Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Темперамент туралы теориялар





Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б.э. дейінгі V ғ.) болды. Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады, олар: қан, шырын, сары және қара өт. Олар дұрыс араласса, адамның дені сау, дұрыс араласпаса, сырқат болады. Организмді сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына қарай қойылған темперамент атаулары: холериктік темперамент – cho1e (өт), сангвиниктік темперамент – sanguis (қан), флегматиктік темперамент – ph1egma (шырын), меланхоликтік темперамент –melanos cho1e (қара өт). Гиппократтан кейін Клавдий Гален (б.э.д. 2 ғ.) темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырады.

Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтіруге атсалысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар аударарлық тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие.

Осыдан келіп, дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде, т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт – конституционалды психикалық тип белгіленген:

1. Лептосоматик – бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сыйдиған.

2. Пикник – мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.

3. Атлетик – бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.

4. Диспластик – дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар – әрқилы мүшелік зақым-сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер).

Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай:

¾ шизотомик – дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған, тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемдесуі қиын;

¾ иксотомик – денесі мығым, мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ым-ишараға жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбіне майдашыл;

¾ циклотомик – семізшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды.

Темперамент түрлерінің кейбір жалпы психикалық процестер ерекшелігіне тәуелді келуі И.П.Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде экспериментальды дәлелденген. И.П.Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, дәстүрлі Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратты.

· күшті, қозу мен тежелуі теңдей, қозғалмалы – сангвиник;

· күшті, қозу мен тежелуі теңдей, салғырт – флегматик;

· күшті, қозуы басым – холерик;

· әлсіз тип – меланхолик.

Date: 2015-09-24; view: 909; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию