Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Күрделі бұзылыстары бар балалар





Күрделі даму бұзылысы бір немесе бірнеше, пайда болу жағынан түрлі немесе бірдей, себептер негізінде пайда болуы мүмкін. Күрделі бұзылыстардың нұсқалары:

1) бір ақау - генетикалық, екіншісі - экзогендік, және керісінше;

2) екі ақауда, бір-бірінен тәуелсіз әсер ететін, түрлі генетикалық
факторлармен анықталған;

3) әр ақау, бір-бірінен тәуелсіз әсер ететін, экзогендік факторлармен
анықталған;

4) бұзылыстардың екеуі де бір экзогендік фактордың нәтижесінде пайда болған;

5) бұзылыстардың екеуі де бір тұқымқуалаушылық синдромның түрлі көріністері.

Күрделі және көптеген даму бұзылыстарына әкелетін экзогендік ауруларға түрлі құрсақта және туылған соң ауырған аурулар жатады. Ең танымал құрсақ ауруларына қызылша, туберкулез, токсоплазмоз, т.б. жатады.

Кейбір балаларда дамудың бұл кемістіктері бірдей кездесуі мүмкін: туа біткен көз катарактасы, кереңдік, жүрек аурулары. Танымал күрделі ақауға соқтыратын құрсақтық созылмалы вирустық ауруға цитомегаловирустық инфекция жатады. Бұл аурудың вирусы жақын байланыста жұғады және барлық туа біткен инфекциялардың арасында ең кең таралған деп саналады. Ауру балаларда ешбір белгісіз өтеді және тек лабораториялық зерттеуден соң дәлелденеді. Бұл туа біткен инфекцияның нәтижесі ретінде балаларда бөлектенген бұзылыстар /туа біткен қисық аяқтық, кереңдік, таңдайдың өзгеруі және микроцефалия/ немесе кешенді /хориоретинит түрінде есту және көру бұзылыстары, немесе көру жүйкелерінің атрофиясы; церебралды сал ауруы және кереңдік, т.б./.

Соңғы жылдары құрсақтық қызылшаны алдын алу нәтижелі өткізіледі, бірақ цитомегаловирустық инфекция ең қауіпті болып қала береді, оның

нәтижесінде балалардың дамуында күрделі туа біткен бұзылыстар пайды болады. Туа біткен көру, есту бұзылыстары, ақыл-естің жетілмеу себептері -ананың токсоплазмоз, сифилис және т.б. ауруларға шалдығуы.

Балалық шақта қызылша, скарлатина, ауыр грипп ауруларына шалдығу дамудағы күрделі бұзылыстардың пайда болуына себеп болады. Көру және есту күрделі бұзылыстарына ауыр диабет және бірқатар соматикалық аурулар да соқтырады.








Date: 2015-10-19; view: 537; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.03 sec.) - Пожаловаться на публикацию