Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Палеозой эрасы





 

Палеозой (көне грекше: παλαιο — «көне» және көне грекше: ζοιον — «жәндік», бірге «көне тіршілік» мағынасында) — фанерозой эоны замандарының алғашқысы (542—251 млн жыл).

 

Кембрий, ордовик және силур кезеңдері астыңғы палеозой субзаманын, ал девон, карбон және перм кезеңі үстіңгі палеозой субзаманын құрайды. Палеозой кезінде екі үлкен орогенез орын алған: астыңғы палеозой кезіндегі Каледон және соңғы палеозой кезіндегі Варискан.

 

Соңғы Палеозой заманында өркендеген Перм кезеңінде жойылған Трилобиттердін бірі

 

Палеозой фауналары көптеген омыртқасыз ағзалардың болғанымен белгіленеді, оның ішінде трилобиттер (Trilobita), грабтолиттер (Grabtolithina), брахиоподтар (Brachiopoda), сефалоподтар (Cephalopoda) және кораллдар. Заманның соңында амфибия мен рептилиялар әр-түрлі биологиялық топтаныстардың зор компоненті болды, ал алып талды циатея (Cyathea arborea), атқұйрық (Equisetum) және цикадалар ормандардың кең таралуына себепші болды.

 

Палеозой терминін алғаш 1838 ж. ағылшын геологы А.Седжвик (1785 – 1873) ұсынған. Палеозой осыдан 540 – 250 млн. жыл бұрын басталып, ұзақтығы 290 млн. жылға созылған эра. Құрамына кембрий, ордовик, силур, девон, таскөмір (карбон), пермь дәуірлері енеді. Бұл дәуірлер геологиялық картада төменгі Палеозой (кембрий, ордовик), ортаңғы Палеозой (силур, девон), жоғарғы Палеозой (таскөмір, пермь) деп бөлінеді. Палеозойдың басында Гондвана мен солтүстік құрлықтардың (Солтүстік Америка, Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай, Корея) және оларды бөлетін мұхиттардың (Палеоатлант, Палеотетис, Палеоазия) нобайы айқындалған. Бұл мұхиттардың ені мыңдаған км-ге, ал тереңдігі мыңдаған м-ге жеткен. Олардың өмір сүру ұзақтығы да әр түрлі. Ең бірінші Палеоатлант (Япетус) девонның басында жабылып, карбонның ортасына дейін Палеотетис өмір сүрген, ал Палеоазия палеозойдың соңында Лавразия алып құрлығын жасап барып жабылған

Мұндағы айқын өзгеріс венд пен кембрий шебінде болды, қаңқалы организмдер – трилобиттер, моллюскілер, т.б. өмірге келген. Бұл өзгеріс протерозой мен фанерозойды жіктеуге негіз болды. Алғаш кең таралған бақалшақтылар карбонатты емес, фосфатты болған. Ордовик-силурда алғашқы омыртқалылар – балықтар, карбонда қосмекенділер (амфибиялар), яғни құрлыққа шыққан жануарлар пайда болды. Силур-девонда алғашқы құрлық өсімдіктері өсіп, соңғы девон-карбонда қалың өсімдік жабыны пайда болған, нәтижесінде көміржаралу кеңінен таралған.

Пайдалы қазбалары[өңдеу]

 

Орал, Сарыарқа, Алтай-Саян, Тянь-Шань, т.б. қатпарлықтарында калцедон және герцин интруз. тау жыныстарымен тектес көптеген металл кендері бар. Шөгінді тау жыныстармен қоса мұнай-газ, ірі көмір алаптары (Қарағанды, Екібастұз, Донбасс, Ертіс маңы, Кузбасс, Гондвана, т.б.), жанғыш тақтатас (Балтық маңы), мысты құмтастар мен тақтатастар (Жезқазған, Орал бөктері, Маңғыстау, Атбасар, т.б.) кендері жаралды. Одан басқа фосфорит (Қаратау, АҚШ), боксит (Орал, Салаир), шөгінді темір-марганец кентастары (Атасу, Жезді, Рейн алабы, Саян, т.б.), тұз кендері (Соликамск, Иран-Пакистан, т.б.) де Палеозой тау жыныстарымен қатарлас. Қоры мол, қолайлы жағдайларда орналасқан әр текті құрылыс тастары, цементтік шикізат, асыл, әшекей, қаптама тастар да көп кездесед

24Интрузия — жердің терең қабаттарындағы байырғы қуыстарға, ішкі қысудан пайда болған бос кеңістерге магманың көтерілуі. Интрузияның түрі жайпақ төмпешіктерге, жалпақ немесе күмбез тәріздес массивтерге ұқсайды. Интрузияның көлемі өте үлкен де болуы мүмкін, кейде ауданы жүздеген шаршы километрге жететін жерді алып жатады. Олар жер бетіне тек қана өзін жауып жатқан шөгінді жыныстардың қабаты денудациялық процестердің әсерінде бұзылып жуылып-шайылғанда ғана шығады. Интрузия қатпарлы тау жоталарының ядроларында да ұшырасады. Интрузия деп жалпы тереңдегі магмалық жыныстардың массаларын түсінеді.

 

Екінші анықтама: Интрузия — балқыған магманың жер қыртысы қат-қабатына ену процесі.

Магманың жер қыртысы қойнауларында кристалдануы нәтижесінде қалыптасқан толық кристаллы магмалық таужыныс. Магманың бірте-бірте суынуымен орайласа отырып, жоғары дәрежелі қысымдар жағдайында және ұшпа құрамбөліктердің белсенді түрде араласуымен өтетін интрузиялық таужыныс қалыптасу процесі сол таужынысты құрайтын минералдардың толықтай кристалдануына бірден-бір жағдай туғызады. Сондықтан да интрузиялық таужыныстар әдетте ірі кристаллы құрылымдармен сипатталады. Синонимі: полутәндық таужыныс.

Date: 2015-11-13; view: 4681; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию