Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Фирма теориясы. 7 page





A) Францияның ЖҰӨ-ін; B) Францияның ЖІӨ-ін; C) Италияның ЖІӨ-ін; D) Италияның ТҰӨ-ін; E) Францияның ЖҰӨ мен Италияның ЖІӨ.

4. Атаулы ЖҰӨ-гі тауарлар мен қызметтер қандай бағамен анықталады:

A) Ағымдық бағамен; B) Нақты бағамен;

C) Базистік кезең бағасымен; D) Өткен жылдың бағасымен;

E) Натуралды көрсеткішпен.

5. Егер, ҰТ-тан корпорация пайдасына салықты, бөлінбеген пайданы, әлеуметтік сақтандыру нормасын айырып, сосын трансферттік төлемді қосса, не шығады:

A) ЖТ; B) Амортизация; C) ЖҰӨ; D) ТҰӨ; E) ҚБТ.

6. Төмендегілердің қайсысы негізгі макроэкономикалық мақсатқа жатпайды?

A) экономикалық өсу; B) толық жұмысбастылық; C) тауар бағасын түсіру; D) табысты шынайы бөлу; E) сыртқы сауда балансы.

7. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес:

А) Жалпы ішкі өнімге территориялық сипат тән;

В) ЖІӨ - қосылған құндар сомасы;

С) ЖІӨ резиденттердің ел сыртында өндірген тауарлары мен қызметтерінің құнын есепке алмайды;

D) ЖІӨ - белгілі бір уақыт аралығында, белгілі бір елдің территориясында өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны;

Е) ЖҰӨ - нақты елдің ішінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық көлемі.

8. ЖҰӨ дефляторы дегеніміз - бұл:

A) Атаулы ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасы.

B) Нақты ЖҰӨ-нің ЖҰӨ-ге қатынасы.

C) Нақты ЖҰӨ-нің баға индексіне қатынасы.

D) Нақты ЖҰӨ-нің ТБИ-ге қатынасы.

E) Ағымдағы жылы шығарылған заттай өнімнің базистік жылға қатынасы.

9. Y = C + I + G + Xn теңдеуіндегі G факторының мағынасы төмендегі көрсеткіш:

А) Мемлекеттік шығындар. В) Тұтыну шығындары.

С) Инвестициялық шығындар. D) Таза экспорт. E) Мемлекеттік табыстар.

10. Ұлттық байлық дегеніміз – бұл:

A) Мемлекетімізде өндірілген өнім көлемі. B) Қоғамдағы жинақталған материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы.

C) Жаңадан жасалған құн. D) Ұлттық өндірістен алынған табыс.

E) Алтын қоры.

11. Қазақстан азаматы АҚШ-та америкалық фирмада уақытша жұмыс істейді. Оның табысы қайда қосылады:

А) Қазақстанның ЖҰӨ-не және АҚШ-ң ЖІӨ-не.

В) Қазақстанның ЖІӨ-не және АҚШ-ң ЖҰӨ-не.

С) Қазақстанның ЖҰӨ-не және АҚШ-ң ЖҰӨ-не.

D) АҚШ-ң ЖҰӨ-не және АҚШ-ң ЖІӨ-не.

Е) Қазақстанның ЖІӨ және АҚШ-ң ЖІӨ-не.

12. Нақты ЖІӨ қандай көрсеткішпен есептеледі?

A) натуралды көрсеткішпен; B) ағымдық бағамен; C) өндірушінің бағасымен; D) тұрақты бағалармен; E) монопольді бағамен.

13. Территориялық сипатқа қандай макроэкономикалық көрсеткіш тән?

А) Ұлттық байлық; В) ЖҰӨ; С) Жалпы сыртқы өнім; D) ЖІӨ; E) ТІӨ.

14. Макроэкономикада шеңберлі айналым үлгісіне сәйкес қандай субъектілер өзара әрекетке түседі:

А) Үй шаруашылығы мен фирмалар;

В) Үй шаруашылығы, фирмалар және мемлекет;

С) Инвесторлар, қаржылық агенттер, мемлекет және сыртқы орта;

D) Үй шаруашылығы, фирмалар, мемлекет және сыртқы орта;

Е) Ішкі орта, сыртқы орта және мемлекет.

15. Экономикада 1 тоннасына 100 доллар бағамен 10 тонна бидай және 1 станоктың бағасы 500 доллар болатын 2 станок өндіріледі деп жорамалдайық. Сонда бұл елдің ЖҰӨ-і тең болады:

A) 2000. B) 1000. C) 500. D) 10. E) 20.

16. Шығындар әдісі бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде келесі шамалардың қайсысы қолданылмайды?

A) Жалпы инвестициялар. B) Тұтыну шығындары. C) Тауарлар мен қызметтердің таза экспорты. D) Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы. E) Еңбекақы.

17. Экономикадағы номиналды ЖҰӨ – 40 млрд. теңге, ал нақты ЖҰӨ – 32 млрд. теңге. ЖҰӨ дефляторы қандай шамаға тең болады?

A) 1,25. B) 0,8. C) 8. D) 1. E) 25.

18. Атаулы ЖІӨ қалай өлшенеді?

А) Базистік бағамен. В) Экспорттық бағамен. С) Ағымдық нарықтық бағамен. D) Әлемдік бағамен. Е) Алдағы күтілетін бағамен.

19. Ұлттық табысты есептеген кезде төмендегі өлшемдердің қайсысы есептелмейді?

А) Корпорациялар төлеген дивидендтер. В) Жалақы.

С) Корпорацияның бөлінбеген табысы. D) Трансферттік төлемдер.

Е) Үй шаруашылығының несиеге берген капиталы үшін төлем.

20. Макроэкономикалық негізгі көрсеткіш:

А) ЖІӨ. В) Жиынтық сұраныс. С) Жиынтық ұсыныс. D) Жай табыс. Е) Қолда бар табыс.

21. Қоғамда бар материалдық игіліктер жиынтығы – бұл:

А) Жиынтық қоғамдық өнім. В) Ұлттық байлық. С) Соңғы өнім.

D) Ұлттық табыс. E) Жалпы ұлттық өнім.

22. Ұлттық есеп-шоттар жүйесінің негізін қалаған кімдер?

A) Меркантилистер. B) Физиократтар. C) Классикалық мектеп өкілдері. D) Кейнсшілдер. E) Маржиналистер.

23. Төмендегілердің қайсысы ұлттық байлыққа кірмейді:

A) негізгі өндірістік қорлар; B) негізгі өндірістік емес қорлар;

C) табиғи ресурстар; D) материалдық ресурстар; E) «сыртқы әлемнің» интеллектуалдық меншігі.

24. Қолда бар табыс мыналардың қайсысының айырмасына тең?

A) Жеке табыс пен ұлттық табыстың;

B) Жеке табыс пен трансферттік төлемдердің;

C) Жеке табыс пен жеке табыс салықтарының;

D) Тұтыну мен жинақтың;

E) Ешқайсысының айырмасына тең емес.

25. Тұтыну бағаларының индексі - бұл:

А) атаулы ЖҰӨ-ң нақты ЖҰӨ-ге қатынасы;

В) тұтынушылардың сатып алатын тауарлары мен қызметтерінің жалпы құнын есептейтін көрсеткіш;

С) нақты ЖҰӨ-ң атаулы ЖҰӨ-ге қатынасы;

D) өткен жылғы тауарлар мен қызметтердің саны;

E) азық – түлік өнімдерінің жалпы құнын есептейтін көрсеткіш.

26. Таза экспорт дегеніміз:

A) Экспорт – импорт.

B) Импорт – экспорт.

C) Экспорт + импорт.

D) Экспорт + импорт – шетелден түскен факторлық табыс.

E) Экспорт + импорт + шетелден түскен факторлық табыс.

27. Төменде көрсетілгендердің қайсысы ЖҰӨ-нің құрамына кіреді:

A) Кітап дүкеніндегі жаңа оқулықтың құны.

B) Үй шаруашылығындағы әйелдің қызметтері.

C) Көршінің пайдаланылған автомобилін сатып алу.

D) Брокерден жаңа акциялар сатып алу.

E) Жеке меншік жерде жеке тұтыну үшін картоп егіп өсіру.

28. Жалпы ішкі өнім дегеніміз не?

A) Тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемі.

B) Бір жылда елдің ішінде ғана емес, шел елде де ұлттық тауар өндірушілер өндірген соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны.

C) Бір жылда елдің ішінде тауар өндірушілер өндірген соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны.

D) Бір жылда елдің ішінде тауар өндірушілер өндірген тауарлар мен қызметтер.

E) Бір жылда шет елде ұлттық тауар өндірушілер өндірген соңғы таарлар мен қызметтердің соңғы құны.

29. Жалақы нені есептеуде қосылады?

А) ЖҰӨ-ді табыс бойынша есептегенде. В) ЖҰӨ-ді шығын бойынша есептегенде.

С) Мемлекеттік кәсіпорындарға берілетін таза субсидияны есептегенде.

D) Соңғы өнімді есептегенде. Е) Аралық өнімді есептегенде.

30. Макроэкономикалық талдаудың басты ерекшелігі - ол:

A) Көрсеткіштерді комбинациялау.

B) Берілгендерді агрегаттау.

C) Корреляциялық тәуелділікті құрастыру.

D) Графиктерді құрастыру.

E) Нақты шындық деректерге сүйену.

31. Қолда бар табыс көрсеткіші қандай формада қолданылады?

A) Тұтыну және жинақтау формасында.

B) Тұтыну және инвестиция формасында.

C) Инвестициялар және қарыздар түрінде.

D) Несие беру және инвестициялар түрінде.

E) Жинақтау және несие беру нысанында.

32. 1929-1933 жылғы дағдарыстан кейін пайда болған, жиынтық сұранысты мемлекет тарапынан реттеу қажеттілігін қуаттайтын экономикалық саланың бір бағыты:

A) Монетаризм бағыты. B) Кейнстік бағыт. C) Неоклассикалық бағыт. D) Ұтымды күтулер тәсіліне негізделген бағыт. E) Бизнес-циклді оқытатын бағыт.

33. Мыналардың қайсысы жеке табыстың құрамына кіреді?

А) корпорацияның бөлінбеген пайдасы;

В) әлеуметтік сақтандыру жарналары;

С) трансферттік төлемдер;

D) амортизация;

E) жанама салықтар.

34. Ұлттық табыс – бұл таза ұлттық өнім мен келесі көрсеткіш арасындағы айырма:

A) Пайыз, яғни ақшалай капитал үшін төлем. B) Жанама салықтар.

C) Жерді жалға беруден рента. D) Ғимарат үшін жал ақысы. E) Пәтер үшін жал ақысы.

35. Жиынтық сұраныстың құрамына не кірмейді?

A) Тұтынушының сұранысы. B) Инвестициялық сұраныс.

B) C) Мемлекет жағынан сұраныс. D) Таза экспорт. E) Таза импорт.

36. Автомобиль дөңгелектерін шығаратын компания автомобиль құрастыратын фирмаға құны 400 доллар болатын 4 шина сатты. Ал басқа компания автомобиль фирмасына 500 долларға плейер сатты. Осының бәрін жаңа машинаға орнатып, автомобиль фирмасы оны 20000 долларға сатты. ЖҰӨ-ді есептегенде оның құрамына қанша сома кіреді:

A)20000. B) 16500. C) 16000. D) 20900. E) 20500.

37. Американдық фирма Жапония жерінде жұмыс істесе, онда оның табысы қайда есептелінеді?

А) АҚШ-тың ЖҰӨ де. В) АҚШ-тың ЖІӨ де. С) АҚШ ТҰӨ де.

D) Жапонияның ЖҰӨ де; Е) Жапонияның ТІӨ де.

38. Таза ұлттық өнім дегеніміз:

A) ЖҰӨ – амортизация. B) ЖҰӨ – жанама салықтар.

C) ЖҰӨ – трансферттер. D) ЖҰӨ + амортизация.

E) ЖҰӨ – субсидиялар.

39. Егер Қазақстан азаматы Ресейде орналасқан қазақстандық компанияда жұмыс істесе, онда оның табысы:

A) Қазақстан ЖҰӨ мен Ресей ЖІӨ-нің бір бөлігі болады.

B) Қазақстан ЖІӨ мен Ресей ЖҰӨ-нің бір бөлігі болады.

C) Қазақстан ЖІӨ мен Ресей ЖІӨ-нің бір бөлігі болады.

D) Қазақстан ЖҰӨ мен Ресей ЖҰӨ-нің бір бөлігі болады.

E) Қазақстаннан тыс жерде алынған табыс болғандықтан ескерілмейді.

40. Мына табыстардың қайсысы ЖІӨ-ге (ЖҰӨ-ге) кіреді?

A) медбикенің табысы (жалақысы).

B) ескі жиһазды сатудан түскен табыс.

C) 1984 жылы салынған қала сыртындағы үйді сатып алу.

D) жақын туысыңа ақша аудару.

E) Туған күн иесіне сыйлық жасау.

41. Жеке табыс дегеніміз – бұл:

A)Бір жылда өндірілген тауарлар мен қызметтер құны.

B) Бір жылда үй шаруашылықтарының және фирмалардың тапқан табыстары.

C) Салық төлегеннен кейінгі жеке тұтыну шығындарына арналған барлық табыстардың сомасы.

D) Салық төлегенге дейінгі жеке тұтыну шығындарына арналған барлық табыстардың сомасы.

E) ЖІӨ минус амортизация.

42. Макроэкономика дегеніміз – бұл:

A)экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін ғылым.

B) экономиканың даму заңдылықтарын адам, отбасы және кәсіпорын деңгейінде зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлімі.

C) ресурстар мен өндіріс факторларының шектеулі болу жағдайында адамдардың іс-әрекетін зерттейтін ғылым.

D) экономикалық ойдың даму кезеңдерін зерттейтін ғылым.

E) тек экономиканың циклдық дамуын ғана зерттейтін ғылым.

43. Жалпы ішкі өнімді (ЖҰӨ-ді) шығындар бойынша есептегенде мына элементтердің қайсысы қолданылады?

А) амортизация; В) тауарлар мен қызметтердің таза импорты;

С) мемлекеттік кәсіпорындарға субсидиялар беру;

D) несиеге деген пайыз; Е) жалпы жеке инвестициялар.

11-ТАҚЫРЫП

Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері

Мақсаты: жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігін түсіндіру, макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық және кейнстік үлгілеріне тоқталу, сонымен қатар, макроэкономика-лық деңгейдегі тұтыну, жинақтау, инвестиция ұғымдарына және мультипликатор теориясына талдау жасау.

 

Талқылау сұрақтары:

11.1 Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс

11.2 Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері

11.3 Тұтыну және жинақтау функциясы. Инвестициялар

11.4 Мультипликатор теориясы

 

Негізгі ұғымдар: жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жиынтық шығындар, макроэкономикалық тепе-теңдік, тұтыну шығындары, инвестициялық шығындар, мемлекеттік шығындар, таза экспорт, мультипликатор, т.б.

 

11.1 Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс

 

Ұлттық экономика деңгейінде қандай да бір елдің территориясында өндірілген жалпы ішкі өнімді бір жылдың ішінде сатып алатын және оны сататын іріленген экономикалық субъектілер жұмыс істейді. Осындай іріленген экономикалық субъектілерге үй шаруашылығы, фирмалар, мемлекет және сыртқы орта жатады. Олар жалпы ішкі өнімге қатысты жиынтық шығындарды және жиынтық табыстарды қамтамасыз етіп отырады. Бір жағынан, ол жиынтық сұраныс, ал екінші жағынан, ол жиынтық ұсыныс ретінде көрінеді. Енді осы ұғымдарға толығырақ тоқталамыз.

Жиынтық сұраныс – экономикалық субъектілердің бір жыл ішінде өндірілген жалпы ішкі өнімді сатып алуға жұмсайтын жиынтық шығындары. Жиынтық шығындардың көлемі елдегі баға деңгейіне тәуелді болып табылады және жиынтық сұраныс қисығы бағаның белгілі бір деңгейінде сатып алынатын жиынтық өнімнің көлемін көрсетеді. Баға деңгейі мен жиынтық өнім көлемі арасындағы кері тәуелділікті төмендегі суреттен байқауға болады.

 
 


Р,

баға

деңгейі

AD, жиынтық сұраныс

 
 


Y, жиынтық өнім көлемі

Сурет 11.1 Жиынтық сұраныс қисығы

Жиынтық сұраныс көлемін негізінен төрт экономикалық субъект қамтамасыз және осыған сәйкес, жиынтық сұраныстың құрауыштары пайда болады:

Y = C + I + G + NX

Мұндағы,

Y – жиынтық сұраныс немесе жиынтық шығындар көлемі;

C – үй шаруашылықтарының тұтынушылық сұраныстары;

I – фирмалардың инвестициялық шығындары;

G – мемлекеттік шығындар;

NX – таза экспорт, яғни экспорт пен импорт құндарының айырмасы.

Жоғарыда атап өткеніміздей, жиынтық сұраныстың осындай теңдеумен анықталуын біз негізгі макроэкономикалық теңдестік деп атаймыз.

Жиынтық сұранысқа және оның көлеміне бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді. Егер баға деңгейі өзгерсе, онда жиынтық сұраныс қисығының бойында өзгеріс орын алып жиынтық сұраныс көлемі өзгеріске ұшырайды. Ал бағалық емес факторлар әсер етсе, онда жиынтық сұраныстың өзі өзгереді де қисық оңға немесе солға жылжиды. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларын төрт топқа бөлуге болады:

1. Тұтынушылық шығындардың өзгерісі, оларға үй шаруашылықтарының табысы, олардың әл-ауқаттылығы, болашақты күту, жеке табыс салығындағы өзгерістер, т.б. жатады.

2. Инвестициялық шығындардың өзгерісі, оларға пайыз мөлшерлемесі, әртүрлі жеңілдіктер, бизнес салықтары, т.б. жатады.

3. Мемлекеттің шығындардың өзгерісі, оған мемлекеттің белсенді экономикалық саясаты жатады.

4. Таза экспорттағы өзгерістер, оған валюта бағамының өзгеруі, сыртқы экономикалық жағдайлар жатады.

 

Жиынтық ұсыныс – бұл бір жылда өндірілген нақты жалпы ішкі өнім көлемі және оны өндірушілердің бағалардың белгілі бір деңгейінде нарыққа ұсына алу қабілеті. Жиынтық ұсынысқа да бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді. Бағалық факторлар жиынтық ұсыныс көлемін өзгертеді және соған орай қисықтың бойында өзгеріс орын алады. Ал бағалық емес факторлар әсер еткенде жиынтық ұсыныстың өзі өзгереді және қисық оңға немесе солға жылжиды. Бағалық емес факторларға технология, ресурстардың бағалары, қолданылатын ресурстардың көлемі, салық салу деңгейі, нарықтық құрылымдардың өзгерістері және басқалары жатады. Бұл уақыт факторын ескермейтін сондай стандартты жағдай болып табылады және жиынтық ұсыныс қисығы баға деңгейі мен жиынтық өнім көлемі арасындағы тура тәуелділікті көрсетеді.

Алайда, жиынтық ұсыныс және оның көлемі уақытқа тәуелді болып табылады, сондықтан, осындай ерекше жағдайларда, жиынтық ұсынысқа қатысты үш мерзімді кезең анықталады (сурет 11.2):

1. Қысқа мерзім, бұл кезеңде сұраныс жағынан өзгерістер болғанда бағалар деңгейі өзгермейді және тек жиынтық өнім көлемі ғана өзгереді, мұндай жағдайда жиынтық ұсыныс қисығы көлденең сипатта болады.

2. Аралық мерзім, бұл кезеңде сұраныс жағынан өзгерістер болғанда бағалар деңгейі де, жиынтық өнім көлемі де өзгереді, мұндай жағдайда жиынтық ұсыныс қисығы оң көлбеулі болып табылады.

3. Ұзақ мерзім, бұл кезеңде сұраныс жағынан өзгерістер болғанда бағалар деңгейі өзгереді және жиынтық өнім көлемі өзгеріссіз қалады, мұндай жағдайда жиынтық ұсыныс қисығы тік сызық түрінде болады.

       
 
   
 

 


Р, AS, жиынтық ұсыныс

баға 3

деңгейі

 
 


Y, жиынтық өнім көлемі

Сурет 11.1 Жиынтық ұсыныс қисығы

Жиынтық ұсыныстың қысқа, аралық және ұзақ мерзімде қарастырылуының басты себебі болып оған деген, яғни, жиынтық өнім көлеміне деген теориялық көзқарастардың әртүрлі болуы табылады. Осыған байланысты, макроэкономикалық тепе-теңдіктің негізінен, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді үлгілері орын алады.

 

11.2 Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері.

 

Экономикалық теорияда негізінен, макроэкономикалық тепе-теңдік үлгілеріне классикалық және кейнстік көзқарастар қалыптасқан. Алдымен, классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік үлгісін талдауды қарастырамыз.

Классикалық үлгі француз экономисі Жан-Батист Сэйдің (1762-1832) заңымен тығыз байланысты және осы тұжырымға сәйкес құрылады. Сэй заңы бойынша, толық жұмысбастылық жағдайында жасалған өнімді сатып алатын шығындар мен оны сататын табыстар әрқашанда бір-біріне тең болады. Өндірілген өнімдердің құны автоматты түрде табыстарды қамтамасыз етіп отырады, яғни ұсыныс сұранысты тудырады. Бұл жерде, алынған табыстар бірден шығынға айналып отырады, олардың белгілі бір бөлігі жинақталмайды, түгелімен жұмсалып отырады деген болжамдар айтылады.

Жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімдегі қисығы классикалық кесінді деп аталады және ол тік сызық түрінде сипатталады. Классикалық кесіндіде экономика жұмыспен толық қамтылған жағдайда болады және жиынтық өнімнің нақты көлемі өзінің әлеуетті деңгейіне [2] тең болады. Ал нарық икемді көрсеткіштер (баға деңгейі, атаулы жалақы, пайыз мөлшерлемесі) арқылы тепе-теңдікті ұстап тұрады. Жиынтық сұраныс өзгерген жағдайда жиынтық өнім көлемі өзгермейді, тек бағалар деңгейі ғана өзгереді (сурет 11.3).

 
 


Р AS

E

 
 


AD

 
 


Y

Сурет 11.3 Классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік

Е нүктесінде классикалық үлгі бойынша макроэкономикалық тепе-теңдік қалыптасады. Классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік автоматты өзін-өзі реттейтін нарықтың тетігі ретінде қарастырылады және ол мемлекеттің экономикаға араласуын қаламайды. Сэй заңын алға тартанын осындай идеяны А.Смит, Д.Рикардо, Дж.Ст.Милль, А.Маршалл және А.Пигу сияқты классика-лық және неоклассикалық теорияның өкілдері жақтайды.

Date: 2015-10-22; view: 1251; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию