кесте, 5.1 сурет). Бағананы құру масштабы тау жыныстарының жалпы қалыңдығына байланысты алынады. Оның қалыңдығы 50 см астауы тиіс.. Егер стратиграфиялық қабат аса қалың болса бір текті литологиялық қабатты бір немесе үш бағнаға дейін үзуге ұлықсат беріледі. Стратиграфиялық қабаттың метр есебімен алынған қалыңдығы санмен көрсетіледі. Сәйкс келетін қалыңдық бағанада түзу сызықпен, сәйкес келмейтіндері толқынды, бұрыштықтары араның тісі тәрізді сызықтармен белгіленеді.

Литологиялық-стратиграфиялық бағананы рәсімдеу. Беттің жоғарғы жағына бағананың аты (мысалы, Каспи маңы ойпатының литологиялық-стратиграфиялық бағанасы) жазылады оның астына 7 бөліктен тұратын литологиялық-стратиграфиялық бағана тұрғызылып, шөгінді жыныстардың негізгі түрлері шартты белгімен сызылып қабаттарының қалыңдығы масштабқа сай түсіріледі. Соңғы қатарға тау жыныстарының литологиялық сипаттамасы жазылады. Бағананың астына масштабы, шөгінді және метаморфты тау жныстарының шартты белгілеті жұмысты орындаған адамның аты-жөні жазыдады..

5.1- кесте. Литологиялық –стратиграфиялық бағанасының үлгісі

Эратема (Эра) Жүйе (дәуір) бөлім индексі Шөгінді жыныстардың шартты белгілері Қалыңдығы, м Литологиялық сипаттамасы
Кайназой тноген жоғарғы N2   ұсақ малта тастты, ірі түйіршікті құмды қабаттары бар борпылдақ жыныстар
төменгі N1   Ашық түсті қабатты кварц құмдары
палеоген   P3   Қоңыр жұқа қабатты саздар
P2     Қабатты сұр құмды мергель, негізі ірі түйіршікті құмдар
Мезазой Бор жоғарғы К3   Әктас

5.2-кесте. Литологиялық –стратиграфиялық бағананы тұрғызыға қажетті мәліметтер

Шөгінділердің жасы қалыңдығы (м) Литологиялық құрамы
тТөрттік 100-150 құмдар, құмдақ, саздар,құмды саздар
Төменгі неоген 250-400 Саздар, құмтас, қиыршық тас, ұсақ малта тастар
Жоғарғы палеоген   Құмтас қабаттары бар саздар
ортапалеогене   Алевролит, әктас қабаттары бар саздар
Төменгі палеоген   Мергелдер, әктастар, алевролиттер, саздар
Жоғарғы бор 150-200 әктастар, саздар
Төменгі бор 200-400 құмтастар, алевролиттер, саздар
Жоғарғы юра 50-150 Құмтастар, әктастар
Орта юра 150-600 Құмтастар, әктастар
Төменгі юра   Алевролиттер, құмтастар, әктастар
Жоғарғы триас   Алевролиттер мен құмтастар қабаттары бар саздар
Орта триас   Әктастар, алевролиттер, саздар, доломиттер
Төменгі триас   саздар, алевролиттер, әктастар,доломиттер, мергельдер
Жоғарғы пермь   Аргиллиты, песчаники, алевролиты
Төменгі пермь 50-3500 Аргиллиттертас тұзы
Жоғарғы таскөмір   Алевролиттер, құмтастар әктастар
Орта таскөмір 150-250 әктастар
Төменгіу таскөмір 400-600 әктастар
Жоғарғы девон   әктастар

5.1-сурет. Литологиялық-стратиграфиялық бағанада белгіленетін шөгінді және метаморфты жыныстардың шартты белгілері

Date: 2015-11-13; view: 4116; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию