Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Силлабус





Жаратылыстану-техникалық факультеті

Жаратылыстану пәндері кафедрасы

 

БЕКІТЕМІН

Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік және студенттік сұрақтар бойынша проректор

п.ғ.д, проф.___________М.Ж.Мальтекбасов

 

«_____» _______________________2015 ж.

 

 

«Геолгия және геоморфология негіздері» пәнінің

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

 

Мамандық: 5В011600 – «География»

Оқу нышаны: күндізгі

 

Талдықорған 2015 ж.

Оқу-әдістемелік кешенді 5В-011600- «География» мамандығына арналған ҚР МЖБС мен оқу-жұмыс бағдарламасына негізделіп г.ғ.к. доцентЕ.А. Тоқпанов құрды

 

__________________________

(оқытушының қолы.

 

Жаратылыстану пәндері кафедрасының отырысында қаралды.

 

«___» _______________2015 ж. № ___________ хаттамасы

 

Кафедра меңгерушісі _________________ Б.Қ. Өксікбаев

 

 

Жаратылыстану-техникалық факультетінің әдістемелік бюросында мақұлданды

«____»____________________ ж., № ________ хаттамасы

 

 

Факультеттің ӘБ төрайымы ____________Р.А.Садуақасова

 

 

Талдықорған 2015 ж.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Оқу-жұмыс бағдарламасы Ф.4.09-27
28.05.2015 ж.

 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Силлабус Ф.4.09-28
28.05.2015 ж.

Жаратылыстану-техникалық факультеті

Жаратылыстану пәндері кафедрасы

 

СИЛЛАБУС

Геолгия және геоморфология негіздері

Мамандығы: 5В090200 – «Туризм»

 

 

Оқыту нышаны: күндізгі

Курс: 3

Семестр: 1

Кредиттер саны: 3

Барлық сағат: 135

Барлығы дәрісханалық: 45

Дәріс: 30

Тәжірибелік сабақтар: 15

СӨЖ (ссның ішінде ОСӨЖ. 90

Аралық бақылау: 2

Емтихан: 1 семестр

 

Талдықорған 2015 ж.

Оқытушы туралы мәліметтер: Тоқпанов Еркін Айпұлы жаратылыстану-техникалық факультеттің жаратылыстану пәндері кафедрасының доценті, г.ғ.к. Электронды почтасы: [email protected]; жұмыс телефоны: 25-38-69-2217; үй телефоны: 3115-98; ұялы телефондары: 870169506-72; 8707241-91-21

Кеңес беру уақыттары: Кафедрадағы кеңес беру кестесі бойынша 2 оқу ғимаратындағы 206, 204 дәрісханалар.

Пәннің пререквизиттері: «Геология және геоморфология негіздері» пәнін оқып үйрену үшін «Жалпы жертану, «орта мектептің физикалық география» пәндерін оқуы қажет.

Пәннің постреквизиттері: «Геология және геоморфология негіздері» пәні «Топрақ географиясы», «Ландшафттану және физикалық географиялық уадандастыру», пәндерін оқытуға негіз болады.

Геология және геоморфология негіздері пәніне қысқаша шолу. Геология және геоморфология негіздеріпәні 5В011600-«География» мамандығының жалпыға бірдей білім беру стандартының талаптарына сәйкес студенттердің кәсіби және арнайы құзіреттіліктерін қалыптастыруды көздейді. Базалық білім беретін бұл пән Жердің пайда болуын, ішкі құрылысын, заттық құрамын, Жер бедерінің ірі пішіндерінің қалыптасуына негіз болатын Жер қойнауында жүретін геодинамикалық үрдістерді, үзілмелі ығысуларды,

климаттың, тұрақты және уақытша ағын сулардың мұздықтар мен жер асты суларының, мұхиттың, мәңгі тоңның, гравитациялық үрдістердің геологиялық жұмыстарының Жер бедерін қалыптастырудағы алатын орынын оқытуды көздейді.

Пәннің оқу бағдарламасының мазмұны үш модульге бөлінеген.

Геология және геоморфология негіздері пәнін оқытудың мақсаты студенттерді Жердің ішкі құрылысы, оны түзетін тау жыныстары мен минералдардың химииялық құрамы, тау түзілу, қатпарлану үрдістеріне әсер етеін күштер туралы тиімді ақпараттарды алу жолдарын, жер қойнауын зерттеу әдістерін, геологиялық карталар мен геохронологиялық кестелерді пайдалану тәсілдерін үйрету, болашақ маман ретінде тұрақты теориялық білімді меңгерту, алған білімдерін когнитивті және коммуникативті қызметінде іс жүзінде пайдалану, зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

Геология және геоморфология негіздері пәнін оқытудың міндеттері:

- Жер қойнаының ішкі құрылысы, жер қыртысының құрылымы, заттық құрамы, онда жүретін геодинамикалық үрдістер, қатпарлы және үзілмелі тектоникалық қозғалыстар, ірі тау жүйелері мен жазықтардың мұхит шарасының құрамдас бөліктері туралы түсініктерді қалыптастыру;

- геологиялық нысандарға, үрдістермен құбылыстарға сипаттама беру әдістерін үйрету;

- тау жыныстары мен минералдардың түрлерін анықтау, болжау әдістерін меңгерту;

- геологияға қатысты ғылыми әдебиеттермен минералдар мен тау жыныстарының жиынтықтарымен, геологиялық, тектоникалық карталармен, геохронологиялық кестелермен, стратиграфиялық бағаналармен жұмыс істеуді, оларды талдап білім көзі ретінде пайдалану тәсілдерін меңгерту;

- Жер қойнауында жүретін үрдістер мен құбылыстар арасындағы өзара байланыстарды табуды үйрету;

- жер қыртысын түзетін минералдардың, шөгінді, метаморфты, интрузивті және эффузивті магмалық тау жыныстарының түзілу жолдарын, физикалық-химиялық қасиеттерін антықтау дағдыларын меңгерту;

-сыртқы экзогендік үрдістердің геологиялық әрекетін, олардың Жер бедерінің шағын

пішіндерін қалыптастырудағы алатын орынын, сел, су тасқыны, жыралар мен карстлы үңгірлердің бұзушы әрекетіне қарсы күрес шаралары туралы білім негіздерін меңгерту;

Геология және геоморфология негіздері пәнін толық аяқтаған студенттердің білімі мен дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

- 1. Студенттердің білуі және түсініктері болуы тиіс:

-тау жыныстары мен минералдардың құрылымы мен түзілімдері, сингониясы, шығу тегі, жатыс бағыттары түзілу жағдайлары туралы;

-Жер қойнауында жүретін геологиялық және геодинамикалық үрдістерді, қатпарлы тектоникалық қозғалыстарды, Жер сілкіну мен жанартау атқылауды зерттеу әдістерін;

- климаттың, желдің, жерасты суларының, мұзарттардың, гравитациялық үрдістердің мұхиттар мен теңіздердің геологиялық әрекетінің жер бедерінің шағын пішіндерін, кесек шөгінді жыныстарды, акумулятивті, зандрлы жазықтарды қалыптастырудағы рөлін.

Студенттер түсіндіріп анықтай алуы тиіс:

-минералдардың аттарын, физикалық қасиеттерін, тау жыныстарының құрылымдары мен түзілімдерін, шөгінді, метаморфты, интрузивті және эффузивті магмалық жыныстардың кристаллдануын, түзілу жолдарын, бір-бірімен өзара байланысын;

- анықтағыштардың, сыртқы белгілерінің көмегімен кең таралған минералдардың аттарын, қасиеттерінанықтай алуы;

- ашық жатқан табиғи және жасанды қималардан тау жыныстары мен минералдарға сипаттама бере алуы;

- омыртқасыздар мен омыртқалы жануарлардың тасқа айналған қалдықтарына, өсімдіктердің тастағы таңбаларына, негізделіп өмір сүрген геологиялық кезеңдегі палеоэкологиялық жағдайды, палентологиялық құндылықтар табылған қабаттың салыстырмалы жасын анықтай алуы;

- шөгінді тау жыныстарының үлгілерін пайдаланып шөгінділер жиналған кезеңнің физикалық-географиялық жағдайын қалпына келтіралуы;

- геологиялық, геоморфологиялық, тектоникалық карталармен жұмыс істеп көлденең геологиялық қималар, стратигиафиялық бағаналар тұрғызуы, қатпарланудың, интрузиялардың жасын, жас және ежелгі платформаларды бір-бірінен ажырата алуы тиіс.

Пәнді оқыту барысында төмендегі құзіреттіліктер қалыптасады:

Date: 2015-11-13; view: 1163; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию