Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Амалбек





    6 Бөлім. Жүктерді интермодальды (аралас) тасымалдау
Интермодальды немесе аралас жүктерді тасымалдау – бұл «есіктен есікке» қағидасымен әр түрлі транспорт түрлерімен жүзеге асырылатын және де бір ғана өтпелі құжатпен рәсімделетін халықаралық (әдетте, алыс қашықтықтағы) контейнерлік жүк тасымалы. Бұл тасымалдардың басты мағынасы мынада-контейнерде буып-түйілген негізгі жүктер бір көліктен екінші көлікке жүкті ауыстырып тиейтін кезде ашылмайды, сол күйінде жүк қабылдаушыға жеткізіледі. Интермодальды тасымалдар негізгі жүктердің тасымалы-контейнерлік тасымалдардың көліктік –технологиялық сызбаның логикалық аяқтамасын енгізу болып табылады. Үймелі және құймалы жүк тасымалдары, ерекше жағдайға қарамастан, әлі де дәстүрлі көліктік сызба бойынша жүзеге асырылады. Бір пункттен екінші пунктке дейінгі («есіктен есікке дейін») аралас тасымалдар бытыраңқы көліктерге қарағанда, қиынырақ және жан-жақты болып келеді. Сонымен қатар олар клиенттерге қолайлырақ, өйткені импортерлер және экпортерлер «тапсырысқа жасалған» және олардың спецификалық талаптарын ескеретін, бірқатар қызмет түрлерін ұсынатын бір оператормен жұмыс істейді. Сондықтан жөнелтушілер мен қабылдаушыларға жеке транспорт түрлері және бүкіл көлік тізіміндегі операторлармен және тасымалдаушылармен келісудің қажеті жоқ. Мұның орнына аралас тасымалдау операторы өз клиентіне баға тұрғысынан кедергісіз және операция тұрғысынан тез және табысты келісім жасауға жағдай жасайды. 60-шы жылдары алғашқыда теңізде, кейін басқа да транспорт түрлерінде заманға сай, өз алдынан қиын өндірістік организм болатын, арнаулы көліктен, арнайы жабдық пен контейнер паркінен тұратын контейнерлік терминалдан тұратын, контейнерлік-көліктік жүйе қалыптасты. Қазіргі кезде жалпыәлемдік су тоннажының 7%-ы арнайы кеме-контейнер тасымалдарына келеді, айналымда 11 млн контейнер бар, олардың өндірісі жылына 1,25 млн бірлікті құрайды, оның 63%-ы ҚХР-на келеді. Әдетте контейнерлер тасымалдаушыларға емес, тасымалдаушыларға жалгерлікке беретін, арнайы фирмаларға тиесілі. Контейнерлерді жалгерлікке өткізу қазіргі кезде өзіндік үлкен масштабтағы бизнеске айналды. Контейнерлік технологиялар базасында алыс қашықтықтағы аралас тасымалдар, мысалы, Азиядан Еуропаға және кері, пайда болды. Бұндай интермодальдық тасымалдардың мысалы ретінде Жапония-Еуропа көлік жолдары болып табылады: 1. Сібір құрлық көпірі (Siberian Land Bridge): Жапония (Оңтүстік Корея, Тайвань және т.б.) – су көлігі – Шығыс порты – теміржол көлігі – Брест – теміржол, авто- және су көлігі– Батыс және Шығыс Еуропа. 2. Америка құрлық көпірі (American Land Bridge), Солтүстік Америка құрлығында 2 бағытта бөлінеді: Жапония – су көлігі – Окленд –теміржол көлігі – Гарбестон – су көлігі – Европа; Жапония– су көлігі– Лос-Анджелес – теміржол көлігі– Новый Орлеан – теңіз көлігі – Роттердам және т.б. 3. Канада құрлық көпірі (Canadian Land Bridge): Жапония – теңіз көлігі – Сиэтл – теміржол көлігі– Монреаль – теңіз көлігі – Гамбург, Роттердам және т.б. Азия мен Еуропа арасындағы ең қысқа көліктік жол ол-Сібірлік (Siberian Land Bridge), бірақ ол соңғы жылдары шамалы қолданылды. Бұл тақырыпта үш сұраққа тыңғылықты тоқталу қажет: контейнер тасымалдары ұйымдарының ерекшеліктерін сипаттау, аралас жүк тасымалы операторларының кім екендігін анықтау және интермодальды тасымалдаулардағы көліктің өзара әрекеттесу ерекшеліктерін көрсету.

6.1. Контейнерлік тасымал
“Инкотермс-90” ережесіне сай “контейнер” түсінігі кез келген қозғалыс жиынтығын білдіреді, онда: кез келген көлік түрі және жүк бірлігі, контейнерлердің барлық түрі, Халықаралық қабылданған немесе қабылданбаған стандартты ұйымдар және т.б. Стандартты контейнер болат пен аллюминийден жасалган екі жакты есігі бар қорап.
Кең жайылған контейнердің екі түрі бар. Олар:
жиырма футтық, сыйымдылығы отыз шаршы м, ең көп он сегіз т тиеледі. Ішкі өлшемі: ұзындығы 5,89 м, ені 2,32 м, биіктігі 2,23 м;
қырық футтық, сыйымдылығы алпыс шаршы м, отыз т тиеуге болады. Ішкі өлшемдері: ұзындығы 12 м, ені 2,32 м, биіктігі 2,34 м.
Контейнерлерді қолданудағы негізгі артықшылықтар: жүктің жоғалып қалу қауіпі төмен, жүктің бұзылып кетуінен сақтайды, контейнерлерді тиеу өте ыңғайлы және т.б. сол сияқты.
Жүк контейнерлерін ажырату түрлері:
1. FCL (Full Container Load Cargo) «толық тиелген контейнер», жүкті жүк жіберуші толық тиелген контейнерлерді контейнерлік терминалға жеткізуі.
2. LCL (Less than Container Load Cargo) «толық тиелген контейнерден азырақ» кіші көлемді жүк тасымалы кезінде қолданыладды. Жүк CFS (Container Fright Station) бекетіне жеткізіледі.
Контейнермен тасымалдау кезінде жүк жіберуші контейнермен тасымалдау фирмасымен келісім жасасып, өз тауарларын ең жақын контейнер жүктегіш жерге немесе сызықтық кеме қатынасына жібереді. Жүк станциялары ірі порттарда немесе өндірістік орталықтарда болады. Егер тасымалданатын жүк көлемі аз болса, онда жүк жіберуші оны басқа жүктермен қосып жүктеу үшін жүк бекетіне жібереді. Кейін барлық жүк алушылардың қолына жіберіледі. Алушы жүкті қала ішіндегі жүк бекетінен немесе порттан ала алады. Инкотермс осындай жағдайды есепке алады. Контейнерлік сауда терминдары мыналар: FCA -«франко-тасымалдаушы», CIP – “фрахт немесе тасымал және сақтандыру төленді”, СРТ – “фрахт немесе тасымал төленді”. Егер жүк жіберуші тауарды DDP немесе DDU шарттары бойынша жіберсе, онда контейнер “есіктен есікке дейін” жеткізіледі. Мұндай контейнер тасымалдаушы мөрімен басылады.
Контейнерлер көбінесе аралас тасымалда қолданылады. Егер контейнердегі тауар тасымалдау кезінде бүлінсе немесе кешіктіріліп жеткізілсе және бұл үшін тасымалдаушы жауапты болса, онда белгілі бір қиындықтар халықаралық тасымалдау конвенциясына байланысты орын алады.
Мұндай жағдайды болдырмау керек, біріншіден аралас тасымалдау халыкаралық тасылдауда ролі маңызды, екіншіден көлік операциясына тәуелсіз жалғыз тасымал болып келеді. Жалпы аралас жүктерді тасымалдау туралы1980 жылы мамыр айында Женева қаласында БҰҰ Конвенциясы қабылдаған. Аралас тасымалдауға байланысты ХКТ унификацияланған (біркелкі) ережелер шығарған. Біріккен көлік құжаты (CT-document) “басынан соңына дейін” дегенді білдіреді.
Алайда унификацияланған ереже автоматты түрде қолданбайды. Олар жүк жіберуші мен аралас тасымалдау операторының арасында болатын келісімге кіргізіледі. Айналым көлік коносаменті FIATA/FBL соңғы нұсқасында осы талаптарға жауап береді.

 

АЛМАТ 26

 

Date: 2015-10-21; view: 684; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию