Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Психикалық дамуы тежелген балалар





Жалпыға білім беру бағдарламалары бойынша алғашқы кезеңдегі білімдерді меңгеруде қиыншылықтарға ұрынған балаларды негізгі ерекшелендіретін патогендік мінездемелерінің бірі эмоционалды-еріктік сфераларының инфантилизм түрі бойынша жетілмеуі болып табылады. Бала ол үшін жаңа талаптарды орындай бастағанда, мектепалды кезеңнен мектепке ауысу кезеңдерінде, инфантилділік анық көрініс табады. Инфантильді балалардың қозғалыстары жылдам, олар бір орында отыра алмайды, кеңістікте бағытталулары жеткілікті дамымаған.

1966 ж. М.С.Певзнер психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың келесі клиникалық нұсқаларына негізделіп классификациясын ұсынды:

1. Интеллекті сақталған балалардың эмоционалды-еріктік сфералары
жетілмеуі негізінде пайда болған психофизикалық инфантилизм
/күрделенбеген үйлесімді инфантилизм/.

2. Танымдық іс-әрекет жетілмеу негізінде пайда болған психофизикалық
инфантилизм.

3. Нейродинамикалық бұзылыстармен күрделенген, танымдық іс-әрекеті
жетілмеу негізінде пайда болған психофизикалық инфантилизм.

4. Сөйлеу функциясының жетілмеуімен күрделенген, танымдық іс-әрекеті
жетілмеу негізінде пайда болған психофизикалық инфантилизм.

Келесі жылдары оқуда қиыншылықтары бар және дамуларында әлсіз көрініс табатын ауытқушылықтары бар балаларды зерттеуде клиникалық ПДТ диагнозы эмоционалды-еріктік жетілмеу олигофрениялық емес табиғатты танымдық сфераның дамуы жетілмеуімен біріккен жағдайда жиі қойылатын болды.

М.С.Певзнер мен Т.А.Власова ПДТ жағдайына әкелетін себептерді анықтады:

1. Жүктілік кезеңінің жағымсыз өтуімен байланыстырды:

а) жүктілік кезеңінде ананың ауруларымен;

ә) жүктілікке дейін басталған ананың созылмалы соматикалық ауруларымен;

б) токсикоздармен, әсіресе жүктіліктің екінші кезеңінде;

в) токсоплазмозбен;

г) ішімдік, темекі, наркотик, химиялық және дәрілік препараттарды,
гормондарды қабылдау негізінде ана ағзасының интоксикациялануымен;

д) резус-фактор бойынша ана мен бала қанының сәйкес келмеуі.

2. Босану патологиясы:

а) босануға көмектесуде түрлі тәсілдерді, заттарды қолдану кезінде нәрестені

механикалық зақымдау негізінде пайда болған жарақаттар;

ә) жаңа туылған баланың асфикциясы және оның қауіпі.

3. Әлеуметтік факторлар: ерте даму /3 жасқа дейін/ және кешірек жастық даму кезеңдерінде баламен шектеулі эмоционалдық байланыс ретінде пайда болған педагогикалық қараусыз қалу.

Date: 2015-10-19; view: 2959; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию