Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Емтихан билеті. 1. Ақша концепциясының өкілдері (металдық, номиналды, сандық)





1. Ақша концепциясының өкілдері (металдық, номиналды, сандық). Монетаның отаны.

2. Инфляция. Түрлері, мәндері. Инфляцияға ықпал етуші факторлар

3. Капитал айналымы

1.Монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып есептеледі. Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлануы кезеңінде пайда болды. Оның өкілдері У.Стаффорд. Т.Манн, Д.Норс және басқа да меркантилистер болды. Олар ақшаның қазына құралы және дүниежүзілік ақша қызметтерін шектен тыс бағалап, соның салдарынан ақшаны асыл металдармен шатастырды. Мемлекеттің монеталарды көздің қарашығындай сақтауын талап етті. Ақшаны әлеуметтік қатынастар ретінде емес, оны зат ретінде қарастырды.

Ақшаның номиналды теориясын Римнің және орта ғасырдың заңгерлері жасады. Кейінірек оны Дж.Беркли мен Стюарт одан әрі дамытты. Олар ақшаның металдық теориясын сынады, ал өздері ақшаның айналыс құралы және төлем құралы сияқты қызметтерін шамадан тыс бағалады.

"Номиналистер" - ақшаны - тауарлар айырбасына - қызмет ететін шартты белгілер, есеп айырысу өлшемдері деп жариялап, оны мемлекет үкімінің жемісі ретінде түсіндірді.

2.Инфляция – көпфакторлы құбылыс, ол бағаның жалпы дәреже-сінің өсуі арқылы және нақты активтерге қарағанда ақша белгілерінің құнсыздануы арқылы бейнеленеді. Жеке тауарлар бағасының қандай болмасын өзгеруі міндетті түрде инфляция болып табылмайды. Инфляцияға қарама-қарсы дефляция баға мен шығындардың жалпы төмендеуі болып табылады. Бағаның өсуінің бәсендеуі дезинфляция деп атайды. инфляция – бұл бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны, бірақ бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар төмендейді

Сұраныс инфляциясы – бұл толық жұмысбастылық жағдайында ресурстарды тиімді деңгейінен жоғары қолданғанда сұраныстың ұсыныстан асып кетуі салдарынан болатын бағалардың өсуі.

Ұсыныс инфляциясы – жалақы мөлшерлемесінің өсуі еңбек өнімділігінің өсуінен артып кеткенде, ресурстарңа баға өскенде орын алатын өндіріс шығындарының инфляциясы.

Инфляцияға әсер етуші факторлар: қағаз ақшаның тым көп болуы, баға, өндіріс.

3. Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын капиталдың ауыспалы айналымы деп атайды. Капиталдың ауыспалы айналымы қосымша пайда табуды көздейді:

d = A' – A

Мұнда, А – бастапқы жұмсалған капитал; d – үстеме құн.

Өндіріске құйылған бастапқы капиталдың барлық қозғалысы-ның түгелдей бір цикл бойы айналып шығуын капиталдың толық айналымы деп атайды.

Капиталдың толық айналымы мен ауыспалы айналымы бір-біріне сәйкес келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада бастапқы капиталдың тек бір бөлшегі ғана қайтып келеді, барлық

 

капиталдық құн өз иесіне тек өзінің бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде ғана капитал толық айналым жасайды.

Капиталдың осындай түрлерінің айналымы әрқашанда бірдей жүрмейді.

 

Date: 2015-10-22; view: 708; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию