Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ерте балалық шақ аутизмі бар балалардың танымдық және эмоционалды-еріктік сферасы





Ерте балалық шақ аутизмі бар баланың психикалық дамуы бірқалыптылықтың жоқтығымен мінезделенеді. Кейбір жағдайларда музыка, математика, өнер салаларындағы жоғары деңгейлі қабілеттілік кәдімгі өмірлік іскерліктер мен дағдылардың терең бұзылыстарымен бірігуі мүмкін. Ерте балалық шақ аутизммен ауыратын балалардың зейінінің мақсатты бағыттылығы мен ырықтылығы бұзылады, бұл жағдай жоғары психикалық функциялардың қалыптасуына жол бермейді. Қоршаған орта заттарынан келетін кейбір бейнелі /дыбыстық/ әсерлер балаларды баурап алады, олардың осы ерекшеліктерін зейіндерін тұрақтандыруда қолдануға болады. Әдетте, ерте балалық шақ аутизмі бар баланың зейіні бірнеше минут, секунд ғана тұрақты болады.

Ерте балалық шақ аутизмі бар бала сенсорлық тітіркендіргіштерге ерекше жауап қайтарады: аса жоғары сенсорлық зақымдалу байқалады және сол сәтте, нәтиже ретінде - әсерлерді байқамау, қабылдамау.

Ерте балалық шақ аутизмі бар баланың қабылдауында да кеңістікте бағыттала алмау бұзылысы анықталады. Ол үшін тұтас зат маңызды емес, маңыздысы - оның кейбір сенсорлық қасиеттері: дыбысы, түрі, түсі. Бұл

балалардың көбінде музыкаға деген сүйіспеншілік байқалады. Олар үшін өз денесінен баратын тактильді және бұлшық-ет түйсіктері маңызды.

Ерте жастағы аутизммен ауыратын балалардың механикалық естері жақсы сақталған, сондықтан эмоционалдық уайымдардың іздерін сақтауға жағдай бар. Мәлімет бүтіндей қабылданып есте сақталады, бірақ өңделмейді, қабылданған түрде өзгеріссіз қолданылады. Олардың ауытқушылықты қиялдары аса бейнелілік, анықтылық және «жарықтығымен» ерекшеленеді. Кейбір балалар аса сезімтал, олар кейбір мультфильмдерді көргенде жиі жылайды. Мұндай балалардың ойлауының дамуы ырықты оқу процесіндегі үлкен қиындықтарды жеңу, нақты пайда болған міндеттерді бағыттылықпен шеше алумен байланысты. Балаға жағдайдың уақыт шеңберінде дамуын түсіну, себептік-нәтижелілік байланыстарды анықтау қиын.

Жетекші көрсеткіш - туылған соң аз уақыт шеңберінде көрініс табатын эмоционалды-еріктік сфераның бұзылуы. Аутизм жағдайында ең ерте қалыптасатын - қоршаған адамдармен әлеуметтік байланыс орнату жүйесінің артта қалып қоюы байқалады: адамның бетінде назарын ұстап тұрмау, күлмеу және үлкеннің әрекеттеріне күлкі, гулеу және қозғалыс арқылы жауап қайтармау. Өскен сайын баланың жақын үлкен адамдармен эмоционалдық байланысы әлсіздей түседі. Ерте балалық шақ аутизмі бар балалар «қолға ал» - деп ұмтылмайды, анасының қолында болғанда оны құшақтамайды, әлсіз және енжар болып қала береді. Бұл жастағы аутизм ауруы бар балалар, қалыпты дамығандарға қарағанда, үлкендерге «ұнауға», жақсы, мақтау сөздерін естуге тырыспайды. «Мама» мен «папа» сөздері басқа сөздерден кеш пайда болады және ата-анамен сәйкестендірілмеуі мүмкін. Олар жағымды қарым-қатынастан да тез шаршайды, жағымсыз әсерлерді нашар қабылдайды, аутисттік іс-әрекеттің қалыптасуында жетекші орын алатын түрлі қорқыныштары жиі пайда болады. Сәл ғана өзгерістер, мысалы, жиһаздың орнын ауыстыру, қарқынды жауап қайтаруды тудырады.

Date: 2015-10-19; view: 2175; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию