Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Халықаралық байланыстардың іске асуының құқықтық негізі





Жүктер мен адамдардың халықаралық тасымадын жүзеге асыратын тасымал құралдары, транспорттық жүйелер және терминалды кешендер объектілердің үлкен капиталсыйымдылығымен және төмен капиталөтемділікпен ерекшеленеді. Сонымен қатар тар транспорттық бизнес жеке капитал үшін жоғары тәуекелді.

Ұлттық транспорттық мекемелердің халықаралық деңгейде қызметтерінің көбею туралы қызығушылығы бар мемелекет әрқашанда халықаралық ынтымақтастыққа талпынатын. Талпыну себебі, жүк пен адам тасымалы үшін біркелкі шарт өндіру, тасымал құралдары мен оларға қызмет көрсететін персоналдарға жататын режимді табуға байланысты келесіп отырған екі жақтың заңдық нормалардың мәмілеге келуі жіне басқа да себептер. Осы мехнаттардың нәтижесінде «транспорттық конвенциялар» атауына ие болған транспорттардың әр түріне байланысты халықаралық мәмілелердің көбісі қорытылды. Басқа жағдайларда, халықаралық тасымал туралы көпжақты келісімшарттар әртүрлі елдердің транспорттық мекемелері деңгейінде қорытылады.

Көптеген халықаралық транспорттық конвенцияларда положениялар болады. Олар халықаралық хабарламаларға сәйкес келетін жүктер мен адам тасымалы туралы келісімге сай келеді. Келісімге сай, бір жақ –транспорттық ұйым (тасымалдаушы) – жүкті немесе жолаушыны келесілген жерге дейін жеткізуге жауапкершілік алады, екінші жақ – жүк иесі(жолаушы) – тасымалдаушыға жол ақысын төлеуге міндетті. Транспорттық келісімнің қалған шарттары толықтырады, анықтайды және жоғарыда айтылған жайапкершіліктердің мағынасын ашады. Транспорттық конвенциялар негізгі реквизиттерді анықтайды, кейбір кездерде халықаралық тасымалда қолданылатын транспорттық келісімдердің нысандарын да анықтайды. Транспорттық келісімдердің ең көп тараған екі түрі: теліндеме(накладная) (теміржол, әуе, автомобиль хабарламалары үшін) және коносамент (теңіздік және өзендік хабарламалар үшін).

 

2.1 Халықаралық тасымал туралы конвенциялар мен келісімшарттар

2.1.1 Ресейдегі тасымалды регламенттейтін құқықтық құжат

 

Ресейдің транспорты 2 министрліктің шеңберінде қарастырылады: РФ-ның транспорт министрлігі және РФ-ның хабарлама жолының мминистрлігі. Сонымен қатар, магистральді транспорттың негізгі түрлеріне акционерлік қоғамдар құрылған.

Ресейде жүк иесі мен тасымалдаушы арасындағы ішкі және сыртқы жүктасымалы орындалған кездегі өзара қатынастың құқықтық негізі нормативті және заңшығарушы құжаттар болады. Бұл құжаттар транспорт түріне қарай – теңіздік сауда Кодексі, әуе кодексі, теміржол, автомобиль, өзен транспорт жарғылары, ведомстволық сипаттағы нұсқаулық пен жағдайлар, тасымал ережелері, жүктерді жүктеу және түсірудің техникалық шарттары, тарифтік ставкалар бойынша прейскуранттар және басқа да құжаттар.

Бірақ, Ресейде қалыптасқан экономикалық және саяси жағдайларға байланысты көпшілік нормативті құжаттар бұрынғы кеңес елдерінің, таяу шетелдің егеменді елдерінің оғаш транспорттық жүйелеріне қайта өңдеуді қажет етеді.

Сыртқы экономикалық байланыстарды қамтамасыз ететін Ресейдің транспорттық жүйесі таяу шетел мен Балтық теңізі елдерінің транспоттық жүйесіне тәуелді. Себебі, көптеген теміржол кедендік өткелдер, ірі әуе және теңіз порттары осы елдер территориясында орналасқан. Ал осы порттарға тиесілі теңіз транспорт құралдары олардың құзырлығына көшті.

Ресей біркелкі транспорттық жүйенің сақталуына мүдделі, себебі сыртқысаудалық экономикалық байланыстар мен транспорт қызметінің тұтынушылар мүддесінің қажеттілігін қамтамасыз ететін тұрақты, теңқұқылы және өзарапайдалы байланыстарды қолдау үшін шараларды қамтамасыз етеді. 1995 жылдың басында РФ ТМД және Балтық теңізі елдерімен транспорттық ынтымақтастық туралы 60 көпжақты және екіжақты келісімшарттарға қол қойылды. Бұл келісімшарттарда транспорттың барлық түрлерінің құрылуына қолайлы жағдайлар қарастырылған, әсіресе, транспорттық құралдар салық салудан және жолды, басқа да хабарлама жолдарын пайдаланған үшін мемлекеттік жинақтан, тасымал арқылы тапқан табыстан салық салудан босатылады. Істеп тұрған ережелер, нұсқаулықтар, стандарттар және басқа да транспорттық құралдар жұмысын регламенттейтін құжаттар сақталынады. Халықаралық тасымалдың бұрынғы тәртібі сақталынады, транспорттық жүйенің біртұтас ретінде қалыптасуының басқа да көптеген мәселелері шешілді.

 

2.1.2. Халықаралық көлік заңнамасының негіздері

Үлкен көлемді жүк тасымалдау кезінде мемлекет аралық келісімдер қолданылады. Сонымен қатар көлік байланыстарының қарым-қатынасының көлемділігі туып отыр. Мемлекеттер арасындағы құқықтық қатынастар мынадай тәртіпте: халықаралық хабарламаның көліктік жолдары мен көлік қаражатын пайдалану; жүк тасымалы кезіндегі мемлекет аралық қатынастың тәртібін бекіту; халықаралық көлік ұйымдарындағы қызмет болады. Халықаралық келісімдерге көліктің әр түріне байланысты дайындалған конвенциялар мен келісімдер жатады. Олар осы құжатқа қол қойған елдің заңды да жеке де тұлғасы орындауға міндетті болады.

Көлік саласындағы халықаралық келісімдер мынадай ұйымдастырушылық, техникалық, коммерциялық, құқықтық мәселелерді қамтиды:

Көліктің жеке түрлерінің қызметінің жалпы принциптері;

Халықаралық хабарламалар ұйымы;

Жолаушылар мен жүк тасымалдаудың коммерциялық шарттары;

Жүк тасымалына жалдау бағалары мен тарифтері;

Мемлекеттер арасында көліктік байланыстарды жетілдіру;

Тәртіптік жүктер тасымалдау және сақтау, перегрузка щарттары;

Халықаралық тасымалдаусаласындағы жүк иелерінің мүліктік қызығушылықтарын қорғаудың құқықтық сұрақтары;

Қоршаған ортаны ластануының алдын алу

Халықаралық көлік проблемалары түрлі халықаралық көлік ұйымдарында шешіледі. Оларға сауда мен даму бойынша БҰҰ Конференциясы; Ішкі көлік бойынша Комитет құрылған Еуропалық экономикалық комиссия; халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссясы жатады.

Көліктің түрлі түрлері бойынша халықаралық ұйымдар құрылды және белсенді жұмыс істеп жатыр. Осылайша, теміржол көлігі бойынша Теміржол ынтымақтастық ұйымы (ТЖЫҰ), Жүк вагондарының жалпы паркі, ТЖЫҰ ішінде құрылған көліктік құқық бойынша тұрақты топ, Халықаралық темір жол хабарламаларының орталық бюросы және т.б. Автомобиль көлігі бойынша үкіметтік емес – Халықаралық автомобиль көлігі одағы. Әуе көлігінде халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияға сәйкес Халықаралық азаматтық авиация ұйымы бар, сондай-ақ мамандандырылған үкіметтік емес – Халықаралық әуе көлігінің ассоциациясы жұмыс істейді. Су көлігі бойынша Үкіметаралық Теңіз Ұйымы, Халықаралық Балтық теңіз конвенциясы, Халықаралық теңіз комитеті, Халықаралық кеме ұстаушылар ассоциациясы бар. Жүктерді көліктік жабдықтау бойынша Жабдықтаушы ассоциациялардың халықаралық федерациясы құрылған.

Төменде негізгі көліктік келісімшарттар мен түрлі көлік түрлері бойынша келісімдер қысқаша сипатталады.

Халықаралық теңіз тасымалы. Коносаменттің құқықтық статусын және теңіз жүк тасымалы қатысушыларының ара қатынасын анықтайтын негізі халықаралық келісім 1924 жылғы коносамент туралы кейбір ережелерді бірыңғайландыру туралы Брюссель конвенциясы болып табылады. 1968 жылғы Брюссель хаттамасымен бұл конвенцияға кейбір өзгертулен енгізілді. Қазіргі уақытта Брюссль конвенциясына 70 аса мемлекет қатысады. Гаага ережелерінде теңіз жүк тасымалдаушысы жүк үшін жауапкершілігі туралы мәселеге бас назар аударылған. 1924 жылғы Брюссель конвенциясының ережелеріне түрлі, әсіресе, дамушы елдердің жүк иеленушілерінің сынын есепке алғанда 1978 жылы халықаралық теңіз жүк тасымалына септігін тигізетін, Гамбург ережелері ретінде танымал, жүкті теңізбен тасымалдау туралы БҰҰ-ның конвенциясы қабылданды.

Жолаушылар мен жүкті теңіз тасымалдауы бүгінгі күнге дейін 1961 жылғы жолаушыларды теңізбен тасымалдауға жататын кейбір ережелерді бірыңғайландыру туралы Халықаралық конвенциямен тәртіптелген. 1987 жылы теңіз тасымалы, олардың жүгі, көлік құралдары және қол жүгі туралы жаңа конвенция күшіне енді (Афинская конвенция).

Халықаралық өзен тасымалы. Дунай өзені арқылы халықаралық тасымалдауға қатысты мәселелер дунай елдерінің өзен пароходшылығы арасында бекітілген Братислав келісімдерімен реттеледі. Оларға қатысушылардың бірі – 1955 жылғы Дунай өзені арқылы жүк тасымалдау бойынша жалпы шарттар туралы Келісім – Болгария, Венгрия, Румыния, СССР және Чехославакияның пароходшылығы болды. 1966 жылы бұл келісімге Югославияның өзен пароходшылығы қосылды, ал 1968 жылы Австрия мен ГФР қосылды. Келесі қадам 1978 жылы бұл пароходшылар Дунай арқылы тасымалдаудың жалпы шарттары туралы Халықаралық келісімге тұруы болды. 1979 жылы сол пароходшылар халықаралық жүк тарифтери туралы келісімге қол қойды.

Халықаралық теміржол тасымалы. Хадықаралық теміржол тасымалдары туралы ең жанжақты көп жақты келісімдердің бірі жолаушылар тасымалы мен жүк тасымалы туралы өткен ғасырдың соңында бірнеше еуропалық елдер арасында келісілген Берн конвенциялары болып табылады. Кейіннен олар бірнеше рет қаралды. Қазіргі уақытта 1980 жылдан теміржол тасымалы туралы Берн конвенциясының біріккен мәтінінен тұратын бірыңғай Конвенция қолданыста. Берн конвенциясының қатысушылары болып көптеген еуропалық және біраз азия мен африка елдері табылады.

Ресей және ТМД елдері бұл конвенцияға қатысы жоқ, сондықтан теміржол хабарламаларында бұл елдермен Ресей және ТМД теміржолдарымен халықаралық келісімдері жоқ. КСРО, соның ішінде Ресей және шығыс-еуропалық елдер 1974 жылдан өздерінің халықаралық жүк жолдары мен халықаралық жолаушылар жолдары туралы Келісімдері болды. Бұл келісімде Азия елдері де (Қытай, Солт.Корея, Монголия, Вьетнам) болды. 1991 жылы Келісімнен еуропалқы елдерден шығып кетті, бірақ бұрынғы КСРО елдері территориясында жүк жөнелтпе тасымалының формасы сақталып қалды. Ресейдің Австрия, Иран, Турциямен көліктік келісімдері бар. Батыс елдерге жүкті жеткізу мен қайтару туралы келісімге шекаралық теміржол бекеттерінде қайта рәсімдеу арқылы іске асады.

СМГС тасымалдауға арналған жүкті қабылдау мен оларды алушыға беру тәртібін бекітеді. Тасымалдаудың, теміржолдың коммерциялық реквизиттерінің келісімшартын бекіту, жүкті жеткізу мерзім, ерекше шартта жүк тасу (ұзақ, ауыр, қауіпті, химиялық, тез бұзылатын, тірі) ережелерін бекітеді.

Халықаралық әуе тасымалы. Әуе тасымалы бойынша халықаралық келісімдер қатарына 1929 жылы Варшавада қой қойылған және келесі: 1955 жылы Гаага, 1971 жылы Гватемальск, 1975 жылы Монреалда хаттамалармен толықтырылған халықаралық әуе тасымалына қатысты кейбір ережелерді бірыңғайландыру бойынша конвенциялар жатады. Оған әлемнің көпшілік елдері қатысады.

Варшава конвенциясы реттеуші әуе жолдарында пайдаланылады. Ретсіз жолдардағы әуе тасымалдауы туралы келісімшарттың құқықтық негізі болып 1961 жылғы халықаралық әуем тасымалдауына қатысты кейбір ережелерді бірыңғайландыру туралы Гвадалахар конвенциясының ережелері табылады.

Халықаралық автомобиль тасымалы. Жолдың бұл түрі 1961 және 1968 жылдары күшіне енген Халықаралық қауіпті жүктерді автомобильдік тасымалдау туралы Еуропа келісімі мен Халықаралық жүкті автомобильдік көлікпен тасымалдау келісімшарты туралы Конвенциямен реттеледі. Оған әлемнің көпшілік елдері қатысады.

Еуропалық елдерде халықаралық автомобиль жолдарында кедендік тәртіпті жеңілдету мақсатында 1959 жылы халықаралық жол тасымалы кітапшасын пайдалана отырып, халықаралқы жүк тасымалы туралы Кедендік конвенция бекітілді. 1975 жылы оның жаңа мәтіні қабылданды.

Халықаралық аралас тасымал. 70 жылдары бірнеше халықаралық ұйымдар аясында тікелей аралас тасымалдау келісімшарты туралы келісім жобасы дайындалды. Соның нәтижесінде 1980 жылы халықаралық аралас тасымалдау туралы БҰҰ Конвенциясы қабылданды.

 

"Инкотермс" тауарлар жеткізудің базистік шарттары.

Оқырман сатып алу мен сатудың келісім-шартының мазмұнымен таныс болуы керек және осы келісім сатушы мен сатып алушының қатынастарын ғана (соның ішінде жүктің тасымалының сұрақтарын)тасымалдаушылардың қатысынсыз реттейді. Қатынастың ауқымы тасымалдаушылармен ұсынылған жеке құжатпен –тасымал келісімшарты,мазмұны төмендегідей болады. Әр түрлі елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығы ішкі экономикалық келісім арқылы болады(келісім, келісім-шарттар) тұжырымын.Келісім және оның орындалуы маңызды, ал тауардың халықаралық сатып алу-сатуының келісімдері өте маңызды және тауар тасымалы оның негізі. Дербес жағдайда, тауарды сатып алу-сатуының келісімдері және оның қағидалары маңызды. Ішкісаудалық мәмілелерде серіктестер арасындағы міндеттерді анықтау қажет,яғни сатушыдан сатыпалушы арасындағы тауар жеткізілімі(тасымал, тауарды тиеуге дайындық,тиеу жұмыстары,сақтандыру,кедендік құжаттары және т.б.)Осы міндеттердің әр қайсысының шығындары 30-50 пайыз тауар бағасын құрайды.Тауар тасымалының шығындары тауар бағасын құрайды.Тауар тасымалында тауардың бұзылуы тәуекелі бар.

Тауар жеткізудегі сатушы мен сатып алушының құқықтарын анықтау үшін тасымалдың базистік қызметтері жасалынды.Базис қызметінің екіжақ арасындағы таңдауы келісімге байланысты бірінші кезекте тауар тасымалы мен жеткізу қызметі.Базистік қызмет деп аталу себебі,тауар бағасының базисін(негізін) және оның деңгейіне әсер етеді.

Базистік қызметті бірегейлендіру үшін Халықаралық сауда палатасы 1936 жылы «Халықаралық сауда терминдерінінің ережесін»(Инкотермс) шықты.Кейінірек жаңа баспалар 1953,1967,1976,1980 және 1990 жылдары шықты.Бұл тасымалдаудың жаңа түрлерінің контейнерлі тасымал шығуына әкелді.

Қазіргі кезде «Инкотермс 1990!»қолданылуда ол 4 топқа бөлінген.Бірінші топ-сатушы сатыпалушыға тауарды өз қоймасында көрсетеді(Е тобының ережесі)Екінші топ-сатушы тасымалдаушыға тауарды көрсетуге міндетті(Ғтобының ережелері)Үшінші топ С- сатушы кездейсоқ жағдайдан және тауардаң бұзылудың тәуекелінен сақтану үшін тасымалдау келісімін жасайды.Төртінші топ Д-сатушы келісілген жерге тауарды жеткізу кезіндегі шығындарды,тәуекелді өтейді.Тікелей және аралас тасымалдауда да базистік қызметтер қолданылады.Инкотермс»келісімшартта көрсетілгенде қолданылады.Халықаралық ережелер қатал,олардың толық немесе бір бөлігінің қолданылуы келісуші тараптармен бекітіледі.«Инкотермс»ережелеріне сәйкес келетін жағдайларға шара қолданылмауы мүмкін,егер тараптар өзге ережелер қабылдаса,сондықтан осы жағдайды болдырмау үшін «Инкотермс»1990 шарты келісімшартта көрсетілуі тиіс.

Инкотермсте тауарға деген меншік көрсетілмеген.Мұны келісімшартта ескеру керек.Ресейлік компаниялар шетелдік компаниялармен келісімшарт құру кезінде Инкотермсті қолданады.Сонымен қатар кей елдермен тауар жеткізуде жалпы екіжақты келісім қолданады және тауар жеткізудің базистік қызметі де қамтылған.Инкотермс сияқты оларда кеңесберуші,сондықтан тараптар оны қолдануға міндетті емес. Ақырғы уақытта практикада Халықаралық сауда Инкотермс кең танылып көптеп қолданылуда,өйткені ондағы термин ережелер Әлемдік нарықтағы саудада қалыптасқан қағидалар мен ережелерге сәйкес.«Инкотермс-1990» тауар жеткізудің базистік қызметінің 13 түрін анықтайды:

«Е»тобы тауардың зауыттан әкетілімі EXW франк-зауыт
«Ғ»тобы негізгі тасымалдау сатып алушымен төленеді FCA франк-тасымалдаушы   FAS франк-айлаққа кеменің бортына FOB франк-кеменің бортына
«С»тобы негізгі тасымал сатушымен төленеді CFR баға и фрахт   CIF баға, сақтандыру, фрахт   СРТ фрахт/жеткізілім төлемі төленгенге дейін..   CIР фрахт/жеткізілім төлемі және сақтандыру төленгенге дейін …
«Д»тобы тауардың жеткізілуі   DAF жеткізілім шекарада   DES кемеден   DEQ айлақтан   DDU жеткізілімге дейін. ақысыз-пұ баж   DDP жеткізілімге дейін. баждың төлемақысымен

Тауар жеткізудің базистік қызметінде қолданылатын «франк» термині «еркіндік»сөзінен шыққан және сатып алушы тауарды жеткізудегі тәуекелден,шығыннан сақтанғанын білдіреді.

«Фрахт»және «тасымал төлемі»терминдерінің айырмашылығы келесідей,біріншісі теңізге және әуе транспортына қатысты,ал екіншісі- жерге.

EXW-франк-зауыт.Бұл жағдайда сатушы тауарды сатып алушыға өзінің кәсіпорнына уақытында жеткізуге міндетті келісімшартта көрсетілгендей.Сатушы сатып алушыға өзінің тасымал жабдығын көрсетуге міндетті емес.Егер бұл орын алса,онда сатып алушы осы операцияның шығындарын төлейды.

Кездейсоқ тәуекелдік шығын,тауардың бүліну және жойылу шығындары сатып алушыға өтеді,егер қоймадағы тауар келісім шарт бойынша негізгі тауар ретінде сатып алушының қарауында болса.Бұл жағдайда тауар тасымалында әр түрлі транспорт қолданылады.

FCA-франк тасымалдаушы.Осы базисті қызмет экспорт тауары тасымалында және де экспорттық лицензия,кедендік декларация қоса сатып алушымен белгіленген жерде қолданылады.Тасымалдаушы белгіленген тұлға емес.Тасымалдаушы ретінде тасымалдаушы-экспедиторлық фирма да бола алады,яғни тауар жеткізуді жауапкершілікке ала алатын.

Осы базистік қызмет бойынша тасымалдау шарттарын және тасымалдау фирмасын сатып алушы таңдайды.Ол өз ашасынан тасымалдаушымен келісімге отырып,сатушыга белгіліенген жерімен уақытын хабарлауға міндетті.

Кездейсоқ тауар бүлінуі немесе жойылу сатып алушыға өтеді,егер белгіленген жерде тауар тасымалдаушының қарамағында болғанда.

Жүк қалыптастыру шығындары сатып алушымен төленеді:егер бұл шығынды тасымалдаушы экспедиторлық фирма жасаса.

«Франк-тасымалдаушы»қызметі барлық тасымалдау түрлерінде қолданылады. Риск случайной гибели переходит на покупателя с момента фактической поставки товара вдоль борта судна в обусловленном порту погрузки и в срок, указанный в договоре.

FAS-еркін кеменің бортына.Бұл базисті қызмет тек теңіз және өзен тасымалында қолданылады.Мұнда сатушы өзінің есібінен келісімшартта белгіленген кеменің бортына тауарды жеткізуі керек және бұл жайлы сатыа алушыны хабардар етуі тиіс.

Сатып алушы бірінші кезекте кеме жалдап,сатушыны тауар алмасатын орынды хабарлап,кеменің атын,тауардың келу уақытын,кемеге тауарды тиеу жайлы ескертіп,кедендік және экспорттық формальділікті жою керек.

Тауардың бүліну және жойылу қаупі сатып алушыға,егер тауар кеме бортына келісімшартта белгіленген уақытта жеткізілсе.

FOB-борттағы еркіндік.Бұл базисті қызмет сатушы тауарды кеменің бортына келісімшартта белгіленген уақытта жеткізуге міндетті және экспорттық формальділікті қалыптастыру қажет.Сатуп алушы өз есебінен кеме жалдап,сатушыны кеменің атын және жүк тиеу уақыт жайлы хабардар етуі қажет.Тауардың жойылу және бүліну шыңындары сатушыдан сатып алушыға өтеді,егер тауардың кемеге жеткізілгенінде.

Екіжақта тауар сақтандырады,яғни сатушы кеменің бортынан тауарды аулаққа жеткізгенге дейін сақтандырса,ал сатып алушы таурды кемеден айлаққа жеткізілгенінен бастап қоймаға жеткізілгенге дейін сақтандырады.

CFR-баға және фрахт.Бұл базисті қызметке сәйкес сатушы кеме жалдап,жалдаған ақыны төлеп,келісімшартта белгіленген уақытта тауарды айлаққа жеткізуі керек.Бұл дегеніміз төленген ақы тауар бағасына кіреді.

Сатушы сатып алушыға таза коносамент көрсетіп,яғни онда тауардың жағдайы және орамы көрсетілген.Тауарды тиеу шығндарын сатып алушы төлейді.Тауардың бүліну және жойылу қаупі тауар айлаққа жеткенде сатып алушыға өтеді. cfR қызметі сатушыны экспорттық формальділікті жоюды міндеттейді.Тек өзен және теңіз тасымалында қолданылады.

CIF-баға,сақтандыру,фрахт.Бұл қызмет теңіз және өзен арқылы тауар тасымалында қолданылады.Сатушы кеме жалдап,жалдау ақысын төлеп, тауарды айлаққа жеткізіп оны еме бортына тиеп,келісім шартта белгіленген уақытта жеткізіп және саиып алушыға таза борттық коносамент беруі керек.Сатушы тауарды кездейсоқ жағдайдан сақтандырып өз атына жазылған сақтандыру полюсін беруі қажет.Осылайша,тауарды жеткізуде тауардың бағасына сақтандыру және жалдау ақысы кіреді.

Егер барлық тәуекелдер анықталып көрсетілсе,онда фирма үшін СИФ келісм шарты қолайлы болады.Бір жағынан тауар толық сақтандырылған және сатушы максималды баға алады және де тек тауарға төлейді.СИФ келісіміндегі қолайсыздық ол сатушы жүкті тиеуден бұрын сатып алушыда импорттық лицензия бар екеніне көз жеткізуі тиіс.Оның алуды соған байланысты формальділікті сатып алушы төлейді.

СРТ-фрахт/иасымал төлемі төленгенге дейінгі...Бұл базисті қызмет тасымалдаудың барлық түрлері үшін қолданылады,мысалы аралас контейнерлі және т.б. Сатушы келісім шартқа сәйкес тауарды белгіленген орынға өз есебінен жеткізуге міндетті.Ол тауарды бірінші тасымалдаушыға беріп және тасымал хатын алуы керек.Сатушы сатып алушыға тасымалдау құжатын көрсете алады.

Сатып алушы белгіленген орынды көрсетеді және тауар қабалдаған уақыттан бастап барлық шығындарды төлейді.Тауардың кездейсоқ бүлінуі немесе жойылуы тасымалдаушыдан тауарды қабылдап алғанда сатыпалушыға өтеді.СРТ базистік қызметі сатушыны барлық экспорттық формальділікті жоюды қажет.

СІР-фрахт/тасымалдау төлемі және сақтандыру төленгенге дейінгі...Осы базистік қызметте тасымалдау келісімін жасап және белгіленген жерге тауар тасымал шығындарын төлеп,тауарды сақтандырып,тасымалдаушыға тауарды беруі қажет.

Сатып алушы орынды белгілеп және тасымалдау шығының барлығын көтереді.Тауарды тасымалдаушыға бергенде тәуекел сатып алушыға өтеді.Бұл базисті қызметте сақтандыру бағаны жоғарылатады.СІР қызметі сатушыны экспорттық формальділікті жоюды керек етеді.

DAF-шекараға жеткізу.Бұл қызмет сатушының міндеті тауарды шекараға жеткізгенде орындалғанын білдіреді,бірақ шекераға жеткізу келісім шартта көрсетілген.Сатушы тауарды белгіленген жерге жеткізіп және тасымал құжатын беруі керек.

Сатып алушы тауар белгіленген жерде қабылдап алып,өз есебінен кедендік және басқа шығындарды төлеп,тиеу және түсіру шығындарын төлеуге міндетті.Егер тәуекелді сақтандыру полюсімен жапқысы келсе,Инкотермс сатып алушымен сатушының біреуі толық сақтандыру жасауға кеңес береді.

DES-кемеден.Бұл базисті қызмет теңіз және өзен тасымалында қолданылады.СІҒ қызметі сияқты,келісімде көрсетілгендей сатушы өз есебінен тауарды белгіленген орынға жеткізіп кеме бортына тиеуі керек.Ол сатып алушыны кеменің жету уақыты жайлы хабардар етіп,тасымалдаушыдан тауарды алғаны жөніндегі құжатты табыстайды.Сатып алушы кеме бортына тауар келген сәттен бастап тәуекелдік шығындарды көтереді.

DDU-жеткізуге дейінгі...төлемдерсіз.Егер тауар белгіленге орынға сатыа алушыға импорттаушы-елге жеткізілсе,сатушының міндеті орындалады.Сатушы тауарды белгіленге жерге жеткізілуінде барлық тәуекелдер мен шығындарды көтереді.Егер тараптар келіссе,онда сатушы өзіне импорттық формальділікті өзіне алады және ол келісімшартта көрсетілуі керек.

DDP-жеткізуге дейінгі...төлемдермен. Егер тауар белгіленге орынға сатыа алушыға импорттаушы-елге жеткізілсе,сатушының міндеті орындалады.Ол сатушының барлық міндеттерін көрсетеді және барлық тасымал түрлерінде қолданады.

Сатушы сатыпалушының қарамағына белгіленген орынға уақытында тауарды жеткізуі және тауардың қабылданғаны жөніндегі құжатты табыстауы керек.Сонымен сатушы өз есебінен тасымалдау келісімшартын жасап және тауарды жеткізуде барлық тасымал шығынын көтереді.

Белгіленген жерде сатып алушы сатушыдан тауарды қабылдап алады.Келісім шартта тауарды тиеу көрсетілмесе,онда тауарды тиеу шығындары сатушымен төленеді.Тәуекел және жойылу шығыны сатыпалушыға өтеді егер тауар қабылдалып алынса.Келісімшарт жасау арқылы нақты келісім орнын белгілеуге,кім жойылу шығындарын төлейтінін шешуге болады.

 

2.3. Сатып алу мен сатудың келісімшартының көліктік шарттары

Егер келісімшарттың «базистік шарттар» немесе «жеткізу шарттары» деп аталатын бөлімдерінде көліктік шарттар туралы түгел айтылмаса, онда олар жеке бөлімге бөлініп, тараптаға қатысты барлық бөлшектерді: жүкті тасымалдауға және оларды тиеу-түсіру орындарында сұрыптауға шығындарды бөлу, тауарды тиеу тәртібі, тиелген тауар жөнінде әріптестердің өзара ақпарат алмасуы, тасымалдау шарттары және т.б. түсінідіріп өту керек.

Келісімшарттың көліктік шарттарының мазмұны шарттың түріне, базистік шарттарға, тауар сипаттамасына, тасымалдау тәсіліне, тауар тасымалдайтын көлік түріне байланысты болады, бірақ жалпы алғанда көліктік шарттар келесі тармақтарды қамтиды:

– көлік түрін таңдау (теңіз, өзен, әуе, жер, аралас);

– тасымалдау келісімшартын рәсімдеу құжатын көрсету (чартер, коносамент, накладная авиагрузовая, накладная железнодорожная, накладная товаротранспортная);

– тасымалдау бағыты;

– тасымалдау тәсілі (трюмада, палубада, платформада, вагонда и т.б.);

– тасымалдаудың ерекше шарттары (мысалы теміржол тасымалы кезінде – тасымал нормасы мен ашық платформаларда жүкті тиеу);

– тауардың кету орнынан тиеу тәртібі мен мерзімі;

– тауарды сатушының алушыға беру тәртібі мен орны;

– тиеу пунктінің, тауардың, теңіз портының немесе жүк беру нунктінің атауы;

– сатушы мен алушы арасындағы тауарды тиеу кезіндегі шығынды бөлу;

– жүк тиеуге көлік құралын беру туралы ақпаратты беру тәртібі мен жүк тиеу операцияларын орындауға дайындықты анықтау;

– жүкті тиеу мен түсіру нормалары мен нормативті уақытты есептеу тәртібі (теңіз тасымалында – тұрақтық, жүк тиеу уақыты – тиеу мен түсіру жұмыстары өткен күндер саны);

– төлемдер, тасымалдаушыға айыппұл төлеудің шарттары мен тәртібі, тиеу-түсіру уақыттарын үнемдегені үшін сыйақы;

– көліктік маркировкага, қаптауға ерекше талаптар;

– тасымалдаудың келісімшартын рәсімдеу үшін осы немесе басқа халықаралық келісім, конвенция, дәстүр және басқа көрсетулер қызметі.

 

3.1. Сыртқы сауда және транспорттық операцияларды реттеуші келісімшарттық қатынастардың жалпы схемасы

Сыртқы экономикалық келісімнің транспорттық қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Өйткені ол сату-сатып алу келісімінің коммерциялық шарттарын жақсартуы немесе тауардың бәсекеге қабілеттілігін жеткізу уақыты мен құны бойынша нашарлатуы мүмкін. Сондықтан сыртқы сауда қатынастарын реттейтін келісімдердің қарым-қатынастарының жалпы жүйесінде тасымалдар келісімшарты маңызды рөл атқарады.

Сыртқы экономикалық қатынастарын бірқалыпты әрі белсенді жүргізіп отыратын елдердің сауда-экономикалық әріптестігі әдетте ұзақ мерзімді негізде қалыптастырылады. Бұл үшін Үкімет тарапынан 10 жыл және одан да ұзақ мерзімге созылатын ұзақ мерзімді бағдарламалар жасалынады. Осы бағдарламалар мен келісімдерді жүзеге асыру үшін үкіметаралық сауда келісімшарттары, сонымен қатар, жыл сайынғы өзара тасымалдау хаттамалары мен транспорт саласындағы әріптестік туралы келісімшарттар жасалады.

Сыртқы саудалық келісімшарттық қатынастардың жалпы схемасы 2-сызбада көрсетілген.

Сыртқы сауда қатынастарнының негізгі жүзеге асырушылары – бірлестіктер, кәсіпордар немесе фирмалар заңды түлға ретінде импорттаушыға тауар жеткізуді жүзеге асыратын өзара сауда келісімщарттарына отырады.

 

2-сурет. Сыртқы сауда әрекеттерін реттеуші келісімшарттық қатынастардың сызбасы

1-жолда:Сауда-экономикалық әріптестікті дамытудың мемлекетаралық ұзақ мерзімді бағдарламасы:

2-жолда:1. Жүкті (тауарды) жеткізудің жалпы шарттары жөніндегі келісім

2. Мемлекетаралық сауда келісімшарттары

3. Транспорт саласындағы әріптестік жөніндегі келісімшарт

3-жолда: 1. Сақтандыру, төлемдер т.б. туралы келісімшарттар

2. Сату-сатып алу келісімшарты

3. Тасымалдау келісімшарты

 

Тауар тасымалы жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді орындау барысында екі жақ өз елінде немесе шет елдегі транспорттық ұйымдармен келісімшарттық қатынастарға түседі. Бұл жерде өндірушілерден бастап ел шекарасына дейінгі тасымалдаулар жайлы айтылуда. Ал бұл жағдайда көбіне теміржол транспорты, сондай-ақ автомобиль және өзен транспорты қолданылады.

Экспорттық жүктерді ел ішінде теміржолмен тасымалдау Ресейде келесідей жоспарланады.

Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін ресейлік жүк тасымалдаушы экспортер Ресей жеріндегі теңізден, өзендерден өтетін порттар мен теміржол станциялары арқылы өтетін экспорттық жүктерді тасымалдаудағы қажеттілікті жоспарлап, қанағаттандыруы қажет. Ол үшін уақытынан бұрын транспортқа мәлімдеме жазып, ордер толтыру керек. Теңіз жіне өзен порттары арөылы өтетін теміржол транспортының тасымалының жылдам айлық жоспарлануы РФ Үкіметінің 1994 жылы 4 желтоқсанда шыққан Экспорттық жүкті тасымалдаудың жылдам айлық жоспарлауының жүргізілуі туралы уақытша ережесіне сәйкес жүргізіледі.

Уақытша ережеге сәйкес жөнелтілу станциясы жоспарланатын айдың алдында 27 күн бүрын жүкті жіберуші экспортаушыларға тасымалданатын жүктің көлемі жайлы хабарлайды. Экпорттаушылар алынған мәліметтердің негізінде жолпарланылатын айдың 5 күніне дейін жүктің тасымалы жайлы ордерді толтырып, «Союзвнештранс» концерніне жібереді.

Жөнелтілу станциясы жоспарланатын айдың алдында кемінде 20 күн бүрын толық жоспарды дайындап, сол мәліметтерді Теміржол Басқармасына жібереді. Содан кейін МПС (қазақша аудармасын білмедім) барлық жақтардың мүдделерін ескере отырып, жоспарланатын айға дейін 4 күн бұрын теміржол жүйесіндегі жүк тасымалының жобасын құрады, оны РФ байланыс жолдарының Министрлігі мен транспорт Министрлігі бекітеді.

Бекітілген жоспар бұл жоспарға қатысатын барлық жүк жіберуші экспорттаушыларға хабарланады және барлық жақтармен іске асырылуға міндетті болып табылады.

Уақытша ережеде сондай-ақ шекарадан өтетін экспорттық жүктердің тасымалының мерзімі көрсетілген. Жоспарланатын айдың 10 күніне дейін теміржол Басқармасына жүк жіберушілер жүктің теміржол арқылы тасымалдау туралы мәлімдеме жібереді. Айдың 13 күніне дейін ол мәлімдемелер қаралып, айдың 26 күніне дейін РФ Байланыс жолдарының Министрлігімен бекітіледі.

Ережеде келесідей жағдайларға байланысты жүк жіберушілерге шрафтар қарастырылған: экспортты жеткізу жөніндегі нормативті талаптарды сақталмағаны үшін порт қабылдамаған вагондар, контейнерлерден, жүктеу ережелері орындалмағаны үшін, жүктің кедендік декларациясының қате толтырылған жағдайында, жүк тасымалы жөніндегі құжаттардың нақты емес толтырылуына байланысты. Талаптардың орындалуы бойынша бақылау қызметі кедендік және шекаралық порттық органдар мен басқа да бақылау органдарына міндеттелген.

Шрафтық санкциялар Ресейдің теңіз жән өзен порттары арқылы өтетін экспорттық жүктерді жүктеутеміржол бөлімшелерімен бекітілген айлық жоспар үстінен Байланыс жолдары және Транспорт Министрлігінің жазбаша бекітуінсіз беріледі. Теміржолдарға порттарға вагондарды жіберудегі және теңіз бен өзен порттарына жүкті қабылдау мен жүктеудің кешіктірілген жағдайында шртаф салынуы қарастырылған.

Экспорттық жүктерді жөнелтілу порттарына жеткізілгеннен кейін транспорттық жынжырға халықаралық транспорт қосылады. Мұнда өзінің үнемділігімен ерекшеленетін теңіз транспорты маңызды рөл атқарады. Кеме шаруашылығы мен ресейлік жүк жіберушілер арасындағы келісімдер бір жылға кварталдарға бөліп, тасымалдау бағыттарын есекере отырып жасалады. Сыртқы саудалық жүктерді тасымалдауға кемелерді шығару айлық жоспар бойынша жүзеге асырылады, ол әр ай сайын жасалады. Ол бекітілген типтегі тоннаждың жеткізілу мерзімі жөніндегі міндеткерлікті анықтайтын жалғыз құжат болып табылады. Жүктер тасымалы жөніндегі келісімшарттар нормативті құжаттарда, саудалық кеме тасымалы жөніндегі Кодекске, Жарғыларда көрсетілген нұсқауға сәйкес жасалады.

Жүк тасымалы жөніндегі келісімшарт тек қана жүкті жіберуші мен оны тасымалдыушы арасында жасалады. Бірақ келісімшартта үшінші субъект – жүкті алушы да қатысады, ол да сәйкесінше өзіндік құқықтар мен міндеттерге ие болады. Халықаралық жүк тасымалдаушы ретінше әр түрлі заңды тұлғалар шығуы мүкін: теңіз және өзен кеме шаруашылықтары, теміржол басқармасы, авиа- және автотранспорттық кәсіпорындар. «Инкотермс» шарттарына сәйкес тасымалдаушы ретінде өзіне тасымалдау міндеткерлігін алып отырған транспорттық-экспедитрлық фирма танылады. Төменде тасымалдауды жүзеге асырушы транспорт түріне байланысты жүк тасымалы келісімдерінің түрлері көрсетілген

3.2. Теңіз тасымалының келісімі

 

Теңіз көлігін халықаралық саудаға маманданған әмбебап көліктің бір түрі деуге де болады. Мұнда халықаралық жүк және жолаушылар тасымалының негізгі құқықтық институттары пайда болып дамыды. Дәстүрлі кеме қатынасында тасымалды ұйымдастырудың 2 формасы бар: сызықты (жүйелі түрдегі) және трампылық (жүйесіз).

 

3.2.1 Сызықтық кеме қатынасы

 

Халықаралық сызықты тасымалдар негізінен қалыпты географиялық бағыттарда ұйымдастырылып, маңызды әлемдік экономикалық орталықтарды (Батыс Еуропа, Солтүстік Америка және Қиыр Шығыс) бір-бірімен және өзге аймақтармен байланыстырады. Сызықтық кеме қатынасының нақты шарттары сызықтық коносамент түрінде көрсетіледі.

Келісімнің бұл түрі іс жүзінде коносамент деп аталатын теңіз немесе өзен кемелерінің тоннажын брондау және оларды құжаттау жолымен жүзеге асырылады. Коносамент - теңізбен жүк тасу келісімінің жағдайлары жазылған құжат, тауарға иелік құжаты; ол бойынша құжат иесінің жүк тасу ісін өзінше басқаруына құқығы бар. Теңіз тасымалының келісімі коносаменттер негізінде халықаралық құқықпен, соның ішінде жүктердің теңіз тасымалы жөніндегі заңмен және Гамбургтік ережелермен реттеледі. Коносамент үш қызмет атқарады:теңіз тасымалының келісімін куәландыратын құжат болады; капитанның немесе оған уәкілетті тұлғаның жүкті кеме бортына қабылдау туралы қолхаты болады; тауарды иелену құжаты болады.

Коносаменттің алғашқы екі функциясы келесі бөлімдерде қарастырылатын болады, ал біз оның үшінші қызметіне тоқталамыз. Теңіз коносаменті өзге транспорттық құжаттармен салыстырғанда бағалы қағаз болып табылады. Оны беру бағалы қағаздарды беру ережелерімен жүзеге асырылады.

Коносаменттің негізгі мақсаты – коносамент таралатын тауарларды иесіне жеткізу, тауардың қолда болмауына қарамастан оны тез сату мүмкіндігі. Егер тауар теңіз жолында болса, мысалы Лондоннан Сингапурға, коносамент Сингапурдағы сатып алушыға әуе поштасы арқылы жіберіледі, соған байланысты сатып алушы осы тауардың иесі болады, ал осы тауарды көрсететін коносамент сатып алушыға оны сингапурлық банкке салуға немесе оны Нью-Йорктегі сатып алушыға қайта сатуға мүмкіндік береді. Коносамент халықаралық сауданың типтік құралы болып табылады. Ол XVI ғасырдан бастап қолданыла бастады. 1686 жылы жарық көрген сауда құқығы туралы кітапта коносаменттер барлық жерде бастырылған күйінде және бірнеше тілде болуы керек деп көрсетілген. Коносамент мазмұны ең алғаш рет 1794 жылы ағылшын заңгерлерімен танылды.

Коносаменттің үш түрі белгілі:

1. атаулы (жүкті қабылдап алушы көрсетіліп тұратын коносамент);

2. мәлімдеушіге берілетін;

3. ордерлік (жөнелтушінің бұйрығымен берілетін немесе жүкті қабылдап алушы бұйрығымен берілетін коносамент).

Коносаментте тасымалдаушыға тиесілі төлем көлемі, құжатты беру уақыты мен орны, даналар(экземпляр). Коносаментке кеме капитаны немесе оған уәкілетті тұлға қол қояды. Коносамент банкке немесе жүкті қабылдап алушыға сату-сатып алу келісімі бойынша есеп жүргізу үшін жіберілетін құжаттар құрамына енеді.

Кеме қатынасымен айналысушы компаниялар қолданатын сызықтық коносаменттер БИМКО ұсынған жүйеленген “Конлайнбил” сызықтық коносаментімен бірдей болып келеді. Дегенмен әрбір компания коносамент шартына өзіндік шарттарды қосады. Алдыңғы бетінде келісімнің негізгі шарттары, ал артқы бетінде тасымалдың жалпы шарттары көрсетіледі.

Тауар өзінің қабылдаушысына жетпеген немесе коносамент берілмеген жағдайда екі жақ “букинг-нот” деп аталатын келісім шарт жасай алады. Келісімнің бұл түрі ұсақ партиялы тауарлар тасымалының кеме қатынасындағы орындарын алу резерв ретінде алу үшін қолданылады.

Соңғы жылдары халықаралық кеме қатынасында коносаменттер орнына жаңа құжат қолданылуда. Бұл құжат теңіз жүк құжаты деп аталады. Осы құжат тауарды портта жөнелту үдерісін жылдамдатады.

 

 

3.2.2 Трампылық кеме қатынасы (чартерлік тасымал)

 

Сызықтық кеме қатынасына қарағанда трампылық кеме қатынасы тұрақсыз негізде жұзеге асырылады. Олар белгілі бір бағыттарға орнықпайды, кеме жалдау нарығының бір секциясынан екіншісіне оған деген сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты еркін қозғалады.

Трампылық кеме қатынасында теңіз тасымалының келісімі тасымалдаушы мен жүкті жөнелтуші немесе оны қабылдап алушы арасында жүзеге асады және ол чартер деп аталады. Көп жағдайда бұл келісім делдал немесе брокер көмегімен жүргізіледі.

Кез келген чартерде кемеге, жүкке, кеме жалдауына, диспачқа (кеме иесі жүк иесіне кемеге жүкті мерзімінен бұрын тиегені және түсіргені үшін төлейтін сыйақы), демереджке (кеменің жолда кідіруі немесе кеме жайда шартта келісілген уакыттан көп тұрып қалуы кезінде, жүк иесінің (фрахтователь) кеме иесіне төлейтін тұрақсыздық айыбы) байланысты міндетті шарттары болады. Чартерлік келісімнің негізгі шарты болып чартерді жасау орны мен уақыты, жақтардың толық заңды атаулары, кеме атауы мен сипаты, жүктің түрі, жүкті тиеу және оны түсіру орны, жүкті тиеу және оны түсіру шарты, кеме жалдау сомасы, т.б. шарттар табылады.

Кеме саудасы тәжірибесінде тасымалдаудың типтік келісілімдері, яғни чартерлер құрылған. Чартерлік келісімдерді жүзеге асыру өте қиын, көп жұмысты және уақытты қажет етеді. Бұл процесті жеңілдету үшін чартерлердің арнайы стандартты проформалары қолданылады. Ол теңіз тасымалы келісімінің арнай шарттары көрсетілген бланк түрінде болады. Осы бланкілерге шарттың келісілген сипаты жазылады. Әдетте чартерлік проформаларды үлкен көлемді жүктерді тасымалдау кезінде ірі экспорттаушылар мен импорттаушылар, сондай-ақ кеме иелері мен брокерлік фирмалар пайдаланады.

Чартер проформалары нарықта танылуы үшін БИМКО кеңесінде және Ұлыбританияның кеме қатынасы Палатасының келісімі мен талқылауынан өтеді. Осы үдерістен кейін чартер проформасына нақты баға беріледі: жоғары баға – «келісілген», ал егер БИМКО мүшелерінің арасында ортақ шешім болмаса, онда ол «ұсынылған» немесе «мақұлданған» деген бағаға ие болады. Баға грифі ерекше шрифтпен чартердің басында көрсетіледі. Бұндай келісімдермен қатар, жеке проформа деп аталатын проформа түрі де қолданылады. Оларға баға берілмейді және ірі жүк тасымалдаушылардың тек өз қажеттіліктері үшін пайдаланылады.

Чартер бланкілерін толтыруды жеңілдету мақсатында чартердің жетілдірілген құрылымдық формасы енгізілді. Оның бұрынғысынан ерекшелігі, жаңа проформалар енді екі бөліктен құралды: А (1бөлім, беттік жағы,миничартер) және Б (2бөлім, сырт жағы). Мысалы, «Ньювой» деп аталатын чартер.

Жеке кеме иелері миничартерлерді стандартты қағаз беттерінде толтырды, ал әрбір шарт үшін «бокс» деп аталатын арнайы тор көз белгіленді. Бұндай чартерлік құрылымдар бокстік форма деген атқа ие болды. Аталған форма ең алғаш рет «Соворкон», «Мурмапатиты» және т.б. чартерлерінде пайдаланылды.

Келісімдердің мазмұны мен оларды қолдану мүмкіндігіне қарай чартер проформалары екі топқа бөлінеді:

1. Универсалды – негізгі және жаппай тауарларды тасымалдау мақсатында қолданылатын чартер;

2. Арнайы – жүктің, кеме немесе аймақ жұмысының ерекшелігін көрсететін чартер.

Кез келген чартердің бланкілік мәтіні ұсыным мінездемесін көрсетеді және мұнда негізгі негізгі баптардың нөмірленуі мен толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі.

Чартердің атқаратын функциясы – теңіз немесе өзен тасымалының келісім болады. Чартерлер таза және ашық болуы мүмкін. Таза чартер – бұл ешқандай өзгертусіз стандартты түрде жазылған құжат. Ал ашық чартер – жүктің не типі, не бағыты көрсетілмеген құжат түрі. Чартерлер алдын ала жедел тәртіппен (промпт) жасалуы мүмкін немесе тасымалға шұғыл дайындық шарты бойынша(стоп промпт) жасалады.

Осылайша теңіз тасымалының келісімі екі жақтың құқықтары мен міндеттерін көрсететін чартер, коносамент немесе өзге де құжаттармен анықталады.

3.3. Түпнұсқа бойынша жердегі және әуе транспорттарымен тасымалдау келісімдері

Теміржол арқылы тасымалдау келісімі. Халықаралық теміржол тасымалы біржақты және көпжақты келісім бойынша жүзеге асырады. Қатысушылар бірыңғай транспорт құжатымен – тасымалдаудың келісімі болып табылатын халықаралық наклад арқылы жұмыс жасайды.

Батысеуропалық мемлекеттер теміржол қызметін КОТИФ акті негізінде жүзеге асырады. Теміржол түпнұсқасы немесе халықаралық хабарлама түпнұсқасы, және оның көшірмесі халықаралық жүктер тасымалының транспорт құжаты болып табылады. Ондағы мәтін екі тілде, стандартты бланктерде толтырылады. Жүк жіберушінің штемпелмен бекітілген ол жүкпен жөнелтіледі, ал оның көшірмесі жүк жірерушінің өзінде қалады. Накладта жүкпен жөнелтілетін құжат болады: отгрузичная спецификация, сапа жөніндегі сертификат, упаковочный лист және т.б.

Ресейде және ТМД елдері КОТИФ қатысушылары болып табылмайды, сондықтанда халықаралық хабарламалар Халықаралық транзиттік тарифтер бойынща Ресейде және ТМД елдерінде СМГС тасымал құжатымен тіркеледі.

1992 жылы енгізілген СМГС түпнұсқасы жүктер тасымалдау келісімі болып табылады және ол 5 беттен тұрады: түпнұсқасы; жол ведомосі; түпнұсқаның көшірмесі; жүктің жеткізілгені жөніндегі құжат; жүкті беру жөніндегі құжат. Жүктасымалдаушы түпнұсқадағы барлық қағаздың бет жағындағы майлы тізбекпен белгіленбеген графаларды,сонымен бірге қажет болған жағдайда 4 беттің қарама-қарсы бетіндегі 99 графаны толтырады. Түпнұсқаның қалған алдыңғы және қарсы беттеріндегі графалар теміржолмен толтырылады. Әр вагон жіберілу кезінде бөлек түпнұсқа жазылады.

Тауар-транспортты түпнұсқа бойынша автомобильді тасымалдау келісімі. Халықаралық автомобилтді жүк тасымалдаудың негізгі шарттары 1956 жылы құрылған халықаралық жолдар арқылы жүктерді тасымалдау Конвенциясы арқылы реттеліп отырады. Рессей осы Конвенциясының қатысушысы болып табылады.

Тасымалдау келісімі 3 нұсқада жүктің бағытына қарай тауар-транспортты түпнұсқа толтырылады. Түпнұсқа стандартты формасы Халықаралық автомобильді транспорт одағымен жасалынған. Автожолдар түпнұсқасы көрсетілетіні: жүктерді тиу күні; жүктің аты; тасымалдауға жататын; жөнтелтушінің аты мен мекенжайы; қабылдаушының есімі; жеткізу күні; жеткізудің кешігуі кезінде салынатын штраф; тасымалдаудың бағасы. Түпнұсқаға жеткізуші мен жіберуші қол кояды. Түпнұсқаның бірінші нұсқасы жіберушіге ұсынылады, ал екіншісі тауарға, ал үшінші нұсқасы жеткізушіде қалады.

Түпнұсқа қарсы және тауар орналастыратын құжат болып табылмайды. Ол тасымалдау жөніндегі келісім болғаны жөніндегі жеткілікті түрдегі айғақ болып табылады. Егер түпнұсқада тауарды алған кездегі жағдайы жөніндегі пункт жоқ болса, онда тауар және оның орамасы жаксы жағдайда екенін көрсетеді және оны қабылдау кезінде маркілеу мен нөмірлер түпнұсқа сәйкес келетінін білдіреді.

Тауарды жөнелтуші жеткізуші жүкті тасымалдауға қатысты сұраған барлық мәліметттер мен құжаттарды ұсынуы керек. Жүкті қабылдаушы түпнұсқаның толтырылған кейін тауармен қалағанынша пайдалануына құқығы бар. Жеткізуші тауарды қабылдау кезінннен жеткізілгеніне дейін тауардығ толығымен немесе бір бөлігінің жоғалуына және құртылуына, кешігуіне жауапты.

Түпнұсқа бойынша әуе тасымалдау келісімі. Сыртқы сауда жүктерін әуе арқылы тасымалдау кезінде, тасымалдау келісімі және шекарадан шығаруға рұқсат болуы керек. Әуе арқылы тасымалданатын болса жүктің массасына сәйкес алдын ала самолетті жалдау қажет. Тасымалдау келісімі болғанын растайтын құжат болып халықаралық үлгідегі жүк түпнұсқасы болып табылады.

Әуе арқылы жүк тасымалдай жөніндегі халықаралық үлгідегі жүк тұпнұсқасы 12 экземпярдан тұрады (соның ішінде 3 түпнұсқасы). Бірінші экземплярде «Жүк тасымалдаушығы» арналған арнайы штамп қойылады. Оған жүк жіберуші қол қояды және ол жүк тасымалдаушыда қалады. Екінші экземпляр жүкпен бірге жөнелтіледі және ол жүк қабылдаушыда қалады. Оған жүк жіберуші мен жүк тасымалдаушы қол қояды. Үшінші экземплярға жүк тасымалдаушы қол қояды және сосын жүк жіберушіге жүкті жеткізілгенен кейін беріледі. Қалған 9 экземпляр – жүктің жеткізілгені жөніндегі айғақ болып табылатын көшірмелер. Олар әрбір жүк тасымалына қатысқан азаматтарға беріледі, соның ішінде әуежай, тауар сату агентіне және т.б. Халықаралық үлгідегі әуе тасымалының жүк түпнұсқасында жөндеулер болса, онда ол қабылданбайды.

Техникалық және тауармен жөнелтілетін құжаттама. Транспорттық келісім құжаттарымен бірге техникалық және тауармен жөнелтілетін құжаттама болады. Техникалық құжаттамаға: эксплутациялық құжаттама; формулярлар;паспорттар;қосымша бөліктерінің каталогы; жалпы келбетінің сызбалары; схемалар және т.б. тауармен жөнелтілетін құжаттарға жүктемелік спецификациялары, сертификаттар мен қаптау беттері жатады.

Date: 2015-10-21; view: 1198; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию