Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Ағзаның өмір сүру ортасына бейімделуі





Жер бетіндегі тірі ағзалар тіршілік етуіне байланысты мына төмендегі төрт тіршілік ортасына бөлінеді. Сулы орта. Су – тіршілік ортасы ретінде өзіндік ерекшеліктермен ерекшеленеді,яғни, қысымы жоғары,қысымы бірден төмендейді, оттегінің аздығы,күн сәулесін күшті сіңіреді. Сулы ортада өмір сүретін ағзалар – гидробионттар деп аталады. Гидробионтар – суда өмір сүретін экологиялық топтарға жататын –планктондар (өсімдіктекті ағзалар –фитопланктондар, жануартекті ағзалар – зоопланктондар) жатады. Судың жоғарға қабатында өмір сүретін, ауалы қабатпен жанаса өмір сүретін ағзалар – нейстондар деп аталады. Суда жақсы жүзетін, су ағысына төтеп бере алатын жануарлар нектондар деп аталады. Су түбінде мекен етуші ағзалар бентостар деген атқа ие болды (Өсімдіктекті ағзалар – фитобентос, жануартекті ағзалар – зообентостар).

Гидробионттардың бейімделу ерекшеліктері. Су жануарларының сулы ортада бағыттын табуы.Көру бағытының шектеулілігі, дыбысқа жоғары бағыттылық (эхолокация –дыбыс толқындарының таралуын қабылдау (киттәрізділер)) Фильтрация (сүзу) - қоректену көзі. Кейбір гидробионттар қоректенуі жағынан өзгелерден ерекшеленеді , олар көп мөлшердегі суды сүзіп, ондағы кездесетін органикалық шығу текті ағзалармен көптеген ұсақ ағзаларды ұстап қорек етеді. Су тоғандарының кеуіп қалу жағдайларына бейімделушілік ерекшелктері. Бұндай су тоғандары негізінен өзен тасқындарынан, қатты жаңбырдан, қардың көп мөлшерде еруінен кейін уақытша пайда болады да, жануарлар тоғанға ерекше жағдайдағы өмірге – гипобиозға бейімделіп алады, ол кезде олар аз қозғалады,тіпті цисталық кезеңдегі өмір кешеді десе де болады.

Құрлықты – ауа ортасындағы тіршілік. Бұл ортаның тығыздығы мен қысымы төмен. Ал оттекпен жарық мол. Құрлық-ауа тіршілік ортасында температура мен ылғалдылық жыл маусымдарына, тәулік мезгілдерінде және географиялық орналасқан орнына сәйкес күрт өзгеріп тұрады. Бұл ортада ағзалардың тіршілігі үшін температура, ылғалдылық, жер бедері, жел, жыл маусымдарының алмасып тұруы негізгі рөл атқарады. Бұл ортада тіршілік ететін ағзалардың орта жағдайларына әсері айқын байқалады, тіпті олар өздеріне қажетті ортаны өздері жасап алады. Экологиялық тұрғыдан алғанда бұл орта өте күрделі әрі ондағы орта жағдайлары да сан алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген ағзаларды террабионттар(латынша "terra" — "жер") деп атайды. Бұл ортада тіршілік ететін азғалар денесіндегі суды үнемдеп жұмсайды, жылу реттеу механизмдері де түрліше. Оттектің мол болуына сәйкес ондай ағзаларда арнайы тыныс алу мүшелері пайда болған. Температураның күрт өзгеруіне сәйкес ағзаларда қорғану үшін түрліше бейімделушілік белгілер калыптасқан.сулы ортаға қарағанда эволюциялық дамуда кейінірек пайда болды.

Сулы ортаға қарағанда бұл ортадаға өмір күрделірек.Жануарлар денесі ауамен қоршалған- газ тәрізді ортада қысым төмен, оттегінің мөлшері жоғары,су тамшыларының мөлшері керісінше төмен. Бұлар тыныс алу жағдайын күрт өзгертеді,сонымен қатар, су алмасу мен тірі ағзалардың қозғалысы да өзгереді. Көптеген түрлерде ауа лектерінің көмегімен таралу – анемохория дамыған. Ауа лектерінмен ағзалардың пассивті қабылдануы –аэропланктондар деп аталады. Бұл ортаның өзіндік ерекшелігі –температураның жылдам өзгеруі болып табылады. Құрлық - ауалы ортаның жағдайы ондағы ауа – райының өзгерісіне тікелей байланысты.Ауа – райының өзгерісіне байланысты жер бетінің 20 км. бетіндегі атмосферасының үздіксіз өзгерісіне әкеледі (тропосфераның шегі). Ауа –райының көп жылдық тұрақты өзгерісі сол жердің климатына сәйкес сипатталады. Сонымен қатар, жерүсті тіршілігі үшін ол жердің жарық түсу жағдайы, жергілікті жер рельефі және грунтының құрамы, жауын – шашындардың (жауын, бұршақ, қар) мөлшеріне де көп байланысты.

Топырақ – тіршілік ортасы. Топырақ – құрлық үстінің жұқа борпылдақ, ауамен байланысып жататын бөлігі. Бұл үшфазалы жүйе, оның қатты бөлігі ауамен, сумен қоршалып жатыр. Олар газ бен сулы ерітінділермен толтырылған жолақтардан тұрады. Бұндағы температура өзгеріп отырады, жер беті өлген жан- жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының шіріндісінен пайда болған органикалық және минеральдық қорлармен жинақталған. Сондықтанда топырақ тіршілікке бай. Топырақтағы ағзалардың экологиялық топтары: Микрофауна - топырақтағы өте ұсақ ағзалар (қарапайымдылар,колораткалар,тихоходтар мен нематодтар және т.б.). Олар үшін топырақ – микросу тоған жүйесі. Мезофауна - недәуір ірілеу ағзалар (0,1 – ден 2-3 мм – ге дейінгі) жиынтығы, негізінен буынаяқтылар (кенелер,алғашқы қанатсыз жәндіктер мен қанаттылардың ұсақ түрлері, қырықаяқтар және басқалар).Олар үшін топырақ ұсақ үңгірлер жүйесі сияқты. Макрофауна – 2-20 мм.-ге дейінгі көлемдегі денелі жәндіктер (құрттар,қырықаяқтар,жәндіктер,шаянтәрізділер). Оларға топырақ – қатты орта болып есептеледі де, қозғалыс кезінде аздаған механикалық кедергілер келтіреді. Топырақ мегофаунасы – бұлар ірі жер қазушылар, негізінен сүтқоректілер болып келеді (слепыштар,слепушонкалар,цокорлар,көртышқандар және басқалар), олар өмірін топырақ астында өткізеді де,қазуға бейім келеді. Інде тіршілік етушілер (суырлар,борсықтар,саршұнақтар,тушкандар, қояндар және т.б). Олар негізінен жердің үстінде қоректенеді де, көбеюі, қыстаулары, тынығулары, өз жауларынан қорғанысы топырақта жүреді. Топырақ жануарлардың эволюциялық дамуында өте үлкен роль атқарды.

Топырақ құрлықтың беткі қабаты. Ол үнемі литосферамен жәнеатмосферамен жанасып жатады. Топырақ ұзақ уақыттар ішінде үгітілген тау жыныстары мен тірі ағзалардың шіріген қалдықтарының қосылуынан пайда болған әрі тарихи, әрі табиғи дене. Сондықтан да топырақ құрамында минералдық және органикалық заттардың қосылыстары болады. Топырақ қабатын педосфера (грекше "podos"—аяк) қабығы деп атайды. Топырақтың беткі кабатында органикалық заттарды ыдыратушы ұсақ азғалар (бактериялар, саңырауқұлақтар,құрттар және т.б.) тіршілік етеді.

Топырақ қабатының да тіршілік ортасы ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Топырақ қабатындағы тіршілік үшін температура, ылғалдылық және оттек негізгі шектеуші факторлар болып саналады. Топырақ тығыз, онда жарық болмайды, температураның ауытқуы шамалы ғана әрі оттек аз, оның есесіне топырақта көмір қышқыл газы көп болады. Топырақ борпылдақ (саңылаулары мол) құрылымды болып келеді. Топырақ ішіндегі саңылауларды газдар қоспасы және су ертінділері толтырып тұрады. Топырақ көптеген ағзалардың тіршілігі үшін өте қолайлы орта. Топырақта тіршілік ететін азғалар — педобионттар деп аталады.

Тірі ағзалар — тіршілік ортасы. Жер бетінде тіршілік алғаш рет пайда болған кездің өзінде-ақ кейбір жеке ағза тіршілік ортасына айналған. Бір ағзаны екінші бір ағза тіршілік ортасы ретінде пайдалану табиғатта кеңінен таралған. Табиғатта кездесетін әрбір түрдің өзіне тән паразиті болады.

Организмнің де тіршілік ортасы ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, ондай ортада денеге оңай сіңетін қоректік заттар мол, температураның және химиялық заттардың құрамы тұрақты, құрғап кету каупі және жаулары болмайды. Организмнің тіршілік орта ретіндегі қолайсыз факторларына оттек пен жарықтың жетіспеушілігін, тіршілік кеңістігінің шектеулілігін және т.б. атауға болады. Организмді тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын азғалар тобын — эндобионттар (грекше "endon"—ішкі) деп атайды. Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне сәйкес паразиттер, симбионттар (селбесіптіршілік ететіндер), комменсалдар және т.б. деп бөледі.

 








Date: 2015-11-13; view: 831; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.006 sec.) - Пожаловаться на публикацию