Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Туризм саласындағы қызмет түрлері





Туристiк қызмет көрсету — туристiк саяхат кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты туристiң қажеттіліктерiн қанағаттандыру үшiн маңызы зор қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушылары, гидтер (гид-аудармашылар) көрсететін қызметтер және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер).Туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығы үшін берілетін лицензия болып табылады. Лицензияның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүреді. Өтінуші лицензия алғаннан кейін лицензия берілген кезден бастап жеті ай ішінде көрсетілетін туристік қызметтерге сертификат алуға міндетті, содан кейін олардың көшірмелерін лицензиарға тапсырады. Лицензия мынандай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:
-туроператорлық;
-турагенттік;
-экскурсиялық;
-туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі

Лицензия субьектіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде беріледі. Лицензия бір данада беріледі, лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың жазбаша өтініш бойынша төл құжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым (бұдан әрі-лицензиялық алым) төлейді. Тұлғаның аталуы Заңды, орналасқан жері өзгерген жағдайда, ол бір ай ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап лицензиар он күн ішінде лицензияны қайта рәсімдейді. Лицензия «Лицензия туралы» Заңмен белгіленген мерзімге беріледі. Лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті адам лицензияға қол қояды және лицензиардың мөрімен куәландырылады. Қызмет көрсету саласының даму шеңберінде соңғы уақытта актуалды қолға алынып жатқан пункті – туристік қызмет болып табылады. Қазіргі кезде адам қызметінің әр түрлі формалары бар, олар жалпы жағдай жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның ішінде саяхатқа құштарлығын арттырады. Саяхат дегеніміз – туризм. Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Әрине, бұл жәй ғана түсінік емес, бұл-үлкен бір құрылым, кешен. Бірнеше саланы біріктіреді, бірнеше миллион адамды жұмыспен қамтиды т.с.с. Енді, толығырақ... Туристік қызмет бұл қызмет көрсетудің ерекше бір типі болып табылады, оған дәлел ретінде бірнеше фактілер келтіруге болады. Мысалы:

Туристік қызмет дерексіздігі, яғни қызметті ұсынуда тұтынушының қолмен ұстап, көзбен көре алмайтындығы;

Екінші, қызмет көп салалы, көп құрылымды, соған сәйкес көп машақатты да талап етеді, ол дегеніміз қызметті жарнамалауда да, ұсынуда да, көрсетуде де, бағалауда да көрініс табады.

Үшінші, жалпы қызт көрсету саласы адам ресурсына тікелей байланысты екені мәлім, ал туристік қызмет бірнеше адам қызметімен байланысты және сол бірнеше адам қызметінің бірлігімен өлшенеді.

Төртінші, бұл қызмет адамдардың ең алғашқы қажеттілігі емес, алайда жыл бойғы тапқан қаражатын жұмсау мүмкіндігін ұсынатын қызмет түрі.

Жоғарыда аталған ерекшеліктеріне сәйкес туристік қызмет бірнеше саланы біріктіретін үлкен бір құрылым. Бұл құрылымның жұмысының жүзеге асуы оны құраушы барлық элементтері тікелей байланысты. Қызметтің жалпы сипаттамасы келесідей: турды өндіру немесе жасау –оны нарыққа шығару- тұтынушыға ұсыну- өткізу, ынталандыру- алға жылжыту – әсерлермен бөлісу- екінші реттік жарнама. Бұл алгоритмдік іс –әрекетттер бірнеше жалқы қызметтер жүйесінен құралады, олар

1. Транспорт қызметі

2. Орналастыру орындары қызметі

3. Жарнама ұйымдары қызметі

4. Экскурсовод гидтер

5. Қосымша қызмет ұсынушылар

Егер осы қызметтер қатарынан бір жүйе істен шықса бұл қызмет өзінің маңыздылығын жоғалтады немесе үлкен кемшілікке ие болады. Туристік қызметтің мәні мен мазмұны оның кешенділігінде

Date: 2015-09-24; view: 1160; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию