Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Алматы,2007 г





АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 

 

С.5. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КВАЛИФИКАЦИАЛЫҚ СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

Терапиялық стоматологиядан

Аударғандар; доц. Мезгилбаева Д.М.

Бакбаев Б.Б.

Мангытаева Б.Б.

 

 

Алматы,2007 г

 

 

Терапевтік стоматология. Ситуациялық есептер №1-201.

 

Есеп№1 Жасы 46-дағы ер адам 26 тісігің өзінен-өзі қатты ауыратынына және ауырудың самайға таралатынына әртүрлі әсерлерден ауыру сезімі қайта болып, ұзақ сақталатынына шағымданады.Тіс бұдан бұрын өз-өзінен ауық-ауық ауырып тұрған.

Қарап тексергенде – сауыт қуысы ашық, сүңгілеп байқағанда ауырады. Диагнозын нақтылаңыз;

1. ұлпаның толық жедел қабынуы

2. ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

3. ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

4. ұлпаның жедел іріңді қабынуы

 

Есеп№2 Жасы 46-дағы ер адам 46 тісінің өз-өзінен қатты қозып-қозып ауыратынына, түнде күшейіп құлағына таралатынына шағымданады. Тісте терең тісжегі қуысы бар, сауыт қуысымен байланыспайды, сүңгілеп байқағанда табаны қатты ауырады. Тістің электрқозғыштығы45 мк1. Диагнозын нақтылаңыз;

1. ұлпаның созылмалы жай қабынуы

2. ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

3. ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

4. ұлпаның толық жедел қабынуы

5. ұлпаның жартылай жедел қабынуы

 

Есеп№3. Жасы 29-ғы әйел 36 тісінің ас қабылдағанда ауыратынына шағымданады. Тісінде терең тісжегі қуысы бар, сауыт қуысы ашық, ашылған ұлпа мүйізшесін сүңгілеп байқағанда ауырады және қанайды. Диагноз қойыңыз:

1. ұлпаның созылмалы ЖАЙ қабынуының өршуі

2. ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

3. ұлпаның жартылай жедел қабынуы

4. ұлпаның созылмалы ЖАЙ қабынуы

5. ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

 

Есеп№4 Жасы 20-дағы ер адамға 35 тісінде ұлпаның жартылай жедел қабынуы деген диагноз қойылды. Дені сау, тісжегі қуысы тістің мойын бөлігінде орналасқан. Оңтайлы емдеу әдісін таңдаңыз.

1. консервативтік әдіс,

2. витальді экспирпациялау әдісі

3. девитальды ампутациялау

4. барлық аталған әдістер

 

Есеп№5. Жасы 16-дағы қызбалаға 36 тісінде ұлпаның созылмалы жай қабынуы деген диагноз

қойылды. Тістің электрқозғыштығы 35мк1. Тісжегі қуысы тістің мойын бөлігінде орналасқан. Емделушінің бойында ешқандай ауруы жоқ, Тиімді емдеу әдісін таңдаңыз:

1. витальді экспирпациялау әдісі

2. девитальды аралас әдіс

3.. девитальды ампутациялау әдіс

4.виталды экстирпациялау әдісі

5. консевативтік әдіс

 

Есеп№6. Шағымы: дымкәстік, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, қызылиегінің қатты ауыруы, қанағыштығы, аузынан нашар иістің шығуы. Көргенде қатты қызырып, ісінген қызылиектің бүртіктерінің ұштары өліеттеніп, кір-сұр түсті қақпен жабылған. Тістер бетінде көп мөлшерде жұмсақ және қатты шөгінділері бар, сілекейі қою, созылған, аузынан нашар иіс шығады. Қанын тексергенде-лейкоцитоз, эритроциттердің шөгу жылдамдығы жоғарылаған (25мм/сағ.). Альвеола өсіндісінің рентгенсуретінде сүйек тінінде өзгеріс жоқ. Диагнозын нақтылаңыз.

1. қызылиектің жедел катаралды қабынуы

2. қызылиектің созылмалы катаралды қабынуы

3. қызылиектің созылмалы катаралды қабынуының өршуі

4. қызылиектің жаралана қабынуы

 

Есеп№7.Шағымы; қызылиегінің сыздап, кернеп ауыратындығы, тістерін таөалағанда, ас қабылдағанда қанайтыны. Анамнезінде бір жал бұрын қызылиегіне ем жүргізілген. Қарап тексергенде; қызылиегі жаппай көкшкл түстенген, қызарған және қаты ісінген аумақтар бар, сүңгімен тиіп кетсе қатты қанайды. Пародонталды қалталар жоқ. Сүйек тінінде де өзгеріс анықталмайды. Диагнозын нақтылаңыз;

1. қызылиектің жаралана қабынуы

2. қызылиектің жайыла өсе қабынуы

3. қызылиектің созылмалы катаралды қабынуы

4. қызылиектің созылмалы катаралды қабынуының өршуі

5. қызылиектің жедел катаралды қабынуы.

 

Есеп№8. Шағымы; Қызылиегінің ауық-ауық қанайтындығы. Қарап тексергенде; қызылиек бүртіктері және қызылиек жиегі қызыл-көкшіл түсті, пастозданған. Пародонталдық қалталар жоқ. Рентгенсуретте сүйек тінінде өзгеріс жоқ. Диагнозын нақтылаңыз;

1. қызылиектің жаралана қабынуы

2. қызылиектің жайыла өсе қабынуы

3. қызылиектің созылмалы катаралды қабынуы

4. қызылиектің созылмалы катаралды қабынуының өршуі

5. қызылиектің жедел катаралды қабынуы.

 

Есеп№9. Төмендегі клиникалық белгілер қандай ауруға тән; Шағымы; қызылиегінің тістерін тазалағанда, ас қабылдағанда қанайтындығы және қызылиегінің түсінің және пішінінің өзгергендігі. Қарап тексергенде; қызылиегі қызыл-қошқыл түсті, бүртіктері тіс сауыты ұзындығының 1/3 дейін жауып тұр, қызылиек жиегі қалыңдаған, сүңгі тиіп кетсе оңай және ұзақ қанайды. Рентгенсуретте сүйек тінінде өзгеріс жоқ. Диагнозын нақтылаңыз;

1. қызылиектің жаралана қабынуы

2. қызылиектің шектелген жедел катаралды қабынуы

3. қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

4. қызылиектің жайыла жедел катаралды қабынуы.

 

Есеп№10. Жасы 56-дағы әйел адам. Тістерінің арасында саңылау пайда болғанына, тістерінің қозғалмалылығына, қызылиек аймағындағы біртүрлі ыңғайсыздық сезімге., қызылиегінің қанғыштығына шағымданады. Қарап тексергенде; тістерде көп мөлшерде тіс шөгінділері бар, қызылиегі көкшіл-қызыл түсті, сүңгі тиіп кетсе оңай қанайды. Қызылиек бүртіктері кейбір тістер аймағында семген, біраз тістердің түбірлері 1/3 - 1/ 2 ұзындығына жалаңаштанған, кейбір тістердің қозғалмалылығы 1-2 дәрежелі. Пародонт қалталарының тереңдігі 5 мм.. Бұл белгілер қандай ауруға тән;

1. пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, ауыр дәрежесі

2. пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесі

3. қызылиектің созылмалы өсе қабынуының өршуі

4. қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

5. пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, орта дәрежесі

 

Есеп№11. Емделуші адам қызылиегінің сыздап және солқылдап ауыратынына, тістерін тазалағанда қанағыштығының күшейе түсетініне, аузынан нашар иіс шығатынына шағымданады. Қарап тексепгенде; қызылиеек жиегі және бүртіктері қатты қызарып, ісінген, консистенциясы борпылдақ, сүңгі тиіп кетсе қатты қанайды. Кейбір тістердің төңірегінде тереңдігі 3 мм пародонталдық қалталар бар, іштерінде іріңді жалқық жиналған. Тістер беттеріне қатты шөгінділер жиналған. Бұл көрніс қандай ауруға тән;

1. пародонттың созылмалы жайыла қабынуының өршуі, орта дәрежесі

2. қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

3. қызылиектің созылмалы катаралды қабынуының өршуі

4. пародонттың созылмалы жайыла қабынуының өршуі, жеңіл түрі.

 

Есеп№12. Төмендегі клиникалық көрніс қандай ауруға тән; Емделуші адам қызылиегінің ауық-ауық тістерін тазалаған кезде қанайтындығына шағымданады. Қарап тексергенде; жоғарғы алдыңғы және үлкен азу тістер аймағында қызылиек бүртіктері мен жиегі көкшіл-қызыл түстенген және аздап домбыққан, беті теп-тегіс және жылтырлау. Альвеола өсіндісінің рентгенсуретінде тісаралық қалқан сүйек ұштарындағы тығыз сүйек қабаты сорылған, кемік сүйекте остеопароздану (кеуектену) белгілері байқалады:

1. қызылиектің шектелген катаралды қабынуы

2. пародонттың созылмалы жайыла қабынуының өршуі.

3. пародонтоз,жеңіл дәрежесі

4. пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесі

5. қызылиектің созылмалы катаралды қабынуы

 

Есеп№13. Жасы 27-дегі ер адам езуінде ұзақ жазылмайтын тілік мазалайтынына шағымданады. Шылымды көп шегеді. Қарап тексергенде: сол жақ езуінде көп ауыра қоймайтын тілік бар, табаны шеміршек тәрізді қаттылау. Екі ұртының кілегейлі қабығы беттерінде домалақ пішінді, диаметрі 0,7-1,0см. беті ылғалданған, төңірегінен көтеріңкі орналасқан, ақшыл-сұр түсті түйіншектер (папулалар) орналасқан, консистенциясы қаттылау. Диагнозын нақтылаңыз;

1. стрептококктық езу тіліктері

2. Таппейнер лейкоплакиясы.

3. Қызыл жалпақ теміреткі

4. кандидоздық езу тілігі (кандидоздық ауыздық)

 

Есеп№14. Жасы 69-дағы ер адам төменгі ернінде ұзақ жазылмайтын жара бар екеніне шағымданады. Ертеректе бұл жара төменгі еріннің басқа аймағында пайда болып жазылған. Қарап тексергенде; төменгі ерін жиегінің жабынды эпителий қабаты жұқарған, құрғақ, оң жақ езуге жақын және орта бөлігінде белгілі пішінсіз екі эрозия ошағы анықталды, біреуінің ені -7мм, екіншісінікі 6мм. Сипап байқағанда аздап ауырады,, аздап қанайды, табаны жұмсақ. Диагнозын нақтылайды;

1. лейкоплакия, эрозиялы-жаралы.

2. еріннің обыралды абразивті қабынуы немесе Манганотти хейлиті

3. еріннің актиндік қабынуы

4. қызыл жалпақ теміреткі, эрозиялы-жаралы түрі

5. қызыл жегі

Есеп№15. Жасы 40 шамасындағы әйел тілінің ауыратынына, сөйлегенде және ас қабылдағанда ауыруының күшейе түсетініне шағымданады. Қарап тексергенде; тілдің үстінде ені 1,0см шамасында жиектері су шайған жағаға ұқсас жара анықталды, табаны тегіс емес, түйіршектенген және сорғыш түсті қақпен жабылған. Аймақтың лимфа түйіндері ұлғайған, сипағанда ауырады. болжамды диагноз қойыңыз;

1. беріштенген шанкр

2. обыр жарасы

3. туберкулез жарасы.

4. трофикалық жарасы.

5. декубиталдық жара

Есеп№16. Жасы 20 –дағы науқас төменгі ернінің құрғап, түлейтініне шағымданады, Қарап тексергенде; төменгі ернінің кілегейлі қабатында Клейн белдеуіне жақын ұсақ сілекей бездерінің шығарушы түтіктерінің ауыздары кеңейген, біраз тосып байқағанда олардан бөлінген сұйық тамшыларға айналып жылтырайды. (таңғы шық симптомы)

Ағашқы диагнозын қойыңыз;

1. еріннің жанаспалы аллергиялық қабынуы

2. еріннің экземтозды қабынуы

3. еріннің іріңді гландулярлы қабынуы.

4.еріннің жапырақтана гландулярлы қабынуы

5. еріннің қарапайым гландулярлы қабынуы

 

Есеп№17.Жасы 27-дегі ер адам сол жақ езуінде ұзақ жазылмайтын тілік бар екендігіне шағымданады. Шылымды көп шегеді. Қарап тексергенде: сол жақ езуінде аздап суланған тілік анықталды, сипап тексергенде ауырмайды, табаны қаттылау. Екі жақ ұртының кілегейлі қабығында ені 0,5-0,7см топтаса орналасқан папулалар анықталды, беттері ылғалданып көтеріле бастаған ақшыл-сұр түсті қақпен жабылған. тілдің үстінде де папулалар орналасқан және жіп тәрізді бүртіктер семіп, ойдыойдым шабылған шабындық бетін еске түсіретін аймақтар («симптом скошенного луга»). Алдыңғы таңдай имегінің кілегейлі қабығы ашақ-қызыл түстенген. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған. Диагнозын нақтылаңыз;

1. стрептококктық езу тілігі

2. Таппейнер лейкоплакиясы.

3. Қызыл жалпақ теміреткі

4. кандидоздық езу тілігі (кандидоздық ауыздық)

5. екіншілік мерез.

 

Есеп№18. Жасы 40-тағы әйел адам тілінің ауыратынына, сөйлегенде, с қабылдағанда ауыру сезімінің күшеиетіндігіне шағымданып келді. Сұрастыра келгенде, соңғы жарты жылда бойын әлсіздік билегенін, жиі терлейтінінің, аздап дене қызуы көтерілетінін, салмағын жоғалтып, арықтай бастағанын айтады. Қарап тексергенде; тілінің үстінде аса терең емес, жиегі су шайқаған жарға ұқсас, табаны тегіс емес түйіршектелген, беті сарғыш түсті қақпен жабылған, аумағы 0,7-1,2см жара анықталады. Консистенциясы жұмсақ, сипағанда қатты ауырады. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, сипағанда ауырады. Бұл көрніс қандай ауруға тән;

1. мерез жарасы

2. обыр жарасы

3. туберкулез жарасы.

4.трофикалық жара

5. декубиталдық (ойылған) жара

 

Есеп№19. Тісі ауыррып келген науқастың 36 тісін емдеу үшін ультракайнның ертіндісімен мандибулярлық жансыздандыру жасалынды. Инъекция жасағаннан 2-3 минөт өткенде

науқас өзін жаман сезіне бастады. Алғашында тері түсі қызарып, кейіннен бозара бастады, дауысы шықпай қалды, демалуы қиындап, тамыр соғысы жиілеп жіп тәріздес болды, көз қарашықтары кеңейді, есінен айырылған жоқ. Сіздің алғашқы диагнозыңыз қандай;

1. есінен тану (обморок)

2. коллапс (жедел тамыр жетіспеушілігі)

3. анафилаксиялық шок

4. аурудан болған шоқ

5. стенокардия ұстамасы.

 

Есеп№20. Жасы ұлғайған әйел 26 тіс ұлпасының созылмалы фиброзды қабынуымен емделіп жүр. Дәрігер-стоматолог уақытша пломбаны алған кезде дәрігерден емдеуді тоқтатуын өтінді. Дене жағдайын амалсыздан өзгертіп, алға еңкейді. Демалуы қиындап шулы бола бастады. Сіздің болжымды диагнзыңыз;

1. есінен тану (обморок

2. демікпенің ұстамасы (присуп бронхиальный астмы)

3. стенокардия ұстамасы. (приступ стенлкардии)

4. миокард инфаркті

5. анафилаксиялық еспен тану

 

Есеп№21. Жасы 20-дағы жігіт тісі қатты ауырып стоматологқа келген. Дәрігер тісіндегіқуысты егеп-тазалау үшін бормашинаны іске қосты. Сол кезде жігіттің өңі бозарып, құлақтары бозғылт түстенді, мұрны қусырылып. мұрын-ерін ұшбұрышы аймақтары да бозғылттанды. Екі-үш минөттен кейін науқас есінен айырывлды. Тамыр соғысы әлсіз, реттілігі сақталған. Болжамды диагнозыңыз қандай:

1. стенокардия ұстамасы. (приступ стенлкардии)

2. коллапс (жедел тамыр жетіспеушілігі

3. есінен тану (обморок

4. қатты ауырудан болған естен тану

5. миокард инфаркт

 

Есеп№22. Жасы 18 –дегі қыз бала тісін емдетуге келгенде, бормәшинеден қорқатынын айтты. Орта тісжегі бар тісті егеп-тазалай бастағанда қыз дәрігерді итеріп жіберіп, көзін алартып дәрігердің сұрақтарына жауап бермеді. Тері түсі өзгерген жоқ, дем алуы жиіледі, тамыр соғысы жиі, толығуы қанағаттанарлық. Диагноз қойыңыз.

1. стенокардия ұстамасы. (приступ стенлкардии

2. миокард инфаркті

3. демікпенің ұстамасы

4. анафилаксиялық шок

5. истерия (есірік)

 

Есеп№23. Науқас адам ауыз кілегей қабығының біртүрлі өзгеріске ұшырағанына шағымданады. Қарап тексергенде: аздап қызаып ісінген екі ұртының кілегейлі қабық бетінде ұсақ түйіншектер (папулалар) ақ-сұр түсті әртүрлі өрнек жасап (доғаға, бұтаға, сақинаға ұқсас) орналасқан, төңірегіндегі тіндерден азғана биіктеу. Диагноз қойыңыз:

1. қызыл жалпақ теміреткі, жалқықтана-қызарған түрі

2. лейкоплакия, жазық түрі

3. қызыл жалпақ теміреткі, гиперкератозды түрі

4. қызыл жегі

5. созылмалы гиперпластикалы ауыз кандидозы.

 

Есеп№24. Жасы 42. дегі ер адам, мамандығы геолог, дәрігерге көрінуге келгендегі шағымы: еріндерінің құрғақтығы, күиіп-қызып және түлеп мазалайтындығы. Қарап тексергенде еріндердің кілегей қабығы аздап қызарған, еріндер жиегі де қызарып құрғаған, беттері ұсақ қабыршықтармен жабылған, ұсақ тіліктер де кездеседі. Сіздің дииагнозыңыз қандай;

1. еріннің экземалы қабынуы

2. еріннің ауа-райы әсерінен қабынуы

3. еріннің түлей қабынуы, жалқықты түрі

4.еріннің қарапайым гландулярлы қабынуы

5. еріннің жанаспалы аллергиялық қабынуы

 

Есеп№25. Жасы 55-тегі ер адам таңдайына томпайған бөрткен шығып, ас қабылдауға кедергі жасайтынына шағымданады. Қарап тексергенде – қатты тңдайда шарға ұқсас ені 0,8см. іші қанға толы сулы бөрткен (пузырь-күлбіреуік) бар, басып байқағанда оңай жарылып, эрозия ошағы пайда болды. Никольский симптомы теріс. Бұл қандай синдром және қандай ауруға тән;

1. ауыздың қайталамалы афтозды қабыну

2. тұрпайы күлбіреуік

3. созылмалы лейкоз

4. гипертония ауруы (жоғарғы қан қысымы)

5.көптүрлі жалқықтана қызару.

 

Есеп№26. Жасы 60-тағы әйел адам стоматологқа көрінуге келгенде тілінің шаншып-шаншып және қызыл бұрыш сепкендей күйіп ауыратынына шағымданды. Бұл сезімдер ас қабылдағанда басылады, ал түнге қарай күшейеді. Қарап көргенде, ауыз кілегейлі қабаты бозғылт-қызғылт түсті, жақсы ылғалданған. тілінің үсті аздап өңезденген, жіп тәрізді бүртіктері кему нәтижесінде төмендеген. Сіздің алғашқы диагнозыңыз қандай;

1. тілдің түлей қабынуы

2. В тобындағы витаминдер жетіспеушілігі

3. жазық лейкоплакия

4. глоссалгия

5. ауыздың созылмалы гиперпластикалы кандидозы.

 

Есеп№27. Жасы 60-тағы емделуші стоматологқа тістеріне протез қою алдында ауыз ішін сауықтыру мақсатында келді. Сұрастыра келгенде 7 жылдан бері қант диабетімен (сусамырмен) сырқат екені анықталды. Қарап тексергенде, оң жақ азу тістер сырты аймағындағы кілегейлі қабықта аумағы 1,5-0,9см. тереңдеу ойық жара (язва) анықталды, жиектері тегіс емес, беті ақшыл-сұр түсті өліетті қақпен жабылған, төңірегінде айқын қабыну реакциясы байқалмайды, сипап байқағанда шамалы ауру сезімі бар, сілекейі қою. Ауыз кілегейлі қабығы бозғылттауа, аузынан нашар иіс шығады. диагноз қойыңыз;

1. мерез жарасы

2. ауыз кілегейлі қабығының өліеттеніп-жаралана қабынуы (Венсан стоматиті)

3. обыр жарасы

4. трофикалық жара

5. декубиталдық жара (ойылу жарасы)

 

Есеп№28. Науқасқа «Ернінің қарапайым гландулярлы қабынуы» деген диагноз қойылды. бұл ауруға қандай симптом тән;

1. «көбелек» симтомы

2. «сүңгі» симптомы

3. «алма желесі» симптомы

4. «таңғы шық» симптомы

 

Есеп№29. Жасы 35-тегі әйел еріндерінің ұлғайып, крнеуіне, бетінің домбығуына шағымданады. Емделушінің қызылиегінен тіс шөгінділерін алып, пародонталдық қалталарды жуып-шайғаннан кейін «метрогил Дента-»-дан бастырма (аппликат) қойылған. Қарап көргенде: екі ерні домбығу нәтижесінде қалыңдаған. Сіздің дииагнозыңыз қандай;

1. макрохейлит

2. ангионеврозды Квинке домбықпасы.

3. гематом1.

4. еріннің жапырақтана қабынуы

5. Мелькерсон-розенталь синдромы.

 

Есеп№30. Жасы 22-дегі емделуші тісінің ыстықтан және суықтан қатты ауырып тез басылатынына шағымданады. Қарап көргенде 37 тісінің артқы бетінде терең тісжегі қуысы бар, іші жұмсарған дентинге толы. Сүңгілеп көргенде табаны аздап ауырады, қағып тексергенде ауырмайды. Суыққа тез басылатын ауыру сезімі бар. қандай диагноз қоясыз;

1. орта тісжегі

2. терең тісжегі (жедел дамыған)

3.баяу дамыған терең тісжегі

4. ұлпаның жартылай жедел қабынуы

5. периодонттың созылмалы қабынуы.

 

Есеп№31. Жасы 30-дағы ер адам тісінің температуралық тітіркендіргіштерден және ас шайнағанда ауыратынына шағымданады. Қарап тексергенде; 37тістің шайнау бетінде ұлпа маңындағы дентин деңгейінде тісжегі қуысы бар, сүңгілеп байқағанда табаны аздап ауырады, қағып тексергенде ауыру сезімі жоқ. Диагнозын нақтылау үшін қандай қосалқы тексеру әдісін қолдануға болады;

1. қарап тексеру

2. қағып тексеру

3. кіреукені тікелей бояу әдісі

4. тістің электр қозғыштығын анықтау

5. сипап тексеру

 

Есеп№32. Жасы 18-дегі жігіт дәрігер-стоматологқа көрінуге келді. Қарап тексергенде 22 тістің мойын бөлігінде ерінжақ бетінде ақ бор түсті дақ анықталды, сүңгілеп байқағанда беті аздап кедір-бұдырлау, бірақ сүңгі еркін жылжиды. Диагнозды нақтылау үшін қажет қосалқы тексеру әдісін атаңыз;

2. қағып тексеру

3. сипап тексеру

4. кіреукені тікелей бояу әдісі

5. температуралық тітіркендіргіштерге реакциясын анықтау

 

Есеп№33. Емделуге келген адам тісінің суықтан ауыратынына, бірақ ауыруының тез басылатынына шағымданады. Қарап тексергенде; 36 тістің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар. ас қалдықтарымен толы. Қуыстың қабырғаларында аз мөлшерде қаттылау және пигменттелген дентин бар. Сүңгілеп байқағанда табаны ауырмайды, қағып тексергенде де ауыру сезімі жоқ. Суыққа тез басылатын ауыру сезімі пайда болады. Диагнозын нақтылау үшін қандай қосалқы тексеру әдісін қолдануға болады;

1. рентгенографиялық әдіс

2. тістің электр қозғыштығын анықтау

3. кіреукені тікелей бояу әдісі

4.трансиллюминациялық әдіс

 

Есеп№34. Жасы 40-тағы ер адам стоматологқа тістеріннің жағдайын тексертуге келді, ешқандай шағым айтпайды..Қарап көргенде; 37 тістің шайнау бетінде орта тереңдікте

тісжегі қуысы анықталады. Сүңгілеп байқағанда кіреуке-дентин шекарасында ауыру сезімі байқалады, қағып тексергенде ауыру сезімі жоқ. Суық әсерге тез басылатын ауыру сезімі бар. Диагноз қойыңыз;

1. жоғарғы тісжегі,

2. орта тісжегі

3. терең тісжегі

4. периодонтың созылмалы қабынуы

5. сынаға ұқсас ақау.

 

Есеп№35. Жасы 32-дегі ер адам тісінің тәттіден және қышқыл әсерінен ауырып, тітіркендіргіштің әсері тоқтағаннан кейін ауыру тез басылатынына шағымданады. Қарап көргенде: 27 тістің бетінде жүлге (фиссура) аймағында жабынды дентин деңгейінде тісжегі қуысы бар, сүңгілеп тексергенде кіреуке-дентин шекарасында ауыру сезімі байқалады, қағып тексергенде ауырмайды. Диагноз қойыңыз;

1. жоғарғы тісжегі,

2. орта тісжегі

3. баяу дамыған терең тісжегі

4. ұлпаның жартылай жедел қабынуы

5. ұлпаның созылмалы жай қабынуы.

 

Есеп№36. Жасы 46-дағы ер адам тілінің түрінің өзгергендігіне, дәм сезуінің төмендегеніне шағымданады. Сұрастыра келгенде шылымды көп тартатыны анықталды. Қарап тексергенде; тілінің үстінде (түбір бөлігіне жақын) жіп тәрізді бүртіктері ұзарған (4мм-ге дейін) және қара түске боялған. Тілді сипап байқағанда консистенциясы жұмсақ, бөгде құрылым байқалмайды. Сіздің алғашқы диагнозңыз қандай:

1. қатпарлы тіл

2. қара түкті тіл

3. тілдің түлей қабынуы

4. екіншілік мерез

5. жүре дамыған иммунитет тапшылығы синдромы (ЖИТС-СПИД)

 

Есеп№37. Жасы 45-тегі ер адам 26-тісінің өз-өзінен қатты ауыратынына және самай бағытында таралатынына, ыстық пен суықтан ауыру сезімі қайта қозып, ұзақ басылмайтынына шағымданады. Ертеректе тісі ауық-ауық ауырып мазалаған, қарап көргенде сауыт қуысы ашық, сүңгілеп тексергенде қатты ауырады, қағып тексергенде аздап ауырады. сіздің қоятын диагнозыңыз қандай;

1. ұлпаның толық жедел қабынуы

2. ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

3. ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі.

4. ұлпаның созылмалы шіри қабынуы.

5. ұлпаның жедел іріңді қабынуы

 

Есеп№38. Жасы 46-дағы ер адам төменгі оң жағында өз-өзінен қатты ауыру сезімінің пайда болатынына, оң жақ құлағына таралатынына түн кезіне қатты күшейіп мазалайтынына шағымданады.. Қарап көргенде 46 тісінде терең тісжегі қуысы бар, сауыт қуысымен жалғасып жатыр, сүңгілеп тексергенеде қатты ауырады. Электрқозғыштығы 45мк1. Диагноз қойыңыз;

1. ұлпаның созылмалы жай қабынуы

2. ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

3. ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі.

4. ұлпаның толық жедел қабынуы.

5. ұлпаның жартылай жедел қабынуы

 

Есеп№39. Жасы 20-дағы жігітке 35 тісінде «ұлпаның жартылай жедел қабынуы» деген диагноз қойылды. Дені сау, аллергиялық реакциялар байқалмаған.. Тісжегі қуысы тістің шайнау бетінде орналасқан. Тиімді емдеу әдісін таңдаңыз;

1. консервативтік

2. виталды экстирпациялау әдісі

3. виталды ампутациялау әдісі

4. девиталды ампутациялау әдісі

5. барлық аталған әдістер.

 

Есеп№40. Жасы 29-дағы әйел 36 тісінің ас қабылдағанда ауыратынына шағымданады. Тісінде тіс сауытымен жалғасқан терең тісжегі қуысы бар, ашылған ұлпа мүйізшесін сүңгілеп байқағанда қатты ауырады, ұлпа аздап қанайды, тістің электрқозғыштығы 40 мк1. Диагноз қойыңыз;

1. ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

2. ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

3. ұлпаның жартылай жедел қабынуы.

4. ұлпаның созылмалы жай қабынуы.

5. ұлпаның созылмалы өсе қабынуы.

 

Есеп№41.Жасы 18-дегі қыз балаға 36 тісінде ұлпаның созылмалы жай қабынуы деген диагноз қойылды. Дені сау, тістің электрқозғыштығы -35мк1. Тісжегі қуысы тістің мойын бөлігінде орналасқан. Тиімді емдеу әдісін таңдаңыз;

1. девиталды экстирпациялау әдісі

2. девиталды аралас әдіс

3. девиталды ампутациялау әдісі

4. виталды экстирпациялау әдісі

5. консервативті әдіс

 

Есеп№42. Төменгі клиникалық белгілерге сүйене отырып диагноз қойыңыз;

тісінде қуыс пайда болып, ас қалдықтары жиналатынына шағымданады. тісжегі қуысы сауыт қуысымен байланысқан, сүңгілеп және қағып тексергенде ауырмайды, тіс төңірегіндегі қызылиек өзгермеген. Тістің рентген суретінде- түбірұшы аймағында периодонт саңылауы біркелкі кеңейген.

1. периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

2. ұлпаның конкрементті қабынуы

3. периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

4. периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы

 

Есеп№43. Жасы 25-тегі емделуші бұзылған тісінен нашар иіс шығатынына шағымданады; Сұрастыра келгенде тісі ертеректе қатты ауырған, қазіргі кезде тісі ыстықтан ұзақ сыздап ауырады:

Қарап тексергенде; 26 тістің сауытының түсі өзгерген, шайнау бетіндегі тісжегі қуысы сауыт қуысымен байланысып жатыр, беткейлеп сүңгілегенде ауырмайды, терең сүңгілегенде ауыру сезімі бар. тістің электрқозғыштығы -80 мк1. Бұл клиникалық белгілер қандай ауруға тән;

1. периодонттың созылмалы фиброзды қабынуына

2. ұлпаның созылмалы шіри қабынуына

3. ұлпаның созылмалы жай қабынуына

4. периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

5. периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы

 

Есеп№44. Емделуші жоғарғы алдыңғы тістерінің химиялық тітіркендіргіштерлен ауыратынына шағымданады. Қарап тексергенде; 11, 21 тістердің ерін жақ беттерінде параллелі орналасқан экваторына жақын аймақта сопақ пішінде ені 0,5см., аса терең емес екі ошақ бар, табаны және қабырғалары жылтыр, сүңгілеп байқағанда ауырмайды. Диагноз қойыңыз;

1. сынаға ұқсас ақау

2. жоғарғы тісжегі

3. орта тісжегі

4. кіреуке эрозиясы

5. тістер флюорозы.

 

Есеп№45. Жасы 35-тегі ер адам стоматологиялық емханаға жалпылай әлсіздігіне, дене қызуының көтерілгеніне, екі тізе терісіне, қолдардың сырт жақ терісіне, қызыл түсті бөрткендер шығып қышитынына, ауыз ішіне де бөрткендер шығып ауырып, ас қабылдаудың, сөйлеудің қиындығына шағымданады. Қарап тексергенде, аталған тері аймақтарында ені 1см-ге жуық домалақ пішінді қызыл-қошқыл түсті дақтар топтаса және жайыла орналасқан, орта бөліктерінде кішкентай қанды қабықшалар орналасқан. ауыз іші кілегей қабығы қатты қызырып ісінген (көбінесе екі ерін және ұрттар аймағында), көлемді эрозиялы ошақтар бар, беттері ақшыл-сары түсті қақпен жабылған. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай;

1. жүйелі қызыл жегі

2. көптүрлі жалқықты эритема

3. ауыздың қайталамалы афталы қабынуы

4. қайталамалы терең тыртықтанатын афталары

5.Бехчет синдромы.

Есеп№46. Жасы 40-тағы әйел адам тілінің үстінде ауыратын жараға ұқсас құрылым пайда болғанына, ас қабылдағанда қатты ауыратынына шағымданады. Сұрастыра келгенде: соңғы жарты жыл бойын әлсіздік билеген, жиі терлейді, дене температурасы 37-37,50 С көтеріліп тұрады, арықтай бастаған. қарап тексергенде; тілдің үстінде орта бөлігіне таяу ені 1,0см.-дей аса терең емес жара анықтылды, жиектері тегіс емес, табаны кедір-бұдырлы, сары қақпен жабылған,консистенциясы жұмсақ, ауырғыш. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде ауырады. Сіздің болжамды диагнозыңыз;

1. берішті шанкр

2. оьыр жарасы

3. туберкулез жарасы

4. трофикалық жара

5. ойылу жарасы (декубиталды жара)

 

Есеп№47. Жасы 27-дегі жігіт сол жақ езуінде пайда болған тіліктің ұзақ уақыт жазалмағанына шағымданады.,ауыз кілегейлі қабығында ыңғайсыздық сезеді. қарап көргенде; тілінің екі жақ бүйір беттерінде беті эрозияланған домалақ, сопақ пішінді папулалар тізіле орналасқан, табандары қаттылау, сипап байқағанда ауырмайды. алдыңғы таңдай имегінің кілегейлі қабығы ашық-қызыл түсті, аздап мыс түстенген. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, тығыз консистенциялы. бірақ ауырмайды;

1. стрептококкты езулік (заеда)

2. Таппейнер лейкоплакиясы

3. қызыл жалпақ теміреткі

4. кандидозды езулік

5. қатты шанкр

 

Есеп№48.Жас жігіт кілегей қабығының өзгергендігіне шағымданады өзін бірнеше айдан бері аурумын деп санайды. Қарап тексергенде; тілінің бүйір бетінде ірі эрозиялы папулалар көрінеді, пальпация ауырмайды. негізінде тығыз инфильтрат бар. Алдыңғы таңдай ілмегі –қызарған. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, тығыз консистенциялы. бірақ ауырмайды;

1. қызыл жалпақ теміреткі

2. екіншілік мерез

3. лейкоплакия

4. ауыздың қайталамалы афталы қабынуы

5. Сеттон афталары.

 

Есеп№49. Жасы 35-тегі емделуші тісінде ыңғайсыздық және кернеу сезімі мазалайтынына шағымданады. Тісі бұдан 3 жыл бұрын тіс тісжегімен емделген. Ауық-ауық қызылиегі ісініп, тістің түбірұшы деңгейінде жыланкөз пайда болады. Қарап тексергенде:35 тістің түсі өзгерген, артқы бетінде шайнау бетін ала пломбы тұр. Тістің түбірұшы

проекциясы тұсында қызылиек аздап қызыл-көкшілденген, вазопорез симптомы анықталады. Тістің рентген суретінде түбірұшы аймағында ені 5-6 см. жиегі тегіс емес қара көлеңкелі ошақ бар. Бұл клиникалық көрніс қандай ауруға тән:

1. периодонттың созылмалы фиброзды қабынуына

2. ұлпаның созылмалы жай қабынуына

3. периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуына

4. периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуына

5. түбір кистасына

Есеп№50. Ер адам ауыз ішін сауықтыру үшін стоматологқа көрінді. Қарап көргенде 36 тісінде терең тісэжегі қуысы бар, сауыт қуысы жабық, табаны қаттылау және пигменттелген (қара-қоңыр түсті). Сүңгілеп байқағанда аздап ауырады. Суыққа тез басылатын ауыру сезімі пайда болады. Сіздің диагнозыңыз қандай:

1. ұлпаның жартылай жедел қабынуы

2. периодонттың созылмалы қабынуы

3. орта тісжегі

4. баяу дамыған терең тісжегі

5. жедел дамыған терең тісжегі.

 

?Есеп №51. 28 жастағы жас әйел 25 тісінің температуралық тітіркендіргіштерден пайда болатын, себепші факторды алғаннан кейін тез қоятын ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінен –

ауру сезімі 1ай бұрын пайда болған.

Объективті; 25 тістің шайнау бетінде тереңтісжегі қуысы, жұмсарған дентинге толы. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табанында ауыру сезімі бар, перкуссияда ауырмайды. ЭҚ-8мк1.

Диагноз қойыңыз:

1. орта тісжегі

2. терең тісжегі

3. жедел ошақты ұлпа қабынуы

4. созылмалы фиброзды периодонтит

5. созылмалы фиброзды периодонтиттің өршуі

Есеп №52. Науқас С. 31 жаст1. 1апта бұрын басталған қызылиек ауру сезіміне және тағам шайнағанда, тіс тазалағанда қызыл иекгінің қанағыштығына шағымданып келді. осыдан бірер күнде жедел вирусты респираторлы аурумен ауырған. Объективті көрнісі: жоғарғы және төменгі жақ тістердің қызыл иек жиегі қызарған, ісінген. Тіс аралық бүртіктері жараланған, ауырады және қанап тұр. Пародонтальды қалта жоқ жіне тіс қозғалғыштығы жоқ. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырады. Дигноз қою үшін қандай қосымша

тексеру әдісін жүргіземіз?

1. рентгендік тексеру

2. эхоостеометрия

3. полярография

4. жалпы қан анализі

5. реопародонтография

Есеп №53. Науқас 1. 55 жаст1. Жоғарғы жақ алдыңғы тістерінің бөлініп ажыратылуына шағымданып келді. Науқас өзін сау деп санайды,тек эстетикалық ақау дейді. Объективті көрнісі: Ауыз шырышты қабаты ашық-қызыл түсті, тығыз, атрофияланған (семіген) пародонтальді қалта жоқ, тісі тұрақты. 11, 25 тістерде 5мм-ге дейін диастема бар.

11, 12, 21, 22 тістер жан-жаққа жылжып кетекн, тістесуі терең. Қандай қосымша тексеру әдісін жүргізу керек?

1. формалинді сынама жүргізу

2. гигиеналық индексті анықтау

3. Шиллер-Писарев сынамасын жүргізу

4. рентгенография

5. пародонт индексін анықтау

Есеп№54. Науқас М. 18 жаст1. 2ай бұрын 45 тіс маңайындағы қызыл иегінің өсіп кетуіне шағымданып келген. Объективті көрнісі:44, 45 тістердің жанасу бетінде тісжегі қуысы бар және тіс аралық жанасуы бұзылған. 45 тістің қызыл иек жиегінің өсіп кету салдарынан деформацияланған, сипап тексергенде-тығыз, ашық-қызыл түсті. 44, 45 тіс сауыт бөлігінің 1/3 жауып тұр. Тіс –қызылиек байламы бұзылмаған, қалыпты. Диагноз қойыңыз

1. пародонттың жергілікті қабынуының жеңіл түрі

2. қызыл иектің созылмалы өсе қабынуының ісінген түрі

3. қызыл иектің созылмалы өсе қабынуының фиброзды түрі

4. қызыл иектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

5.пародонттың жергілікті қабынуы

Есеп №55. науқас Н. 24 жаст1. Қызыл иегінің қанағыштығына және өсіп кетуіне шағымданып келді. Бұл шағымдарды науқас жүктілігімен байланыстырады. Объективті көрніс: жоғарғы жіне төменгі жақ тістерінің қызыл иек бүртіктері қызарған, үлкейген, тістің1/3 бөлігн жауып тұр. Шұқып тексергенде жеңіл қанайдвы. Шиллер-Писарев сынамасы оң. Тіс –қызыл иек байламы қалыпты. Сіздің диагнозыңыз:

1. пародонт қабынуының жергілікті түрі

2. пародонттың жергілікті қабынуының жеңіл түрі

3. қызыл иектің созылмалы катаральды қабынуы

4. қызыл иектің өсе қабынуының ісінген түрі

5. қызыл иектің өсе қабынуының фиброзды түрі

Есеп№56. Науқас К.,17 жаст1. Жалпы жағдайының төмендеуіне бас ауру, дене қызуының 37,80 С, әлсіздік. тағам шайнағанда, тіс тазалағанда қызыл иегі ауырып, қанағыштығына және ауыз қуысы өртенген сезімде болғанына шағымданып келді.

Анамнез; Науқас терапевт-дәрігерде, тұмау диагнозымен емделіп жүргенімен байланыстырады.Объективті. Жақ асты лимфа түйіндері үлкейген, ауырады,. Тісте көп мөлшерде жұмсақ қақтар бар.Қ ызыл иек жиегі,қызылиек бүртіктері айқын қызарған, ісінген, тиіп кетсе тез қанап, ауырады.Тіс-қызылиек байламы бұзылмаған. Шиллер-Писарев сынымасы оң. Сіздің диагнозыңыз;

1.Пародонттың жергілікті созылмалы қабынуының өршуі

2. пародонтың жергілікті қабынуы

3. қызыл иектің жергілікті созылмалы катаральді қабынуының өршуі

4. қызыл иектің жаралана қабынуы

5. қызыл иектің жедел катаральді қабынуы

Есеп№57. Науқас22 жаста, студент. Ауыз қуысындағы ыңғайсыздық сезіміне және үнемі қанағыштығына шағымданып келді. Анамнез: Жалпы созылмалы гастрит ауыруымен ауырады. Қызыл иекгінің қанағыштығына 1жылдай уақыт болған. Объективті: жоғарғы және төменгі жақ қызыл иек бүртіктері көгеріп тұр, ісінген, борпылдақ. Тіс қозғалғыштығы жоқ және тіс аралық байланыс бұзылмаған. Тіс мойнында жұмсақ қақтар бар. Диагноз қойыңыз:

1. Пародонттың жергілікті, созылмалы қабынуының жеңіл түрі

2. Пародонттың жергілікті, созылмалы қабынуының орта дәрежедегі түрі

3. пародонтоз

4. қызыл иектің жергілікті, созылмалы қабынуының ісінген түрі

5. қызыл иектің созылмалы катаральды қабынуы

Есеп№58. Науқас М.,22 жаст1. Тағам шайнағанда қызыл иегінің қанағыштығына шағымданып келді. Қанағыштығ осыдан 3 күн бұрын басталған.

Объективті: Науқас мазасыз, дене қызуы 380 С.Оң жақ асты лимфа бездері ұлғайған, ауырады, қозғалмалы. 48, 47, 46, 45, 44, 43 тістерінің қызыл иек жиегі және бүртіктерінің маргинальды жағы жараланған. Тістерінде некрозданған қақтары бар.Аауыз қуысына санация жасалынбаған. Көп мөлшерде жұмсақ қақтар бар.Диагноз қойыңыз:

1. қызыл иектің жедел катаральды қабынуы

2. қызыл иектің созылмалы өсе қабынуыныңісінген түрі

3. пародонттың жергілікті қабынуы

4. қызыл иектің жаралана қабынуы

5. қызыл иектің созылмалы өсе қабынуының фиброзды түрі

Есеп№59. Науқас Н. 32 жаст1. Ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуына және қызыл иегінің ауыру сезіміне, қанағыштығына шағымданып келді. Социальды-тұрмыс жағдайы нашар, өзі түрмеден жаңа шыққан. Объективті: Тері түсі көкшіл, жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде ауырады. 43, 42, 41, 31, 32, 33 тістерінің қызыл иек жиегі деформацияланған. Осы тістердің қызыл иек жиегінің маргинальды бөлігі жараланған, кір сияқты, некроздалған қақпен жабылған. Диагноз қойыңыз:

1. қызыл иектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

2. қызыл иектің өсе қабынуының ісінген түрі

3. қызыл иектің жедел катаральды қабынуы

4. қызыл иектің жаралана қабынуы

5. қызыл иектің өсе қабынуының фиброзды түрі

Есеп№60. Дәрігер-стоматологқа жүкті әйел декреттік демалысқа шығуы үшін анықтама алуға келген. Анамнезінде: Созылмалы гастритпен ауырады. Күнделікті жейтін тағамы көбінесе ұн тағамдары. Объективті: Ауыз қуысына санация жасалынбаған, ауыз қуысында қызыл иектің өсе қабынуының ісінген түрі бар. Тіс мойынында тіс шөгінділері бар.Емдеу жоспарын құрыңыз:

1. тіс шөгінділерін алу

2. вакуумды-терапия

3. жалпы ем

4. жергілікті ем

5. комплексті ем, рациональды тамақтану

Есеп №61. Науқас 20жаст1. Қызыл иектің жергілікті созылмалы катаральды қабынуымен ауырады. Қарап тексергенде – 31, 32, 33, 41, 42, 43 тістері топтасып орналасқан. Федоров-Володкин индексі-2, 9 Тістерінде жұмсақ қақтар бар. Анамнезінде-созылмалы гастроэнтероколитпен ауырады. Емдеу жоспарын құрыңыз:

1. қарап тексергендегі ауыз қуысындағы патологиялық өзгерістерді жою, ортодонтиялық ем жүргізу және науқасты гигиеналық тәртіпке үйрету

2. жалпы ем, ортодонтиялық ем.

3. тіс қақтарын алу, рациональді протездеу

4. жалпы ем, қабынуға қарсы жергілікті ем.

5. хирургиялық ем.

Есеп №62. Науқас К.,19 жаст1. Ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуына және тісін тазалаған кезде қызыл иектің қанағыштығына шағымданады. Бұл өзгерістерді осыдан 1 жыл бұрын байқаған. Объективті: Жоғарғы және төменгі жақ қызыл иек жиегі 11, 12, 15, 16, 21, 22, 25,26 тістер маңында қызарған. Тиіп кетсе қанайды. Қызыл иек асты тастары бар. Диагноз қойыңыз:

1. қызыл иектің созылмалы катаральды қабынуы

2. қызыл иектің созылмалы өсе қабынуының ісінген түрі

3. қызыл иектің созылмалы өсе қабынуының фиброзды түрі

4. қызыл иектің жергілікті созылмалы катаральды қабынуының өршуі

5. қызыл иектің жаралана қабынуы

Есеп №63. науқас Т., 23 жаст1. Жүргізуші. Ауыз қуысындағы ауыру сезіміне, тісін тазалағандағы және қатты тағам жегенде қызыл иегінің қанағыштығына шағымданады. Жалпы әлсіздігі және дене қызуы 37,80С бар. Анамнез: Шылым шегеді. Науқас 4 күн бұрын тамағы жұтынған кезде ауыратынын және айтады Объективті: Жақ, иек асты лимфа түйіндері оң жағында ұлғайған, ауырады. Қызыл иек жиегі және бүртіктері, миндалина қызарған. 48 тістің сауыт бөлігін қызыл иек қалпақша тәрізді жапқан. Жиегі некрозды қақпен қапталған, оны алса астында жара қанап тұр. Федоров-Володкин индексі -3,1. Осы ауруды тудырған себепші факторды анықтаңыздар:

1.шылым шегу, жедел респираторлы аурулар

2. ауыз қуысының гигиенасын сақтамау, организмнің жалпы резистентілігі төмендеген

3. созылмалы перикаранит, психо-эмоциональді жүктеме

4. суықтап қалу және рациональді тамақтанбау

5. айтылғандардың барлығы

Есеп №64. Науқас 4., 28 жаст1. Қызыл иегінің тіс тазалағанда қанайтындығына және қызыл иегінің өсіп кеткендігіне шағымданады. Бұл өзгерістер осыдан 1 жыл бұрын пайда болған. Анамнезінде: Жүктіліктің 20 аптасы. Ішкі аурулары жоқ.

Объективті: Төменгі және жоғарғы тістердің қызыл иек бүртіктері қызарған, ісінген, борпылдақ, қанағыштық бар, 3мм жалған қалтаның пайда болу себебінен тістің 1/3 бөлігін жауып тұр, гипертрофияланған. Қызыл иек асты тіс тастары бар. Шиллер-Писарев сынамасы оң. РМА -65 %, Федоров- Володкин индексі -2,1. Диагноз қойыңыз:

1. қызыл иектің созылмалы катаральді қабынуы

2. қызыл иектің жедел катаральді қабынуы

3. қызыл иектің созылмалы катаральді қабынуының өршуі

4. қызыл иектің созылмалы өсе қабынуының ісінген түрі

5. қызыл иектің созылмалы өсе қабынуының фиброзды түрі

Есеп №65. Науқас 1., 16 жаст1. Тіс тазалағанда қызылиегінің қанағыштығына және өсіп кетуіне шағымданады. Бұны 1 жыл бұрын байқаған.

Объективті: жоғарғы және төменгі жақ, алдыңғы топ тістерінің қызыл иек бүртіктері қызарып,ісінген.. Гипертрофияланған, сауыттың 1/3 бөлігін жауып тұр. Жалған қалта көрінеді, тереңдігі 4-5мм, зондпен тиіп кетсе қанайды. Тістесуі терең. Тіс тастары бар.

Қандай зерттеу жүргізу керек?

1.Шиллер-Писарев сынамысын

2. пародонтальды индекстерді жүргізу

3. эхоостеометрия

4. реопародонтография

5. полярография

Есеп №66. Науқас З., 21 жаст1. Қызыл иегінің тіс тазалағанда қанайтындығына және ауыру сезіміне шағымданып келді. Жалпы әлсіздік, дене қызуы 37,50. Анамнезінде: 1 апта бұрын тамағы ауырып, тұмау пайда болған. Дене қызуы 380 С –ға көтерілгенін айтты. Ішкі аурулары жоқ..Шылым шегеді.

Объективті: тері түсі көгерген (цианоз). Жақ, иек асты лимфа түйіндері үлкейген, сипап тексергенде- ауырады. Ауыз қуысына санация жасалынбаған.. Қызыл иек асты тастары бар.. Жоғарғы және төменгі жақ тістерінің қызыл иек жиегі ісінген, қызырып тұр және некрозды қақ жиналған, оны алғанда астынан жара қанап тұр. Диагноз қойыңыз:

1. қызыл иектің созылмалы катаральді қабынуының өршуі

2. қызыл иектің жедел катаральді қабынуы

3. қызыл иектің өсе қабынуының ісінген түрі

4. қызыл иектің созылмалы катаральді қабынуы

5. қызыл иектің жаралана қабынуы

Есеп №67. Науқас 2., 24 жаст1. Тістерінің түсінің өзгергендігіне шағымданып келді. Анамнезінеде: бұл өзгерістер балалық шағынан бар және туысқандарында да кездеседі. Объективті: жоғарғы және төменгі жақ тіс кіреукесі ашық-қоңыр түсті, тістің кесу қырларында және шайнау төмпешіктерінде, сауы экваторында бар. Беті тегіс, жылтыр, зондпен тексергенде тайғанақ. 2% метилен көгімен бояғанда боялмайды. Диагноз қойыңыз:

1. Флюороз

2. жергілікті гипоплазия

3. жүйелік гипоплазия

4. гиперплазия

5. тісжегі, дақты кезеңі

Есеп №68. Науқас М., 30 жаст1. Тісінің аз уақыт пристпу тәрізді ауырып, тез қайтып кететіндігене шағымданады. Ауырған тісін көрсете алады.

Объективті: 26 тісте терең тісжегі қуысы бар, іші ыдыранды дентинмен толы.. Шұқып тексергенде бір нүктеде ауырады. Тіс қуысы ашылмаған. Суыққа ұзақ ауырады. ЭОМ-25МК1. Перкуссия ауырады. Сіздің диагнозыңыз:

1. ұлпаның ошақты жедел қабынуы

2. ұлпаның жедел диффузды қабынуы

3. периодонт қабынуының жедел түрі, улану сатысы

4. ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуының өршуі

5. терең тістесу

Есеп №69. Науқас П. 31 жаст1. Тісінің ұзақ уақыт приступ тәрізді және солқылдап ауруына шағымданады. Тісі бірнеше рет ауырған. Ауру сезімінің иррадиацияланып құлаққа және самайға берілгенін айтады.Анамнезінде: тісі бірнеше күн ауырып жүрген. Суықтан ауыру сезімі басылып, жылыдан, ыстықтан қатты ауырады. Объективті: 24 тісте тісжегі қуысы бар, жұмсарған, пигменттелген дентинге толы. Тіс қуысы ашылмаған. Шұқып тексергенде тісжегі қуысы табанында ауыру сезімі бар.. Диагноз қойыңыз:

1. ұлпаның жедел ошақты қабынуы

2. ұлпаның жедел іріңді қабынуы

33. периодонт қабынуының жедел түрі, улану сатысы

44. ұлпаның созылмалы гангренозды қабынуының өршуі

5. ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

Есеп №70. Науқас Ж. 27 жаст1. Тісінің үзілмейтінсолқылдап ауыру сезіміне және ауыру сезімі иррадиацияланып үшкіл нервке тарайтындығына шағымданып келді. Анамнез: бірнеше күн болды, ыстықтан қатты ауырады, суықтан ауыру сезімі басылады. Объективті: 47 тісте үлкен тісжегі қуысы бар, ыдыранды,жұмсарған дентинмен толы. Шұқып тексергенде тіс қуысының барлық табанында ауырады, Зондпен ұлпа мүйізшесіне кірген кезде ірің аралас қан шығады. Диагноз қойыңыз:

1. ұлпаның жедел ошақты қабынуы

2. ұлпаның жедел іріңді қабынуы

3. периодонт қабынуының жедел түрі, жалқықты сатысы

4. ұлпаның созылмалы гангренозды қабынуының өршуі

5. ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

Есеп №71. Науқас 49 жаст1. Оң жоғарғы жақ тісінің приступ тәрізді қинайтын ауыруына және ауыру сезімі өздігінен басталып, сілекей бөлінуінің жоғарылауына, бет мимикалық бұлшық еттерінің рефлекторлы жиырылуына шағымданып келді. Анамнез: шырышты қабаты тітіркенкенгенде осындай өзгерістер болады дейді. Диагноз қойыңыз:

1. ұлпаның жедел ошақты қабынуы

2..периодонт қабынуының жедел түрі, жалқықты сатысы

3. үшкіл нервтің невральгиясы

4..ұлпаның жедел іріңді қабынуы

5. ұлпаның созылмалы гангренозды қабынуының өршуі

Есеп № 72. науқас З., 24 жаст1. Ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығып, тісінің сауы бөлігінің бұзылуына

Date: 2015-10-19; view: 1632; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию