Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Осудағы шетелдік тәжірибе





20-шы ғасырдың 60-шы жылдарында кейбір Еуропа және Америка мемлекеттерінде қоғамдық өмірді көптеген аймақтарында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының бұзылу мәселесі белсенді талқылана бастады. Сол кезде білім беру саласында мәселені шешудің екі негізгі жолдары анықталды: бірінші жолмен АҚШ, басқасымен - Еуропа мемлекеттері жүрді. Әлемнің бірқатар мемлекеттерінде шамамен, 1970 жылдардан бастап, мүгедектердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты нормативтік акттардың пакеті құрастырылып, енгізілуі басталды.

АҚШ пен Еуропаның білім беру саясатында бірнеше бағыттар өз бастауын алды: мектептердің десегрегациясы, білім алудың қолжетімділігін кеңейту, интеграция, мейнстриминг, инклюзивті білім беру. Ұлыбританияда әлеуметтік жаңалық (social invention)туралы айтылды. Мейнстриминг стратегиясында мүгедектігі бар оқушылар өз құрдастарымен мерекелер, түрлі бос уақытты ұйымдастыру бағдарламаларында қарым-қатынасқа түседі, ал егер олар жалпыға білім беру мектебінің сыныптарына қосылған болса да, бұл іс-шаралар білім беру мақсаттарын орындау үшін емес, балалардың әлеуметтік байланыстарын арттыруға бағытталады.

Интеграция дегеніміз - жалпы өзгеріссіз қалатын, білім беру жүйесімен психикалық және физикалық бұзылыстары бар балалардың қажеттіліктерін сәйкестендіру: жалпыға білім беру мектептері мүгедек балаларға бейімделмеген (мүгедектігі бар балалар жалпыға білім беру мектебіне баруда міндетті түрде басқа балалар оқитын сыныптарда оқымайды). «Интеграция» терминімен психофизикалық дамуында ерекшеліктері бар балаларды жалпыға білім беру мектептеріне таңдап орналастырылуы белгіленеді. Бұл бағытты қолдаушылардың ойынша, оқушы жалпыға білім беру мектебінде оқу мүмкіндігіне өзі қол жеткізуі керек, оның бағдарламасын меңгере алатынын көрсетуі тиіс. Арнайы білім беру жүйесі жалпы өзгеріссіз қалады. Сонымен, білім берудің үш моделі қатар іске асырылады: жалпы, арнайы және интеграцияланған. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларға дәстүрлі түрлі қызметтер де көрсетіледі: олар жалпыға білім беру мектебіне барады, бірақ басқа балалармен біріккен оқу процесіне қосылмай, арнайы сыныптарда оқиды, яғни жартылай интеграция процесі орын алады.

«Инклюзивті білім беру» термині терең процестерді мінездемейді: бала қалыпты мектепке баруға құқылы, бірақ ол үшін қажетті бейімделген білім беру ортасы құрылады және қолдау көрсету қызметтері көрсетіледі.

Инклюзивті білім беру - келесідей түсіндірілетін заманауи термин: барлық балалардың қажеттіліктеріне жауап беретін, мектептер мен оқу бөлмелерін қайта құрастыру және қайта жабдықтау. Инклюзивті білім беру дегеніміз - түрлі мүмкіндіктері бар балаларды мектеп өмірінің барлық аспекттеріне толық қосу. Толық қосу дегеніміз - даму бұзылысының түріне, ақаулығына және мінезіне қарамастан барлық балалардың жалпыға білім беру сыныбында оқу, қажет болғанда қосымша қызметтер алып, қалыпты құрдастарымен бірге оқудан пайда алуы. Бұл жағдай, барлық балалардың қажеттіліктерін бағалау мен түрліліктерді сыйластықпен қабылдау үшін, мектептік кеңістікті бейімдеуді талап етеді. Инклюзивті білім беруде түрлі мүмкіндіктері бар балаларға арнайы көмек пен сабақтарда немесе сыныптан тыс оқуда қолдау керек емес дегеннің белгісі емес, мұның барлығы түрлі нұсқалардың көріністері, және де жиі сыныптағы барлық балаларға қажет болады.

Барлық батыс мемлекеттерінде мүмкіндігі шектеулі оқушыларға қолдау жасаудың өзіндік тәжірибесі бар. Яғни, әр мемлекеттің мүмкіндігі шектеулі балаларды педагогикалық қолдау мен көмек берудің өзіндік моделі бар. Көбінде мектептен тыс ресурстық орталықтар немесе жергілікті қолдау көрсету қызметтері құрылған, олар «арнайы мұғалімді» білім беру мекемесіне немесе білім алуда ерекше қажеттіліктері бар бала оқитын, сыныптың педагогына көмек беруге жібереді. Ғалымдардың зерттеулері (В.В.Коркунов, Н.Н.Малофеев, Н.М.Назарова және т.б.) дәлелдеген, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру жүйесіне қосу, әлеуметтік-мәдени жағдайларды және басшылардың саясатын ескерумен, әлемнің түрлі мемлекеттерінде біртіндеп іске асырылған. Әрбір мемлекетте интеграцияның өзіндік модельдері іске асырылады, яғни бұл әмбебап интегративті білім беру модельдерін құру мүмкін еместігінің дәлелі. Бірақ кез-келген мемлекетте интеграциялық білім беруді нәтижелі іске асырудың бірқатар алғышарттары бар. Оларға жатқызылады:

- жеке тұлғаның құқықтары қорғалатын демократиялық құрылымды қоғам;

- білім беру процесінің жартылай қамтылуы;

- кең көлемді арнайы білім беру қызметтердің және жалпыға білім беру мектептің, бала бақшаның құрылымында мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірлік іс-әрекетін қамтитын ерекше жағдайлардың болуы;

- интеграциялық процестердің жайлы өтуі, жалпыға білім беру мен арнайы білім беру жүйелері ұсынатын білім беру мен түзету қызметтерін таңдау мүмкіндігі;

- қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамдармен өзара байланысқа түсуге дайындығы.

Ғалымдардың қазіргі таңдағы зерттеулері бойынша инклюзивті білім беру тәжірибесін қамту аймағында ең жетілген заңнамалар келесі мемлекеттерде қабылданған: Канада, Кипр, Дания, Исландия, Индия, Мальта, Нидерланды, Норвегия, ЮАР, Испания, Швеция, Уганда, АҚШ және Ұлыбритания. Италияда біріктіріп білім беруді заңнамалар 1970-ші жылдардан бастап қолдайды. Сонымен қатар, ең жылдам және түбегейлі өзгерістер әлемнің бірнеше ең кедей мемлекеттерінде бақыланады: Угандада, Лесотода, Вьетнамда, Лоюста, Иорданияда, Палестинада, Мароккода, Мысырда және Иеменде. Бұл динамика, көбіне аталған мемлекеттерде, ЮНЕСКО бағдарламаларының нәтижелі іске асырылуымен түсіндіріледі.

Кейбір мемлекеттерде инклюзивті білім берудің келесі бағыттылығы басым – бала білімді жалпыға білім беру мектебінде алады (Ұлыбритания, Италия, Канада, АҚШ, Норвегия, Австралия), басқаларында интеграцияның келесі бағыты басым - бала білімді жалпыға білім беру мектептің арнайы түзету сыныптарында немесе арнайы мектепте білім алады, бірақ сыныптан тыс уақытты қалыпты балалармен өткізеді (Франция, Германия, Голландия, Финляндия, Бельгия). Бүгінге күнге ең жетілген заңнамалар қабылдаған мемлекеттер деп Канаданы, Кипрды, Данияны, Исландияны, Индияны, Мальтаны, Нидерландты, Норвегияны, ЮАР, Испанияны, Швецияны, Уганданы, АҚШ және Ұлыбританияны айтуға болады. Түрлі мемлекеттер интеграцияға басқаларға ұқсамайтын өз жолымен көптеген қиындықтарды жою арқылы, оның пайдасы туралы дискуссиялардан соң, нормативті-құқықтық негіздерінің құрастырудағы қиындықтарды талдаудан соң келді. Білім беруде интеграция құбылысы әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде АҚШ-та және Батыс Еуропада 1970-ші жылдардың басында қалыптасты. Бірақ әлеуметтік, жыныстық, діни, нәсілдік және басқа да көрсеткіштері бойынша ерекшеленетін тұлғаларды біріктіріп оқыту бағыттарының пайда болу алғышарттарының тамырлары соғыстан кейінгі жылдарда қалыптасқан әлеуметтік жағдайдан басталады. Адам өмірінің және жеке тұлғаның маңыздылығын түсініп, қоғам денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балаларды қамқорлығына ала бастайды. Дискриминацияға қарсы саясатты жүргізу нәтижесінде Батыс Еуропада мүмкіндігі шектеулі балалардың көбінің жалпыға білім беру мектептеріне нақты интеграциялануы іске асырылды. АҚШ және Батыс Еуропа мемлекеттерінде интеграцияның даму процесін қазіргі уақытта да реттейтін, заңдармен қарастырылған қолдаулар көрсетіледі. Қажетті заңдар Бельгияда (1970), Ұлыбританияда (1981), Германияда (1973), Грецияда (1985), Данияда (1969), Италияда (1971, 1975), Швецияда (1994) қабылданған. Айту қажет, мұндай заңнамалық акттарда бүгінгі күнге дейін бірқалыптылық жоқ.

Италия

Көптеген мамандардың пікірінше, Италия барлық әлемге инклюзивті білім берудің зертханасы болды. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап бұл мемлекетте арнайы мектеп оқушыларының басым көпшілігі жалпыға білім беру жүйесіне интеграцияланды.

1971 жылы Италияда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жалпыға білім беру мектептерінде оқуға құқылы туралы бірінші заң пайда болды. 1977 жылы мұндай оқытуды ұйымдастырудың нақты нормативтерін белгілейтін Заң қабылданды:

- сыныптағы балалардың максималды саны - 20;

- даму ерекшеліктері бар балалардың максималды саны - 2;

- мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға бағытталған арнайы іс-шаралар сыныптағы сабақтардың мазмұнына кіреді;

- арнайы бағдарламалар бойынша оқытылатын сыныптар жабылды;

- арнайы педагогтар мен қалыпты оқушылардың мұғалімдері топтарға бірігеді;

- екі категориядағы педагогтар сыныптың барлық оқушыларымен өзара байланыста болады.

Бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі балалардың 99% жалпыға білім беру мектептерінде оқиды. Олардың барлығына «қолдау көрсету мұғалімі» (тьютор) көмек береді. Қалыпты сыныпта мұғалімнен арнайы көмек алу үшін, бала даму мүмкіндігі шектеулі бала ретінде тіркелуі тиіс. Тіркеу ата-аналар келісімімен және бір жылға ғана жасалады, бұл уақыт өткен соң арнайы көмекті ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылданады. Арнайы педагогтар мен мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ресми сәйкестігі 1:4, бірақ тәжірибеде бұл көрсеткіш – 1:2. Италияда қалыпты тәжірибе, егер сыныпта көрмейтін немесе естімейтін бала болса, онда сыныптың басқа балалары да Брайль әліппесін немесе ым-ишара тілін оқиды. Италияда 1992 жылы қабылданған жаңа заң бойынша ең бастысы мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтенуі ғана емес, сонымен бірге олардың академиялық пәндер бойынша сапалы білім алуы үшін барлық жағдайлардың жасалуы. Осы заңға сәйкес шамамен 16 000 балалар арнайы (түзету) мектептерінен жалпыға білім беру мектептеріне ауыстырылып, шамамен 10 000 бала арнайы колледждер немесе кәсіби-техникалық мектептерге емес, университеттерге қабылданды.

1977 жылы Италияда дискриминация туралы Заң қабылданған соң, жалпыға білім беру мектептеріне 160 000 ерекше қажеттіліктері бар балалар ауыстырылды, олардың арасында шамамен 1000 бала даму бұзылыстарымен.

2003 жылы Италияның білім беру Министрлігі мектептердің барлық директорларын жұмыстан үзбей, инклюзивті білім беру ұлттық саясатын өмірге енгізуді жетілдіру мақсатымен, тренингке қатысуларын міндеттеді. Сонымен қатар, жалпыға білім беру мектептерінің барлық мұғалімдері, жылына 40 сағат деп есептелген, біліктіліктерін жоғарылату курсынан өтуге міндеттелді.

Италияндық бағыттың ерекшелігі - жалпыға білім беру мектептерінің, олармен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау мен емдеу жұмысын жүргізетін, медициналық және әлеуметтік мекемелерінің мамандарымен тығыз өзара байланыста болуы (дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, медбикелер, логопедтер функционалдық және физикалық терапевттер және т.б.). Сонымен қатар, жалпыға білім беру мектептерінің мұғалімдерінің көбісі интеграцияны қабылдайды, бірақ оны сынып өміріне енгізуде күрделі қиындықтары бар. Олар, жиі мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту жауапкершілігін қолдау көрсету мұғалімдеріне жүктеуге ұмтылады. Сонымен бірге, мұғалімдер мұндай оқушылармен сыныптан тыс уақытта жұмыс жүргізілгенін қалайды.

Италияда білім беру интеграциясының даму мәселелері бірнеше себептермен байланысты:

- интеграция процесі мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің қажеттіліктерін зерттеусіз, қажетті мамандардың (тьюторлардың) санын анықтаусыз басталып кеткен.

- Жалпыға білім беру мектептерінің мұғалімдерін инклюзивті білім беру мәселелері бойынша оқытудың шектеулі және жеткіліксіз болуы. Бұл тақырып бойынша бір ай бойы жүргізілген арнайы сабақтар жағымды нәтижелер бермеген, ал көп мұғалімдер мұндай оқудан өтпеген. Яғни, жалпыға білім беру мұғалімдері ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту міндетін көздемейді, өйткені интеграцияға дайындық қажетті деңгейде жүргізілмеген.

- Жоғары сыныптарда жұмыс істейтін, қолдау көрсететін мұғалімдердің көбісінің арнайы (дефектологиялық) дайындығы жоқ.

- Сынып мұғалімі мен тьютордың бірлесіп жұмыс жасауы қиындықтар тудырған. Олар өз іс-әрекеттерінің аймақтарын анықтай алмай, өз міндеттерін бір-біріне аударуға тырысқан.

- Жалпыға білім беру процесіне терең ақыл-ойы кем балалар қосылған, сондықтан олардың басқа балалармен оқуын ұйымдастыру мен қарым-қатынастарын реттеуде үлкен қиындықтар пайда болған. Көп мамандар ондай балаларға арнайы сыныптар ашылуы тиіс деп айта бастаған. Бірақ мұндай ұсыныс Италияда қабылданбайды, өйткені бөлектенген арнайы білім беру жүйесі қайта пайда болады, ал бұл жүйе осы мемлекетте «намысты таптау» және оқытуда пайда бермейді деп қабылданады. Нәтижесінде анық интеллектуалды бұзылыстары бар балалардың көбі оқытылмайды.

- Орта мектептің жоғары сыныптарының білім беру процесіне қатысушылар тарапынан инклюзивті білім беруге жағымсыз қатынастың болуы. Қалыпты балалардың бірқатар ата-аналарының сыныпта даму бұзылыстары бар оқушылардың оқуына қарсы болуы.

Сонымен, Италияда қол жеткізуді кең мағынада қарастыру керек. Бірақ, бұл сұрақ бойынша мәліметтер жүйелі түрде өңделмеген соң білім беру интеграциясы процесінің нәтижелері туралы мәліметтер аз.

Швеция

Инклюзивті білім берудің идеялары нәтижелі іске асырылып жатқан мемлекеттердің бірі болып Швеция саналады. Интеграцияға бағытталу курсы 1969 жылы Швецияда қажетті мемлекеттік құжат пайда болудан басталды. 20 ғасырдың 60-70 жылдарында Швецияда, соңынан басқа да дамыған мемлекеттерде дамуында ауытқушылықтары бар адамдарға арналған ірі интернаттар мен психиатриялық ауруханалар жабылды. 1980 жылы мемлекет даму бұзылыстары бар балалардың оқуын ұйымдастыру бағыттарының өзгеруінен құрастырылған оқу жоспарын қабылдады. 1989 жылы орта білім туралы жаңа Заң қабылданды, ал 1990 жылдан бастап түзету педагогтарын оқытудың арнайы бағдарламасы қайта қарастырылды.

1995 жылы мұғалімдер, тәрбиешілер мен директорлардың рөлін басқаша анықтайтын жаңа білім беру стандарты бекітілді. Стандартта 5 және 9 сыныптар соңында қол жеткізуі тиіс міндетті білімдер деңгейі көрсетілді. Білім беру Министрлігі анықталған оқу мақсаттарына жету үшін мұғалімдер оқыту әдістерін өздері таңдап алады деп болжамдаған. Оқу процесін ұйымдастырумен мектеп директоры айналысады. 1986 жылдан бастап Швецияда көру бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектептер жоқ, өйткені олар мекен жайы мектептерге интеграцияланған және де ұлттық медициналық орталықта арнайы көмек алады. Инклюзивті білім беру ерекше қажеттіліктері бар балаларға қатысты мемлекет саясатының стратегиялық бағыты болып табылады. Бұл мемлекетте ерекше қажеттіліктері бар балалардың көбісі қалыпты сыныптарға интеграцияланған және де қажетті қолдауды алады (арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегін алып, арнайы көмекші құралдармен пайдаланады). Есту, көру, ақыл-есі кем, күрделі бұзылыстары анық көрініс тапқан балалар, бұзылыс түрлері бойынша дифференциацияланған арнайы мектептерде білім алады. Мұндай мектептерде олар 21-23 жасқа дейін оқи алады. Қазіргі уақытта арнайы мектептер жалпыға білім беру мектептерінің сыныптарына интеграцияланған балаларға қолдау көрсету Орталықтары да болып табылады. Ақыл-есі кем балаларға арналған арнайы мектептер жалпыға білім беру мектептерінің ғимаратында оның сыныптарын орналастыру арқылы интеграцияланған.

Швецияда күрделі мәселелердің бірі болып ерте балалық шақ аутизмі бар балаларды арнайы оқыту болып табылады. Бұл балалар қалыпты мектепте кіші топтарда оқытылады. Әрбір үш баламен 2 мұғалім және ассистент жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар, Швецияның жалпыға білім беру мектептерінде интеграциялық оқыту қызығушылық танытатын тұлғалардың барлығын қанағаттандырмайды.

Date: 2015-10-19; view: 1643; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию