Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Елді мекендер үшін шаруашылық-ауыз суды қолданудың қалыпты мөлшері





  Тұрғын аудандардың көркейтілу дәрежесі   Бір адамға орташа тәуліктік суды бір жылға тұтыну мөлшері, л/тәулік
Ішкі су құбырымен және канализациямен жабдықталған, бірақ ваннасы жоқ ғимараттар үшін 125-160
Сондай, бірақ ваннасы және жергілікті су жылытқышы бар ғимараттар үшін 160-230
Сондай, бірақ орталықтанған ыстық сумен қамтамасыз етілген ғимараттар үшін 250-350

 

Ауыз судың сапасына қойылатын маңызды талаптардың бірі болып оның эпидемиологиялық түрғыдан қауіпсіздігі саналады, ол жалпы бактериялдық ластану дәрежесімен, ішек таяқшасы тобындағы бактериялардың және колифагтардың болуымен анықталады.

ДЖДҰ мәліметтері боынша, ауыз су сапасының төмен болуынан жыл сайын әлемде 5 млн адам қаза болады, олардың ішінде 3,2 млн балалар - диареялық аурулардан. Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттықты сипаттаушы маңызды факторлардың қатарына халықты сапалы сумен қамтамасыз ету жатады. Орталықтанған сумен қамтамасызету тұрғындардың санитарлық-мәдени деңгейінің күрт көтерілуіне және, сонымен қатар аурудың азаюына мүмкіндік береді. Жұқпалы аурулардың таралуындағы су факторының рөлі көне ежелден белгілі. Тіпті, өз уақытында Гиппократ аурулар жұғуының алдын алу үшін қайнатылған суды ішу керектігін ұсынған. Ішек жұқпаларының эпидемиологиясындағы су факторының орасаң маңызы франция ғалымы Л. Пастермен дәлелденген, ол суда болатын адам үшін қауіпті микробтардың көптеген санын анықтаған, ал неміс ғалымы Р. Кох Индияда суды сақтау резервуарларында тырысқақ вибрионын тапқан.

Су қоймаларына ластар өзен кемелерінен, өзеннің жағаларынан, кір жууда, мал суаруда, жауын немесе қардың еру кезеңдерінде топырақтың бетінен түсуі мүмкін.

Грунт суларының ластануы, топырақ арқылы жер асты су горизонтына құдықта жақын жерде орналасқан әжетханалардағы, ластарды төгу шұңқырларындағы ластардың өтуінде жүреді.

Жер асты және жердің беткергі қабатындағы су көздерінің микробтық ластануы оларға тазаланбаған немесе нашар тазаланған тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдық суларды ағызуда, өзімен бірге улы химикаттарды және тыңайтқыштарды әкелуші ауыл шаруашылық аймақтарынан ағатын жердің беткі қабаты суларының, ірі мал шаруашылық кешендерінің қалдық суларының түсуінде жүреді.

Жұқпалардың су арқылы таралуының үлкен эпидемиологиялық маңызы бар. Су көптеген микробтар, вирустар, қарапайымдылар, гельминттер үшін қолайлы орта болып келеді. Су жолымен ішек жұқпаларының (тырысқақ, іш сүзегі, паратифтер, бактериялық және амёбалық дизентерия), зооноздық жұқпалардың (лептоспироздар, туляремия, бруцеллёз, Ку-қызбасы) және вирустық аурулардың (Боткин ауруы, полиомиелит, Коксаки А, В, ЕСНО, аденовирустар, ротавирустар) қоздырғыштары, сондай-ақ аскаридоз, трихоцефалез, анкилостомидоз, шистосомоз ауруларын тудырушы гельминттер және т.б. таралады.

Науқастардың және бактерия тасушылардың нәжістерімен бірге шығарылатын жұқпалы ауру қоздырғыштарының су қоймаларына түсуінің үлкен маңызы бар. Үлкен эпидемиологиялық қауіпті жұқпалы ауруханалардың, сондай-ақ балалар мекемелерінің қалдық сулары тудырады. Жедел ішек ауруларының қоздырғыштары жердің беткергі қабатындағы су қоймаларында және құдық суларында бірнеше айлап тіршілігін сақтай алады. Сондықтан, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін тұрғындарды сапалы ауыз сумен және қажетті көлемде қамтамасыз ету қажет.

 

АУЫЗ СУДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІНІҢ ГИГИЕНАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

Судың еріткіштік қасиеті зор болғандықтан, оның құрамында ондаған мың химиялық заттар болуы мүмкін. Барлық тірі ағзалардың 99%, табиғатта неғұрлым кең тараған 12 элементтерден тұрады (сутегі, оттегі, азот, көміртегі, фосфор, кремний, натрий, калий, кальций, магний, хлор және күкірт). Ал қалған бөлігі сирек кездесетін элементтердің (микроэлементтердің) үлесіне келеді. Ағзада олардың шамамен 70 анықталған. Микроэлементтер деп - ағзада өте аз мөлшерде, 10-3-10-12 % шамасында ғана болатын химиялық заттар тобын атайды.

Микроэлементтердің жер қыртысындағы мөлшері ондаған-жүздеген есе өзгеше болуы мүмкін, ол эндемиялық аурулардың пайда болуына келтіреді. Суда фтордың шамадан артық мөлшерде болуында флюороз ауруы - тістердің дақтануының дамуына, соңынан олардың үгітілуіне келтіреді. Суда фтордың аз шамада болуында тістердің кариесін, және де ағзаның өсуінің баяулануын тудырады.

Сонымен, басқа да өлкелік патология – эндемиялық зоб жақсы мәлім, оның дамуы қоршаған ортада йодтың жетіспеушілігімен байланысты. Эндемиялық зобтың дамуына басқа микроэлементтердің үлкен тобы (марганец, мыс, темір, кобальт т.б.) әсерін тигізеді, осылардың дисбалансы йодтың жетіспеушілігін ұлғайтады.

Ауыз суда нитраттардың көп шамада болуы құрамында азот бар минералдық тыңайтқыштарды көп қолдануымен байланысты, ауыз судағы нитраттардың спецификалық әсері болып гипоксияға келтіруші метгемоглобинемияның дамуы саналады. Ол құрамында нитраттары қөп суда дайындаған нәрлі қоспалармен бір жасқа дейінгі балаларды жасанды тамақтандыруда дамиды және ерекше ауыр өтеді. Бұл ауру қанда метгемоглобиннің жоғары шамада болуымен туындап, өкпелерден ағзанаң тіндеріне оттегінің тасымалдануын бұзады. Бір жасқа дейінгі балаларда су-нитраттық метгемоглобинемия жағдайында диспепсия, ентігу, тері мен шырышты қабықтардың көгеруі (цианоз) байқалады, ал ауыр жағдайларда – дененің, қол-аяқтардың тартылуына және өлімге келтіреді. Жасы үлкен балаларда және ересектерде, әсіресе анемия немесе жүрек ауруларымен зардап шегуші адамдарда нитраты көп суды ішуде гипоксия құбылысы арта түседі.

Судың минералдануымен, оның кермектігімен және жүрек-тамыр, жүйке жүйесі ауруларының арасындағы тығыз байланысы анықталған. Бұл ауруларды аз минералданған суларда магний мен кальцийдің тапшылығымен байланыстырып отыр. Магний жүрек бұлшық етінің жиырылуына, бұлшық еттің ферментативтік процесстерін реттеуге қажет. Кальцийдің жетіспеушілігі су, тұз алмасуының, ақуыз алмасуының, бауыр қызметінің бұзылуын тудырады.

Судың кермектілігі жоғары болғанда тұрғындардың арасында зәр бөлу жолдарының және өт жолдарының тас аурулары көп кездесетін эндемиялық аудандар пайда болады. Бұл аудандарда әйелдерің бала көтеру қызметінің бұзылуы, жүктіліктің және босанудың бұзылыстары, ұрықтың және нәрестенің даму бұзылыстары байқалады. Гинекологиялық аурулар осындай суды түтыну ұзақтығына тікелей байланысты болады.

Мыс қанның бірқатар тотықтырушы ферменттерінің белсенділігін, бауырда және бүйректерде ақуыздың, липидтердің және көмірсулардың алмасуын бұзады. Салыстырмалы шамалы мөлшердің өзінде де мыстың эмбриотоксиндік, әсіресе ұрық дамуының алғашқы кезеңдерінде маңызды әсер беру қабілеті бар.

Мырыштың шамадан артық түсуі шеткергі қанның морфологиялық құрамының, бауырдың антитоксиндік қызметінің бұзылуына келтіреді.

Марганец эндокриндік жүйеге, қан айналым жүйесіне және қанжасау мүшелеріне кері әсерін тигізеді. Марганецтің ағзаға шамадан артық түсуі оның өсу процессін біршама тежейді, бірқатар ферменттердің белсендігін өзгертеді. Суда салыстырмалы шамалы концентрацияда оның репродуктивтік қызметіне әсері байқалады.

Адам үшін қорғасын және сынап сияқты жоғары уытты элементтердің маңызы зор, олардың қоршаған ортадағы концентрациясы ұдайы өсе түсуде. Қорғасынның негізгі ластаушы көздері болып өнеркәсіптер және автокөліктер саналады. Судағы қорғасынның жоғары концентрациясы ағзаның өсуін, шартты-рефлекторлық қызметін бұзады, бірқатар ферменттердің белсендігін жоғарылатады. Анемия пайда болады, жүйкелік ауытқулар байқалады.

Су қоймаларының сынаппен ластануы сынап өндіруші кәсіпорындарынан және өнеркәсіптік нысандардан жүреді. Сынаптық жүктеме жоғары болған адамдарда Минамат ауруы дамиды, бұл ауру алғашқы рет Жапонияда балықшыларда анықталған. Ол өкпелер мен ас қорыту мүшелерінің ойық жара-некроздық аурулардың өріс алуымен, эндокриндік және психикалық ауытқулармен байқалады. Осыған сәйкес сынаптың жердің беткергі қабатының су қоймаларына түсуі неғұрлым қауіпті келеді, бұл қауіпті жағдай Теміртау қаласында «Карбид» АҚ қалдық суларының Нұра өзеніне түсуінде орын алды.

Кадмий адам ағзасына ұзақ әсер етуінде Итай-Итай ауруын тудырады. Мұнда жоғарғы тыныс жолдары, өкпелер, бауыр, бүйректер зақымдалады. Нәрестелерде сүйек қаңқасының өзгеруі, бет әлпеті құрылымының ауытқулары т.б. байқалады.

Сумен канцерогендік қасиеттері бар қауіпті полихлорлы бифенилдердің шамадан артық түсуі, 1968 ж алғашқы рет Жапонияда ашылған майлы ауруының (ЮШО ауруы) дамуына келтіреді.

 

Date: 2015-09-24; view: 3015; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию