Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Табиғат жағдайы. Климаты





Географиялық орны.

Корея (кор.한국 – хангу́к – таң самалының елі), Корея Республикасы (кор. 대한민국 – тэха́н мингу́к) — Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 98,5 мың км2. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде 109 орында, көрсеткіш Ұлыбритания немесе Гана елдерінің жер көлемімен шамалас.Халқының саны — 50,4 млн. адам (2014). Тұрғындары, негізінен, корейлер, 30 мыңға жуық қытайлар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Олардың көпшілігі будда дінін, кейбір бөліктері конфуцийшілдік пен христиан дінін ұстанады. Астанасы — Сеул қаласы (11.2 млн.). Ұлттық мерекелері: 15 тамыз — Республика жарияланған күн (1948), 3 қазан — мемлекеттің құрылған күні (Ежелгі Чосон, б.з.б. 108 ж.). Ұлттық ақшасы — вон.

Корея Республикасының туы:

Корея Республикасының елтаңбасы:

 

Табиғат жағдайы. Климаты.

Жер бедері негізінен таулы болып келеді. Таулар елдің үштен екі бөлігін алып жатыр. Бұл Португалия немесе Ирландия елдерінің жері көлеміне шамалас. Солтүстік жағында Корей таулары (Кымгансан, Хамчен, Пуджоллен, Кяма, т.б. таулары мен үстірттер) жатыр. Тек батыс жағалаулары ойпатты, жазық келеді. Корей түбегіндегі ең биік нүкте Пэктусан тау жотасы саналады. Оның биіктігі теңіз деңгейінен 2744 метр, Қытаймен Солтүстік Корей Республикасының шекарасында орналасқан. Пэктусан сөнген вулкан, сондықтан оның кратерінде біраз су жиналып, Чхонжи деген көлі қалыптасты. Бұл тау Корей халқының рухын сипаттайтындықтан аса зор құрметке ие, мемлекеттік әнұранның сөздері де осы Пэктусан тауларына арналады.

Елдің жер көлемі аса үлкен болмағанмен мұнда бірнеше ірі су арналары орналасқан. Бұл өзендер мен көлдердің елдің ұлттық болмысын және индустрияландыру кезіндегі тұрмысын қалыптастыруға қосқан үлесі де ерекше. Ең ұзын екі өзін - Амноккан (790 км) және Турманган (521 км). Аталған екі өзен де Пуктэсан тауларынан басталып, бірі батысқа, ал екіншісі шығысқа қарай ағады. Түбектің оңтүстік бөлігінде Нактонган (521.5 км) және Ханган (481,7 км) өзендері ағады. Ханган өзені елдің астанасы - Сеул қаласының ортасынан кесіп өтеді. Кореяның климаты табиғат мезгілін анық ажыратуға мүмкіндік береді. Елдің әртүрлі аймақтарындағы ауа температурасы да қатты өзгеріп отырады. Орташа температура ауытқуы шамамен 6°C (43 F) дан 16°C (61 F) ға дейін. Климаты жағынан солт. — континенттік муссондық, оңт. — субтропиктік. Қаңтардағы орташа температура солтүстікінде –2°С (тауларда –30 — 40°С-қа дейін), оңтүстікінде 4°С, тамыз — шілде айларындағы темп-ра 22 — 26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 700 — 1500 мм. Солтүстігінде қыста қар жауады.

Date: 2015-12-11; view: 857; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию