Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Алыптасқан тұлға критерийлері





 

Л. И. Божевич екі негізгі қалыптасқан тұлға критерийлерін айырады.

Бірінші критерий: егер адамның бір анықталған мнде себеп ирархиясы бар болса, дәл басқа бір нәрсе үшін тікелей қабілетті болса, ол адамды жеке тұлға деп айтуға болады. Мұндай жағдайда субъект мінез-құлыққа қабілетті деп айтады, соған қарамастан олардың себеп-мақсаттары тікелей әлеуметтік маңызды болып есептеледі. Олар шығуы мен мәніне қарай қоршаған ортамен, тәрбиемен берілген, барлық жағына әлеуметтік болып есептеледі:

Түлғаның екінші критерий жеке өзінің мінез-құлқын саналы басқаруға қабілеттілік. Бұл басқару себеп-мақсат пен принциптерді сезіну негізінде қалыптасады. Бірінші критерийдейден екінші критерийдің айырмашылығы себепке тура саналы түрде бағыттау болып табылады.

Психология ғылымы тұлғаны қоғамның сыртқы ықпалдарын өз бойынан өткізіп, белгілі психикалық құрылымға келтіруші ішкі шарттар жиынтығы ретіндегі қарастырады. Бұл ішкі жандүниелік жағдай, шарттар өткендегі әлеуметтік ықпалдар негізінде қалыптасқан нәсілдік- биологиялық қасиеттер мен әлеуметтік себептерден болған сапалардың ажырамас бірлігінен құралады. Тұлға жетіліп барған сайын ішкі шарттар тереңдей түседі, нәтижесінде бір ықпалдың өзі әрқилы адамдарға әртүрлі әсер жасауы мүмкін. Сонымен, түлға қоғамдық қатынастар нысаны мен өнімі ғана емес, сонымен бірге ол іс-әрекеттің, қарым-қатынас пен ортақтасудың, сана мен өзіндік сананың белсенді субьектісі.

Тұлға көп сатылы құрылымға ие. Осыдан жеке адам психологиялық қүрылымының ең жоғарғы да жетекші деңгейі қажеттік-себеп аймағы - дара адамның бағыт-бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, тұлға үшін мәнді кұбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз кезегінде адамның іс-әрекетінің икемділігіне, оның қабілеті, білімі және ептілігіне, көңіл-күй, еріктік және ақыл-ой сапаларымен байланысып жатады.

Биологиялық құрылым иесі - адам өткен әулеттердің білім, салт, заттай және рухани мэәдениеті күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен ғана тұлға дәрежесіне көтеріледі.

Тұлғаның өзін қалыптастыру және жүзеге асыру тәсілі -қоғамда, еңбекте, ұжымда және адамдардың арасында өзінің орнын табу - негізгі өмірлік қатынасының жүзеге асуы болып табылады. Осы қатынас арқылы оның белсенділігі мен дамуы жүзеге асады, бұл қатынас оның өзі істеген әрбір әрекетінде сапалы жағдайда көрсетеді, әрбір шешілетін міндеттердегі оның жүріс-түрысы мен қылықтарын реттеп отырады.

Жоғарғы оқу орындарындағы оқу барысында студент бойында болашақ маман ретінде тұлғалық қалыптасудың бағыт-бағдары:

- рухани-идеалық сенімін және моральдық беталысы, кәсіби бағыттылығы қалыптасып өркендейді, мамандыққа қажетті қабілеттілігі жетіледі;

- өзіндік даму мүмкіндігі пайда болған психологиялық танымдық процестердің жүйесі нығаяды кәсіпке сай эмоциялық қалыптар жетіледі, жалпы кәсіби тәжірибенің алғы шарттары қалыптасады;

- кәсіби жауапкершіліктің бастамалары пайда болып, әрекеттің нәтижелігіне сай жауапкершілік туындайды, студенттің индивидуалдық жүйесі тұлға өрісінде белгіленеді;

- студенттің болашақ мамандыққа сай талаптану деңгейі тұлғалық сипат ретінде өсе бастайды;

- әлеуметтік-мәдени және кәсіби-мамандық тәжірбені өсіру мен қажетті сапаны қалыптастыру негізінде студенттің тұлғалық жақтары мен оның тұрақтылығы өркендейді; - студенттің болашақ маман ретінде қажетті қасиеттер мен кәсіби тәжірибенің қалыптасуында өзіндік тәрбиелеудің рөлі артады;

- болашақ тәжірибелік еңбекке сай кәсіби дербестілігі мен арнайы дайындығы нығаяды.

 

Date: 2015-09-24; view: 1278; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию