Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кіріспе





ПІКІР

Студент___________________________________________Тобы____________

Жұмыстың тақырыбы ______________________________________________

Жұмыстың берілген тапсырмаға сәйкестігі ___________________________ __________________________________________________________________

Кемшіліктері___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Курстық жұмысты тексеру күні _______________________________________

Болжамды бағасы __________________________________________________

Қорғау күні ________________________________________________________

Қорғағаннан кейінгі бағасы __________________________________________

 

Жетекшінің қолы

 

 

Жоспар:

I. Кіріспе

 

II. Негізгі бөлім

 

1. Ауыл шаруашылық құрылымның індеттік жағдайы жөніндегі кесім.

1.1. Тексерілетін пункттің жалпы сипаттамасы;

1.2. Ветеринарлық – санитарлық жағдайы;

1.3. Індеттік жағдайдың сипаттамасы;

1.4. Індетке қарсы және дауалау шараларының сипаттамасы;

1.5. Індеттанулық талдау кесімнің қорытындысы.

 

2. Ірі қара малдың лептоспирозына қарсы профилактикалық шаралар жоспары.

3. Профилактикалық шаралар жоспарына түсініктеме хат

 

III. Қорытынды

 

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

V. Тіркеме

 

Кіріспе

Лептоспироз (Leptospirosis)-дүние жүзіне кеңінен таралған,үй және жабайы жануарларының көптеген түрлері мен адамдардың зооантропонозды,табиғи-ошықты инфекциялық ауру.

Бұл ауру туралы алғашқы мәліметтер бұдан бір ғасырдан аса уақыт бұрын,Германияда жарық көрген,көп ұзамай Ресей зертеушілері оны жеке ауру түрінде сипаттам жазған.Ал,ауру қоздырушысын тек 1914 жылы жапон ғалымдары жеке бөліп алып,микроорганизмнің өзіндік ерекшеліктерін анықтап,Leptospira деген атпен(грек.-жіңішке ирелең) спирохет туыстығына жатқызылады.Кейіннен табиғи жағдайда лептоспирозға үй және жабайы жануарлардың көптеген түрлерінің,оның ішінде ауыл шаруашылығы түліктерінің түгел дерлік (қой,ешкі,сиыр,жылқы, шошқа,үй қояны) бейім екендігіне көз жеткізілген.

Ауру қоздырушысы-Spirochetalis қатарының,Leptospiraceae тұқымдасы,Leptospira туыстығына жатады. Leptospira туыстығына екі түр енеді,зардапты –L.Interogans және сапрофит –L.biflexa.Зардапты лептоспиралар-иесінің ағзасында тіршілік етіп,көбейеді.Иесінің қан құрамындағы ақуыз және басқа да заттармен қоректенеді.Зардапты лептоспиралар 202 серовардан және біріктірілген 23 серотоптан тұрады.Сапрофитті лептоспиралар (зардапсыз)-жануарлар ағзасы үшін қауіпсіз микроорганизмдер.Сапрофитті лептоспиралар 63 серовардан және 38 серологиялық топтан құралған.

Аталған көптеген лептоспира серотиптері өздігінен немесе аралас індет ретінде жануарларда лептоспироз ауруын тудыруы мүмкін.Лептоспираның бір серотипінен ауырып жазылған жануарлар тек осы серотипке иммунитет түзеді,ал лептоспираның басқа серотиптерінең қайта лептоспироз ауруын жұқтыра алады.Бұл жағдай лептоспирозды арнайы алдын алу шараларын ұйымдастыруда қиыншылықтарға соқтырады.

Сонымен қатар,сапрофитті лептоспиралар кез келге уақытта патогенді түрге айналып қоздыруы мүмкін.

Жануарлар мен адамдар лептоспироз қоздырушыларының серотиптері көп болғанымен,олардың морфологиялық қасиеттерінде өзгешелік байқалмайды.Оларды бір-бірінен тек антигендік,иммнобиологиялық және патогендік қасиеттері бойынша ажыратып алуға болады.

Ауру қоздырушысы-ұшы ілмек сияқты иіліп келген, өте нәзік спираль тәрізді,күміс-ақ түсті,белсенді қозғалатын таяқшалар немесе ілмек тәрізді бүгілген спирохеталар.Микроорганизмді оның құрылымына байланысты «лепто»-жіңішке, «спира»-ілмек,деп атады.Лептоспиралардың орташа ұзындығы 6-20мкм,ені 0,1-0,6мкм.Ұзындығына қарай спираль иректерінің саны 20-ға дейін жетеді.Ұзақ уақыт in vitro өсірген кезде кейбір клеткалардың ұзындығы орташа ұзындықтан 2-3 есе асып кетуі мүмкін.Керісінше патологиялық материалда лептоспиралар, клеткалары өсіндіге қарағанда анағұрлым қысқа болып келеді.Лептоспиралар- грамтеріс микробрат,олар сыртқы қабықшадан,осьтік жіпшеден және цитоплазматикалық цилинрден тұрады.Лептоспиралар қажетті мөлшерге өсіп жеткеннен соң екіге бөліну арқылы көбейеді.

Лептоспиралар-аэробтар.Оларды қоянның және қойдың қан сарысуы қосылған сұйық,орташа сұйық,қатты орталарды өсіріледі.Лептоспираларды өсірудің оптималды температурасы 38-40 градусста өсіреді.Лептоспирлар бөліну арқылы көбейеді.Көптеген өсінділер патологиялық материалдан себінді жасалғаннан кейін бірінші айда өседі,кейбір жағдайда 2-3 немесе 6 айда байқалады.Лептоспира өсінділерін қатты қоректік ортада сақтағанда олардың уыттылғы төмендейді.

Қазіргі уақытта лептоспирозға қатысты баспа бетінде жариялымдардың көп болуы,бұл аурудың дүние жүзінде кеңінен таралғанын көрсетеді.Індеттің формасына және зақымдалған жануар түріне қарамастан ауру жануарлардың қанында алғашқы 5-7 күндері спецификалық антиденелер,10-20 күннен кейін 1-2 жылға дейін көп жағдайда жануарлар лептоспира алып жүрушілер болып саналады.Лептоспира қоздырушыларын бөлетін қауіпті үй жануарларынан шошқалар,қойлар және ірі қара мал,жабайы жануарларда-барлық тышқан тектес кеміргіштер және егеуқұйрықтар.Лептоспиралар көбінесе несеп арқылы бөлінеді.Су қоймаларына түскен лептоспиралар өсіп,көбейіп қана қоймай патогенді қасиетін сақтап қалады.Лептоспиралар күннің жарығына және жоғары температурға сезімтал,кептіргенде лезде бірден өледі.Тұщы суларда өміршеңдігі бірнеше сағаттан 30 күнге дейін,таза суда ұзақ уақыт сақталады.Дезинфектанттарға өте сезімтал келеді.Сонымен қатар лептоспиралардың сүт арқылы,жыныстық жолмен,кенелер шаққанда жұғатыны дәлелдеген.Етқоректі жануарлар лептоспироз тасымалдаушы жануарлар етін жеу барысында жұқтырады.Буаздықтың екінші жартысында жатыр ішілік төлді зақымдайды.Лептоспироз дүние жүзінің барлық континенттеріне,әсіресе тропикалық елдерде кеңінен таралған.

 

 

Date: 2015-10-19; view: 795; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию