Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Түйсіктің жалпы қасиеттері





Түйсіктің қасиеттері:

Түйсіктердің әрқандай түрі өздерінің жеке ерекшеліктерімен ғана ажыратылып қоймастан, өзара ортақ қасиеттерге ие. Мұндай қасиеттер: түйсік сапасы, түйсік қарқыны, түйсік ұзақтығы және түйсіктің кеңістік мекендігі.

Түйсік сапасы – нақты түйсік түрінің оны басқа түйсіктерден ажырататын және сол түйсік шеңберінде көрініс беретін дара негізгі ерекшелігі. Түйсіктердің осы сапалық көп түрлілігі материя қозғалыс формаларының шексіз сан алуандығын дәлелдейді.

Түйсік қарқыны – түйсіктің сандық сипатын білдіре отырып, өз кезегінде әсер етуші тітіркендіргіштің күші және рецептордың қызметтік жағдайымен анықталады.

Түйсік ұзақтығы – түйсіктің уақыт аралығына байланысты сипаты. Бұл қасиет сезім мүшесінің қызметке жарамдылық қалпымен анықталады да, негізінен, тітіркендіргіш әсерінің уақыт созыңқылығы мен қарқынына байланысты келеді. Тітіркендіргіштердің сезімдік мүшеге әсер етуімен түйсік пайда бола қалмайды, ол үшін біршама жасырын (латенттік) уақыт өтуі қажет. Әр түрлі түйсіктің латенттік уақыты әрқилы: мысалы, сипай сезу түйсіктері үшін 130 мс, ауырсыну түйсіктеріне – 370, ал дәм түйсіктері үшін 50 мс өзі де жеткілікті.

Түйсіктің тітіркендіргіш әсерінің басталуымен бірге туындайтынындай, оның сөнуі де әсер аяғына тура келеді. Түйсіктің мұндай инерциясы әсерден соң да біршама уақыт өз жалғасын тауып жатады. Қарсыда жарқырап тұрған шам кенеттен сөне қалса, көз алдыңызда шам орнындағы жарқылдың біраз уақыт елестеуі осы құбылыстан.

Түйсіктер үшін тітіркендіргіштің кеңістік мекендігі де тән қасиет. Әрқандай тітіркендіргіш әсері дене бетінде, жалпы кеңістікте белгілі мекенге ие. Сондықтан түйісу түйсіктері тітіркендіргіштер әсер еткен дене бөлігіне тура келеді.

 

Түйсік табалдырықтары. Сезімталдық. Бұл психологиялық түсініктер түйсіктердің сандық өлшеміне байланысты қасиеттерінен. Адамның сезім мүшелері – өте нәзік қызмет тетіктері. Мысалы, адам көзі бір шақырымнан 1/1000 шамаға тең жарық сигналын байқайды. Ал осы бізді тітіркендіруге келтіретін энергияның соншалықты аздығын мынадан сезуге болады, онымен 1 куб. см. суды 1 градусқа көтеру үшін 60000 жыл қажет екен.

Алайда, көрінген тітіркендіргіш түйсік туындатпайды. Оның пайда болуы үшін тітіркендіргіш белгілі бір сандық деңгейге көтерілуі керек. Түйсік пайда етуші тітіркендіргіш әсердің ең аз мөлшері түйсіктің табалдырық шыңы деп аталады. Осындай әсер деңгейіне жетпеген тітіркендіргіштер түйсік табалдырығынан тыста қалады. Мұның мысалы ретінде біздің денемізге әр мезетте түсіп, қоньш жатқан көзге көрінбес шаң-тозаң түйіршіктерін келтіруге болады.

Табалдырық шыңы деңгейі сезімталдық шың шамасын көрсетеді. Түйсік тудырушы тітіркендіргіш неғұрлым әлсіздеу келсе, яғни түйсік табалдырығы төмен болса, сезім мүшелдігінің бұл әсерлерді қабылдауы солғұрлым жоғары болады. Сезімталдық шың тек төмен табалдырықпен ғана шектелмейді, оған түйсіктің жоғары табалдырығы да маңызға ие. Сезімнің жоғары табалдырығы деп әліде өзіне сай сезім туғыза алатын тітіркендіргіштің ең шекке жеткен күшін айтамыз. Біздің рецепторларымызға әсер етуші сол күштердің одан әрі көтерілуі дене мүшелерінде ауырсыну пайда етеді (шектен тыс дауыс құлақты жарып жібереді, аса күшті жарқыл көзді тұндырып, кейін жарыққа қарай алмаймыз). Табалдырық тың (төмен, жоғары) шамасы жағдайларға байланысты өзгеріп отырады: қызмет түрі, адамның жасы, сезім мүшелерінің қызметтік қалпы, тітіркендіру әсерінің күші мен уақыт арасы және, т.б.

Икемделу құбылысы. Ескеретін жайт, біздің сезім мүшелеріміздің сыртқы әсерлерге жауабы, оларды қабылдау мүмкіндігі өзгермелі, сондықтан жоғарыда әңгіме еткен сезу табалдырықтары өте кең шектерде ауысьш отырады. Мысалы, қараңғылықта біздің көру сезіміміз әсерлене түседі де, ал күшті жарықта оның сезгіштігі бәсеңдейді. Мұны қараңғы бөлмеден жарыққа шыққанда не жарықтан күңгірт жайға енгенде байқаймыз. Бірінші жағдайда көз қамасып, түк көрмей қалады, көздің күшті жарыққа үйренісуі үшін біраз уақыт қажет болады, ал екінші жағдайда – керісінше, аса жарық жерден жарығы солғын бөлмеге кірген адам алғашқыда көруден қалып, енді осы жағдайға икемделуі үшін оған 20-30 м уақыт керек. Бұл келтірілген мысалдарымыз біздің көру сезіміміздің қоршаған орта жағдайына орай өзгеріске енетінінің дәлелі. Мұндай құбылыс сезім органдарымыздың бәріне де тән. Осыдан сезім мүшелерінің тітіркендіргіштерге біртіндеп икемделуін адаптация деп атаймыз.

Түйсіктердің қарқындылығы тек қана нақты тітіркендіргіштердің күші мен икемделу деңгейіне тәуелді болып қалмастан, бір уақытта сезім мүшелеріне әсер етіп жатқан басқа да тітіркендіргіштерге байланысты. Басқа сезу мүшелеріне түсіп жатқан әсерлерден түйсік анализаторларының өзгеріске келуі – түйсіктердің өзара ықпалы деп аталады. Мысалы, күшті дыбыстық әсер (ысқырық) көру түйсігін арттырады. Кейбір иістердің көру мен есту сезімдерін көтеруі не әлсіретуі ғылымда дәлелдеген (С.В.Кравцов). Түйсікке байланысты талдағыштар жоғары немесе төменгі деңгейде бір-біріне жүйелі ықпал жасап отырады. Өзара ықпалды әрекетте әлсіз тітіркендіргіштер, талдағыштар сезімін жоғарылатады, ал күшті тітіркендіргіштер әлсіретеді – бұл жалпы заңдылық.

Талдағыштардың өзара ықпалды әсерінен сезгіштіктің артуы – сенсибилизация деп аталады. Сезгіштік деңгейінің жоғарылауы екі сипатта көрініс береді (А. Р. Лурия): 1) ұзаққа созылған, тұрақты, ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты; 2) уақытша, субъекті кейпіне, физиологиялық не психологиялық себептерге орай тосыннан болған әсерлерден туындайды. Көзге түскен жарық мөлшері оның көру қабілетімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады. Әдетте, қызыл түс адамға ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуға жәрдемдеседі.

Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды, яғни қосарласқан түйсік пайда болады. Бұл құбылыс психологияда синестезия деп аталады. Мысалы, кейбір адамдар біреудің ас, тағам жөнінде әңгімесін ести отырып, бұған қоса түрлі дәмдер мен дастарқан бетіндегі түрлі түстерді де сезінуі мүмкін.

Синестезия құбылысы – ағза талдағыштарының өзара тұрақты байланыстылығы мен объектив дүниені бейнелеудегі сезімдер тұтастығының және бір дәлелі.

Түйсіктің физиологиялық механизмі – арнайы жүйке тетігі талдағыш қызметі. Әр талдағыш үш бөліктен тұрады: 1) сыртқы энергияны жүйке процесіне қосушы дененің шеткі бөліктерінде жайласқан рецепторлар; 2) қозуды орталық жүйке бөлігіне жеткізуші афференттік немесе сезімтал жүйкелер; 3) шеткі бөліктен жеткен жүйке импульстарын өңдеуші талдағыштың ми қабығындағы бөліктері. Анализаторлардың ми қабығы аймағында нақты рецептор жасушаларына сай арнайы мекендері болады. Түйсік пайда болуы үшін барша талдағыштардың тұтастай, бірлікті қызметі қажет. Сонымен бірге олар енжар қабылдаушы ғана емес, тітіркендіргіштердің әсеріне орай икемді өзгеріске келе беретін мүше, мұндай өзгерістерге қажет талдағыштар өз құрылымында қозғаушы тетіктерге де ие. Мысалы, тері қабатына инемен әсер етілсе, ол жер діріл қағатыны байқалады, осындай тітіркендіргіштерден тамыр тартылуы, тері жиырылуы, көз аудару, мойын бұру, қол қағыстары және, т.б. бәрі де түйсік реакцияларына байланысты туындайтыны белгілі.

Сонымен, түйсіктер тіпті де енжар процесс емес, олардың белсенділігі ерекше. Бұл процестердің бәрінің де белсенділік сипаты түйсіктердің өзінше жауап әрекетке келу қасиетінен туындап отыр.

 

Date: 2015-09-24; view: 756; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию