Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ызметтік міндеттері





Инклюзивті тәжірибе мамандардан жаңа құзыреттіліктер мен

білімдерді талап етеді. Түрлі мамандар мен педагогтардың мүмкіндігі шектеулі баланы жалпыға білім беру процесінде оқыту мен тәрбиелеудегі өзара байланысқа түсу ерекшеліктері – бүкіл ұжымның олардың дамуына жағымды жағдай жасалуына қатысуында. Топта жұмыс жасауда, оның әр мүшесі өзінің пәндік іс-әрекеті шеңберінде нақты мақсаттар мен міндеттерді орындайды.

Мұғалім-дефектолог атқаруы тиіс:

- мүмкіндігі шектеулі балаларды топта (сыныпта), мектепке дейінгі мекемеде немесе мектепте мақсатты интеграциялау;

- топтағы балалардың өзара байланыстары мен түзету-педагогикалық поцесті ұйымдастыру сұрақтары бойынша тәрбиешілерге, музыка жетекшісіне, дене шынықтыру мұғаліміне, әлеуметтік педагогқа және қосымша білім беру педагогына кеңес беру;

- фронталды, топтық және кіші топтарда жүргізілетін сабақтардың мазмұны мен әдістерін сараптауда көмек беру;

- мүмкіндігі шектеулі балаларға түзету психологиялық-педагогикалық және медициналық көмекті реттеу;

- басқа мамандармен бірігіп сабақтар өткізу (музыка мұғалімімен, дене шынықтыру мұғалімімен және т.б.);

- мүмкіндігі шектеулі немесе жас көрсеткіштерінен қалыс қалған тәрбиеленушілермен фронталды және жеке сабақтар өткізу, сонымен қатар қалыпты балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп кіші топтарда және топтық сабақтар жүргізу;

- педагогикалық анықтау жұмысын жүргізу;

- жеке білім алу бағыттарын құрастыру және нақтылауды қамту;

- пәнаралық топтың мүшесі ретінде жеке бағдарламалар мен топтың бағдарламаларын құрастыруға және іске асыруға қатысу;

- баланың анықталған нәтижелерін ескере отырып онымен жұмысты ұйымдастыруға байланысты басқа мамандарға арналған ұсыныстар жасау.

Мұғалім-логопед балалардың сөйлеу тілінің дамуындағы

ауытқушылықтарды түзетумен айналысады. Ол:

- тәрбиеленушілерді тексереді, олардың тіліндегі кемістіктердің құрылымын және анықтығының деңгейін зерттейді;

- тілді түзету мен дамытуға бағытталған топтың және жеке сабақтар жүргізеді;

- мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізуде логопедиялық тәсілдерді қолдануға байланысты ұсыныстар жасайды;

- пәнаралық топтардың мүшесі болып табылады және жеке бағдарламалар мен топ бағдарламаларын құрастыруға және іске асыруға қатысады.

Педагог-психолог іс-әрекетінің бағыттары:

- тәрбиеленушілердің психикалық, соматикалық және әлеуметтік қалыптылығын сақтайды;

- нақты мәселелерді шешуде балаларға, ата-аналарға және педагогикалық ұжымға көмек береді;

- психологиялық анықтау жұмысын жүргізеді;

- тәрбиеленушілердің дамуындағы ерекшеліктерді (ақыл-ой, физикалық, эмоционалдық) анықтайды;

- ата-аналар мен педагогтарға кеңес береді;

- әлеуметтік дамудағы бұзылыстарды анықтайды және психологиялық- педагогикалық түзету жүргізеді;

- педагогикалық қызметкерлер, балалар және олардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады;

- пәнаралық топтың мүшесінің міндеттерін орындайды және жеке даму бағдарламаларын құрастыру мен іске асыруға қатысады;

- топпен жұмыс жасауға бағытталған бағдарламаларды анықтау, жоспарлау, құрастыру және іске асыруға қатысады;

- өз жұмысында арттерапия, ойын терапиясы және т.б. қолданады.

Әлеуметтік педагогтың жұмысы.

Тәрбиеленушілердің және олардың отбасының әлеуметтік жайлылығын қамтуға бағытталған. Әлеуметтік педагог:

- білім беру мекемесі мен тәрбиеленушінің отбасымен өзара байланысты жүзеге асырады;

- тәрбиеленушілерді зерттеуге және жеке даму бағдарламаларын құрастыруға қатысады;

- баланы отбасында тәрбиелеу мен адекватты әлеуметтік әрекеттерді қалыптастыру сұрақтары бойынша ата-аналарға кеңес береді;

- баланы отбасында тәрбиелеу мен дамытудағы әлеуметтік жағдайларды зерттейді;

- педагогтар, әлеуметтік қорғау қызметтерінің мамандарымен, тәрбиеленушілерге әлеуметтік көмек көрсету сұрақтары бойынша қайырымдылық мекемелерімен өзара байланысты болады;

- топ тәрбиеленушілерін әлеуметтік қорғау іс-шараларын іске асырады;

- тәрбиеленушілердің қызығушылықтарын, қажеттіліктерін, қиындықтарын, іс-әрекеттернідегі ауытқушылықтарды анықтап, дер кезінде оларға әлеуметтік көмек көрсетеді.

Мұғалім (педагог-тәрбиеші):

- тапсырылған балалардың өміріне және денсаулығына жауап береді;

- балалардың жас ерекшеліктеріне сай сабақтар, ойындар, серуендер, бос уақытты ұйымдастыруды жоспарлап, өткізеді;

- типтік білім беру бағдарламасын нәтижелі іске асыру үшін топта (сыныпта) жағдай жасайды:

- музыка, дене шынықтыру мұғалімдерімен бірігіп мерекелер, сауықтыру және спорттық сабақтар дайындайды;

- басқа мамандармен бірге топтың (сыныптың) барлық тәрбиеленушілерінің біріккен іс-әрекетін жоспарлайды және ұйымдастырады;

- мамандардың ұсыныстарына сай әр тәрбиеленушіге жеке бағытты қолдануды қамтиды;

- баланы отбасында тәрбиелеу сұрағы бойынша ата-аналармен жұмыс жүргізеді, оларды балабақшамен, мектеппен белсенді серіктестікте болуға шақырады;

- балалардың жеке ерекшеліктерін біледі, балаларды жеке дамыту бағдарламаларын және топта (сыныпта) жұмыс жасау бағдарламаларын құрастыруға және іске асыруға қатысады;

- баланың түрлі іс-әрекеттерінің даму деңгейін, коммуникативтік белсенділік ерекшеліктерін, мақсатты іс-әрекетінің қалыптасу деңгейін, өз-өзіне қызмет көрсету, гигиеналық-мәдени дағдыларының қалыптасуын анықтайды;

- мамандардың ұсыныстарын орындайды.

Дене шынықтыру инструкторы:

- дене шынықтыру сабақтарын жүргізеді және оларды өткізу кезінде тәрбиеленушілердің қауіпсіздігіне жауап береді:

- жалпы және ұсақ моториканы, қимыл-қозғалыс бағдарлануын, балалардың денсаулығын шынықтыруға бағытталған сабақтар жүргізеді: дұрыс отыру, физикалық даму, психомоторлық қабілеттерді жетілдіру;

- балалардың күні бойындағы қозғалыс белсендігін қадағалайды;

- медбикемен бірге сабақтар өткізу жағдайының тазалығын қадағалайды;

- балаларды физикалық тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналармен түсіндірме жұмысын ұйымдастырады;

- пәнаралық топтардың мүшесі болып табылады, балалардың жасерекшелік ерекшеліктері ескерілген бағдарламалармен жұмыс жүргізеді, және де сабақтар жүргізу барысында әр баланың жеке мүмкіндіктерін ескереді.

Жүзу инструкторы:

- білім беру мекемесінің бағдарламалық талаптарына және жеке даму бағдарламаларына сай бассейнде сабақтар өткізеді;

- судан қорықпауға (арнайы ойын-сабақтары арқылы) үйретеді;

- орта мектепке дейінгі жастан бастап жүзудің түрлі тәсілдерін үйрете бастайды (кроль, брасс, «дельфин»);

- балалардың судағы қауіпсіздігіне толық жауап береді;

- медбикемен бірге бассейннің тазалық қалпын қадағалайды;

- балаларға шешінуге және душ қабылдауға көмек береді, тазалық ережелерін қатаң сақтауға үйретеді;

- жалпы моториканы дамытуға қозғалысты реттеуге бағытталған балалардың денсаулығын шынықтыруға арналған сабақтар жүргізеді: дұрыс отыруды қалыптастыру, физикалық дамыту, психомоторлық қабілеттерді жетілдіру.

Музыка жетекшісі:

- музыка сабақтарын, мерекелерді ұйымдастырады және өткізеді;

- пәнаралық топтардың жұмысына қатысады, балалардың ерекшеліктерімен танысады, балалардың білім алу қажеттіліктеріне сай ерекше әдістер мен тәсілдер құрастырып, музыкалық тәсілдер көмегімен балалардың өзара байланыстары мен тұлғааралық қарым-қатынастарын белсендіру міндеттерін атқарады;

- ертеңгілік гимнастиканы, дене шынықтыру сабақтарымен сауықтыру шараларын өткізуге қатысады;

- күннің екінші жартысында балалардың ұйымдастырылған ойындарына музыкалық сүйемелдеу жасайды;

- музыкалық-дидактикалық, театралдық және ритмикалық ойындар өткізеді.

Қосымша білім беру педагогтары:

- қосымша білім беру бағдарламаларын музей, музыка, би, креативті, театралды терапия элементтері көмегімен, дефектолог-мұғалім мен педагог-психологтың ұсыныстарын ескере отырып, іске асырады;

- міндетті түрде психологиялық талдау жұмысына, проективті материал ретінде, балалардың шығармашылық еңбектерін ұсынады.

Медициналық бике:

- балабақшадағы (мектептегі) санитарлық-эпидемиялық тәртіпті қадағалайды;

- күн тәртібін, балалардың тамағын, ертеңгілік гимнастиканың дұрыс өткізілуін, дене шынықтыру сабақтарымен серуендердің өткізілуін қадағалайды;

- балалардың шынықтыру іс-шараларын өткізеді және сауықтыру іс-шараларының ұйымдастырылуына қатысады;

- ауырып қалған балаларды күнде есепке алады, ауырып қалғандарын басқалардан шеттейді;

- балаларды дәрігерлік тексерістерге дайындайды және өзі де оларға қатысады: салмақ өлшейді, балалардың антропометриялық өлшемдерін жасайды, алдын-алу егулерін жүргізеді, дәрігердің ұсыныстарын орындайды;

- жүзу сабағының алдында балаларды тексереді, балалардың денсаулық күйі нашар немесе әлсіз болғанда сабаққа қатыстырмайды, сабақ өту барысында балалардың күйін бақылайды;

- бассейннің барлық бөлмелерінің және құрал-жабдықтарының санитарлық күйін қадағалайды;

- пәнаралық консилиумның шешімі және дәрігердің ұсынысы бойынша массаж жасайды;

- баланың даму деңгейін анықтайды;

- даму бағдарламасын құрастырады;

- күнделікті ас мәзірін құрастырып, тамақтың сапасын қадағалайды, дайын тағамдарды тексеріп, санитарлық-эпидемиялық қызметтің талаптарына сай сақтауға жібереді, топтардың тамақты кестеге сай алуын қадағалайды, тамақтанудың ұйымдастырылуын тексеру үшін күнделікті топтарды аралап шығады.

Мүмкідігі шектеулі балаларды инклюзивтімекемеге оқуға дайындауға көмек беруге түрлі бағытта жұмыс атқаратын мамандар қосылуы мүмкін (невропатолог, психиатр, кинезотерапевт және т.б.).

 

Пысықтау сұрақтары

1. «Педагогтар мен мамандардың өзара байланыстары» түсінігінің мағынасын ашыңыз.

2. Инклюзивті білім бер жағдайында педагогтар мен мамандардың мультипәнаралық өзара байланыстарының міндеттерін талдаңыз.

3. Мультипәнаралық өзара байланыстарын нәтижелі көрсеткіштерін сипаттаңыз.

4. Инклюзивті мектепке дейінгі (мектептік) ұйымның тәрбиешісінің қызметтік міндеттерін сипаттаңыз.

5. Инклюзивті ұйымның музыкалық жетекшісінің қызметтік міндеттерін сипаттаңыз.

6. Инклюзивті ұйымның денешынықтыру жетекшісінің қызметтік міндеттерін сипаттаңыз.

7. Инклюзивті ұйымның дефектолог-мұғалімнің қызметтік міндеттерін сипаттаңыз.

8. Инклюзивті ұйымның психологының қызметтік міндеттерін сипаттаңыз.

9. Инклюзивті ұйымның координаторының қызметтік міндеттерін сипаттаңыз.

 

Date: 2015-10-19; view: 2100; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию