Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






азақстан Республикасындағы отандық кәсіпкерлікті пен кәсіпорынды дамытудың қазіргі таңдағы жағдайы

Соавтор: Аринова Д.М.

Авторы: Бодаубекова С.К., Ерқадыр Б.М.

Карагандинский транспортно-технологический колледж

 

 

Қазіргі таңда мемлекетіміздің алдында даму мен өсіп-өркендеудің бұрын-соңды болмаған зор мүмкіндіктері туып отырғаны мәлім. Оның ішінде:

Ø бәсекеге қабілетті дамыған 30 елдің қатарына қосылу;

Ø дүниежүзілік сауда ұйымына кіру;

Ø ел ішіндегі қауіпсіздік пен халықты тауарлар мен азық-түлікпен қамтамасыз ету;

Ø экономиканы жаңғырту, әртараптандыру және дамыту;

Ø бизнестің «көлеңкеден» шығуына жағдай жасау;

Ø экономикамыздың дүниежүзілік деңгейде тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі - бұл ішкі және сыртқы нарықта шетелдік тауарлар және қызметтермен өте ұнамды бәсекеге түсетін тауарлар мен қызмет көрсетуде жүзеге асырылатын маркетингтің ұйымдастырушылық - басқару, ғылыми - техникалық, экономикалық, өндірістік және басқа да мүмкіндіктердің жиынтығы.

Тауардың, тауар өндірушісі мен салалық бәсекеге қабілеттілікті біріктіретін және әлемдік нарықтағы елдің ахуалын көрсететін көрсеткіш – ол елдің бәсекеге қабілеттілігі болып табылады. Жалпы, елдің бәсекеге қабілеттілігін еркін бәсекеге жағдайында әлемдік нарықтың талаптарын қамтамасыз ете алатын тауар шығару, қызмет көрсету қабілеттілігі бойынша анықтауға болады. Шағын және орта бизнес кез келген мемлекеттің эконо­ми­калық дамуының тірегі болып есептеледі. Халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі, ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру, бәсекелік орта қалыптастыру – осының бәрі айналып келгенде шағын және орта бизнестің да­муына тікелей байланысты бо­латыны да белгілі. Өкінішке қарай, мемлекеттің қолдау көрсе­туіне қарамастан, аталған бизнес түрі экономикамыздың локомо­тивіне айнала алмай отырғаны да жасырын емес. Халықаралық сауда талап­тары бойынша Қазақстан әлі де әлемде соңғы орындарды иемде­нуде. 185 елдің ішінде 182-болып тұр.

Қазіргі таңда Отандық кәсіпкерлерді қолдау тетіктері жетілдіріліп, соның нәтижесінде жергілікті кәсіпкерлер мемлекеттік қолдауларға ие болуда. Бүгін де отандық кәсіпкерлерге көрші Ресей еліне салынған санкциялар мен рубльдің құнсыздануы ауыр тиіп отыр. Сондықтан Үкімет дағдарысты еңсеруге барлық мүмкіндіктерді қарастыруда. Сондықтан да Қазақстан Республиканың экономикасы дамуы үшін ең алдымен отандық кәсіпкерлікті дамытуды алға қоюымыз керек. Мәселен, тұтынушылар шетелден келіп жатқан тауарды қолданған сайын елдің қазынасына, яғни ішкі нарығына пайдасы тимейді.

2014 жылдың 14 желтоқсанында «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Бізге кең ауқымды жекешелендірудің екінші толқыны қажет. Бұл оңай қадам емес, өйткені, мемлекет пен нарық арасындағы жауапкершілікті қайта бөлісуді білдіреді. Бірақ біз экономикалық өсімнің жоғары қарқынын сақтау үшін соған баруымыз керек. Жеке бизнес әрқашан және барлық жерде мемлекеттен гөрі тиімдірек әрекет етеді. Сондықтан біз стратегиялық емес сипаттағы кәсіпорындар мен қызметтерді жеке қолға беруге тиіспіз. Бұл - отандық кәсіпкерлікті нығайту үшін аса маңызды қадам»дейді.Яғни, Елбасы отандық кәсіпкерлікті жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші деп бағалап, оны дамытуға ерекше күш салу қажеттігіне назар аударып отыр.

Жеңіл өнеркәсіп саласының бағын байлап отырған басты нәрсе – кәсіпорындардағы құрал-жабдықтардың ескіруі. Кеңестік дәуірдегі өндіріс ошақ­тарын жаңа заман талабына сай құрыл­ғылармен жабдықтау үшін көп қаржыны талап етеді. Алайда таяуда Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімдері Мәскеуде сатылды. Мәскеуліктер оның нағыз табиғи өнім екеніне көз жеткізді. Елімізде азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін молайтатын табиғи шикізат жеткілікті.

Тәжірибе ретінде, еліміздің азық-түлік дүкендеріндегі тауар түрлеріне сараптама жасалды. Байқалғаны, сөрелерде ылғи Ресей, Беларусь, Украина елдерінің өнімдері. Дүкендер мен базарларда сатылып жатқан кәмпиттің басым көпшілігі Украинаға тиесілі. Сөрелерден сапасы жөнінен шетелдік кәмпиттерден асып түспесе, кем түспейтін «Рахат» және «Баян сұлу» кондитер фабрикаларының өнімдерін де көруге болады, бірақ олардың түрі аз. Тұтынушы ретінде олардың сапасын нашар деп айта алмаймыз, бірақ жергілікті кәмпиттердің сыртқы түрі тым жұтаң екені рас. Өндірушілер тауардың сапасына басымдық беріп, оның орамын сәндеуді есінен мүлдем шығарып алған сыңайлы. Талғамы жоғары тұтынушы бүгінде тәттілігіне орамы сәйкес келетін кәмпитті таңдайды. Сол секілді бүгінге дейін Қазақстан азық-түліктің тең жартысын импорттап келеді. Сүт өнімдерінің 70 пайызын Ресей мен Белоруссия қамтамасыз етеді. Бұлар еліміздің Кедендік одақ бойынша әріптестері. Ал тауық еті мен жұмыртқаны берісі Қытай, Америкадан сатып алып жүр. Аталған өнімдермен өз қажетімізді өтейтіндей өндірістік құрылым жасауға мемлекет тарапынан осы уақытқа дейін бөлінген қаражат жетпеді ме? Дәрі-дәрмек және медициналық басқа да қажеттіліктер өндірісі біршама жақсы жолға қойылған. Десек те, бұл жерде де отандық субстансаларды пайдалану әлі де өзінің толық күшіне енген жоқ.

 

 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанға қазіргі таңда сүт өнімдерінің 40%-ы, ет өнімдерінің 29%-ы және көкөніс өнімдерінің 43%-ы шет елдерден жеткізіледі. Яғни, еліміздің отандық тамақ өнеркәсібі өнімдерін қамсыздандыру қадамы әлі де күшейе қойған жоқ. Сондықтан Елбасымыздың алдағы он жылда ел экономикасын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасына осы сала да ілігеді. Аграрлық өндірістің ірі әлеуетіне ие Қазақстанның бүл реттегі мүмкіндігі жоғары екені белгілі. Мәселен, тамақ өнеркәсібі бойынша осыған дейін жүзеге асырылған инновациялық жобалардың арқасында аталған нарықтағы өсім былтыр 4%-ды құрапты. Ал, биыл іске кіріскен "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясындағы қаржыландыру бойынша бұл ауқым әлі де арта түсері хақ.

 

 

Қазір біз тұтынып отырған тағамның 60-70%-ы импорттан келеді. Ал, 15-18%-ын импорт құрайтын кез келген сала мемлекет ішінде құлдырай бастайды. Сол себепті шикізаттық емес саланы дамыту, оның ішіңде тамақ өнеркәсібін көтеру - бүгінгі тандағы шешім күттірмейтін өзекті мәселе.

Кедендік одаққа кірудің қа­зақстандық бизнестегі көрі­ні­сіне келетін болсақ, ресми мәліметтерге сенсек, КО елдері арасындағы тауар айналымы айтарлықтай өсіп отыр. Қазақ­стандық кәсіпкер­лердің әңгі­месіне құлақ түретін болсақ, Кедендік одақтың сапасы мен құрылымы ойландырады. Атап айтқанда, экспорттан им­порттың көбейгені әркімді де ойландыруы керек. Яғни қазақстан­дық бизнестің де осы қозғалыста өзге екі мемлекетпен теңдей құ­қық­қа ие болуы үшін жасала­тын жұ­мыс жетіп-артылады деген сөз. Қа­зақстандық тауардың Ре­сей мен Белоруссия нарығына шы­­ғуы үшін әлі де көптеген жасы­рын ке­дергілер бар. Енді ресейлік және беларустық та­уарлармен біздің өнімдеріміз бәсекеге түсе ала ма деген сауалға келетін болсақ, біздің көптеген азық-түліктік өнімдеріміздің сапасы олардыкінен әлдеқайда жақсы екенін тұтынушылар бай­қап та үлгерді. Мысалы, өзімізде өндірілетін сүт өнімдері, конди­терлік заттар, нан өнімдері. Бір өкініштісі, бізде жап-жақсы бас­талатын бизнестің ары қарай да­ми алмай, жабылып қалып жа­таты­ны болса керек. Дүкен­дер­ден сатып алып дәмін көріп ұнат­қан кейбір азық-түлік өнімдерімізді бір-екі жылдан кейін таппай қа­латын кездеріміз аз емес. Ар­тын­ша, олардың қаржы тапшы­лы­­ғына ұшырап, жабылып қал­­ға­нын естиміз. Осылай талай өн­дірісте­ріміз қолдау көрсетіл­меудің арқасында тез-ақ тарап кетуде. Сондықтан бизнеске көрсетіле­тін қолдау соның мүд­десіне орай нақты көрсетіліп, дамып-өр­кендеуіне айтарлықтай ықпал жасайтын болса деген арман да жоқ емес. Олай болма­йынша, халықты отандық азық-түлікпен, тұрғындарды жұмыспен қамту проблемасы жалғаса бермек.

 

 

Биыл негізгі бағытты шағын жөне орта бизнестің сапалы дамуына жәрдемдесу және Қазақстан экономикасын әртараптандыру үдерісіңдегі осы сектордың рөлін күшейтуге бағытталған бағдарламалар бойынша 3 млрд теңгені құрайтын 10 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде тамақ өнімдері бар. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметі бойынша, өңі­рі­міз­дегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі айтар­лықтай өскен, соңғы үш жыл ішінде оның көлемі 1,6 есеге артқан болатын. Биылғы қаңтар айында Орал өңіріндегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі 149,3 млрд. теңгені құраған, оның ішінде тамақ өндірісі 10,6 пайызға өсті.

Астық, ұн өндірісі бойынша Қазақстан әлемдегі ірі экспорттаушы мемлекет болып саналады. Бірақ, соған қарамастан бізде ұннан өндірілетін тағамдар ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2009 жылы елімізде 127 228 тонна макарон өнімдері өндірілген, бұл 2008 жылмен (128 858 тонна) салыстырғанда 1,3%-ға кем. Ал, макаронның ішкі тұтыну көлемі қарқыңды өсу үстінде. Бұл ретте, соңғы жылдары макарон өнімдерін ішкі тұтыну өсімі өндіріс көлемі өсімінен артық. Осыған байланысты соңғы жылдары өндірістегі экспорттың үлесі төмендеп, 2009 жылы 7%-ды құрады. Осы кезеңдегі макарон өнімдерінің импорты (20 422 тонна) 2,5 есеге артқан. Сонымен қатар, бізде кұс шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Биыл құс етін өндіру көлемі 20-25 мың тоннаға артты. Қазір құс өсіретін бес зауыт салынып жатыр. Алдағы бес жылда тағы алты кұс фабрикасын салу жоспарда бар. Осы жағынан алғанда, алдағы бес жыл көлемінде ішкі нарықтағы құс етіне деген сұраныстың 75-80%-ын өзіміз қамтамасыз ететін жағдайға жетуіміз керек. Демек, құс фабрикалары тұрғызылғаннан кейін оның кластері де бір жолға қойылып, құс етінен дайындалатын тағамдар да өз елімізден шығатын күн алыс емес секілді. "Даму" қорынан Өскемендегі "Raimbek Vostok-Agro" серіктестігіне бұрынғы қаланың сүт комбинаты кешені аясында ұзақ мерзімге сақталатын зарарсыздаңдырылған сүт шығару бойынша жаңа өндірісті құру үшін 750 млн теңге қаржы бөлінді. Аталған кәсіпорын сүт өндіруде еліміздегі көш бастаушы компанияға айналып отыр. Бастапқыда тек қаймақ шығарумен айналысқан біздің зауыттан бүгін 14 түрлі өнім өндіріледі. Таяу болашақта шұбаттан өзге тамақ түрлерін дайындау да жоспарымызда бар. Бізден жылына 265 млн теңгенің 360 000 тонна сүті өндіріледі. Таяу болашақта Беларусьтегі әріптестерімізбен балмұздақ шығару бойынша өзара біріккен кәсіпорын құруды да ойлап отырмыз. Онда тек сиыр емес, түйе сүтін де пайдалану көзделген. Бұған Ұлттық әл-ауқат қорының қолдауы ұйытқы болып отыр. Сүтті өндіру үшін мал басын арттыру керек. 2009 жылы кәсіпорынның өнім көлемі 133 тоннаны құрайды. 133-ке 30%-ды қосқанда 172,9 тонна шығады. Демек, өнім ауқымы 39,9 тоннаға артпақ. Отандық компания енді экспорт бойынша жоспар құруда. Алғашқы экспорт Қырғызстанға бағытталмақшы.

Әрине, тамақ өндірісінің әр саласына бір сетте шолу жасап үлгеру мүмкін емес. Біз тек екі-үш түрі бойынша жалпы аталған нарықтың бүгінгі ахуалын сипаттауға тырыстық. Нәтижесінде, тамақ өндірісінің қарқыны баяу екенін, алайда бұл ретте өткен 5-6 жылмен салыстырғанда ілгерілеу барын анықтай алдық деп қорытынды жасай аламыз.

 


<== предыдущая | следующая ==>
к экзамену по философии | Парабола

Date: 2015-12-10; view: 587; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию