Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экологияның дамуына үлес қосқан ежелгі ғалымдар





Н.Ф.Реймерс, Н.А.Воронков, Ю.Одум, А.К.Бородский, Р.РИФЛЕКС, В.И.Вернадский, Ф.Дре. Н.А.Воронков: «Қазіргі заманғы экологияны ағзалардың, соның ішінде адамның қоршаған ортамен өзара қатынасын, адамзат қоғамының қоршаған ортаға әсерінің шеткі дәрежесін, осы әсерлерді кеміту немесе оларды толық нейтралдау мүмкіндіктерін және олардың ауқымын анықтай отырып, зерттеулермен айналысатын ғылым ретінде қарастыру керек. Стратегиялық тұрғыдан алғанда экология адамзаттың өзінің тіршілігін сақтауы және экологиялық дағдарыстан шығуы туралы ғылым.»

Н.Ф.Реймерс: «Қазіргі жағдайда экология қазіргі заманғы кең мағынада алғанда биоэкологияның шеңберінен шықты. Ол қоғамдық маңызы мен ішкі мазмұны бойынша Жер туралы физика-математикалық, химия-биологиялық және қоғамдық ғылымдар цикліне тең келетін білімдер цикліне айналды.»

Ю.Одум: «Экология- табиғат пен қоғамдағы көп деңгейлі жүйелердің құрылысы мен тіршілік қызметі және олардың өзара байланысы туралы пәнаралық білімдерсаласы.»

3. Экология ғылымының дамуына үлес қосқан отандық ғалымдар, еңбектері.

А.П.Шенниковтың «Өсімдіктер экологиясы»(1950), Н.П.Наумовтың «Жануарлар экологиясы»(1963), Иогансеннің «Экология негіздері»(1959) тб еңбектер қазіргі кезге дейін маңыздылығын жойған жоқ.

Бұршақ тұқымдас дақылдардың өнімділігін арттырып, мұнаймен ластанған аудандарды тазарту үшін енді микроағзалар пайдаланылмақ. Себебі биологиялық тыңайтқыш өнімді арттырғанымен қатар азотқа деген қажеттілікті 3 жылға дейін қанағаттандырады екен. Енді химиялық препораттардан бас тартуға болады деп сендіреді ғалымдар.

Бұршақ тұқымдас дақылдардың өнімін арттыруды мақсат еткен отандық ғалымдар бірқатар биологиялық препараттарды нарыққа енгізуде. Еліміздің бірнеше аймағында сыналған арнайы тыңайтқыштар әр гектардан қосымша 10 центнер өнім алып, дақылдардың азотқа деген қажеттілігін кемінде 2-3 жылға дейін қанағаттандырған. Бастысы минералдық азот тыңайтқыштарын пайдаланбай-ақ жоғары өнім алуға мүмкіндік туып отыр.

Амангелді Саданов, Микробиология және вирусология институтының директоры:

- Химиялық тыңайтқышты берген сайын топырақтың құнарлығы – қарашірік ыдырауы тездейді. Сөйтіп жылдан-жылға топырақтың құнарлығы төмендейді. Ал биологиялық жағдайда ондай болмайды. Бірқалыпты жағдай ұсталады.

14 жылдық зерттеу жұмысының нәтижесінде микроағзалардың барлығы зертханада толығымен зерттелген. Тиісті дақылға лайықтысы таңдалып, оның өмір сүру ортасы да тыңғылықты дайындалған көрінеді.

Сонымен қатар топырақтың мұнаймен ластану мәселесіне айрықша көңіл бөлініп, «Бакойл-KZ» биопрепараты жасалған. Ол қара алтынмен ластанған жерлерді 98 пайызға дейін тазартыпты.

Светлана Айткелдиева, Микробилогия бөлімінің меңгерушісі: - Мұнай және мұнай өнімдерінің ластануын алдын алу үшін биологиялық тазарту қолданылуы тиіс. Бұрын кәсіпорындар америкалық, ресейлік өнімдерді пайдаланып келген. Енді нарықта біздің арзан әрі белсенді отандық препарат кең тарады.

Бұл биопрепараттың қолданысқа енгізілуі экологиялық сауықтыру үшін пайдаланылып келген Ресей және АҚШ технологиясын нарықтан тықсырып, отандық биотыңайтқыштың алға шығуына жол ашты. Енді отандық ғалымдар микроағзаларды тек ауыл шаруашылығында емес, медицина, энергетика, құрылыс, өнеркәсіп, геология салаларында да барынша кеңінен қолдануды мақсат етуде.

Date: 2015-11-13; view: 6419; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию