Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Желдің геологиялық әрекеті тұралы жалпы мәлементтер





Ежелгі гректер жел құдіретін Эол деп атаған, сондықтан желдің геологиялық жұмысын эол

әсері дейді. Ол ысқырған ауа толқыныньң тау жыныстарына көрсеткен күш-қимылына

байланысты. Содан жыныстар бұзылады, үгіледі, құз беттері мүжіліп, тегістеліп, қашаланады.

Пайда болған үгінді желмен көтеріліп, бір жерден келесі жерге ауып көшеді де жел басыла келе

жер бетіне үйіледі.

Эолдық әсер желдің типі мен жылдамдығына бағынышты. Ауа массасы көбінесе жердің бетін

жағалай соғады. Жел күші мен «қылығы» ақылға сыймайды десек те болады. Мысалы: Құйын

тұрғанда ол тауықтардың жүнін, жастыктың тысын көз ашып жүмғанша жұлып әкетеді,

орманды, үйлерді құлатып, көліктерді аударып кетеді. 1904 жылы Мәскеу қаласының үстінен

өткен құйын бірнеше секунд арасында өзеннің 120 000 тонна суын «қылқып алып» өзен түбі сәл

шақ құрғап қалыпты. 1953 жылы тамыз айында Ростов қаласының үстінен өткен құйын

ғасырлар бойы аман тұрған Кремльдің тәбесін қиратып, маңындағы Неро көлінің 10 млн тонна

суын «жұтып» кеткен. Құйын өзі сорып алған құм, шаңмен қоса барлық заттарды 10— 13 м/с

жылдамдықпен көтеріп әкетіп, оларды ондаған километр алысқа апарып тастайды. Сонан соң

көмбеден аршылған теңгелер, судан сорылған балықтар мен бақалар, қираған асханадан

«қымқырылған» шұжықтар (Австралия, 1989 жылғы ақпан) аспаннан жерге жауып, көрген

жұртты таңқалдырады.

Тозаң құрамына карай дауыл кара, қоңыр, сарғылт, қызыл, қала берсе ақ та болады. 1992 жылы

Жамбыл облысының Байқадам ауылында аспаннан кызыл шаң жауған. Қейбір дауылды жел

үнемі бір бағытта, бір мезгілде соғады. Мысалы, Сахарада туатын хамсин солтүстік бағытта

тура 50 күн үрлейді. Оңтүстік Ауған шөлінен теріскейге соғатын «ауған» желі 40 тәулік ішінде

1—3 күн аялдамамен гуілдейді. Ебі дүлей желі Жоңғар кақпасын бойлап, оңтүстік-шығыстан

солтүстік-батысқа қарай 3—7 тәулікке шейін соғады: жалпы алғанда 70— 100 күнге созылып,

жылдамдығы 60—80 м/с жетеді. Ебі қазан-ақпан айларында нығайып, жаз бойы саябырлайды.

Ебі желі туралы тұңғыш ғылыми деректі Шоқан Уәлиханов жазды.

Жел күші жазықтан гөрі биіктікте күшті, ендеше оның әрекеті таулы жерде айкын көзге түседі.

Жел әрекеті әсіресе кұрғақ климатты, тәуліктік, маусымдық температуралары ауытқымалы

аймақтарда күшті, сондай- ақ өсімдігі селдір, ендеше жыныс беті ашық жерлерде қатты келеді.

Ондай өлкелер — шөл дала, тау басы, теңіз жағалауы.

Ауа ағысына шарпылған үгінділер ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір мезгілде жер бетіне түсіп,

үйіледі. Желдің геологиялык жұмысы мынадай процестерге бөлінеді:

1) тау жыныстарының бұзылып-мүжілуі (дефляция мен корразия);

2) үгілген затты көтеріп әкетіп, көшіру;

3) эолдық аккумуляция — үгіндіні үйіп шөгіндіру.

2. Дефляция және корразия.

Д е ф л я ц и я (л а т ы н ш а үрлеу, үрлену) деп жер бетіне шыққан тау жыныстарының жел

әсерінен бұзылу, үгілу, артынан үрленіп ұшу процестерін айтады.

Егер ауа ағыны ылғалға немесе құм-шаңға қанық болса оның бұзу қабілеті де басым болады.

Қатты белшектер арқылы қажап бұзуды к о р р а з и я (латынша қашау, қырлау, жону) дейді.

Дефляция әсіресе қапталды шаттарда, құз тастардың жарықтарында, шаң-тозаңды құйындар жиі

ететін шөлдердің ойпатында жақсы көрінеді. Бұзылу-тозу арқылы пайда болған қопсыған

борпылдақ үгіндіні жел көтереді де ұшырып әкетеді. Содан ойпаң әрі қарай тереңдей түседі.

28

Осылайша пайда болған Каспий сыртындағы Қарақия шұңқырының тереңдігі 300 метрге жетеді

де түбі қазірде Каспий теңізінің деңгейінен төмен. Тау жыныстары жұмсақ болса аумақты жердің

топырағын, бетін жел қағып кетеді, оны жазықтық дефляция дейді. Жазықтық дефляция

әсерінен кейін өзгеше микрорельеф бедерлері пайда болады. Маңғыстау маңында жұмсақ

жыныстарды жел үгіп, айдап кетеді де олардың арасындағы қатты, берік шар тәрізді конкрециялар

мүжілмей сақталады. Содан жазық бетінде кісі бойынан биік конкрециялық шарлар, бағаналар,

«саңырауқұлақтар» өрген қойдай «жайылып» жатыр.

Корразия әрекеті де аз емес. Жел айдаған миллиондаған құм түйіршіктері жартас бетіне соғылып,

оларды тырнап, қашап, қырнап, мүжіп, бұзады, тегістейді. Шөл далада жел бағыттары көбінесе

тұрақты болады. Содан құм бетінде жатқан тас кесектері құммен, желмен қашалып, сүйірленіп

келе біртіндеп үш жақты сүйір призманың пішінін береді. Оларды эол үшжақтылары, кейде неміс

сөзімен дрейкантеры деп атайды. Геологиялық шөгінділер арасындағы өткен дәуірдің шөл

жыныстары мен желдің басым бағыттарын анықтау үшін олардың маңызы зор.

Жел қаққан жартастардың пішіндері олардың құрамы мен құрылысына тығыз байланысты. Жел

таңдап жүріп нығыздығы шамалы жыныстарға үйіріледі де олардан неше түрлі қуыс, терең айғыз

шұңқырлар, сақиналы бағаналар қашап шығарады. Берік жыныстар бетінен бағаналар, отырған

құс, басынан дулығасын шешпей ұйықтап жатқан батыр, сақалы ұйысқан шал, ілмиген мыстан,

шөккен түйе, бака, журіп келе жатқан танк, кақпа-дарбаза, қамалдар т. б. елестейді. Желдің

осылайша қатты, берік жыныстарды бөліп, қақпалау жумысын э о л д і к қажау (препарировка)

деп атайды.

Желмен кетерілген жеке қум-қиыршықтар кішкентай ғана жарықшаққа, бужыр бетке соғылып,

оны бурғыдай тесе бастайды; бір түйіршігі түссе, «бұрғылау» әрекетін келесі «шептің» қум

түйіршігі жалғастырады. Ақырында жартас бетінде қабырғалары теп-тегіс уя-шуңқырлар қалады.

Date: 2015-11-13; view: 890; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию