Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Заманауи нарықтық экономикада Орталық банк қызметін, міндеттерін және реттеу құралдарын сипаттаңыз





Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады. ұлттық банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады. Өзге банктердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады. Қазақстан Республикасының орталық (ұлттық) банкi мемлекеттiң негiзгi банкi болып табылады. Олардың қызметi өкiлеттi және атқарушы өкiмет органдарынан тәуелсiз. Қазақстан Республикасының орталық банкi – экономикалық дербес мекеме. Ол өзiнiң қызметiн меншiктi табыстары есебiнен жүзеге асырады. Орталық банк көптеген қызметтер атқарады. Оның iшiнде негiзгiлерi:

- ақша эмиссиясы (айналымға ақша шығару);

- мемлекеттiң алтын валюта қорын сақтау;

- басқа несие беретiн мекемелердiң резервтiк қорларын сақтау;

- экономиканы ақша-несие арқылы реттеу;

- коммерциялық банктерге несие беру және мемлекеттiк мекемелерге кассалық қызмет көрсету;

- банктердiң, сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын ұйымдастыру қызметiн реттеу және қадағалау т.б.

Қазақстан Республикасы Орталық банкiнiң ақша-несие саясатын жүргiзудегi негiзгi құралдары мен әдiстерiне: Қазақстан Ұлттық банкiнiң сыйақы ставкалары, резервтiк талаптар, оның нарықтағы операциялары, валюталық реттеу, тiкелей сандық шектеулер жатады.
Коммерциялық банктер банк жүйесiнiң аса маңызды буыны болып есептеледi.

Азіргі заманғы банк жүйесінің мәні мен құрылымын ашып көрсетіңіз. Нарықтық экономикадағы банк қызметтерінің түрлері мен рөлін атаңыз.

Қазіргі банк жүйесі – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының аса маңызды саласы. Оның тәжірибелік рөлі, оның мемлекеттегі төлемдер мен есептерді басқаруымен, өзінің коммерциялық келісімдерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүзеге асырумен, басқа да қаржылық делдалдармен қатар, банктер халықтың сақталымдарын фирмалар мен өндірістік құрылымдарға бағытталуымен анықталады.
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.
Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-салумен де айналысады.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығы, көбiне екiншi деңгейлi банктердiң тұрақтылығымен байланысты болып келедi. Ел экономикасында бiрлескен және шет ел банктерiнiң, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестiктi одан әрi күшейтiп жiбердi. Нәтижесiнде, банктердiң несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзiмi ұзартылған несиелердiң көлемi өстi. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық банктер тәуекелдiң жоғары деңгейiмен бетпе-бет кездесiп, оған төтеп бере алмаған банктер жабылып қалып жатты.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және балық қаржылық капитал арқылы нарықты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасынын аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе «ертегідей күшке» ие бола отырып «нақты өндіріске ең қауіпті түрде араласуы» мүмкін.

48. Экономикалық теория мен экономикалық саясаттың өзара қарым-қатынасы қандай. Экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін сипаттаңыз.

Экономикалық теория — бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.

Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру. Экономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары қоғамдық құрылыстың сипатымен, елдің дамуының ішкі және халықаралық жағдайларымен айқындалады. Экономикалық саясат құрылымдық, инвестициялық, қаржы-несие, әлеуметтік, сыртқыэкономикалық, ғылыми_техникалық, салық, бюджет саясатын қамтиды.
Экономикалық саясаттың пайда болуы алғашқы мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты болды. Ежелгі және орта ғасырларда Экономикалық саясат әдетте салықтар алумен, ақша, айналыс және жер қатынастарын реттеумен шектелді. Капиталдың бастапқы қорлануы кезеңінде Экономикалық саясатқа капит. мануфактуралардың құрылуына және сауданыңдамуына септігін тигізген меркантилизм мен проекционизм тән болды, ал өнеркәсіптік буржуазияның өсуіне қарай еркін кәсіпкерлік саясат пен фридредерлік барған сайын үлкен рөл атқара бастады.
Қазіргі заманғы монополистік капитализмгемемлекеттің экономикалық рөлінің күшеюі сияқты Экономикалық саясат белгілері тән: мемлекет ұдайы өндіріске белсене араласады, халық ш-ндағы секторды дамытады, экономиканы бағдармалайды, дағдарысқа, инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асырады, фирмалардың, соның ішінде халықаралық монополистік ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттейді.
Сыртқы экономикалық саясат (СЭС) — бұл сыртқы экономикалық байланыстарды (СЭБ) реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралык еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеттері.
Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі құраушыларына жататындар:

• сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді);

• шетел инвестицияларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат;

• валюталық саясат.

Сыртқы экономикалық саясат — сыртқы экономикалық қызметті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:

• тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда-саттығы;

• материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.

49. Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін көрсетіңіз және негіздеңіз.

Экономикалық даму мен географиялық жағдайының деңгейіне қарамай, ғаламдық проблемаларға әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процесстерді де жатқызамыз. Олар планетадағы барлық елдердің діңгекті мүдделерін қамти отырып, дүниежүзілік қоғамдастықтағы мемлекеттердің өзара әрекеттенуінің дәйекті жолдарын іздестіріп, бүгіндері өркениеттілік адамдар тағдырының өмірлік маңызы барлығын паш етуде. Ғаламдық проблемаларға мыналар жатады: дүниежүзілік өзара соғысты болдырмау, қоршаған ортаны қорғау; дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жою; энергетикалық, шикізаттық, азық-түлік және демографиялық проблемалар; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт – жағдайда космосты игеру; ауруларды жою және басқалар.

Бұл проблемалар басқару тәсілі және экономикалық процесстердің динамикасы, ұдайы өңдіріс құрылымының әсерімен тығыз байланысты болып, жалпы экономикалық аспектіні айқындап көрсете түседі.

Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол, оның барлығы адам тағдырына қатысты және оны шешуді тоқтату өркениеттілікті күйретумен бірдей немесе жердегі өңдіріс қызметі мен өмір жағдайын деградациялау болып табылмақ.

Өркениеттіліктің болу негізі әртүрлі процесстердің әсеріне ұшырап отырады:

Милитаризация мен қару-жарақтану;

Қоршаған ортаның төзімсіз ластануы;

Қауіпті аурулардың таралуы мен өсуі: СПИД, рак, нашақорлық т.б.

Дамушы елдердегі демографиялық процесстердің асқыну салдарынан тақыр кедейлену, жұмыссыздық, сауатсыздықтың пайда болуы;

Жаппай мәдениеттілікті уағыздау әсерінен ұлттық мәдениеттің ыдырауы;

Дүниежүзілік мұхит байлығын бақылаусыз қанау.

Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол, тек қана барлық мемлекет пен халықтардың саяси экономикалық, ғылыми-техникалық күштерінің бірігуі нәтижесінде шешуге болады.

Барлық халықтар адамзатты ядролық соғыс зардабынан құтқару, экологиялық катастрофаны болдырмау, дамушы елдердегі халықтардың кедейленуін барынша бетін қайтаруға мүдделі. Осы айтылған өмірлік сауалдардан дұрыс шешім қабылдау – халықтардың өмір сүріп кетуіне жағдай жасап, өркениеттіліктің дамуына сатылап көшу деген

Date: 2015-10-22; view: 884; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию