Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ





Мамандық аты, шифры: 5B050600 – «Экономика», 5B050700- «Менеджмент», 5B050800 - «Бухгалтерлік есеп және аудит», 5B050900 – «Қаржы»,

5B051000 - «Мемлекеттік және жергіліктік басқару», 5В090200 - «Туризм»

 

Оқу формасы: күндізгі

Курс: 1

  I сем Всего:
Кредит саны: 2 2
Сағат саны: 90 90
Лекция: 15 15
Семинар: 15 15
Лабораториялық:    
СӨЖ: 30 30
СОӨЖ: 30 30
Аралық бақылау (АБ) 2 2
Қорытынды бақылау: емтихан емтихан

 

 

Силлабусты құрастырған: Успанова Ғ. - аға оқытушы

Қалтаева С. - э.ғ.к., доцент

Сарсенова А. - магистр-оқытушы

Онбаева М. - магистр-оқытушы

Назмутдинова А. - магистр-оқытушы

 

Мекен жайы, тел: 872533-6-36-36/1153/

ХҚТУ Ректорат. «Экономика кафедрасы»

Кафедрадағы жұмыс уақыты: 9:00с. -17:00с.

 

 

Түркістан 2011

 

Оқу-әдістемелік кешен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті әзірлеген жоғары кәсіптік білімі стандарты негізінде және экономикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Экономикалық теория» курсының бағдарламасы негізінде жасалған. Алматы: Экономика – 2001

 

Оқу-әдістемелік кешенді кафедраның

Хаттама № 1 «01» 09. 2011ж. мәжілісінде қаралды

 

Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., аға оқытушы _________ Г.Ж. Әзіретбергенова

 

 

Факультетінің Оқу–әдістемелік кеңесінің мәжілісінде бекітілді

Хаттама № 1 «02» 09 2011ж.

 

Оқу–әдістемелік кеңестің төрайымы ________ э.ғ.к., доцент Н.Т. Батырова

 

 

  1. Кіріспе

Пәннің қысқаша сипаттамасы

"Экономикалық теория" курсы гуманитарлық әлеуметтік – экономикалық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Ол сондай-ақ нақты пәндерді одан әрі үйрену үшін теориялық негіз болып табылады: микроэкономика, макроэкономика, маркетинг, аймақтық экономика, менеджмент және т.б. Бұл дербес ойлап және жауапкершілікті шешім қабылдай алатын экономикалық сауатты мамандарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

 

Пәннің мақсаты.

Курстың негізгі мақсаты студенттермен әртүрлі экономикалық жүйелерде, әсіресе нарықтық экономиканың әртүрлі модельдері жағдайында әрекет ететін экономикалық түсініктер, категориялар, экономикалық заңдарды меңгеру және үйрену болып табылады.

 

Пәннің міндеттері.

Сондықтан да курсты оқу барысында төмендегідей негізгі міндеттер қойылады:

- Экономикалық талдаудың негізгі құралдарын игеру;

- Нақты жағдайға байланысты экономикалық саясатты анықтау;

- Экономиканың ағымдық жағдайына негізделген болжамдық үлгілер құру;

- Макроэкономикалық үлгілер негізінде экономикалық жағдайға талдау жүргізу.

 

Пререквизиттер:

Философия

Информатика

 

Постреквизиттер:

Экономистерге арналған математика

Микроэкономика

Макроэкономика

 

2. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ

  Сем. Апта саны Семестр мен сабақ түріне бөлінген сағат Курс жоба Жалпы сағат Соңғы бақылау түрі
Лек. Сем. Практ.сабақ Лаб.сабақ СӨЖ СОӨЖ
                     
        - -         емтихан
Барлығы       - -         емтихан

 

3. ПӘН МАЗМҰНЫ

Тақырыптар атауы Ауд. сабақтар СОӨЖ СӨЖ
Лек. Практ.  
  1.Экономикалық теорияның пәні мен зерттеу әдістері        
  2. Қоғамдық өндіріс негіздері        
  3. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны        
  4. Қоғамдық шаруашылықтың формалары. Тауарлы өндіріс        
  5. Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы        
  6. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері        
  7. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен бағыттары        
  8. Өндіріс шығындары және табыс        
  9. Өндіріс факторлапының нарығы және факторлық табыстар        
  10.Ұлттық экономика біртұтас жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер        
  11. Жалпы экономикалық тепе-теңдік        
  12. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздық көрінісі ретінде.        
  13. Экономикалық өсу және экономикалық цикл        
  14. Банк және ақша-несие саясаты        
  15. Қаржы жүйесі        
Барлығы        

 

4. ЛЕКЦИЯНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

өткізілетін аптасы   Тақырыптар Сағат саны
  1 апта 1.Экономикалық теорияның пәні мен зерттеу әдістері 1.1 Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму кезеңдері. 1.2 Экономикалық теория пәеі мен зерттеу әдістері.  
  2 апта 2.Қоғамдық өндіріс негіздері 2.1 Адам және экономика 2.2 Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері 2.3 Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары  
  3 апта 3. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны 3.1 Меншіктің әлеуметтік-экономикалық мәні, объектілері, субъектіле 3.2 Меншіктің формалары мен типтері 3.3 Меншік формасын өзгерту әдістері 3.4 Экономикалық жүйелердің типтері  
  4 апта 4. Қоғамдық шаруашылықтың формалары. Тауарлы өндіріс 4.1.Тауарлы шаруашылықтың мәні, белгілері, типтері 4.2 Тауардың мәні және қасиеттері 4.3 Еңбек-құн теориясы және шектеулі пайдалық теориясы 4.4 Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері 4.5 Ақша жүйесі: құрылымы және қолданылуы. Ақша айналымының эволюциясы  
  5 апта 5. Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы 5.1 Нарықтың пайда болуы: шарттары және қызметтері 5.2 Нарықтың инфрақұрылымы: мәні және негізгі элементтері 5.3.Нарықтың элементтері: сауда және коммерция 5.4 Нарықтың типтері  
  6 апта 6. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері 6.1. Сұраныс заңы және оған әсер ететін факторлар 6.2. Ұсыныс заңы және оған әсер ететін факторлар 6.3. Нарықтық тепе-теңдік 6.4. Икемділік ұғымы. Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі  
  7 апта 7. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен бағыттары 7.1 Кәсіпкерлік: әлеуметтік-экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері 7.2 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары 7.3 Капиталдың айналымы және шеңбер айналымы 7.4 Негізгі және айналымы капитал 7.5 Негізгі капиталдың тозуы. Амортизация 7.6.Инвестицияның мәні.  
  8 апта 8. Өндіріс шығындары және табыс 8.1.Өндірістің бухгалтерлік және экономикалық шығындары 8.2. Тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар. Орташа және шекті шығындар. Кемімелі табыстылық заңы. 8.3. Жалпы, орташа және шекті табыс 8.4. Экономикалық және бухгалтерлік пайда. Пайданы жоғарылату шарты 8.5 Өндірістік функция 8.6 Жалпы, орташа және шектеулі өнім  
  9 апта 9. Өндіріс факторлапының нарығы және факторлық табыстар 9.1. Факторлық табыстың қалыптасуы және табыстардың бөлінуі теориясының негізі 9.2. Жалақы –еңбек бағасы 9.3.Процент-капиталдың меншік иесінің табысы 9.4. Жер рентасы –жерді иемденушінің табысы 9.5.Пайда-кәсіпкердің табысы  
  10 апта 10. Ұлттық экономика біртұтас жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер 10.1 Макроэкономика және оның мәселелері. Ұлттық экономика деңгейіндегі экономикалық айналым моделі 10.2 Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы сипаттамасы 10.3 ЖҰӨ және оны өлшеу әдістері 10.4 Ұлттық есеп жүйесі  
  11 апта 11.Жалпы экономикалық тепе-теңдік 11.1 Макроэкономикалық тепе-теңдік классикалық теориясы. Жеке, жалпы және нақты тепе-теңділік 11.2 Тұтыну мен қор жинау 11.3 Инвестициялар және оған әсер ететін факторлар.  
  12 апта 12. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздық көрінісі ретінде. 12.1 Жұмыссыздықтың мәні мен себептері 12.2 Еңбек нарығы. Жұмыссыздыққа ЖҰӨ әсері.Оукен заңы 12.3 Инфляцияның мәні, түрлері, себептері 12.4 Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы.Филлипс қийсығы  
  13 апта 13. Экономикалық өсу және экономикалық цикл 13.1 Циклдық ауытқудың мәні, түрлері, себептер. Қысқа. орташа және ұзақ циклдар. 13.3 Дағдарыс және оның түрлері 13.4 Экономикалық өсудің мәні, типтері, факторлары 13.5. Экономикалық өсудің модельдері  
  14 апта 14. Банк және ақша-несие саясаты 14.1. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс 14.2. Ақша нарығындағы тепе-теңдік 14.3. Банк жүйесі және банктің атқаратын қызметтері. Ақша мультипликаторы 14.4. Орталық банктің ақша-несие саясатының құралдары 14.5 Несиенің мәні мен турлері  
  15 апта 15. Қаржы жүйесі 15.1. Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы 15.2. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік шығындар. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы 15.3. Салық салудың принциптері мен түрлері. Салық мультипликаторы. Лаффер қийсысығы 15.4. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз. Ішкі және сыртқы қарыз  
    Барлығы  

 

5. Семинар сабағының күнтізбелік тақырыптық жоспары

өткізілетін аптасы   Тақырыптар Сағат саны
  1 апта 1.Экономикалық теорияның пәні мен зерттеу әдістері 1.1 Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму кезеңдері. 1.2 Экономикалық теория пәеі мен зерттеу әдістері.  
  2 апта 2.Қоғамдық өндіріс негіздері 2.1 Адам және экономика 2.2 Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы және нәтижелері 2.3 Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары  
  3 апта 3. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны 3.1 Меншіктің әлеуметтік-экономикалық мәні, объектілері, субъектіле 3.2 Меншіктің формалары мен типтері 3.3 Меншік формасын өзгерту әдістері 3.4 Экономикалық жүйелердің типтері  
  4 апта 4. Қоғамдық шаруашылықтың формалары. Тауарлы өндіріс 4.1Тауарлы шаруашылықтың мәні, белгілері, типтері 4.2 Тауардың мәні және қасиеттері 4.3 Еңбек-құн теориясы және шектеулі пайдалық теориясы 4.4 Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері 4.5 Ақша жүйесі: құрылымы және қолданылуы. Ақша айналымының эволюциясы  
  5 апта 5. Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы 5.1 Нарықтың пайда болуы: шарттары және қызметтері 5.2 Нарықтың инфрақұрылымы: мәні және негізгі элементтері 5.3.Нарықтың элементтері: сауда және коммерция 5.4 Нарықтың типтері  
  6 апта 6. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері 6.1. Сұраныс заңы және оған әсер ететін факторлар 6.2. Ұсыныс заңы және оған әсер ететін факторлар 6.3. Нарықтық тепе-теңдік 6.4. Икемділік ұғымы. Сұраныс пен ұсыныстың икемділігі  
  7 апта 7. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен бағыттары 7.1 Кәсіпкерлік: әлеуметтік-экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері 7.2 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары 7.3 Капиталдың айналымы және шеңбер айналымы 7.4 Негізгі және айналымы капитал 7.5 Негізгі капиталдың тозуы. Амортизация 7.6.Инвестицияның мәні.  
  8 апта 8. Өндіріс шығындары және табыс 8.1Өндірістің бухгалтерлік және экономикалық шығындары 8.2. Тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар. Орташа және шекті шығындар. Кемімелі табыстылық заңы. 8.3. Жалпы, орташа және шекті табыс 8.4. Экономикалық және бухгалтерлік пайда. Пайданы жоғарылату шарты 8.5 Өндірістік функция 8.6 Жалпы, орташа және шектеулі өнім  
  9 апта 9. Өндіріс факторлапының нарығы және факторлық табыстар 9.1. Факторлық табыстың қалыптасуы және табыстардың бөлінуі теориясының негізі 9.2. Жалақы –еңбек бағасы 9.3. Процент-капиталдың меншік иесінің табысы 9.4. Жер рентасы –жерді иемденушінің табысы 9.5. Пайда-кәсіпкердің табысы  
  10 апта 10. Ұлттық экономика біртұтас жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер 10.1 Макроэкономика және оның мәселелері. Ұлттық экономика деңгейіндегі экономикалық айналым моделі 10.2 Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы сипаттамасы 10.3 ЖҰӨ және оны өлшеу әдістері 10.4 Ұлттық есеп жүйесі  
  11 апта 11.Жалпы экономикалық тепе-теңдік 11.1 Макроэкономикалық тепе-теңдік классикалық теориясы. Жеке, жалпы және нақты тепе-теңділік 11.2 Тұтыну мен қор жинау 11.3 Инвестициялар және оған әсер ететін факторлар.  
  12 апта 12. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздық көрінісі ретінде. 12.1 Жұмыссыздықтың мәні мен себептері 12.2 Еңбек нарығы. Жұмыссыздыққа ЖҰӨ әсері.Оукен заңы 12.3 Инфляцияның мәні, түрлері, себептері 12.4 Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы.Филлипс қийсығы  
  13 апта 13. Экономикалық өсу және экономикалық цикл 13.1 Циклдық ауытқудың мәні, түрлері, себептер. Қысқа. орташа және ұзақ циклдар. 13.3 Дағдарыс және оның түрлері 13.4 Экономикалық өсудің мәні, типтері, факторлары 13.5. Экономикалық өсудің модельдері  
  14 апта 14. Банк және ақша-несие саясаты 14.1. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс 14.2. Ақша нарығындағы тепе-теңдік 14.3. Банк жүйесі және банктің атқаратын қызметтері. Ақша мультипликаторы 14.4. Орталық банктің ақша-несие саясатының құралдары 14.5 Несиенің мәні мен турлері  
  15 апта 15. Қаржы жүйесі 15.1. Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы 15.2. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік шығындар. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы 15.3. Салық салудың принциптері мен түрлері. Салық мультипликаторы. Лаффер қийсысығы 15.4. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз. Ішкі және сыртқы қарыз  
    Барлығы  

 

 

6. СТУДЕНТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ (СӨЖ)

өткізілетін аптасы   Тақырыптар Сағат саны
  1 апта 1. Экономикалық теорияның пәні мен зерттеу әдістері 2. Бірінші тақырып бойынша кроссворд жасау  
  2 апта 1. Адамның экономикадағы алатын ролі қандай? 2. “Экономика” және ”өндіріс” түсініктерінің арақатынасы қандай? 3. Экономикалық ресурстарға нелер жатады? 4. Өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну қатынастарын талдаңыз? 5. 1 тақырып бойынша 10 термин жазу, жаттау  
  3 апта 1. Меншік формаларының классификациясының белгілері 2. 1-3 тақырыптар бойынша 10 тест құру  
  4 апта 1. Айырбас қатынасының дамуы және ақшаның пайда болуы 2. Тауар және оның қасиеттері 3. Ақшаның мәні мен қызметтері 4. Қазіргі ақшаның ерекшеліктері  
  5 апта 1. Нарық және бәсеке 2. Мемлекеттік монополияға қарсы саясаты 3. Нарық инфрақұрылымына нелер жатады?  
  6 апта 1. Сұраныс заңы және оған әсер ететін факторлар (Жаттау) 2. Ұсыныс заңы және оған әсер ететін факторлар (Жаттау) 3. Тапсырма  
  7 апта 1. Кәсіпкерліктің мазмұны 2. Жеке кәсіпкерлік..Серіктестіктер. Корпорация 3. 4-7 тақырыптар бойынша 15 термин жазу, жаттау  
  8 апта 1. Өндіріс шығындарының түрлері 2. Табыстың түрлері  
  9 апта 1. Жалақы –еңбек бағасы 2. Процент-капиталдың меншік иесінің табысы 3. Жер рентасы –жерді иемденушінің табысы 4. Пайда-кәсіпкердің табысы 5. 9 тақырып бойынша тест құру  
  10 апта 1. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер 2. ЖҰӨ және ЖІӨ 3. Кроссворд құру  
  11 апта 1. Жиынтық сұраныс және оның көрсеткіштері 2. Жиынтық ұсыныс және оның көрсеткіштері 3. 8-11 тақырып бойынша 15 термин жазу, жаттау  
  12 апта 1. Инфляцияның себептері, мәні және түрлері 2. Жұмыссыздық формалары 3. Жұмыссыздық пен инфляцияның өзара байланысы  
  13 апта 1. Экономикалық өсу және экономикалық цикл 2. 10-13 тақырыптар бойынша тест құру  
  14 апта 1. Банк және ақша-несие саясаты  
  15 апта 1. Қаржы жүйесі 2. Емтиханға дайындық  
  15 апта Барлығы  

 

 

7. ОҚУЛЫҚТАР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер:

1. Б.Мырзалиев, С.Қалтаева, Ғ.Успанова,С.Ыдырыс Экономикалық теория (оқу қуралы)

Түркістан 2006

2. Б.Мырзалиев, Г.Байбосынова, А.Абдирова, Ш.Сунакбаев Экономическая теория (учебное пособие) Туркстан 2006

3.Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы Алматы, 2003

4. Я.Аубакиров, Б.Байжұмаев Экономикалық теория негіздері Алматы, 1999

5. Шеденов О.Қ. Жалпы экономикалық теория. Актобе, 2001

6. Мауленова С.С., Құдайбергенов Е.Қ., Бекмодин С.Қ. Экономикалық теория: оқу құралы. Алматы, 2002

7. Шеденов У.К. Общая экономическая теория. Учебник. /Под. Ред. д.э.н., проф. Шеденова У.К.. Алматы- Актобе, 2002

8. Сахарариев С.С., Сахариева А.С. Жаңа кезен-Экономикалық теориясы (оқулық). Алматы.”Джеккер”, 2004.151б.

 

Қосымша әдебиеттер:

1.Б.Мадешев Нарықтық экономиа теориясына кіріспе. Алматы “Экономика” 1995 ж.

2.Учебник по основам экономической теории. /Под ред. В.Д.Камаева – М., 1998

3.Фишер С., Дорнбуш Р., ШмалензиР. Экономика. – М.: Дело, 1994

4.Борисов Е.Ф. Экономическая теория. Учебник. – М., Юрист, 1997

 

8. АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1-блок сұрақтары

1. Экономикалық теория пәні және зерттеу объектісі

2. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері

3. Экономикалық заңдар мен категориялар

4. Экономикалық жүйенің мәні және типтері

5. Қоғамдық өндіріс құрылымы мен нәтижелері

6. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары

7. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны

8. Меншіктің типтері мен формалары

9. Меншік формаларын өзгерту тәсілдері

10. Натуралды шаруашылық және оның белгілері

11. Тауарлы шаруашылықтың пайда болуы мен үлгілері

12. Ақшаның мәні, атқаратын қызметтері

13. Ақшаның айналым заңы

14. Нарықтың мәні мен түрлері

15. Нарықтың инфрақұрылым элементтері

16. Сұраныс заңы. Сұранысқа әсер ететін факторлар

17. Ұсыныс заңы. Ұсынысқа әсер ететін факторлар

18. Нарықтық тепе-теңдік

19. Сұраныстың баға бойынша икемділігі

20. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі

21. Ұсыныстың икемділігі

 

2-блок сұрақтары

1. Кәсіпкерліктің мәні және түрлері

2. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық формалары

3. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар

4. Тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар

5. Табыстың түрлері

6. Экономикалық және бухгалтерлік пайда

7. Жалақының мәні және түрлері

8. Процент-капиталдың меншік иесінің табысы ретінде

9. Рентаның мәні және түрлері

10. Пайда-кәсіпкердің табысы ретінде

11. Макроэкономика және оның мәселелері

12. Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы сипаттамасы

13. Жиынтық сұраныс, оған әсер ететін факторлар

14. Жиынтық ұсыныс, оған әсер ететін факторлар

15. Тұтыну мен қор жинау функциясы

16. Тұтыну және қор жинауға әсер ететін факторлар

17. Инвестицияның мәні және оған әсер ететін факторлар

18. Жұмыссыздықтың мәні мен формалары

19. Жұмыссыздыққа ЖҰӨ әсері. Оукен заңы

20. Инфляцияның мәні, түрлері, себептері

21. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы

22. Экономикалық цикл және оның фазалары

23. Дағдарыс және оның түрлері

24. Экономикалық өсудің мәні және факторлары

25. Экономикалық өсудің модельдері

26. Ақшаға сұраныс мәні және түрлері

27. Ақша ұсынысы. Ақша агрегаттары

28. Ақша нарығындағы тепе-теңдік

29. Несиенің мәні мен формалары

30. Банк жүйесі және оның қызметтері

31. Банктегі операциялардың түрлері

32. Ақша-несие саясатының құралдары

33. Қаржы жүйесінің мәні және құрылымы

34. Салықтың мәні, түрлері, салық салу принциптері

35. Мемлекеттік бюджет, қалыптасу көздері

36. Бюджет тапшылығы және оны жою шаралары

37. Мемлекеттік қарыз және оның түрлері

 

 

8. БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ

1. 1-ші аралық бақылау 7-аптада;

2. 2-ші аралық бақылау 15 -аптада;

3. Қорытынды бақылау – емтихан

9. СТУДЕНТІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ

 

Пән бойынша қорытынды баға, 2004 жылғы «Кредиттік оқыту жүйесінің негіздері» атты ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің кітабында берілген арнайы формула арқылы «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы білімді бақылау және бағалаудың (ҚР МЖМБС 5.03.006-2006) стандарты мен ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы негізінде баллдық-рейтингтік жүйесі бойынша есептелінеді. Яғни пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім мен қорытынды бақылау бағасынан құралады.

  • ағымдағы үлгерім бағасы пән бойынша білімді бағалаудың қорытынды бағасының 60%-ын құрайды;
  • ал емтихан бағасы пән бойынша білімді бағалаудың қорытынды бағасының 40%-ын құрайды;
  • пән бойынша қорытынды баға пайыздық мөлшермен төмендегідей анықталады

  • -1-ші рейтинг бағасының пайыздық мөлшері;
  • -2-ші рейтинг бағасының пайыздық мөлшері;
  • -емтихан бағасының пайыздық мөлшері.

 

Дәстүрлі шкалаға ауысатын білім алушылардың оқу жетістіктерінің

бағаларының балдық-рейтингтік жүйесі

 

Әріптік жүйе бойынша бағалау Балдардың сандық эквиваленті Пайыздық мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,00 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,00 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,00 50-54
F   0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

10. Кафедра және оқытушы тарапынан студентке қойылатын талаптар:

 

- сабақты жібермеу;

- сабаққа кешікпей келу;

- сабақ үстінде сөйлеспеу;

- аудиторияға ұялы телефондарды өшіріп кіру;

- үй тапсырмаларын уақытында орындау;

- оқу үрдісіне белсенді қатысу.

 

 

11. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

1- тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері

 

1.1. Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму кезеңдері

1.2. Экономикалық теория пәні мен зерттеу әдістері

 

1.1. Экономикалық теорияның қалыптасуы және даму кезеңдері

Экономикалық теория пәнінің дамуында үш кезеңді бөліп көрсетуге болады: экономия, саяси экономия, экономикс. Экономикалық теорияның пәні ғылым ретінде бірден қалыптасқан жоқ, ол ұзақ тарихи дамудың нәтижесі болып табылады. Экономикалық ойдың алғашқы көзі өзінің тамырларын ежелгі дәуірден бастайды. Алғашқы адамдардың өздерінде игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша алғашқы қауым мүшелері арасында қалыптасатын қатынастар жөнінде белгілі бір ой-пікірлер қалыптасты. Алайда олар білімнің дербес саласына айналмай діни көзқарасқа негізделген тармақталған қоғамдық танымның шеңберінде болды. Ежелгі шығыста алғашқы қоғамдық кластардың қатысуымен экономикалық ойдың орталығында мемлекеттік шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару мәселелері тұрды. Нәтижесінде мемлекет пен қоғамдағы тұрақтылықты ұстап тұруға бағытталған теориялар мен арнайы шығармалар пайда болды. Алайда ежелгі шығыс ойшылдарының көзқарастары экономикалық ғылымның қалыптасуына жанама ықпал етті.

П.Самуэльсонның бейнелі сөзі бойынша экономикалық теория қоғамдық ғылымдардың Ханымы болып табылады. Ұлт байлығының қайнар көздері және оны ұлғайту әдістері туралы мәселе экономикалық ойдың нақ ортасындда болды. Өткеннің көрнекті экономистерінің еңбектерінде «байлық» сөзі текке шешуші сөз болған жоқ. Ең болмағанда А.Смиттің «Халықтардың байлықтарының себебі және табиғаты туралы зерттеу», И.Посошковтың «Байлық және кедейлік туралы кітап», К.Маркстің «Капитал» деген еңбектерін еске түсірейік.

Экономика туралы алғашқы түсініктерді біз Ксенофонттың, Платонның, Аристотельдің және басқа ежелгі ойшылдардың еңбектерінен табамыз.

Ксенофонт (б.э.д. 445-335 жж.) «Экономия» деп аталатын (гректің «ойкос» -шаруашылық және «номос» заң деген сөздерінен шыққан) құл иеленушінің үй шаруашылығын басқару құралын жасады. Оны «үй салу» яғни, үй шаруашылығын басқару өнері (заңдары) деп те аударуға болады. Ол экономия - бұл оның көмегі арқылы өзінің шаруашылығын байытуға болатын ғылым деп жазды.

Орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болуы мен біртұтас мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерін анықтау әрекеті пайда болды. «Ойкономия» түсінігі саяси экономияға айналды. «Саяси экономия» түсінігінің өзі алғаш рет француз экономисті Антуан Монкретьеннің (1575-162жж.) «Қоғамдық шаруашылықтың заңдары» («Саяси экономияның трактаты») деп аталатын еңбегінде қолданылған. «Политейя» - грек тілінде «қоғамдық құрылыс» немесе «қоғамдық ұйымдастыру» деген мағынаны білдіреді.

Саяси экономия қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып қалыптасады.

Жаңа ғылым атау алып ұзақ уақыт нақты кесілген пәнге ие болмады. Онымен де «таза» экономисттер айналыспады.

«Саяси экономия» өзінің пәнін капитализмнің дүниеге келуімен кескіндейді (16ғ. соңы - 17ғ. басы). Буржуазия ең алдымен өндірісте емес байлықтың бейнесі болған алтын операцияларымен және саудамен айналысатын айналым сферасында әрекет етеді.

Сондықтан алғашқы экономикалық ғылым ретінде меркантилизм пайда болды (итальян тілінде mегсапtе - саудагер).

Оның мәні: байлық сыртқы сауданың нәтижесінде жиналады. Сол себептен тек айналым сферасын зерттеу қажет. Меркантилизм екі кезеңнен өтті:

Ерте кезеңде (15-16ғғ..басы) ол байлықтың жалғыз формасы ретіндегі алтын мен күміс идеализациясы тән монетаризм формасында ілгері басты және алға шықты. Монетаристер «ақша балансы» теориясын алға қойды. Осыған сәйкес олар ақшаны елден шығаруға тыйым салуды ұсынды.

Кейінгі меркантилистер ақша айырбасы емес тауар айырбас сферасының зерттеулеріне көңіл бөлді. «Сауда балансы» теориясы жетілдірілді. Ерте кездегі меркантилистерге карағанда кейінгі меркантилистер ақшаны елден шығаруға тыйым салмады, өнеркәсіп тауарларыньң экспортын ұлғайтуды, шетел тауарларына жоғары баж салығын салуды ұлттық экономиканы қорғауды яғни протекционизм саясатын жүзеге асыруды ұсынды (латын сөзінде "ргоtесsіо" жактау, қорғау).

Меркантилизмнің өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, У.Стаффорд, У.Кольбер, Ресейде - Ордын-Нащокин (1605-1680), Петр I (1672-1725), И.И.Посошков (1632-1726) және т.б. болып табылады.

Буржуазия айналым сферасындағы позицияларды жаулап алып өндіріс сферасына енеді. Бұл дереу теорияға эсер егті: байлыктың қайнар көзі жасалған игіліктер айырбасталып қана қоятын сауда емес өндіріс екендігі дәлелденеді. Шынайы байльқ ақша емес тауарлар болып табылады. Осылай классикалық саяси экономия мектебі пайда болады. Оның негізін У.Петти және француз соты Буагильбер салды.

Сол кездегі Европа әлі де аграрлы еді, сол себептен көп экономистер ауыл шаруашылығы өндірісіне басымдылық танытты. Олар физиократтар мектебінің өкілдері болып табылады (грек тілінде рhісіз – табиғат, кrаtоs - билік). Ол 18ғ. ортасында Францияда қалыптасты және классикалық саяси экономияның француздық нұскасы болып табылады. Оның негізін салушы дәрігер Людовиг ХҮ және мадам Помпадур Франсуа Кенэ болды (1694-1774 жж.), өкілдері Тюрго Дюпон де Нимур Мирабо және т.б. Классикалық саяси экономияның ең жарқын окілдерінің бірі А.Смит (1723-1790 жж.) және Д.Рикардо (1772-1823 жж.). А.Смит «Халықтардың байлығының себебі және табиғаты туралы зерттеу» атты кітабын шығарды, А.Смиттің негізгі идеялары:

• Мемлекеттің экономикаға минимальды араласуы;

• Бәсекенің әсеріндегі ұсыныс пен сұраныстан тәуелді үйлестірілетін еркін бағалардың негізінде нарыктың өзін-өзі реттеуі. Ол бұл экономикалық реттеушілерді (баға, сұраныс, ұсыныс жәңе ең маңыздысы-бәсеке) «көрінбейтін қол» деп атады.

Классикалық мектептің еңбектері:

Зерттеудің басты объектісі ретінде айналымды емес, өндіріс сферасын жасады;

Еңбектің барлық тауар кұнының өлшемі мен негізі ретіндегі мәнін ашты;

Экономика нарықпен реттелуі керек екенін және оның өзінің әділ заңдары бар екенін яғни хандармен де үкіметтермен де ауыстырыла алмайтынын дәлелдеді;

Қоғамның барлық қабатының табыстарының қайнар көздері: кәсіпкерлерді, жер иеленушілерді, банкирлерді, саудагерлерді айқындады:

Экономикалык ғылымның одан әрі дамуы күрделі жолдардан өтті. XIX ғ. 2-ші жартысының басында саяси экономия терең дағдарысты басынан өткізді, ол екі тармаққа бөлінді: марксизм және маржинализм.

Марксизмнің негізін салушы К.Маркс (1818-1883 жж.). К.Маркстің ең басты еңбегі «Капиталды» Ф.Энгельс «жұмысшы табының библиясы» деп атады. Маркс өзінің зерттеулерінің пәні - өндірістің капиталистік әдісі мен оған сәйкес келетін өндіріс пен айырбастың қатынасы, ал түпкі мақсаты - капитализмнің экономикалық заңдарын ашу деп есептеді.

Маркстік теория бойынша қоғам дамуының негізі- материалды өндіріс. Өндірістің дамуымен жаңа қоғамдық қатынастар құрылады. Өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның материалдық базисі сана формаларын, заңды және саяси қондырманы анықтайды. Қоғамда әрекет етуші заңдар өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар, сондай-ақ идеологиялық және саяси қондырма мен базис арасындағы сәйкестілік принципін көрсетеді. Өндірістің даму деңгейі мен қоғамды ұйымдастыру формасы арасындағы сәйкестілік принципі неліктен қоғамдық қатынастарда өзгерістер болатындығын түсіндіреді. К.Маркстің негізгі экономикалық еңбегі 4 томнан тұрады. Экономикалық қатынастар жүйесін талдау байлық емес, тауардан басталады. Маркстің пікірі бойынша осы тауарда зерттелінетін жүйенің барлық қайшылықтары көрінеді. "Капитал өндіріс процесі" деп аталатын бірінші томда Маркс басты категориялар: баға негізінде жатқан құнды, пайда негізі-қосымша құнды, жұмыс күшінің құны мен оның бағасы-жалақыны қарастырады. Капиталдың қорлану процесі мен оның жұмысшылар тобының жағдайына ықпалын сипаттайды. "Капиталдың айналыс процесі" деп аталатын екінші том капиталдың қозғалысын, оның айналымы мен шеңбер айналымын талдауға арналған. Маркс ұсынған ұдайы өндіріс схемасында өндіріс құралдары мен тұтыну заттары өндірісі арасындағы айырбас шарты мен пропорциясы қарастырылады.

"Капиталистік өндіріс процесі" деп аталатын үшінші томда пайда, процент, жер рентасының иелері арасында қосымша құнды бөлу процесі қарастырылады. Тауар құнының өндіріс бағасына ауысу механизмі көрсетілген. Төртінші том "Қосымша құн теориясы" қосымша құн мәні мен оның бөліну формалары тұрғысынан экономикалық теорияларға сыни қамту жасалған. Маркс теориясына сәйкес табыстың көзі-еңбек. Табыстың қалған түрлері жұмысшының төленбеген еңбегінің нәтижесі. Еңбек құн теориясының маркстік тұжырымы жалдамалы еңбекті пайдалануды түсінудің теориялық негізін құрайды. Маркстің пікірінше эксплуатация негізінде капиталистердің жалдамалы жұмысшыларды еңбек нәтижелерінен аластатуы жатыр, бұл өз кезегінде өндіріс құралдарынан аластатуды көздейді.

Маркстің экономикалық ілімі экономикалық ғылымдағы тартымды да терең бағыт. Оның әлеуметтілігін әлсіз, біржақтылық ретінде танығанмен әлеуметтік мәселелердің қойылуы мен өңделуі, экономикалық процестер мен құбылыстардың әлеуметтік аспектілерін қарастыру маркстік методологияның күшті жағын құрайды.

А.Смит сияқты К.Маркс нарық капитал жинактаудың күшті тәсілі деп ссептеді, бірак Смитке қарағанда ол нарық механизм орындап шыға алмайтындай оның кайшылыктары соншалыкты шынайы болғандыктан бұл процесс тап күресінің шиеленісуімен және капитализмнің өршуімен аякталады деп ойлаған. Бұл сұрақтар қарапайым болмағандықтан, бұл көзкарас әлі де тартыстар тудыруда.

Маркстің сыны капитализмнің кұламағанын, жұмысшы табының кедейленбегенін, Маркстің болжамдарының расталмағандығын дәлелдейді.

Маркстің жақтаушылары, оның зерттеген және болжамдаған капитализм! 30ж. ¥лы депрессия кезсңінде күйзеліске ұшырағандьқтан, Марксті колдайды. Ал қазіргі нарықтық экономика - бұл Маркстің «жағымды Гуманизм» деп атаған коғам жолындағы Маркстің болжамдаған жаңа кезеңі болып табылатын баска модель. Маркстің экономикалық ғылымы 20 ғ. басында пролетариаттың жағдайы Батыс елдеріндегіден біршама ауыр болған ел Ресейде кеңінен тарады. Оны Г.В.Плеханов, В.И.Ленин (1870-1924 жж.), М.А.Бакунин, «Капиталды» орыс тіліне аударудың алғашкы инициаторы А.Лопатин және т.б қолдады.

1917 жылдың казан айынан бастап 70 жыл бойы Маркстік экономикалық ғылым СССР-дегі жалғыз, сол себептен билеуші ғылым болды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында экономикалық ғылымның жалпы жағдайының ауысуы үшін алғышарттар қалыптасады. Дамыған елдерде капитализм берік нығаяды. Саяси экономияның жалпы принциптерін жасау экономикалық тәжірибенің әртүрлі мәселелерін зерттеумен ауыстырылады. Авторлар енші шектеулі ресуртарды оптимальды пайдалануға көңіл бөледі. Бұл үшін олар шекті шамалар теориясын, дифференциалды және интегралдық есептерді кең қолданады. Экономикалық әдебиеттер әртүрлі нарықтық жағдайларды сипаттайтын математикалық формулалар мен графиктермен толығады. Сөйтіп экономикалық ғылымда жаңа бағыт-маржинализм пайда болады.

Маржинализм (француз тілінде mагgіпаl – шекті, шектеулі) марксизмнен айырмашылығы – қанауға негізделген өндіріс әдісі ретінде капитализм мәнін зерттеуден бас тартып, шаруашылық қатынастарын зерттеуге бет бұрды. Ол 19 ғ. 70 жылдары пайда болды. Оның өкілдсрі: Австрияда К.Менгер, Англияда У.Джевонс, Швейцарияда Л.Вальрас. Маржиналистер саяси экономияның міндетін рациоиналды шаруашылық пен шектеулі ресурстарды бөлудің ең тиімді тәсілдерін іздеуден көрді.

Өздерінің зерттеулерінің өлеуметтік бейтараптығына көңіл аудару үшін олар «экономикстің» пайдасына «саяси экономия» терминінен де бас тартты. Мұны ең алгаш У.Джевонс, одан кейін оған тәуелсіз «Экономиканың принциптері» кітабын шығарған А.Маршалл (1842-1924 жж.) жасады.

Марксизмге қарағанда маржинализм оған жаңа саналы ойлар мен тәсілдерді қабылдауға мәжбүрлеген идеялар бәсекесінің қыспағында болды. Осылай оның жақтаушылары өздерінің зерттеулерінде бірінші болып математикалық модельдерді қолдана бастады, ал 19 ғ. 90 жылдары А.Маршалл саяси экономияның классигі Рикардоның теориясының элементтерін маржинализм концеппиясына енгізді. Нәтижесінде ол неоклассикалык жүйе деп атала бастады. Оның өкілдсрі: Д.Кларк (американдык мектеп), А.Маршалл және А.Пигу (Кембридж мектебі) және т.б.

Неоклассиктер көңіл аударған басты мәселе- адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру. Экономикалық ғылымның мақсаттарын айқындай отырып, олар әртүрлі факторлардың экономикалық хал-ахуалға ықпалы жөнінде айтты. Ең бірінші игіліктердің (тауарлар мен қызметтердің) тұтыну құны (пайдалылығы) және тұтынушылар тарапынан осы игіліктерге сұраныс мәселесі тұрды. Неоклассик өкілдері экономикалық заңдар кез-келген қоғам үшін бірдей дегенді алға тартты.

А.Маршаллдың басты идеясы нарықтағы процестерді анықтаушы күш ретінде сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекетінің мәселелерін зерттеуден тұрады. Ол сұраныс пен ұсыныстың қалай қалыптасатынын, қалай өзара әрекет ететіндігін талдап, сұраныс икемділігі түсінігін енгізді. Ол тепе-теңдік баға түсінігін қолданды. Пайдалылықтарды (тұтыну құндарын) өлшеу мен салыстыру жолымен тұтынушылардың талғамын анықтау мәселесін австриялық мектеп экономистері Карл Менгер мен Евгений Бем-Баверк және т.б. қойды. Мұндай жақындау микроэкономика деген атқа ие болды.

Кейіннен маржинализм Д.М.Кейнстің нарықтық реттеу экономиканы тұрақсыз етеді, сол үшін мемлекеттік араласу қажет деген теориясын өзінің бойына сіңірді.

Д.М.Кейнс (1883-1946 жж.) А.Смитпен және К.Маркспен қатар әлемнің үш ұлы экономистерінің бірі болып табылады. Экономикалық теорияда болған нағыз революция 1936 жылы жарияланған Кейнстің «Жұмысбастылық, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» (1883-1946) атты еңбегімен жасалды. Оның есімімен макроталдау мәселесіне баса көңіл аударған батыстық экономикалық ойдың жаңа бағыты- кейнсиандықтың пайда болуымен байланысты. Кейнс кейбір неоклассикалық ілімнің негізгі тұжырымдарынан атап айтқанда нарықты өзін-өзі реттеуші механизм ретінде қарастырудан бас тартады. Нарық Кейнс тұрғысынан тиімді сұранысты қамтамасыз ете алмайды, сондықтан да оны мемлекет ақша-несие және бюджет саясаты арқылы ынталандыруы тиіс. Бұл саясат ұлттық табыстың тез өсімін қамтамасыз ететіндей жеке меншік инвестициялар мен тұтыну шығындарының өсімін ынталандыруы тиіс. Кейнс теориясының тәжірибелік бағыттары соғыстан кейінгі жылдары үлкен қолдауға ие болып, оның ұсыныстары Англия, АҚШ және батыстың басқа да елдерінде қолданылады.

Маржинализмді бүтіндей бағалай отырып, оның жақсы жағы ретінде сәйкес концепцияларда қалыптасқан жаңа идеялардан бойын аулақ ұстамауын атап кетуге болады. Мұнда өзгеріссіз оның басты постулаты шектеулі шамаларды, шектеулі пайдалылықты, шектеулі табысты, шектеулі шығындарды т.б зерттеу болып қалды. Алайда, маржинализмнің болымсыз қасиеті де бар: ол артығымен математикаланған абстрактілі пікірлерге толып кеткен, графиктер мен формулалармен жүктеліп кеткен. Ал ең бастысы әлеуметтік мәселелерге көңіл аудармауы болды.

Маржинализмнің әлеуметтік мәселелерді шешуге қабілетсіздігінің реакциясы ретінде институционалды-әлеуметтік бағыт пайда болады. Оның өкілдері: Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гельбрейт, Г.Мюрдаль және т.б.

Осы теорияға сәйкес экономикалық дамудың сипатын нарық өзімен-өзі емес, бүкіл экономикалық институттардың жүйесі анықтайды, ал нарық солардың тек бір бөлігі. Олар әлеуметтік бағдарламалар индикативті жоспарлау, еңбек етушілердің меншікте және өндірісті басқаруда қатысуы, мемлекеттің араласуының басқа да формаларының болуын қажет ететін қоғамның идеяларын жасап шығарды. Анық шамада бұл идеялар экономикалық дамудың «шведтік моделінде» жүзеге асқан. ХІХ ғасырдың соңында Америкада пайда болған классикалық институционализм 20-30 жылдары өз алдына дербес ағым ретінде қалыптасады. Бұл ағым өкілдері өздерінің талдауларында "институтар" ұғымын кең қолданды. Ол корпорация, кәсіподақ, мемлекет, сондай-ақ психологиялық, этикалық, құқықтық, техникалық және басқа да әлеуметтік құбылыстарды білдіреді. Классикалық институционализмнің кейбір айрықша белгілерін көрсететін болсақ, біріншіден, олар экономиканың пәнін кең талқылайды. Олардың пікірі бойынша экономикалық ғылым экономикалық қатынастармен ғана айналыспау қажет. Шаруашылық өмірге ықпал ететін барлық құқықтық, әлеуметтік, психологиялық, саяси шаралар кешенін ескерту маңызды. Мемлекеттік басқару ережесі нарықтық бағалар механизміне қарағанда үлкен мәселе болуы мүмкін. Екіншіден, капиталистік қоғамның қалыптасуын емес, оның ауысуын, дамуын зерттеген жөн. Институционалистер әлеуметтік мәселелердің айқын шешілуін көздейді. Жұмыссыздық мәселесі ең алдымен құрылымдық теңсіздік мәселесі және бұл жерде экономика мен саясаттың өзара байланысы көрінеді. Қазіргі заманғы Ресейдің экономикалық әдебиетінде төрт негізгі бағытты көруге болады. Біріншісі, маркстік концепцияның тұрақтылығына негізделген. Екіншісінің өкілдері марксизмді қазіргі кейнсиандықпен (неокейнсиандықпен) синтездейді. Үшінші тенденция батыс теориясын отандық ғылымға механикалық көшірумен байланысты. Төртіншісінің өкілдері принципиалды және концепция іздеуде. Тарихи тәжірибе экономика ғылымындағы дағдарыс ғалымның өзінің дағдарысымен емес, сол зерттеудің объектісі - экономикамен де байланысты екенін көрсетеді. Өз кезеңінде ғылымдағы дағдарыс оның дамуына қуатты түрткі болып табылады. Бұған 1929-1933 ж. ¥лы депрессия ғылымды тығырықтан, ал экономиканы ең терең дағдарыстан шығарған Кейнстің теориясының пайда болуына мүмкіндік туғызғанын еске түсіріп, көз жеткізуге болады.

Сонымен, жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе экономикалық теорияның даму барысында оның пәні әртүрлі анықталғандығын көруге болады. Меркантилистер экономикалық теорияның пәні сыртқы сауда мен елге ақшаның келуімен байланысты іс-әрекет деп санады. Саяси экономияның классиктері оны байлық жөніндегі ғылым ретінде қарастырды, ал тарихи мектеп өкілдері оны адамдардың күнделікті іс-әрекеті жөніндегі ілім деп анықтады. Маржиналистер мен неоклассиктер бұр қызметті нарықтық шаруашылық жағдайындағы шектеулі ресурстарды пайдаланумен байланыстырды. Кейнсиандықтар бұған мемлекеттің экономикалық саясатын зерттеу мен қалыптастыру қажеттілігін қосты, институционалистер бұл саясаттың әлеуметтік аспектілеріне көңіл аударды. Марксистер қоғамдық өндірісті, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың диале

Date: 2015-10-22; view: 1657; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию