Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Идентификация





147) Галлюцинация- қабылдаудың бұзылуы.

148) Қайта жаңғырту және оның түрлері: ұмытылған ақпаратты қайта еске түсіру.арнайы, еріксіз.

149) Ұмыту және оның түрлері. Есте қалдыру процесіне қарама-қарсы. Түрлері: реминисценция-кешігіп еске түсіру, тежелу (ретроактивтік, проактивтік).

150) Есте сақтау және оның түрлері. Мақсат қоймай-ақ ойда сақталу. Түрлері: арнайы, еріксіз.

151) Эмоция мен сезімдер ерекшеліктері

Сезім-сыртқы дүние заттар мен құбылыстарының адам қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрі. Сезімдер мен эмоциялардың сапалық ерекшеліктері:

-қарама-қарсы, полярлық сапалықтар,-сезімдер: актив, пассив; эмоциялар мен сезімдер: стеникалық,астеникалық; жігерлену, кернеуден босану, эмоциялар: жағымды, жағымсыз, қарапайым, күрделі.

152) Құмарлық- адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция.

153) Зейіннің түрлері (ырықты, ырықсыз, үйреншікті)

Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады: күшті тітіркеніштер, адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі;

Ырықты зейін ерекшеліктері: қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет, үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн, орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс, түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану, зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек.

154) Стресс- қолайсыз эмоция салдарынан адамның шамадан тыс зорлануы.

155) Эйфория- эмоцияның бұзылуы.

156) Аффект- қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі.

157) Депрессия- күйзеліске түсу.

158) Астеникалық: жауапкершілік, жолдастық, ар-ұят; стеникалық сезімдер: көңілсіздік, уайым, енжарлық.

159) Симпатия- адамдардың бір - біріне деген сүйіспеншілігі.

160) Агглютинация- қиялдағы елестердің топтастырылуы.

161) Гипербола- нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуі.

162) Атив: арман, қайта жасау, творчестволық; пассив қиял: түс көру.

163) Тоқтамға келгіштік- адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы.

164) Ерік- адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті.

165) Схематизация (қиялдың жасалу жолы).заттардың айырашылықтарын ескермей, оның ұқсастықтарына көңіл бөлу.

166) Табандылық- алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді көздеу.

167) Ұстамдылық- адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, басқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті.

168) Ерік сапалары:

- еріктің күшіне: тоқтамға келгіштік, батылдық, шыдамдылық;

-ерік қимылына: жеке мүддені, ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары;

-адамның дербестігінен байқалатын сапалар: инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақылық.

169) Индивид- кез-келген адам.

170) Даралық қасиет- адамдардың өзге адамдардан өзгешелігі бар, айқыдалған жеке адамға ғана тән қасиет.

171) Ерлік- алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет.

172) Адамның қабылдауға әсер ететін факторлар: адамдар қатынасы (симпатия, антипатия,эмпатия), эмоциялық күй, жас ерекшелік, тәжірибе.

173) Психиканың даму факторлары

174) Тұлға, оның қасиеттері. Тұлға-өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын жеке адам.

175) Әлеуметтік факторлар: қарым-қатынас, еңбек.

176) Қабілет- іс-әрекетті жеңіл меңгеретін және нәтижесі жоғары болатын көрсеткішті білдіретін қасиет.

177) Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар: қарым-қатынас, іс-әрекет, еңбек, өзіндік сана.

178) Мінез- адамның сыртқы ортамен, қарым-қатынасымен, іс-әрекетімен сипатталатын және осыларға қатынасын білдіретін біртіндеп қалыптасатын қасиеттер жиынтығы.

179) Дамудың биологиялық факторлары: сана, өзіндік сана.

180) Темперамент дегеніміз не? Нерв жүйесінің тума қасиетерінен туындайтын адамның жеке ерекшеліктерінің бірі.

181) Темперамент типтері: сангвиник, флегматик, меланхолик, холерик.

182) Темперамент туралы Кант теориясы: эмоция (флегматик, меланхолик), қозғалыс (холерик, сангвиник).

183) Темперамент туралы Вундт теориясы: эмоциясы күшті (холерик, меланхолик), эмоциясы әлсіз (сангвиник, флегматик).

184) Темперамент туралы Личко теориясы: 11 типке бөлді.

185) Темперамент туралы Айзенк теориясы: экстроверттер (холерик), интроверттер (меланхолик), нейротизм (флегматик, сангвиник).

186) Темперамент туралы Кречмер теориясы: атлетиктер, астениктер, пикникалық.

187) Темперамент туралы Павлов теориясы: ұстамсыз (холерик), ширақ (сангвиник), баяу (флегматик), әлсіз (меланхолик).

188) Темперамент туралы Гиппократ теориясы: қан көп (сангвиник), шырын көп (флегматик), қара өт (холерик), сары өт (меланхолик).

189) Жүйке жүйесінің қызметі бойынша темперамент типтері: ұстамсыз, ширақ, баяу, әлсіз типтер.

190) Холерик- қозғалыс, эмоциясы күшті, экстроверт, ұстамсыз, қара өт басым.

191) Сангвиник- қозғалыс, эмоциясы әлсіз, нейротизм, ширақ, қан көп.

192) Меланхолик- эмоция, эмоциясы күшті, интроверт, әлсіз, сары өт басым.

193) Флегматик- эмоция, эмоциясы әлсіз, нейротизм, баяу, шырын басым.

194) Ұстамсыз тип (холерик) – қозуы басым, тежелуі баяу.

195) Ширақ тип (сангвиник) – қозуы мен тежелуі тең, алмасу жылдам.

196) Баяу тип (флегматик) – қозу мен тежелуі тең, алмасу баяу.

197) Әлсіз тип (меланхолик) – қозу мен тежелу тез.

198) Мінез- адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасымен, іс-әрекетімен сипатталынатын және соларға қатынасын білдіретін біртіндеп қалыптасатын қасиеттер жиынтығы.

199) Мінездің типтері: еңбекке қатынасы бойынша мінездер, адамдарға қатынасы, өзіңе қатынасын білдіретін мінездер.

200) Адамның еңбекке қатынасын білдіретін мінездер: Отансүйгіштік, жауапкершілік.

201) Адамдардың басқа адамға білдіретін мінездері: борыш, жауапкершілік, мейірімділік, ізгілік.

202) Адамның өзіне қатынасын білдіретін мінездер: мақсаткерлік, адалдық, шыншылдық.

203) Толық мінезді адам деп рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды атайды.

204) Мінездің қалыптасуына әсер ететін факторлар: қарым-қатынас, қоршаған орта, тәрбие.

205) Қабілет- іс-әрекетті жеңіл меңгеретін және нәтижесі жоғары болатын көрсеткішті білдіретін қасиет.

206) Қабілет түрлері: арнайы, жалпы.

207) Арнайы қабілет- белгілі бір нақты мамандыққа деген қабілеттілік.

208) Жалпы қабілет- барлық адамдарға тән қабілеттілік, ол міндетті қабілеттілік.

209) Қабілеттің пайда болу теориялары

210) Қабілеттің даму деңгейлері: бейімділік, икемділік, қабілет, дарындылық, талант, данышпан.

211) Бейімділік- адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.

212) Нышан- адам мүмкіндігінің ішкі көрсеткіші.

213) Дарындылық- нышан ықпалымен қалыптасқан қабілет түрі.

214) Талант- бір әрекетті творчестволықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі.

Date: 2015-10-21; view: 674; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию