Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бап. Нормативтiк құқықтық актінің жобасын әзiрлеу тәртiбi





1. Нормативтiк құқықтық актінің жобасын әзiрлеушi уәкiлеттi орган жобаны дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының функцияларын атқаратын өз бөлiмшелерiнiң бiрiне тапсырады. Нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындауға жобаны дайындайтын органның заң бөлiмшесi қызметкерлерiнiң қатысуы мiндеттi. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері өкілдерінің қатысуы мiндеттi.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының жұмысына кез келген сатыда қатысуға құқылы.

2. Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулыларының жобаларын, ал қажет болған жағдайда – басқа да уәкiлеттi органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындауға әртүрлi бiлiм салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлер, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi тартылуы мүмкiн.

3. Бiр деңгейдегi уәкiлеттi органдардың заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерінің жобаларын бiрнеше уәкiлеттi орган әзiрлеуі, ал қажет болған жағдайда – қабылдауы мүмкiн.
Бiрнеше уәкiлеттi органның заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерінің жобаларын олар осы Заңда көзделген тәртiппен бiрлесiп әзiрлейдi және олар уәкiлеттi органдардың басшылары қол қоятын бiрлескен бұйрықтар немесе қаулылар түрiнде қабылданады.
Бiрлескен нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерi (осы Заңның 3-бабының 3-тармағы) туынды нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаған уәкiлеттi органдардың негiзгi нормативтiк құқықтық актiлерi арқылы бекiтiлiп, онда туынды актiнi қабылдауға арқау болған негiзгi нормативтiк құқықтық актiлер көрсетiледi.
Заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлердi келiсудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамашылығы тәртібімен заңнамалық актінің жобасын әзірлеу тапсырылған Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары заңнамалық актінің жобасын әзірлеуді, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы өзгеше мерзім белгілемесе, бір ай мерзімде жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, егер осы актiлер жалпыға мiндеттi маңызға ие болса, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болса немесе кәсiпкерлiк қызметтi реттесе, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша заң сараптамасын жүргiзедi.

6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, уәкiлеттi орган нормативтiк құқықтық актінің жобасын дайындауды өзiне ведомстволық бағынысты мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсыра алады немесе бөлiнген бюджет қаражаты мен гранттарды осы мақсаттарға пайдалана отырып, оны дайындауға шарттық негiзде мамандарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына, оның iшiнде шетелдiктерге тапсырыс бере алады.

7. Уәкiлеттi орган нормативтік құқықтық актілердің балама жобаларын дайындауды бiрнеше мемлекеттiк органдарға және ұйымдарға тапсыруға немесе оларды әзiрлеудi шарттық негiзде, оның iшiнде конкурс бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, бiрнеше ғылыми мекемелерге немесе ғалымдарға тапсыруға құқылы.

8. Егер Қазақстан Республикасы заңнамалық актiсінің, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулысының дайындалып жатқан жобасының құқық нормаларын іске асыру үшiн бір деңгейдегі немесе төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу қажет болса, онда нормативтік құқықтық актiнiң негiзгi түрінің жобасымен бiр мезгiлде көрсетiлген өзгерiстерімен және (немесе) толықтыруларымен бірге актiлердiң жобалары дайындалуға немесе тиiстi органдарға осындай актiлер дайындау туралы тапсырмалар берiлуге тиiс.

9. Әзірленген заңдардың жобалары мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберіле отырып, бір мезгілде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеудiң және қабылдаудың ерекшелiктерi

1. Орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін мемлекеттік органдар белгілейтін мерзім жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жоба келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына түсiндiрме жазбада нормативтiк құқықтық актiнiң қолданысқа енгiзілуіне байланысты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi шығындарының азайғанын және (немесе) ұлғайғанын растайтын есеп-қисаптың нәтижелерi қамтылуға тиiс.
3. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мүшелерiнiң жинақталған пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн оның жобасына, оның ішінде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен келесі әрбiр келiсу кезінде мiндеттi қосымша болып табылады.
Сараптамалық қорытындылар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
4. Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келiскен кезде нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына тиiстi өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгiзедi.
Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келiспеу себептерiнің негіздемесі бар жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн оның жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері бар сараптамалық қорытынды ұсынған және сарапшылық кеңестің мүшесі сарапшылық кеңестің отырысын өткізуді талап еткен жағдайларда, осындай отырыстың өткізілуі міндетті болып табылады.
Бұл ретте сарапшылық кеңестің отырыстары сарапшылық кеңес мүшелерін тікелей шақыру арқылы не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы өткізілуі мүмкін.
5. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектісіне қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін талаптарға байланысты жүзеге асыруға дайындалу үшін қажетті мерзімдер негізге алына отырып белгіленуге тиіс.
Нормативтік құқықтық актілердің қолданысқа енгізілу тәртібі мен мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектілеріне залал келтірмеуге тиіс.
6. Осы бапта көзделген рәсiмдер жеке кәсiпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлерді қабылдаудың мiндеттi шарттары болып табылады.
7. Жеке кәсiпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердің жобалары тиiстi органда немесе сарапшылық кеңестiң отырысында қаралғанға дейiн олар, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi түрде жариялануға (таратылуға) жатады.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 130-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Date: 2015-10-19; view: 364; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию