Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Еріктің бұзылуының жалпы ұғымдары: гипобулия, гипербулия, абулия, негативизм, клептомания, мутизм





Депрессияда, ақылы кеміс және әлсіреген ауруларда жігерлілік пен белсенділік төмендеп не жойылып гипобулия мен абулия пайда болады. Балалар тәжірибесінде инфантилизм және онымен байланысты тәртіп бұзылғанда эмоциональдық жігер кемеліне толмайды.

Абулия - еріктің жоғалуы, ештеңе істегісі келмейтін патологиялық жағдай.

Гипобулия - еріктің төмендеуі, бір іспен айналысуға талапсыздық, ынтасыздық, ештеңе істегісі келмейтін психикалық жағдай.

Гипербулия - еріктің күшеюі.

Клептомания - еш себепсіз ұрлық жасауға құмар болу.

Мутизм - сөйлеу аппараттары сау болғанымен сөйлесе алмау.

Негативизм - науқас адамның тілдесуші адамды жақтырмауы, сөйлеспеуі, еш себепсіз қарсылық әрекет жасауы.

Психиатриялық тәжірибеде жігердің не ырықты қызметтің бұзылуы кататониялық синдромда білінеді. Бұл синдром ступор ретінде байқалады, басқаша айтқанда негативизм белгілері бар, қозғалыс толығынан жоғалып, балауыз сияқты иіліп, ауру адам иілгіш болады. Кез келген не ыңғайсыз қалыпта бола алады.

Құмарлылықтың бұзылуы ас қабылдау, жыныс, өзін-өзі сақтау инстинктерінің өзгеруі ретінде білінеді. Өзін-өзі сақтау инстинктінің бұзылуы: қатты қорқақтық, өмірге деген қорқыныш, жиі өмір сүргісі келмеу туралы ойлау мен әрекеттер тудырады. Бүгінгі танда өмір сүргісі келмеу туралы тенденция көбейгендіктен психиатриядан арнайы бөлім суицидология бөлінді.

 

Медициналық қызметкердің эмоционалдық және ерік үрдістері бұзылған науқастарға байланысты қолданатын жұмыс тәсілі

Медицина қызметкерлері науқастардың көңіл-күйіне көп назар аударуы керек, өйткені көңіл-күйдің өзгеруі диагностикалык қателіктерге, асқынуларға, суицидке дейін алып келуі мүмкін. Эмоциялар әртүрлі ауруларға себеп болуы мүмкін және керісін әртүрлі аурулар адам көңіл-күйінің өзгеруіне себепші болады.

Науқаста пайда болатын бұзылулар наукастың еркіне тікелей байланысты. Ерік төмен болған науқастарда ауру пассивтікке, апатияға немесе созылмалы депрессияға алып келеді.

Науқаспен дұрыс қарым-қатынас жасау үшін ауру концепциясын, ауруды уайымдау масштабы үғымдарын дұрыс білу керек.

Ауру концепциясы дегеніміз - ауруды жан-жағына түсіндіретін, патологияның даму механизмдерін, клиникалы белгілерін, ауру үшін маңызын, болжамын, емдеу түрлерін түсіндіретін теория.

Дәрігердің ауру концепциясы клиникалық зерттеу, тексеру нәтижелеріне, медицина тәжірибесіне сүйенеді. Науқастың ауру концепциясы болса ауруды дұрыс түйсіктемейді, сондықтан дәрігер науқастың концепциясын дұрыстауға, өзгертуге тырысуы керек. Әр адам өз ауруын әртүрлі уайымдайды. Кейбіреулерде немқұрайлылық, эйфория байқалады, басқаларда уайым, қорқу, қобалжу сезімдері байқалады. Науқастың өз ауруына болған реакциялар жиынтығы ауруды уайымдау масштабы деп айтылады. Науқаста әртүрлі реакциялардың алдын алу, өз ауруына деген ой-пікірлерін өзгерту емделуге көмек көрсетеді, сондықтан бұл медицина қызметкерлерінің міндеті болып саналады. Науқасқа осындай әсер ету ауруды уайымда масштабының коррекциясы деп айтылады. Науқасты емдеуде емдеу мақсаты және оның перспективаларының маңызы үлкен. Науқастың алдына бір мақсат қою үшін көптеген психологиялық факторларды, науқастың тұлғалық ерекшеліктерін, оның еркін есепке алу керек. Емделу процесінде жазылуға аз қалғаң науқастардың әсерінің де маңызы үлкен. Кейбір жағдайларда дәрігер науқаспен ауру кезінде уақытша болуы мүмкін болған асқынулар, жағымсыз реакциялар туралы әңгімелесуі керек. Осындай әңгімелер науқасты қатты қорқудан, уайымдаудан, қобалжудан сақтайды, оның тез жазылуына көмек береді.

Дәрігерлердің ауырған науқаспен көптеген күнделікті жұмысы психотерапияға жатады. Психотерапия деген сөз грек тілінен аударғанда жанды емдеу деген мағына береді. Оған ауырған адамға қайырымдылықпен қарауға арналған көптеген сұрақтар мен шаралар кіреді. Бұл жұмысқа дәрігердің диагноз туралы сөзі, ауру адамға ауруы туралы түсіндіруі, жазылған рецептті берердегі жігерлендіру сөздері жатады.

Ең алдымен жалпы психотерапияның қосымша бөлігі ретінде емдеу мекемелерінің күн тәртібін айту керек. Күн тәртібі ерекшеліктері ауру адамның психологиясымен байланысты. Олар жоғарғы түрдегі өкпелегіштік, еркелік пен қынжылу. Психиканың мұндай ерекшеліктері бір жағынан осы адамның ауруымен, екінші жағынан үйренген өмірінің бұзылып, ауруханаға түсуімен байланысты.

Сондықтан ауруханаларда, емханалар мен диспансерлерде ауру адамдардың психикасын сақтайтын барлық жағдайды жасау керек. Осы айтқандарға бөлмені безендіру, қызметшілердің тәртібі, ауру адамдармен қарым-қатынас жатады.

Ауру адамның көңіл-күйіне бөлмелердің қабырғаларын бояу, картинаны ілу, палаталарға гүлдерді қою, берілетін киім мен асханадан асты қабылдау жағдайы ұнамды эмоционалдық әсер етеді. Осы айтылған ұсақ-түйектің барлығы ойланып, дәрігердің қатысуымен жасалуы керек. Кейбір ауру адамдар кәдімгі сыртқы тітіркендіргіштерді қатты сезінеді (гиперестезия). Кәдімгі күн сәулесі, есік пен желдеткішті ашып-жабу, әтірлердің иісі ауру адамдарға әсер етеді.

Эмоциялар ағзаның сыртқы не ішкі реакциялар ретінде білінеді. Сыртқы реакциялардың ішінде бірінші орынға мимиканы (ымды) қою керек. Дәрігер ауру адаммен кездескенде көп нәрсені оның бет әлпетінен біледі. Беттің мимикалық көрінісі барлық тіріге тән бұлшық еттердің жиырылуынан болады. Еттер жиырылуының жан-жақты маңызы туралы И.М.Сеченов жазды.

Осы айтылғандардың дәрігер мен ауру адам кездескенде мәні зор. Аурудың бет әлпетінен дәрігер көп нәрсені сезуі мүмкін. Мысалы, депрессия жағдайындағы аурудың бет-әлпеті ерекше болады. Ауру адамның беті оның ішкі дүниесінің айғағы: сондықтан «көз-көңілдің айнасы» деп тегін айтпаған, дәрігер ауру адамның бетіне, мимикасына, дене қозғалыстарына назарын аудару керек. Ауырған жерді айқын сезініп тұрған кезде ауру адамның беті қайғы-қасірет шеккенін көрсетеді.

Дәрігерлер баланың интеллектінің толу дәрежесін ғана емес, оның сезімін анықтауы керек. Психикалық дамудың кейбір түрлерінің тоқталуында эмоциялар жетілмейді.

Ауру адамның эмоциялық жағдайын анықтауда дәрігерлік тәжірибенің мәні зор. Тексеру кезінде ауырған адамның мимикасына, кейпіне, дене қимылына, сөзіне, тәртібіне көңіл аудару керек. Аурухана жағдайында медбикелер дәрігерді белгілеуін бұлжытпай орындауы керек. Егер басқаша болған ауру адамның жағдайы өзгеріп, көңіл-күйі төмендеп, жүйке жүйесі зақымданады.

Ауруды асыра бағалау да зиянды. Бұл жағдайда күшті ауру туралы ойлар туады. Ауру адам өз ауруы туралы қалыптан тыс көп ойлап, өз жағдайын елестетіп, қиялдайды. Мұндай қайғыруды ипохондриялық дейді. Ауруға деген тері көзқарастың төмендегідей түрлері болады:

Аггравация - аурудың белгілері мен ауру адамның шағымын өсіру.

Симуляция - жоқ ауруды әдейі бейнелеу.

Диссимуляция - аурудың өзін және оның белгілерін жасыру. Аггравация мен симуляция сот- психиатриялық, еңбек-дәрігерлі және әскери сараптау тәжірибесінде кездеседі.

Date: 2015-09-24; view: 5187; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию