Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мезозой орогенезі және оның көрінісі





Орогенез, орогенезис, орогендік қозғалыстар – қуатты түрде жүретін қатпарлар мен жарылыстар түзілу, тау жаралу процестерінің жиынтығын білдіретін геологилық термин. Бұл терминді ғылымға 1890 ж. американдық геолог Г.Джильберт енгізді (1843 – 1918).

Мезозой эратемасы 3 кезеңнен тұрады:

Триас жүйесі' (кезені) -триас (trіas – үштік, орталығы Еуропаның геологиялық қимасындағы үш түрлі қабаттың біріктірілуіне байланысты аталған) – мезозой эратемасының ең төменгі тау жыныстары қабаттары және олардың жиылған уақыты (251-199,6 млн жыл). Триас (грек. Ӏгіаз — үштік) — "триас жүйесі" және "триас кезеңі" терминдерінің қысқаша атауы. Жоғарғы палеозойдағы тіршілік иелерінің жаппай қырылуы нәтижесінде, триаста көптеген жаңа фауна мен флора элементтері дүниеге келді. Олардың ішінде аммониттер (Ammonoidea), осы күнгі коралдар, әр-түрлі моллюскілер (Mollusca), динозаурлар және кейбір жалаңұрықтылар (Gymnospermae) болған.

Стратиграфиялық шкалада пермь кезеңінің соңы мен юра кезеңінің басы болып саналады. Триас жүйесін 1831 жылы “кейпер түзілімдері” деген атаумен бельгиялық ғалым Ж.Омалиус д`Аллуа бөлген. 1834 жылы неміс геологы Ф.Альберти оны “триас” деп атауды ұсынған. Триас жүйесі осыдан 251 млн. жыл бұрын басталып, 199,6 млн. жыл бұрын аяқталып, ұзақтығы 51,4 млн. жылға созылған. Қазақстанда Триас жүйесінің тау жыныстарын алғашқы рет Каспий ойпатындағы Бөгде төбесінде 1774 жылы П.С. Паллас тапқан. Триас жүйесі кезінде Пангея өзінің біртұтастығын сақтап тұрды. Бірақ оңтүстік және Шығыс Африкада, орталығы Үндістанда, Австралияның батысында құрлықішілік жүйесі дамуын жалғастырды. Ортаңғы триас тұсында басталған даму үрдісі кейінгі замандарда үлкен өзгерістерге ұшыраған. мысалы Пангея ҚҚ-ге сыналап кіре бастаған Тетис мұхитының шығанағы кеңейіп, Жерорта теңізінің қиыр батысына жетіп, екі алып құрлық Лавразия мен Гондвананы бөліп жатты. Бұл белдеуде құрамы құбылмалы вулканизм мен плутонизм дамыған. Құрлықтық жағдайлар мен денудация Гондвананың барлық аудандарында басымдық жасап, гондваналық тегістелу бетін қалыптастырған. Құрлықтың басым болуы жөнінен Триас жүйесі – Жер тарихында теңдесі жоқ кезең. төменгі триас дәуірінде Аппалач, Мексика шығанағында, Тянь-Шаньда, Кап тауында, Шығыс Австралия және кейбір геосинклиналдық өлкелерде герцин қатпарлануының соңғы дүмпулерінен құрлықта таулы-қыратты, көтеріңкі рельеф басым болды. Климаты өте шөлейт, ыссы болды, сондықтан соңғы және ортаңғы триас дәуірлеріндегі ойыстарда үнемі қызыл түсті шөгінділер, малтатастар, лай-балшықтар шөкті. Ылғалдану сипаты бойынша бастапқы және ортаңғы триаста төрт: экстра аридті немесе шөл, қоңыржай аридті немесе құрғақ шөлейт саванналар, өзгермелі ылғалды және бірқалыпты ылғалды табиғи алқап болды. төменгі триастың климаты жоғары орташа жылдық температурасымен (Австралияда 21 – 25С, Германияда 25 – 26С, солтүстік Кавказда 24 – 25С, т.б. болған) қатар булану дәрежесінің күрт өсуімен сипатталады. Осыған орай шөл және шөлейт ландшафт аймақтары кеңейген.

Юра жүйесі немесе Юра кезеңі — мезозой заманын құрайтын үш кезеңнің бірі. Триас пен бор арасында орналасқан юра кезеңі осыдан 199,6 млн жылдан 145,5 млн жылға дейін созылады. Ең кең тараған тау жыныстары саз балшық, ізбесті құмдақ және әктас болып, юра кезеңі 11 ярусқа бөлінеді (геттанг, синемюр, плинсбах, тоар, аален, байос, бат, келловей, оксфорд, киммеридж, титон).

Бастапқы юра жүйесінде барлық тектоникалық белдеулерде ерте киммерий-индосиний орогенезі кең көрініс тапты. Орогенез салдарынан таулы құрылымдар денудацияға ұшырап, трансгрессия ұлғайды. Тұз жиналу процесі мейлінше төмендеп, керісінше көмір жиналу процесі күшейді. Бірақ Жердің жалпы құрылымдық сұлбасы айтарлықтар өзгермеген және ерте юра Пангея ІІ-нің біртұтас суперконтинент ретінде өмір сүрген соңғы кезеңі болып саналады. Көтерілу үрдісі Қазақстан мен Сібір платформасын да қамтыды. Ойпаңдарға триастың ең соңы мен юраның басында тегіс қыраттарда қалыптасқан каолинитті мору қыртысының шайылу өнімдері келе бастады. Оларда каолинитті саздармен қатар көл-аллювийлік көмірлі түзілімдер жиналды. Ортаңғы юра заманы Жер дамуының күрт өзгерген кезі болды. Ірі тектоникалық өзгерістер палеогеографиялық жағдайларды түбірімен қайта қалыптастырды. Соңғы юра жүйесінде трансгрессияны туындатқан төмендеулер болды. Атлант және Үнді мұхиттарының қалыптасу процесі жалғасты. Орталық мұхиттың жоталары пайда болып, өсе бастады. Тынық мұхит белдеуі ауқымында жанартаулық атқыламалар, интруз. магматизм және тектоникалық деформациялар күшейді. Соңғы юра жүйесінде Пангея-ІІ-нің бөлшектенуі күшейе түсті. Орталық Атлантика мен Батыс Тетис кеңейіп, терең сулы Кариб алабы арқылы (болашақ Анд ауданында) Тынық мұхитпен жалғасты. Үнді мұхитының Сомали және Мозамбик қазан шұңқырлары арқылы өткен Спрединг осінің пайда болуына байланысты, Гондвананың құрылымсыздануы (деструкциясы) басталды. Құрамында Оңтүстік Америка мен Африка бар Гондвананың батыс бөлігі оның Мадагаскар, Үндістан, Австралия мен Антарктидадан тұратын Шығыс бөлігінен бөліне бастады. Осылайша Үнді мұхиты қалыптаса бастады. Осы Тетистің батысында, Альпі мен Апеннинге дейінгі кеңеюі жалғасқан кезде, шығысында, Динаридтен басталған солтүстік шетінде, юра кезеңінің аяғында сығылу деформациясы білінеді. Ол ең қарқынды сатысына Ауғанстан мен Орталық Памирде жеткен. Бұл жерде құрамында Оңтүстік Памир бар Иран-Ауған құрлығы Лавразияның оңтүстік шетімен соқтығысқан. Одан әрі шығысқа қарай, юраның аяғындағы қатпарлылық (Еуропада соңғы киммерийлік деп аталған) Орталық Тибетте білінеді.

Бор кезеңі – мезозой заманына кіретін үш кезеңнің үшіншісі. 145,5 млн. жыл бұрын басталып 65,5 млн. жыл бұрын аяқталған. Бор кезеңі Англияның Дувр қаласы маңындағы ағылш. White Cliffs (Ақ Жартас) деген жерде бордың жинақталуымен және көптеген омыртқалы мен омыртқасыздардың, оның ішінде динозаур, мозазаур, ихтиозаур және плезиозаурлардың жаппай қырылуымен белгіленеді.

Бор кезеңінде Анд, Верхоян-Чукот, Кордильера таулары көтерілген. Верхоян-Чукот пен Шығыс Азияның түйіскен жеріндегі терең жарылыстар арқылы әрекет еткен жанартау процесінің нәтижесінде Охота-Чукот жанартаулық белдеуі пайда боды. Орталық және Оңтүстік-шығыс Азияда геосинклинальдік жағдай аяқталып, қазіргі заманға дейін сақталған мезозойлық қатпарлы таулы жер бедері қалыптасты. Бор кезеңінде Гондвана мен Лавразия континенттерінің жекелеген материктерге бөлінуі басталды.[4] Мұхит айдындары пайда болды. Юраның соңы мен бордың басында басталған регрессия Лавразия көлемінде континенттік жағдай туғызды. Ал одан соңғы трансгрессиялар өте көлемді болып, аса зор аумақтарды қамтыды. Мысалы, Қазақстанда трансгрессия солтүстік аймақтарды түгел қамтып, орталығына дейін жетті. Бор кезеңінде “Орталық Қазақстан қалқаны” деп аталатын аймақта континенттік жағдай туды. Бордың басында оның палеозойлық іргетасы үстінде жекеленген ірі жайпақ көтермелер — антеклизалар (Орал, Орталық Қазақстан, Алтай, Оңтүстік Тянь-Шань) және оларды бөліп тұрған жайпақ ойпаттар — синеклизалар қалыптасты. Қызылқұм, Торғай, Сарысу және Ертіс маңы ойыстарының төм. бөлігі континенттік, жоғары қарай теңіздік шөгінділермен толды. Каспий ойпатында бор жыныстарының толық қимасы сақталған. Мұнда теңіздік шөгінділер — карбонаттық қабаттар, құмтас, саз, әктас, мергель, фосфорит, олардың арасында мұнай, газ, бор, боксит қабаттары кездеседі. Континенттердің аридтік (құрғақ) аймақтарында қызыл түсті шөгінділер (көбінесе, гипсті және тұзды қабаттар), ал гумидтік (ылғалды) аймақтарында тұщы сулы шөгінділер қалыптасқан. Көтерілген аймақтарда үгілу қабаттары пайда болып, темір, никель кен орындары түзіле бастаған.

 

Date: 2015-11-13; view: 1716; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию