Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ — ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ туралы қазақша реферат





Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б.

Жетекші, жаттықтырушы, ұйымдастырушы немесе жүргізуші мына төмендегі мақсаттарды негіз етіп алуы жүктелінді:

– жеке тұлғаны дамыту;

– қатысушылардың әлеуметтік – психологиялық компетентілігін, білімін көтеру;

–қатысушылардың белсенді әлеуметтік позициясын көтеру, қалыптастыру;

– өзінің және қоршаған адамдардың өмірінде маңызды өзгерістер жасау мүмкіндіктерін дамыту;

– өзін-өзі және басқаларды толық тану;

– жеке тұлға құндылықтарын ашу, білімдерін көтеру, бәсекелестікті жоюға әсер ету. Зерттеу жұмысының нәтижелілігі тренингке қатысқаннан кейін тұлғалардың қарым-қатынас барысында өздерін ұстауы, жүріс-тұрысының өзгергендігін, сөйлеу мәнері мен мәдениетінің жоғарылағандығын аңғартады.

Психологиялық тренингті ұйымдастыру ерекшеліктері туралы тоқталып өтейік. Кез-келген практик психолог өз қызмет жолында психологиялық тренингтерді өткізуге міндетті. Бұл тренингтер әр түрлі тақырыптарды қамтиды. Психологиялық тренинг қалай ұйымдастырылады және жүргізілу барысы туралы сөз алдында, «тренинг» ұғымын толық ашып алу қажет. Тренингтің үйрену, білім беру және дамыту ұғымдарына сәйкестігін анықтау.

Үйрену – зерттеу немесе нұсқаушының білім, дағды және тәжірибе жинау үрдісі.

Білім беру немесе оқыту тар көлемді әрекеттегі мәселені талдап, кең мағынада шешуде білім және құндылықтарды жүйелі меңгеру үрдісі.

Дамыту – жеке адамда саналы және бейсаналы үйрену мүмкіндіктерін кеңейту және икемдіктерінің өсуі.

Психологиялық тренингтің ең маңызды мәселесі — өзінің жек даралық қасиеттері арқылы тұлғаның өзін-өзі ашуына көмек береді. Ал, ол үшін ең бастапқы жағдайда адам өзін жеке тұлға ретінде қабылдап және түсіне білуге үйренуі қажет. Тренингтердің жағымды нәтижелі болуына жаттықтырушыға бірнеше талаптар қойылады:

— қоршаған жағдай туралы мағлұмат;

— қатысушылар саны қаншалықты үлкен;

— бөлме көлемі қандай;

— бөлме жаңғырығы, акустикасы қатысушыларға түгелдей естіледі ме;

— жаттығудың негізгі құрылымы қандай;

— қандай оқу құралдары қолданылмайды;

— жаттықтырушы бөлменің қай бұрышында тұрады;

— плакат, тезис, резюмелер қолданылады ма;

— орындықтар қалай орналасқан;

— бөлмеде сағат бөлу қажет пе;

Психологтың қолайлы нәтиже алу мен ықпал ету қабілетін орнату үшін жүргізілетін тренингтің жалпы мақсаты төмендегі міндеттерді шешеді:

— білімдерді толық меңгеру;

— жаңаны үйрену мен тапсырманы орындау барысында және топтық қарым-қатынас өрісінде ептілік пен дағдыны қалыптастыру;

— табысты бірлескен іс-әрекет орнатуды дамыту;

— өзін-өзі және басқа адамдарды танудың толық және тепе-теңдік мүмкіндіктерін дамыту.

Әрбір бөлімнің құрылымында біз материалды зерттейтін ортақ игеру логикасын және тұлғалардың өзіндік бақылауы мен бағалауын қалыптастыруда төменгі аспектілері жүзеге асырылды:

— Мен қандаймын?

— Мен не істей аламын және осыны қалай қолдану керек?

— Менде жоқ қасиеттерді мен қалай дамытуым және икемдеуін керек?

Әрбір сабақтың құрылымында біз жұмыстың негізгі кезеңдерін ерекшелейміз. Яғни, білім алушы колледж білімгерлерімен түзетіп-дамытатын формалардың дәстүрлі түрлері:

— Сәлем беру рәсімі;

— Жаттығу тапсырмалары;

— Үй жұмысы, өткен сабақтың рефлекциясы;

— Тапсырманың негізгі құрылымы

— Өткен сабақтың рефлекциясы

— Қоштасу рәсімі

Бұл жастағы тұлғалармен осы тектес жұмыстар аптасына 1-2 рет өтеді. Тренинг ұзақтығы – 1 сағаттан 3 сағатқа дейін.

Қасытушылармен жүргізілетін дамыту-түзету жұмыстарының құрылымында келесі бөлімдер ерекшеленеді:

Кіріспе бөлімі.Оның басты мақсаты қатысушыларды тапсырмалармен жұмыс түрімен, топтың бірігуіммен, ондағы жағымды атмосферамен, жеке анализдың алғашқы түрін қалыптастыру және өзін-өзі оқу барысында субъект ретінде тануын қалыптастыру.

«Танымдық үрдісі» бөлімі. Оның мақсаты есте сақтау, зейін, ойлау, қабылдау процестерінің ерекшеліктерін дамыту. Сонымен психологиялық тапсырмалар арқылы осы танымдық белсенділіктің дамуына, шығармашылық қабілеттің қалыптасуына ықпал ету түрлерін анықтауға көмектеседі.

«Назар аудару» бөлімі.Бұл бөлімде қатысушылардың назарын ортақ мәселені бірге шешуге, бірін бірі қабылдау мен тыңдау ерекшеліктерін қалыптастыруға бағыттайтын түрді игеру.

«Нейропсихологиялық ерекшеліктер» бөлімімидың доминанттық бөлімімен тығыз байланыстың танымдық аспектілері қарастырылады.

Білім беру орындарындағы оқыту ісінде теориялық даярлық, қоғамдық, педагогикалық және арнайы ғылымдардағы меңгеру психолог мамандарының қызметімен үйлестіре жүргізіледі, ал оны ұйымдастырудың негізгі формасы – тренинг екені дәлел. Тұлғаның жаңа ортаға енуі, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алуы дұрыс ұйымдастырылған топтық жұмыстарға байланысты.

Тренинг мақсаты – адамды нақты тапсырманы орындауға қажетті білім, шеберлік және бағытпен қамтамасыз ету. Тренингте өзгеріс, нәтиже бірден көрінеді. Осы міндеттерді шешу кезінде ұйымдастырылатын тренинг теңдігі түрлері де ерекшеленеді. Рольдік тренинг, видеотренинг, қарым-қатынас тренингі, іскерлік қарым-қатынас тренингі, мәдениетаралық өзара әрекет және т.б. Тренингтер белгілі бір ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзету, өзін-өзі шығармашылық тұрғыда дамытуға, тұлғаның әлеуметтік ортада өзіндік реттелуіне мүмкіндік болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектеседі. Трениг принципіне жататындар:

1. Белсенділік принципі.

2. Зерттеу және шығармашылық қатынасындағы принцип.

3. Мінез құлық обьективтілік принципі.

4. Қарым-қатынаста субьект, субьектілік принципі.

5. Шындық принципі.

6. Қазір, осы жерде принципі.

«Адам табиғаттың қызық қасиеттерінің бірі оның айналадағы адамдар көзқарасындағы өз бейнесін ойлауға ұмтылғандығы. Кейбіреулер қиналса да соңына дейін ойнап шығады» — деп Ф. Искандер тұжырымдағанындай әлеуметтік – психологиялық тренингтің басты жоспары – ұйымдастырылған іс-әрекетті соңына дейін жеткізу болып табылатынында. Тренинг барысында жеке бастың дамуы туралы мәселелер нәтижелі шешіледі және коммуникативті дағдылар жемісті қалыптастырылады. Сабақ, оқу процесінде ұйымдастырылған әлеуметтік – психологиялық тренингтер білімгерлердің қарым-қатынастары жақсарады, өздерін белсенді қатысушы және басқаларға әсер етуші жағдайда сезінеді, топтың толық сеніміне кіреді. Әр бір бастаған іс-әрекеттінің толық аяқталуын қадағалайды. Ең бастысы – басқаларға өзінің ойы мен сезімін, уайымы мен күдіктенуін сенуге қорықпайды. Кейбір тренингтерді арнайы жоспарланған адамдарға ғана емес, отбасы мүшелеріне, достары және жолдастарға да жүргізуге болады. Тренинг арқылы жақын адамдардың адамдық қасиеттерін ашып, бағалауға көмек беріледі, сөйлеу мәдениетін, тұлғаның қоғамда өзін ұстау іскерлігін және әдептілік ережелерін сақтауды енгізеді. Дұрыс ұйымдастырылып, жүргізген тренинг жеке тұлға қалыптасуының жетекші құралы екендігіне толық сенімдеміз.

Әлеуметтік психологиялық тренинг арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы. Тренингтің бұл түрін тек психология маманының қызметкерлері ғана емес арнайы психологиялық білімі жоқ мұғалімдер де сабақ беру барысында қолдана алады. Оқу және тәрбие жұмысына жағымды өзгерістер енгізуге, оқу процесін белсендіруге тренингтердің ықпалы жоғары. А.С. Прутченков «Мектептегі әлеуметтік – психологиялық тренинг» еңбегінде, дұрыс ұйымдастырылған тренингтің оқушыларға жағымды әсері, ұйымдастырушының шеберлігі, педагогикалық қақтығысты реттеуші құрал екендігін атап көрсеткен.

Кез келген тұлғаның жаңа ортаға бейімделуі, құрбылар арасында үйлесімді қарым-қатынас орнатуы, өзін дұрыс таныстыра білуі және тб. жағдайлары кейде айналасындағылар тарапынан ұйымдастырылған әрекеттерге да байланысты әсер етеді. Сондықтан ең алғашқы кездесуде«Танысу» тренингін жүргізуге болады. Бұл тренингтерде қолданылатын ең бастапқы жаттығу болғандықтан қатысушыларды жұмысқа жауаптылықпен қарым-қатынас жасауға жұмылдыру қажет. Кейде жай ғана танысу мен кездесу адамды түсінуге үлкен маңыз береді. Адам туралы ақпаратты тек сыртқы келбетінен ғана емес, сөзі арқылы да есте сақтауға болады..

«Шеңбер бойынша сөз тізбегі”ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.

Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз компетентті, кәсіби білімді маманбыз”. Енді оң жақтағы ойыншыдан бастап осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса ойынан шығарылады. Осылайша ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды.

«Комплимент»ойыны.

Жаттығудың тапсырмасы – қатысушылардың бірін бірі түсінісуі арқылы эмпатия деңгейін көтеру, тіл табыса алу қасиетін, бірі бірін толық тануын дамыту. Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Кез келген қатысушы жағымды комплимент айтады. Ал қалғандары ол кімге арналғанын табады. Комплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады. Барлығы түгелдей жағымды эмоция алмайынша ойын аяқталмайды.

Осы жаттығу тренингке қатысушылардың қаншалықты қызығушылықпен тапсырмаларды орындағандарын дәлелдеді.

Тренинг аяқталғаннан кейін қортынды ширингте «Тренинг саған не берді?» деген сұраққа қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салды.

Осыдан тренинг нәтижесінде бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас қабілетін арттырып қана қоймай, сонымен қатар тұлғаның дамуы мен өзгеруіне тікелей ықпал етеді.

Іскерлік ойын«Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі».

Ойын ережесі: Шеңберде қатысушылар өздеріне жағымсыз деген қасиеттерін атайды. Олардың тізімі тақтаға жазылады. Осылайша жағымсыз қасиеттер тізімі құрылды. (жалқаулық, асығыстық, артық сөйлеу және т.б.). Топтың міндеті осы жағымсыз қасиеттерді қайта қарап, оның тиімді және жағымды жақтарын табу мен оны жағымсыз қабылдау себептерін анықтау болып табылады. Ал жағымды сипаттама жасап, сол қасиетті қорғап алған қатысушы оны өзіне алады.

Жоғарыдағы жаттығудан кейін эмоциялық қысымды шығару үшін «Жағымсыз эмоциялық күйді шығару»арт терапиялық тапсырма орындалды.

Тапсырма ережесі: Қатысушыларға А4 және А1/4 қағаз беріледі. Олар А1/4 қағазға жағымсыз көңіл күйін түсіреді. Сол қағазды үлкеннің үстіне жапсырып өзінің қалауы бойынша суретті жалғастырады. Кішкентай қағазды жапсырар алдында мына сөздерді айту маңызды «Өмірді ашық, жарық, көңілді жағдайлар өте көп». Сурет қатысушының қалауы бойынша, өзі қалай өзгергерткісі келгенше салынады, боялады.

Тапсырманы қорытындылау үшін талқылау сұрақтары берілді:

— Суретте ненің бейнесі салынған?

— Осы суретті салғанда қандай сезімде болдыңыз?

— Бұл сурет сізге нені көруге әсер етті? т.б.

ойын «Әрекет».

Ойын ережесі:Қатысушыларға келесі тапсырмалар берілді. Олар жылдам жауап қайтарулары тиіс:

– Қандай жағдайда үстелде тамақ жеуге, ал стөлде отыруға болады……

– Астроном айға телескоппен қарап тұр, ал егер оған айдан біреу қарап тұрса ше?

– Полмен патолокты аударыңыз……

– Картинаны аяғынан басына төңкеріңіз……

– Кеме мен балықтың ауада ұшып жүргенін елестетіңіз……

Жоғарыда сипатталған жаттығуларды орындау тиімді. Бұл жаттығуда тапсырма немесе құрал – жабдықтар нақты берілмейді, оның орнына тұлғаның басқалармен бірлескен іс–әрекеттегі қарым–қатынас кезіндегі күйзелісіне, қайтар бағдар беру мүмкіндігін жасайды. Көптеген адамдар қарым қатынас кезінде қиындықтарды басынан кешіруінің бір нұсқасы болуы мүмкін. Өзіңнің көңіл – күйің дұрысталғаннан кейін өзіңе ғана емес, өзгелерге де көмек жасауға болады. Ал қайта бағдар берудің екінші нұсқасы негізсіз тәжірибелердің құндылықтары жөніндегі әңгіме. Осы арқылы адам қоршаған әлем турасында тану дәрежесіне жетеді.

Сонымен танымдық белсенділік адамның өмірлік іс-әрекетінің, әсіресе білім, ғылым, өнер салаларында бөлінбейтін біртұтас бөлшегі. Топта үйлесімді қарым-қатынас орнауы үшін адамның, оқушының, маманның және тб. іс-әркетін сапалы ұйымдастыру, ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, бағыт, бағдар беру болып табылады. Оның дәлелі ретінде психологиялық тренингтер жүргізу арқылы тұлғаның танымдық белсенділігін дамытуға тиімді қол жеткізуге болады.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Бакли Р., Кейпл Д. Теория и практика тренинга.- Питер, 2002 г.

2. Торн К., Макей Д. Тренинг. Настольная книга тренера.- Питер, 2001 г.

3. Изен Н.В., Пахомов Ю.В. Психотренинг игры и упражнения. — П., 2000 г.

4. Көмекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру. – А.-2002 ж.

5. Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе.- эксимо-пресс, 2001 г.

6. Сидоренко Е.В. Мотивационный тренинг – Р; 2000 г.

7. Құдайқұлов М.А. Способности умения и навыки. –Алматы., 1986 г.

8. Парыгина Б.Д. Практикум по социально-психологическому тренингу- Санк-Петербург., 2000 г.

 








Date: 2015-10-21; view: 495; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.011 sec.) - Пожаловаться на публикацию