Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






азақстанның жалпы білім беретін мектептеріне этнопедагогиканы еңгізу жағдайы





Мектептегi тәрбие жұмысының бiр саласы – оқушылар ұйымдарында ұлттық тәлiм-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысында көптеген жұмыстар атқарылуда. Мектептегi бiлiм жүйесiнiң ұлттық моделiн жасауда Ә.Садуақасовтың “Дәстүр ” бағдарламасының (Алматы,1992) педагогикалық маңызын да айтпай кетуге болмайды. Автордың негiзгi ойы қазақ этнопедагогикасы негiзiнде ұлттық мектептiң iргетасын қалау, оқу мен ұлттық тәрбиенi ұштастыра отырып “Ауыл академиясының” негiзiн қалау еді. Жазушы Зейнеп Ахметованың “Кәусар бұлақ” бағдарламасы (1992) халық педагогикасындағы қыз балалар тәрбиесiне арналған.

1990 жылдары жазылған “Қазақтың салт-дәстүрлерi” (С.Қалиев, М.Ж.Смайылова, М.Оразаев), “Қазақ тәлiм-тәрбие тарихы” (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев), “Әдеп әлiппесi” (Ә.Табылдиев) және басқа оқулықтар бiрiншiден, оқушыларға ұлттық тәрбие беруде ұстаз-тәлiмгерлер бiлiмдерiн жетiлдiру және дайындауға; екiншiден мектептегi тәрбие жұмыстарына ұлттық тәлiм-тәрбие құндылықтарын ендiру мен пайдалану iстерiне бағытталған.

1992 жылы профессор Е.А.Дмитриенко мен Д.Шайменованың “Жұлдыз” атты бағдарламасы жасалды. Бағдарламаның басты мақсаты дағдарысқа ұшыраған Қазақстан пионер ұйымын сақтап қалу және ұйым жұмысын тәуелсiздiк алған Қазақстан мемлекетiнiң ерекшелiктерiне сай құру болды. Қазiргi таңда ұйым – республикалық “Жұлдыз” оқушылар мен балалар ұйымдары одағы деп аталады.

1995 жылы “Болашақ” оқушылар ұйымының жобасы (C.Қалиев, С.Иманбаева) жасалып, көпшiлiктiң талқысына ұсынылды.

Қазақстанда мемлекеттiк тiркеуден өткен саяси партиялардың жастар iсi жөнiндегi бөлiмдерiнiң жанынан балалар мен жасөспiрiмдер ұйымдарын құру мәселелерi қарастырылуда. Павлодар, Қарағанды облыстарында “Қазақстан скауттары” атты балалар мен жастардың ұйымдары жұмыс iстеуде.

Оқушылар ұйымдарының мәртебесiн көтеруде, ондағы ұжым мүшелерiнiң танымдық-шығармашылық қабiлеттерiнiң дамуы мен игiлiктенуiне, балалардың техникалық, интеллектуалдық, өнер қасиеттерiнiң ашылуына мүмкiндiк туғызатын –“ Атамекен” арнайы ғылыми-педагогикалық бағдарламасы

Бағдарлама 1985 жылдан бері қарай алдымен ауыл мектептерінде, бертін келе республика мектептеріндегі оқушылар ұйымындағы тәрбие жұмыстарына енгізіліп келеді. Мектеп практикасына бағдарламаны ендіру – негізінен ұстаз-педагогтардың ақыл-кеңесі мен мектепішілік ұйым орда Кеңесі шешімдері арқылы жүзеге асырылады.

Осы уақытқа дейін Бағдарламаның 41 Бағыты оқушылардың жас ерекшелiктерiне байланысты мынадай ретпен құрылған болатын:

1. Бiрiншi сынып оқушыларына арналған Бағыттар:

1.1. Салт-Дәстүр Бағыты

1.2. Ана тiлi Бағыты

2. Екiншi сынып оқушыларына арналған Бағыттар:

2.1. Көкпар Бағыты

2.2. Төрт түлiк Бағыты

2.3. Бейнелер сыры Бағыты

3. Үшiншi сынып оқушыларына арналған Бағыттар:

3.1. Қайырымдылық Бағыты

3.2. Сәби бағыты

3.3. Ас бағыты

4. Төртiншi сынып оқушыларына арналған Бағыттар:

4.1. Ата-ана Бағыты

4.2. Шаһар Бағыты

4.3. Зергер бағыты

5. Бесiншi сынып оқушыларына арналған Бағыттар:

5.1. Шежiре Бағыты

5.2. Алыстағы бауырлар Бағыты

5.3. Бабалар өсиетi Бағыты

5.4. Сөнбес жұлдыздар Бағыты

6. Алтыншы сынып оқушыларына арналған Бағыттар:

6.1. Заман-ай – Экология Бағыты

6.2. Дулыға Бағыты

6.3. Наурыз Бағыты

6.4. Жiбек жолы Бағыты

7. Жетiншi сынып оқушыларына арналған Бағыттар:

7.1. Қазақ Елi Бағыты

7.2. Жас қыран бағыты

7.3. Ою-өрнек Бағыты

7.4. Құсбегi Бағыты

8. Сегiзiншi сынып оқушыларына арналған Бағыттар:

8.1. Достық Бағыты

8.2. Домбыра-дастан Бағыты

8.3. Тұран күнтiзбегi Бағыты

8.4. Толғау Бағыты

9. Тоғызыншы сынып оқушыларына арналған Бағыттар:

9.1. Жақсылық пен жамандық Бағыты

9.2. Шариғат-Құран Бағыты

9.3. Ардагер Бағыты

9.4. Қыз бен жiгiт Бағыты

10. Оныншы сынып оқушыларына арналған Бағыттар:

10.1. Тәңiр-нама Бағыты

10.2. Атамекен қоғамы һәм медресесi Бағыты

10.3. Асыл мұра Бағыты

10.4. Қасиет Бағыты

11. Он бiрiншi сынып оқушыларына арналған Бағыттар:

11.1. Әлем дiндерi тарихнамасы Бағыты

11.2. Неопедагогика һәм неопсихология Бағыты

11.3. Сауда-Экономика Бағыты

11.4. Ғұмыр мен ғалам Бағыты

11.5. Зерде Бағыты

Енді Бағдарлама бағыттарын интеграциялау негізінде оның моделі мынадай жүйе бойынша сипатталды:

1. Мәдениеттану Бағыты (Салт-Дәстүр, Шежіре Бағыттары)

2. Өркениет тарихнамасы Бағыты (Жібек жолы, Ардагер Бағыттары)

3. Сөнбес жұлдыздар Бағыты

4. Руханият Бағыты (Асыл мұра, Бейнелер сыры Бағыттары)

5. Ұлттық өнер Бағыты (Домбыра-дастан, Зергер Бағыттары)

6. Наурыз Бағыты

7. Атакәсіп Бағыты (Төрт түлік, Құсбегі Бағыттары)

8. Ұлттық ойындар (Көкпар, Жас қыран Бағыттары)

9. Бабалар өсиеті Бағыты (Зерде Бағыты)

10. Этноэтика Бағыты (Ас, Қыз бен жігіт Бағыттары)

11. Жер-Ана Бағыты (Заман-ай, Экология Бағыттары)

12. Этностар әлемі Бағыты (Достық, Алыстағы бауырлар Бағыттары)

13. Ата-ана Бағыты (Тұран-Түркістан Бағыты)

14. Қайырымдылық Бағыты (Сәби Бағыты)

15. Этноэкономика Бағыты (Сауда Бағыты)

16. Этноастрология Бағыты (Тұран күнтізбегі, Қасиет Бағыттары)

17. Ұлттық дүниетаным Бағыты (Жақсылық пен жамандық, Ғұмыр мен ғалам Бағыттары)

18. Дін тарихы Бағыты (Шариғат-Құран, Тәңір-нама, Әлем діндері Бағыттары)

19. Қазақ елі Бағыты (Атамекен қоғамы және медресесі Бағыты)

20. ХХІ ғасыр Бағыты

 

 

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 8.16, 17, 19, 20, 21, 22, 26.

Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 8.

Date: 2015-10-18; view: 1345; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию