Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ажеттік әуежділік, мақсат, әрекет, операциялар





 

Іс-әрекет мақсаты және түрткілері психикалық үрдістерді реттеп әрі оны басқарып отырады.

Адамды әрекетке келтіруші күш - қажеттік. Болмысты бейнелеудің жоғары формаларына ие болып есептелетін адам затты әрекетке келтіруші нысандар - саналы түзілген бейне не елес, ой не түсінік, идея немесе ізгі мүрат күйінде өрнектелуі мүмкін.

Адамның қалаған іс-әрекетінің негізінде оны осы іс-әрекет ынталандырушы сеп-түрткі (мотив) жатыр. Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады.
Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әртүрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орай, оның түрткілері де.
мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Турткінің өзгеруі іс-әрекеттің бағыт-бағдарына, нәтижесіне әсер етеді.

Жеке адамды қандай да болмасын іс-әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасау адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттіліктер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т.б.) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек эәрекеті еңбек құралдарын пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттер біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын- рухани қажеттерді (білім, көркемөнер т.б.) туғызады.

Әуежділік - бұл адам санасында қаланып, оны белгілі бір қажеттікті қанатағаттандыру үшін әрекетке итермелеуші себеп күш. Ал кең мәнінде бұл - шындыққа сай заңдылық ретінде ықпал жасап, объективті қажеттілік түрінде көрінетін болмыс. Ал мотивтік әрекет (мотивация) қылық пен іс-әрекетті психикалық реттеудің ерекше түрі (Р.Г.Агеева).

Жоғарыда аталғандардың қорытындысы: мотив құрамы іс- әрекеттің бір бөлігі емес, адамның мотивтік-қажетсіну аймағы деп аталатын күрделі жүйенің ажыралмас бірлігі. Мотивтік - қажетсіну аймағы тұлғаның өмір бойы қалыптасып, дами беретін барша сеп-түрткілерінің жиынтығын аңдатады. Тұтастай бұл аймақ қозғалмалы, өмірлік жағдайларға байланысты түрленіп, дамуда болады.

Саналық негізге ие болмаған ықпалдардың бірі - психикалық көрсетпе-талаптар (установки). Көрсетпе - талаптар жеке адамның қандай да қажеттігін қанағаттандыру үшін болған әорекетке өзі сезінбеген дайындық, бейімділік қалпын танытады. Көрсетпе-талап - объектіні белгілі бір күйде қабылдауға, түсінуге, мәнін аңғаруға күні бұрын дайын болып, бейімділік танытып, сол саналық дайындықты өткен тәжірибемен ұштастыра әрекетке кірісу негізі.

Мақсат. Мақсат нақты іс-әрекеттік және өмірлік болып ажыратылады. Адам өмір барысында көптеген, сан қилы іс-әрекеттерді орындауына тура келеді, ал олардың әрбірі өзінің нақты мақсатына ие. Дегенмен, әрбір дара іс-әрекеттің мақсаты жеке адам бағыт-бағдарының осы әрекетте көрінетін қайсы бір қырына ғана сәйкес болуы ықтимал. Өмірлік мақсатқа келетін болсақ, ол дара іс-әрекеттермен байланысқан барша жекелеген мақсаттарды біріктіруші фактор. Жеке мақсаттардың әрқайсысы өз орнымен орындалуы жеке адамның жалпы өмірлік мақсатының біршама іске асуын қамтамасыз етеді. Адамның жетістік деңгейі өмірлік мақсаттарға байланысты. Осыған орай адам өз келешегінің санадағы болмысын жобалайды. Мақсатты айқын түсіну мен сол мақсаттың іске асу жолдарын сезінуден қоғамдық тұлғаның болашағы айқындалады.

Әрекет. Іс-әрекеттің құрамды бөлігі, жекелеген қызметі әрекет деп аталады. Адам әрекеті көп жағдайда саналы болады. Олар белгілі түрткілер бойынша іске асады және белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Әрекеттер сананың бақылауында болып отырады. Жеке де қарапайым, күнделікті міндеттерді орындауға бағытталған әрбір аяқталған іс-әрекет элементін әрекет деп атайды. Кез-келген заттық әрекет кеңістік пен уақытқа байланысты белгілі қозғалыстардан жинақталады. Мысалы, «а» әрпін жазу әрекеті бірнеше элементтерден тұрады, қаламсапты саусақтармен қалай ұстау керек, кеңістікте қалай жазу керек жэне т.б. әрекеттерден құралады.

Әрекеттер тәжірибелік және ақыл-ой болып бөлінеді. Олар бір-бірімен тығыз байланысты. Тәжірибелік әрекеттерді меңгеру үрдісінде бала заттар мен әрекеттің тәсілдерін меңгереді. Баланың заттар мен операциялар әрекеті таным іс-әрекетінде үлкен рөл атқарады.

Әрекет - бұл өте ұсақ құрамалардан тұратын күрделі элемент. Осындай жағдай әрбір әрекеттің мақсатқа негізделетіні түсіндіріледі. Адамның мақсаты әр қырлы ғана емес, сонымен қатар көп масштабты болып келеді. Ірі мақсаттар бар, олар өз алдына үсақ мақсаттарға бөлінеді.

Енді әрбір әрекет әртүрлі жолмен орындалатынына көңіл аудару керек, яғни әртүрлі тәсілдермен орындалады. Әрекетті орындау тәсілі операция деп аталады. Әрекетті орындау тәсілі жағдайларға байланысты болады. Әртүрлі жағдайларда бір мақсатқа жету үшін әртүрлі операциялар қолданылуы мүмкін. Жағдайларға сыртқы шарттар мен әрекет етуші субъекті мүмкіндіктерін жатқызамыз. Сондықтан іс-әрекет теориясын мақсат міндет деп аталады.

Міндетке байланысты операция әртүрлі әрекеттерден тұруы мүмкін. Бұл әрекеттер өз алдына ұсақ әрекеттерге бөліне алады. Осылайша, операциялар - іс-әрекеттің ірілеу бірліктері.

Операцияның басты қасиеті, олар аз сезіледі немесе тіпті сезілмейді. Әрекеттен операцияның айырмашылығы сонда. Жалпы айтқанда, операция деңгейі - ол автоматтық әрекеттер мен дағды деңгейі. Дағды түсінігіне орындау барысында пайда болатын саналы іс-әрекеттің автоматтандырылған компоненттерін жатқызамыз. Басынан бастап автоматтандырылған әрекеттерге қарағанда (мысалы, рефлекторлық қимылдар) ұзақ жаттығулар арқасында дағды автоматтандырылған болады. Сондықтан операциялардың екі түрі болады: бірінші түріне адаптация, яғни бейімделу арқылы пайда болған операцияны жатқызамыз. Ал екінші түрі автоматизацияның арқасында дағдыға айналып, санасыз әрекеттер процестеріне өтіп кеткен саналы әрекеттерді жатқызу болады. Бірінші түріне айтарлықтай сезілмейді, ал екіншілері сана шекарасында тұрады.

Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады: операция мен әрекеттер арасында айқын шекараны бөлу қиынға соғады.

Енді іс-әрекет құрылымындағы үшінші, ең төменгі деңгейге отелік. Ол - психофизиологиялық функциялар деңгейі. Іс-әрекет теориясында психофизиологиялық функциялар деп психикалық процестерді қамтамасыз ететін физиологиялық механизмдерді айтамыз. Адам биоэлеуметтік организм болғандықтан, біз психикалық процестердің өтуін психикалық процестердің іске асу мүмкіндігімен қамтамасыз ететін физиологиялық процесс деңгейлерінен бөліп қарастыра алмаймыз. Психикалық функциялардың көпшілігі организмнің бірнеше мүмкіндіктерінсіз жүзеге аспайды. Осындай мүмкіндіктерге түйсікке қабілеттілікті, қозғалғыштық қабілеттілігін, өткен әсерлер мен іздерді бекіту мүмкіндігін жатқыза аламыз. Осы категориялар қатарында жүйке жүйесінің морфологиясында бекітілген және өмірдің алғашқы айларында туа пайда болған механизмдерді айта кету керек. Осы қабілеттер мен механизмдердің барлығы адамға туылған сәттен бастап беріледі, яғни олардың генетикалық шарттылығы бар.

 

Date: 2015-09-24; view: 2368; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию