Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақстан Республикасында халықты сумен қамтамасыз етудің қазіргі кездегі мәселелері





Ақпараттық-дидактикалық материал

Тақырыбы: Сумен қамтамасыз ету және су гигиенасы. Судың сапасын нормалау. Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су көзін таңдау.

Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету.

 

Құрастырған: Асқарова С.А.

 

 

Қарағанды 2015 ж.

Тақырыбы: Сумен қамтамасыз ету және су гигиенасы. Судың сапасын нормалау. Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су көзін таңдау.

Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету.

Студент білуге тиіс:

- ауыз су сапасына қойылатын гигиеналық талаптарды;

- судың гигиеналық және эпидемиологиялық маңызын;

- судың органолептикалық, физико – химиялық қасиеттерін;

- су құбырында суды тазалау схемасын

- коагуляция, тұндыру, сүзу туралы түсініктерді

- суды залалсыздандыру әдістерін

- Санитарлық қорғау аймақтары, олардың тағайындалуы.

4. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:

Негізгі білім бойынша:

· Судың физико – химиялық қасиеттеріне сипаттама.

· Судың органолептикалық көрсеткіштеріне химиялық заттардың концентрациясының әсері.

· Судың физиологиялық, эпидемиологиялық және санитарлық – гигиеналық маңызы.

· Су арқылы берілетін инфекциялық және инфекциялық емес ауруларға түсінік.

o Судың сапасын жақсарту әдістері.

o Суды бағалау әдістері: тұндыру, коагуляция, сүзу.

o Тұндыру тиімділігі. Баяу және жылдам сүзгіштердің жұмыс принципі.

o Суды залалсыздандыру әдістері: физикалық және химиялық.

o Хлордың бактериоцидтік әсері, қалдық хлордың маңызы.

· Судың сапасын жақсартудың арнайы әдістері.

азақстан Республикасында халықты сумен қамтамасыз етудің қазіргі кездегі мәселелері

Қазақстан Республикасында халықты сапалы сумен қажетті көлемде қамтамасыз ету өзекті мәселе болып отыр. Орташа есеппен республика бойынша су құбыры суымен халықтың - 75,5%, орталықтанбаған су көздері суымен - 20,6% қамтамасыз етілген, ал тұрғындардың қалған бөлігі тасып әкелетін суды және ашық су қоймаларының суын пайдаланады.

Гигиеналық зерттеудің маңызды бағыты болып су факторының тұрғындардың денсаулығына және тіршілігінің санитарлық жағдайына әсерін зерттеу саналады. ҚР медицина қызметінің осы бағытының өзектілігі шөлді климаттық жағдайда тұщы судың тапшылығымен, топырақтың тұздылығымен және ерекше құрамымен туындаған. Кейбір облыстарда орталықтанған сумен қамтамасыз етудің негізгі көздері ретінде сапасы нашар, жер бетінің жоғарғы қабатындағы су қоймалары қолданылады. Өзен суының көлемі бойынша Қазақстан біздің планетамыздың сумен ең аз қамтамасыз етілген елдердінің қатарына жатады. Қазақстанның жер бетінің жоғарғы қабатындағы су қоры орташа есеппен 100,5 км3 құрайды, оның тек 56,5км3 ғана республиканың территориясында құралады, ал қалған көлемі Орталық-Азиялық республикалардан (Сырдарья, Талас), Ресей Федерациясынан (Тобол, Урал) және Қытайдан (Ертіс) түседі. Тұщы сумен оңтүстік облыстар және Шығыс Қазақстан неғұрлым көп қамтамасыз етілген, олар негізінен жер асты суларын пайдаланады, ал Орталық Қазақстанда судың тапшылығы байқалады. Батыс Қазақстанның жер асты суларының көпшілігі жоғары минералданғандықтан оларды шаруашылық-ауыз су қажетіне тек тұщыландырудан кейін ғана қолдануға болады. Солтүстік Қазақстан жер асты суларымен қамтамасыз етілуі бойынша қолайсыз жағдайда, тек кейбір елді мекендер жер асты суларымен толық қамтамасыз етілген.

Алматы қаласын шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуде 2/3 жер асты суларын пайдаланады, ал 1/3 – Алматинка өзенінен. Сонымен, республиканың бір қатар аудандарын сумен қамтамасыз ету әлі де маңызды мәселе болып отыр.

Date: 2015-09-24; view: 3090; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию