Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақстанда туристік қызмет индустриясы





Туристік қызмет – туроператорлық және турагенттік қызмет, сонымен қатар саяхатты ұйымдастыру жөніндегі басқа қызмет.

Туристік операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) қызметтің рсы түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, ұсыну, және өткізу жөніндегі қызметі.

Туристік агенттік қызмет (турагенттік қызмет) – қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристік өнімді ұсыну және өткізу (халыққа сату) жөніндегі қызметі.

Астана және Алматы қалалары ең маңызды туристік орталықтар болып табылады, онда халықаралық стандарттарға сай келетін орналастыру орындарының неғұрлым көпшілігі шоғырланған. Аталған қалалардан тысқары орналасқан орналастыру орындары халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келмейді және негізінен қазақстандық туристерге бағытталған. Ірі қалаларда 3* және 4* санаттағы қонақ үйлер тапшы.
Қазақстандық туристік нарықта халықаралық қонақ үй брендтерінің қатысу деңгейінің төмен екені байқалады. Барлық халықаралық қонақ үй компаниялары төрт бизнес-дестинацияларда: Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында орналасқан.
Қонақ үйлер қызметтерінің деңгейі жоғары орналасу орындарында тұру бағасы өзге елдердегі жетекші туристік дестинацияларға ұқсас қонақ үйлердегілерге қарағанда, айтарлықтай жоғары. Астана және Алматы қалаларында 5* санатты халықаралық бренд қонақ үйлерінде нөмірдің құны Еуропаға қарағанда 2-3 есе жоғары. Басқа орналасу орындарындағы қызмет бағалары – пансионатта, туристік базаларда, кемпингте, келушілерге арналған жатақханаларда және басқаларында айтарлықтай төмен.
Жоғарылатылған бағалар орналастыру орындарының төмен толтырылуына, бәсекелес ортаның жетіспеушілігіне және бизнес-туристерден күшті тәуелділікке байланысты. Ұсынылатын қонақ үйлер қызметтерін қоса алғанда, туристік қызметтер шектеулі сервиспен ұсынылады және әлсіз реттелген.
Тұру және әуе билеттеріне жоғары бағалар Қазақстанға тур бағасын едәуір арттыратынын және тиісінше халықаралық нарықтағы баға бойынша оның бәсекеге қабілеттілігін төмендететінін атап өткен жөн.
Орналастыру орындарының, оның ішінде қонақ үйлердің, пансионаттардың, үйлердің және демалыс базаларының, сондай-ақ шипажай-курорттық мекемелердің материалдық базасы физикалық тозуының жоғары деңгейімен сипатталады. Бүгінгі күні көптеген қонақ үйлерде санаттың болмауына байланысты туристер үшін тұратын орындарында ұсынылатын қызметтер сапасы халықаралық талаптарға сәйкес келмейді.
Туристік ұсыныстардың жалпы деңгейі төмен күйінде қалып отыр, бұл туристік өнімдер дамуының жеткіліксіз деңгейіне және туристерге арналған мамандандырылған қызметтердің және жайлы жағдайлардың жетіспеуіне байланысты. Бұл визит-орталықтарының болуына, туристік дестинациялардағы белгілер мен көрсеткіштерді орнатуға және т.б. қатысты.

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті дамыған туристік индустрияны құру, мемлекет кірісінің тұрақты өсуін және сырттан келушілер және ішкі туризмнің көлемдерін ұлғайту есебінен халықтың да кірісін көбейту тиісті инвестицияларсыз мүмкін емес.
Туризм саласындағы негізгі капиталға инвестициялар 2010 жылы 143,7 млрд. теңгені, 2011 жылы 178,9 млрд. теңгені құрады. Салалардағы негізгі капиталға инвестициялардың, тауарлар өндіретін және көрсететін қызметтердің өсу үрдісі бар екенін атап өткен жөн.

Date: 2015-09-24; view: 532; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию