Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бұйымды өндіру әдісін таңдау





 

 

Жиналушы темірбетон бұйымдарын жасау бірнеше технологиялық бөлімшелерден тұрады: бетон араласпасын дайындау; арматуралық элементтерін орналастыру; бұйымдарды бетондау – қалыптау; бетон қатаюы; бұйымдарды қалыптан шығарып, қалыптарды келесі циклға даярлау; бұйымдарды ірілендіре жинау және зауыттық дайындық дәрежесін жоғарылату мақсатында олардың беттерін тиісінше өңдеу.

Өндірістік процестерді тасқындық тәсіл принциптерінде ұйымдастырады. Жеке тасқындар мен технологиялық созындылар мүмкіндігінше жасалынатын бұйымдар және конструкциялар түрінде байланысты мамандырылады.

Тасқындық тәсіл келесідей орындалады: өндірістік процестер біркелкі ырғақтылықта және әрбір жұмыс орнында операциялардың орындалу ұзақтығы өзара бірдей, қалыпталынатын бұйымдар бір орыннан екінші орынға үзіліссіз беріліп отырады да ең соңында қалыпталынған, термиялық өңдеуге дайын бұйымы шығып отырады. Демек тасқын тәсілі бойынша барлық технологиялық процесс орындалу ұзақтығы бойынша бірдей жеке операцияларға жіктелінеді. Бұл операциялар қатаң бірізділікпен және синхрондықпен жабдықталынған жұмысшы орындарда орындалады.

Бұйымдарды өндіру оларды бір жерден екінші бір жерге көшірілумен немесе бір орында қозғалтпай жасап шығарылуы ұйымдастырылады. Бірінші жағдай агрегаттық, агрегаттық – тасқындық тәсілге, ал екінші жағдай стендалық тәсілге тән.

Стендті тәсілде жиналушы темірбетон бұйымдарын өндіру бойынша басты технологиялық процестер қозғалмайтын қалыптарда – стендыларда орындалады. Бұйымдар бетон қажетті мықтылығына ие болғанша сол орынында қалады, ал технологиялық жабдықтар жеке жұмысшы операцияларды бірінен кейін бірін кезекпен орындау үшін стендыда бір қалыптан екінші қалыпқа көшіріліп отырады. Стендылық тәсіл көпшілігінде полигондарда – ашық аспан астында – темірбетон бұйымдарымен конструкцияларын өндіруге әдейі жабдықталынған алаңдарда қолданады. Көпшілік жағдайларда бұйымдарды қалыптау және негізгі, қосымша операциялары тікелей булау камераларында жүргізіледі: жылы ылғалдылықта бұйымдарды өңдеуді қалып қуысына берілетін бу жылуы есебінде іске асырылады. Стендылық тәсілді жоғарымеханикаландырылған зауыттық өндірісінде де көбінесе ірімөлшерлі және массалық конструкцияларды жасау үшін қолданады. Сондай-ақ стендауда алдын-ала кернеуленген темірбетон бұйымдарын да жасайды.

Стендының көп түрінің бірі болып кассеталық тәсіл саналады. Бұл тәсіл бойынша, тік қалыптарда – кассеталарда бір мезетте бірнеше бұйым жасалынады.

Ол үшін көпқатарлы тік қалыптарға – кассеталарға жылжымалы жұмсақ немесе шалақатты бетон араласын құйып, аспалы дірілдеткіштермен, дірілдететығыздап қалыптаған бұйымдарды сол орындарында кассеталар аралықтарындағы қуыс кеңістіктерге ыстық бу жіберумен қыздыру арқылы термоөңдеу өткізеді. Бұл тәсіл бойынша арнаулы булау камерасының, дірілдетпе алабының қажеттері жоқ. Кассеталарда жасалынған бұйымдар беттері теп-тегіс болып шығады.

Кассета қабырғаларын құрыштан, армацементтен, пластмассадан, темірбетоннан жасауға болады. Кассеталық қалыптарын, жинауды және қайтадан ажыратуды механикалық және гидравликалық қимылдату жолымен орындайды. Бетон араласын кассеталар сыртына асылдыра бекітілген дірілдетпелерімен және тереңдік дірілдетпелерімен, қуыстар құраушыларын дірілдетумен нығыздайды.

Жасалынатын бұйымдар түрлеріне байланысты кассеталық қалыптар қабырға панельдері үшін, жабынды панельдері мен баспалдақ басқыштары үшін және желдеткіш блоктары және т.б. бұйымдары түрлері үшін арналған болып жіктелінеді.

Кассеталарда – қалыптарда бумен термоөңдеуді электрмен қыздыруға ауыстыруға болады.

Бұйымдарды кассеталық қалыптау және термоөңдеу бойынша жалпы цикл 8 – 10 сағатқа созылады, оның 6 сағаты 100˚С дейін жылы ылғалдылықпен өңдеуге кетеді.

Бұйымдарды агрегатты-ағымды әдіспен жасау мынандай технологиялық процестерден тұрады: жеке операциялар немесе топтар; әмбебап жабдықтарда әр түрлі типтегі операциялардың орындалуы; ағымдағы еркін серпін; бұйымның бір постыдан екінші постыға ауысуы; қалыптар мен бұйымдар бір посттан екінші постқа белгілі бір уақыт аралығында өтеді, ол жұмыс орынында орындалып жатқан операцияның ұзақтығына тәуелді.

Агрегатты-ағымды тәсілдің тағы бір ерекшелігі, қалыптар мен бұйымдар ағымдағы тізбектің барлық посттарында тоқтамайды, тек осы жағдайға керекті посттарда. Өндірісте агрегатты-ағымды ұйымдастыру бір ағым тізбегінің артынан бұйымның өлшемі бойынша ғана емес, конструкциясы бойынша да тіркеумен сипатталады. Бұл ағымдағы тізбекте әмбебап жабдықтың болу мүмкіндігін тудырады.

Мұндай тізбекте операция аралық бұйымның жіберілуі көтерме-тасымалдау арқылы және басқа тасымал құралдарымен жүзеге асады. Агрегатты ағымды тәсілде бетонның тез қатаюы үшін периодты және үздіксіз жұмыс істейтін камераны пайдаланады.

Әр камераның аз көлемді секциялары бұйымды түсіріп, қайта жүктеуге аз уақыт жұмсауға мүмкіндік береді. Мұндай секциялардың көп болуы қалыпталған бұйымдардың қатаю камерасына үздіксіз жіберілуіне жағдай жасайды.

Өндірістік цехтың технологиялық схемасын таңдағанда қалыптау және бумен өңдеу кезінде шығарылатын өнімнің номенклатурасын, яғни өлшемдерін ескеру қажет. Аз және орташа қуатты зауыттардың аз сериялы темірбетон бұйымдарын өндіру үшін тиімдісі – агрегатты-ағымды тәсіл. Бұл тәсілді құрылымы қарапайым техниканы қолдана отырып жылдам әрі үлкен емес құрылыс алаңдарында аз қаражат жұмсалады. Қалыптау жабдығының өнімділгі қалыптанатын бұйымдардың өлшеміне байланысты, әрі қалыптау циклінің ұзақтығына (диапазон 5-40 минут) байланысты өзгеріп отырады.

Агрегатты-ағымды әдіс қазіргі құрама темірбетон технологиясында кең таралған.

Date: 2015-10-18; view: 1999; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию