Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ақшаның мәні мен қызметін түсіндіріңіз





Ақша – айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ.

Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. Ақша бес түрлі қызмет атқарады:

1) құн өлшемі;

2) айналыс құралы;

3) төлем құралы;

4) қор және қазына жинау құралы;

5) дүниежүзілік ақша.

Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана құн өлшемі болады.Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады.

Ақша айналыс құралы ретінде. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады. Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады. Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату — сатып алу процесіне қызмет етеді.

Ақша төлем құралы ретінде. Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтауға болады:

1. тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;

2. еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;

3. мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;

4. банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттеме;

5. сақтандару міндеттемелері;

6. әкімшілік — сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.Ақша — қорлану және қазына жинау құралы ретінде. Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттілігі Т — А — Т айналымының екі актілерге Т — А және А — Т айырылуымен байланысты. Қазына жинау құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкін. Қазыналарды қорландыру — алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрінде жүзеге асады. Несиелік және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметін атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ та осы қызмет негізінде олар қорлану қызметін жүзеге асырады.

Date: 2015-10-22; view: 775; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию